ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжаса, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. –
784 б.
2.
Юлдашев А.А. Аналитические формы глагола в тюркских языках. – М.: Наука, 1965. –
275 с.
3.
Насилов Д. М. Проблемы тюркской аспектологии. Акциональность.
– Л.: Наука, 1989.
– 208 с.
4.
Кибрик А.Е. Очерки по общим и прикладным вопросам языкознания. – М.: Изд-во
МГУ, 1992. – 336 с.
5.
Щерба Л.В. О трояком аспекте языковых явлений и об эксперименте
в языкознании //
Языковая система и речевая деятельность.
–Л., 1974. – С. 24-39.
152
6.
Левицкий В. В., Стернин И. А. Экспериментальные методы в семасиологии. –
Воронеж: Изд-во Воронежского университета, 1989. – 196 с.
7.
Леонтьев А.А.
Психолингвистический
аспект
языкового
значения // Принципы и
методы семантических исследований. – М.: Наука, 1976. –С. 46-73.
8.
Кронгауз М.А. Семантика. – М.: Рос. гос. гум. ун-т, 2001. – 399 с.
9.
Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1986. 9
т. – 560 б.
РЕЗЮМЕ
В казахском языке вспомогательные глаголы широко используются как грамматический
способ выражения категории характера протекания действия. При помощи вспомогательных
глаголов образуются аналитические формы глагола. В статье рассматривается роль семного
(компонентного) анализа и экспериментальных методов при выявлении закономерностей
формирования
аспектуальной
семантики
(взаимодействия
семантики
основного
и
вспомогательного глаголов с учетом их грамматических форм).
RESUME
In the Kazakh language modal verbs are widely used as a way to express the category of the
character of the action. With the help of auxiliary verbs the analytical forms of the verb are created. The
article deals with the role of semic (component) analysis and experimental methods in the process of
revealing regularity of aspectual semantics (interaction of semantics of main and auxiliary verbs with
their grammatical forms).
153
ӘОЖ 81.039
Ж.Ә. Аймұхамбет
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
ф.ғ.д., профессор
«Қырымның
қырық батыры»
циклі:
фольклорлық
тұтастану және
поэтика
мәселелері
Аннотация
Мақалада қаһармандық эпостағы тұтастану
және көркемдік дәстүр мәселесі қарастырылады.
Фольклортанушы ғалымдардың пікірлері негізге
алынып, «қырымның қырық батыры» циклындағы
«Аңшыбай батыр» жырына талдау жасалынады.
Тұтастану түрлері, оған тән басты белгілер,
оқиғаның дамуы, мифтік танымға тән суреттеулер
осы эпосты талдауға негіз болып, қорытындылар
жасалады.
Түйін сөздер: эпос, тұтастану (циклизация),
цикл, сюжеттік тұтастану, мифтік таным, пері қызы,
мотив, күрескер тұлға.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы
аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» жүз томдығы
– ұлтымыздың құнды рухани қазынасының халық
игілігіне ұсынылуы, сондай-ақ әлемдік мәдениет
үшін де маңызