RESUME
This article deals with the ways of the formation of the Kazakh diaspora in the territory of modern
Turkey. The authors acquaint readers with the algorithm of the movement of the Kazakhs from their
native lands through China, India and Pakistan to the fraternal country.
27
Педагогика және
психология
28
ӘОЖ 331.36
П.Б. Сейітқазы
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
пед. ғыл. д-ры, профессор
П.С. Рахимгалиева
Қазақ инновациялық
гуманитарлық-заң университеті,
PhD докторанты
Кәсіпке бейімделу
үдерісінде
студенттердің
құндылық
бағдарының өзгеру
ерекшеліктері
Аннотация
Мақала мазмұны жоғары оқу орны
студенттерінің құндылықтық бағдарының өзгеру
ерекшеліктерін
анықтауға
арналады.
Студенттердің кәсіпке бейімделу үдерісіне
сипаттама беріліп, тұлғаның қажеттіліктері мен
мотивтеріне талдау жасалады. Педагогикалық
мамандықтағы
студенттердің
құндылықтық
бағдарының өзгеру ерекшеліктерін анықтауға
арналған
зерттеу
жұмыстары
жүргізіліп,
алынған зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы
ұсынылады.
Түйін сөздер: кәсіпке бейімделу, кәсіптік
бағдар, мотивация, құндылықтық бағдарлар,
физиологиялық қажеттіліктер, қорғанысқа деген
қажеттіліктер,
өзін-өзі
жетілдіруге
деген
қажеттіліктер, кәсіби мәнді құндылықтар.
Жоғары білім беру саласындағы соңғы
өзгерістер мен жаңалықтар болашақ маманның
кәсіпке бейімделу үдерісіне біршама өзгерістер
алып келді. Бәсекелестікке қабілетті, кәсіби іс-
әрекет барысында өзін саналы түрде өзгертіп,
дамыта
алатын,
таңдаған
мамандығының
мәртебесін көтеруге қызмет ететін кәсіби маман
даярлап шығу – кез-келген жоғары оқу орнының
басты миссиясы саналады. Кәсіби бағдарын
анықтаған әрбір студент үшін таңдаған кәсібіне
оңтайлы бейімделу маңызды болып табылады
және оқуда белгілі бір жетістіктерге жетуге
итермелейді.
Кәсіптік бейімделу сатысында студенттің
жетекші іс-әрекеттері ауысып, өмірлік және
кәсіби
жоспарлары
өзгереді,
тұлға
құрылымының қайта құрылу үдерісі жүзеге
асады. Педагогикалық ұжымның және іс-
әрекеттің жоғарылап кеткен талаптары тұлғаның
жоғары оқу орнында қалыптасатын кәсіптік
білімі, іскерлігі және дағдысымен қайшылыққа
түседі. Студент кәсібіне бейімделу арқылы
өзінің
бойындағы
тұлғалық
сапаларын
дамытады, қажетті кәсіби тәжірибелерді игереді,
өзіне жүктелген талаптарды қанағаттандыруға
тырысады.
29
Ресейлік ғалым А.К. Маркова мамандықты игеру барысында студенттің кәсібилік
деңгейінің қалыптасуын төрт кезеңге бөледі:
- тұлғаның өз мамандығына бейімделу кезеңі;
- мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі;
- мамандықты еркін меңгерген кезең;
- мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең [1, 17].
Ғалымның пікірінше, кәсіпті игерудің және шығармашылық деңгейге жетудің ең
бастапқы қадамы мамандыққа бейімделу кезеңінен бастау алады. А.К. Маркова кәсібилік
мәселесіне де тоқталып, оның екі жағын бөліп көрсетеді. Бірінші тұлғаның кәсіптік іс-
әрекетінің мотивациялық жағы (қандай мотивтер адамды итермелейді, қандай құндылық
бағдар негізгі болып саналады, кәсіптік іс-әрекет оның өмірінде қандай орын алады, қандай
мақсаттарға жетуге ұмтылады, өзінің еңбегімен ол қаншалықты қанағаттанады және т.б.). Ал,
екінші тұлғаның кәсіптік іс-әрекетінің операционалды жағы (қойылған мақсаттарға ол қандай
әдіс-тәсілдер арқылы жетеді, қандай технологиялар мен жаңалықтарды қолданады, қандай
білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды басшылыққа алады, ойлау операциялары мен қабілеттерді
пайдаланады және т.б.) [1, 29].
Демек, болашақ маманның кәсіпке бейімделу үдерісін жан-жақты зерттеу және
оңтайлы жағдай туғызу студенттің кәсіби маман ретінде қалыптасып, жан-жақты дамуына
тиімді ықпал етеді. Кәсіби бейімделу үдерісін зерттеу өз кезегінде қажеттілік, мотивация,
құндылықтық бағдар сияқты маңызды педагогикалық және психологиялық түсініктердің
мәнін ашуды қажет етеді.
Қажеттілікті түсіндіру үшін А. Маслоудың теориясындағы тұлғаның бес
қажеттіліктен тұратын иерархиясын қарастыру жеткілікті болады: физиологиялық
қажеттілік, қорғанысқа деген қажеттілік, махаббатқа деген қажеттілік, мойындатуға
деген қажеттілік және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік. Физиологиялық
қажеттілік тұлғадағы ең күшті, әрі негізгі қажеттілік болып саналады және оған адамның
тамақ, су, қалыпты температура және т.б. қажеттіліктері кіреді. Физиологиялық
қажеттіліктен кейін адамның қорғанысқа деген қажеттілігі пайда болады. Бұл тұрақтылық
пен қорғанысқа, бойдағы қорқыныш пен мазасыздықты болдырмауға ұмтылу деген сөз.
Тұлғаның махаббатқа деген қажеттілігі оның коммуникативті байланысқа ұмтылуынан,
әлеуметтік топқа енуінен, достық пен сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынасынан
көрініс табады. Сонымен қатар, адамның мойындатуға және өзін-өзі жетілдіруге
бағытталған қажеттіліктері болады. Өзгелердің қадірлеуі және мойындауы тұлғаның өз-
өзіне деген сенімін арттырса, керісінше мойындамауы әлсіздік пен қорғансыздық сезімін
тудырады. Ал, өзін-өзі жетілдіру әр адамның жеке даралығын танытуға деген
ұмтылысынан көрінеді. Теорияға сүйенсек, болашақ маманның төменгі қажеттіліктерінің
орындалуы жоғарыдағы қажеттілігінің, яғни өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысының
туындауына ықпал етеді [2, 47].
Қажеттіліктен бөлек студенттің кәсіпке бейімделуіне оның мотивациясы мен
құндылықтық бағдары әсер етеді. Мотивация – бұл студенттің мінез-құлқын
физиологиялық және психологиялық тұрғыда басқаратын, бағыттайтын, ұйымдастыратын,
белсендендіретін және тұрақтандыратын динамикалық үдеріс болады. Ресейлік ғалымдар
А.Н. Леонтьев пен С.Л. Рубинштейннің ойынша, мотив бұл адамның санасында көрініс
беретін құбылыс, ол белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруда іс-әрекет тудырушы және
бағыттаушы күш болып табылады. Тұлғаның мақсаты – бұл қоғамдық маңызды іс-
әрекетті орындау болса, мотив – тұлғалық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып
саналады [3, 64].
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, студенттердің бойында жетістікке жету және
сәтсіздіктен қашу мотивтері маңызды рөл атқарады. Студент бойындағы оқуға деген
белсенділікті жетістікке жетуге деген қажеттілік анықтайды. Жетістікке жету мотиві
30
адамды жеңістерге, жағымды іс-әрекетке деген ұмтылысын тудырса, сәтсіздіктен қашу
мотиві керісінше, сәтсіздіктен, сөгіс естуден қашуға ұмтылдырады .
Жалпы алғанда, тұлғаның өзінің бүкіл өмір әрекеттерін, әлеуетін, бүкіл ішкі мотив
пен ұмтылыстарын толығымен ашу арқылы көрінетін, адамның өмірлік ұмтылысын
құндылықтық бағдарлар деп атаймыз. Студенттің құндылықтық бағдарлары өмір
барысындағы іс-әрекетке байланысты өзгеріп, толықтырылып, жаңа түрге еніп отырады.
«Құндылық» ретінде әлеуметтік ілгерілеумен байланысты жағымды мән-мағыналы
оқиғалар мен құбылыстарды түсінуге болады. Қоғамда әлеуметтік реттілікті қамтамасыз
ететін әр түрлі құндылықтар жиынтығы қалыптасады. Тұлға сол қоғамда қалыптасқан
құндылықтарды танып білу, меңгеру арқылы дамиды, қоғамда қабылданған тәртіп пен
ережені ұстанады [4, 11].
Құндылықтық бағдарлар адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ғана емес, оның
әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі анықтауы кезіндегі іс-әрекетін
саналы ұйымдастыруына ерекше әсер етеді. Адамзат дамуында өзгеріске түспей, сол
қалпында сақталып келе жатқан құндылықтарға өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық пен
махаббат, сұлулық және т.б жатады. Ал, тұлғаның жеке құндылықтық бағдарына: бақытты
отбасылық өмір, денсаулық, жақсы және адал достардың болуы, қызықты жұмыс,
махаббат, материалдық қамтылу, қоғамдық бедел, өз-өзіне сенімділік және т.б. жатқызуға
болады.
Дегенмен, тұлғаның құндылықтық бағдарлары үнемі өзгеріске түсіп, жаңарып
отырады. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінде және кәсіпке бейімделу барысында да
студенттің құндылықтық бағдары мен мотивтері өзгеріске түседі. Мысалы, шетелдік
ғалым У.С. Родыгина өз зерттеулерінде 1 және 4-курс аралығындағы студент-
психологтардың кәсібіне сәйкестік өлшемдерін сипаттап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері
бойынша: 1 курс студентерінде кәсіпке сәйкестік деңгейі формальды болады, яғни «мен
психология факультетінде білім алсам, онда міндетті түрде психолог болып шығамын»
деген ойға саяды. 2 курс көтеріңкі рефлексия деңгейімен ерекшеленсе, 3-курс
студенттерінде кәсіпті игеруге деген мотивация байқалады. 4-курс студенттері кәсіпке
сәйкестілігінің барлық өлшемдері бойынша орташа нәтижелерді көрсетеді [5, 42].
Біз зерттеу аясында педагогикалық мамандықтағы студенттердің 4 жылдық оқу
кезінде құндылықтық бағдарының өзгеру ерекшеліктерін анықтауды мақсат еттік. Зерттеу
жұмыстарына Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университетінің 1-курстан 4-курсқа
дейінгі жалпы саны 34 студенті қатысты.
Жалпы, тұлғаның құндылықтық бағдарын анықтауға арналған М. Рокичтің
«Құндылықтық бағдар» әдісі, С.С. Бубновтың «Тұлғаның құндылықтық бағдарының
шынайы құрылымының диагностикасы» және Р. Кеттелдің жеке тұлға ерекшеліктерін
зерттейтін 16 факторлы әдістемесі бар. Біз, болашақ мамандардың құндылықтар жүйесін
анықтау үшін Ш. Шварцтың құндылықтар сұрақнамасы әдісін таңдап алдық. Бұл әдіс
басқа әдістемелермен салыстырғанда көп ақпарат бере алатындығымен және барлық
құндылықтар саналы мақсат ретінде адамның үш бірегей қажеттіліктерін (биологиялық
ағза ретіндегі, қоғамдық және тіршілік үшін күрес) қанағаттандыруға бағытталуымен
ерекшеленеді.
Ш. Шварцтың сұрақнамасы екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі «құндылықтар
көрінісі» - нормативті идеалдарды, тұлғаға әсер ететін, бірақ әлеуметтік мінез-құлықта
әрқашан көріне бермейтін құндылықтар құрылысын зерттейді. Ал, екінші «тұлға
профилі» бөлімі - мінез-құлық деңгейіндегі құндылықтарды, яғни тұлғаның әлеуметтік
мінез-құлқында көрінетін құндылықтарды қарастырады. Аталған қажеттіліктер
адамдардың белгілі бір құндылықтарымен түзілген 10 түрлі мотивациялық типтердің
жүзеге асуы нәтижесінде қанағаттандырылады. Осылайша, Ш. Шварц үш адамдық
қажеттіліктерден негізгі мотивациялық типтерді (өздігінен әрекеттену, ынталану,
гедонизм, жетістік, билік, қауіпсіздік, қолайлылық, дәстүр, мейірім, әмбебаптық)
31
шығарады. 10 түрлі мотивациялық түрге сәйкесінше, белгілі бір мотивациялық мақсат тән
болып келеді [6, 37].
Ш. Шварцтың құндылықтар сұрақнамасы бойынша қажетті маңызды нәтижелер
алынды. Зерттеу нәтижелері педагогикалық бағытта білім алатын студенттердің 1-курста
«мейірімділік» құндылығын басшылыққа алатындығын көрсетті. Студенттің бойындағы
«мейірімділік» құндылығы оның күнделікті достық қарым-қатынасынан, жан-жағына
эмоциональды жылылық сыйлауынан, пайдалы болғысы келуінен, шынайылығы мен
жауапкершілігінен көрінеді. Шынайы әлеуметтік мінез-құлық кезінде 1-курс
студенттерінің іс-әрекеті «билік» құндылығына негізделеді, яғни олар әлеуметтік
статусқа, мәртебеге, қадір, бедел, абырой жинауға, адамдар мен заттарды басқару мен
бақылауға, қоғамдық имиджі мен танымалдығын сақтауға ұмтылады.
Бірінші курстағы студенттер үшін жоғары деңгейде «мейірімділік» пен билік» тұрса,
төменгі деңгейде «дәстүр» құндылығы тұрады. «Дәстүр» құндылығының мотивациялық
мақсаты – әлеуметтік топта қалыптасқан өзіндік дәстүрлер мен қабылданған ойларды,
мәдениетті ұстану және қабылдау болып табылады. Мәдени ортада қалыптасқан салт-
дәстүрлер мен идеяларды сыйлау, құрметтеу, толық қабылдау және өз өмірінде бұзбай
ұстану бұл «дәстүр» құндылығына кіреді және ол 1-курс студенттерінде төменгі мәнде
тұрады.
Кәсіпті игерудің екінші оқу жылында да құндылықтар бағдары бойынша
«мейірімділік» басымдылыққа ие болады. Сонымен қатар, студенттерде «жетістік» пен
«өздігінен әрекет ету» құндылықтары алдыңғы орынға шығады. «Жетістік» құндылығы
мотивациялық тұрғыда әлеуметтік стандарттар мен нормаларға сәйкес студенттің жеке
бас жетістіктеріне жетуге ұмтылысынан көрінеді. Ал, «өзбетімен әрекеттену» студенттің
бойында өз бетімен ойлай алу, өз қалауы бойынша әрекет тәсілдерін таңдау,
шығармашылық жұмыстарымен айналысу белсенділігін туындатады. Зерттеу нәтижелері
көрсеткендей, 2-курс студенттері үшін жеке бастың жетістіктері, әлеуметтік
құзыреттіліктер мен өзбетімен әрекет ету маңызды орынға шығады. Әлеуметтік статусты,
мәртебені, өзгелерден басым болуды білдіретін «билік» құндылығы да белгілі бір
деңгейде маңызды саналады.
Оқу жылының 3-курсында да «мейірімділік» құндылығы басты орында тұрады. 2-
курста маңызды болып саналған «жетістік» пен «өзбетімен әрекеттену» құндылықтары 3-
курста да өз басымдығын сақтайды. Сондай-ақ, тұрақтылық, қоғамның, отбасының,
тұлғаның өзінің қауіпсіздігі мен үйлесімділігін сипаттайтын «қауіпсіздік» құндылығы
пайда болады. Бұл құндылықтың мотивациялық мақсаты – басқа адамдармен өзінің
өміріне қауіп-қатердің болмауы, адамдармен үйлесімді қарым-қатынас және қоғамдағы
жағдайдың тұрақтылығы және т.б. қамтиды. 1 және 2-курстарда төменгі деңгейде тұрған
«дәстүр» құндылығы 3-курста маңыздырақ бола бастайды, бірақ студенттер үшін
құндылықтық бағдардың иерархиясында ең соңғы орында тұрады.
Оқудың соңғы жылында, яғни 4-курста студенттердің құндылықтық бағдары
біршама өзгерістерге ұшырайды. Зерттеу нәтижелері бойынша, бұл оқу жылындағы
студенттер үшін «жетістік» құндылығы маңызды болып саналады. Бұл жағдай
студенттердің жеке-дара жетістікке және әлеуметтік статусқа ие болуға деген
құлшынысымен түсіндіріледі. «Жетістік» құндылығымен қатар маңызды мәнде
«өзбетімен әрекеттену», өзін-өзі басқару және өзін-өзі бақылау құндылықтары қалады.
Жүргізілген зерттеу нәтижелерін интерпретациялау барысында келесі маңызды
жағдайлар анықталды. Студенттер көбіне нормативті идеал деңгейіне сай болуға
ұмтылады, бірақ, жеке-дара зерттеген кезде студенттердің құндылық бағдарлары қалыпты
жағдайдан мүлдем өзгеше нәтижені көрсетеді. Мысалы, кейбір студенттер үшін оқу
жылының басынан бастап адамның және табиғаттың жағдайын түсіну, төзімді болу, жан-
жақты қолдау көрсетуді білдіретін «әмбебаптық» құндылық маңызды болып табылады.
«Әмбебаптық» құндылығының студенттер үшін маңызды болуын олардың жаңа
32
әлеуметтік ортаға келуімен, оқу іс-әрекетінің жаңа талаптарына бейімделуі және олар
үшін жаңа қарым-қатынастың қалыптасуымен байланыстыруға болады. Жеке-дара зерттеу
барысында анықталған тағы бір жәйт оқу жылының соңына қарай студенттердің
«гедонизм» құндылығы басымдыққа ие бола бастайды. Бұл құндылық өмірден ләззат алу,
сезімдік қанағаттану және т.б. мотивациялық мақсаттарды көздейді.
Демек, оқу жылының әр кезеңінде студенттердің құндылық бағдарлары белгілі бір
деңгейде өзгерістерге ұшырайды. Оқу жылының басынан соңына дейін «мейірімділік»
құндылығы педагогикалық мамандықтағы студенттер үшін маңызды болып саналады.
Студент тұлғаның жан-жақты дамуына оның
«өзбетімен әрекеттену» және «жетістік»
құндылығы оң ықпал жасайды. 1 және 2-курста мәні төмен болып танылатын «гедонизм»
құндылығы төртінші курста көкейкесті деңгейге көтеріледі.
Кәсіпке бейімделу және қажетті тәжірибелік іс-әрекеттерді игеру барысында
студенттердің құндылық бағдарлары педагогикалық әрекеттің ықпалынан өзгеріске
түседі. Бұл айтылған құндылықтық бағдарлар мен мотивтер ауыспалы болып келеді.
Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісін оңтайлы ұйымдастыру және кәсіпке
бейімделуіне жағдай жасау арқылы студенттің бойында қажетті құндылықтық
бағдарларды дамытуға болады. Әр студенттің бойында өзінің таңдаған болашақ кәсібіне
сай
келетін құндылықтық бағдарларды дамыту кәсіпқой маманды даярлап шығуға
мүмкіндіктер береді.
Қорыта келгенде, студенттердің бойында таңдаған кәсібіне сай келетін
құндылықтық бағдарларды дамытуға мүмкіндік бар. Студенттердің оқуға және
шығармашылықпен айналысуға деген мотивтерін белсендендіру үшін құндылықтық
бағдарына ықпал жасау қажет. Кез келген студенттің оқудағы мақсаты жоғары баға алу
немесе тек диплом алу емес, кәсіби маман ретінде қажетті білім, іскерлік, дағдыны игеру
болуы тиіс. Студенттің бойындағы мотив пен құндылықтық бағдар оның кәсіби маман
ретінде жан-жақты қалыптасуына оңтайлы жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |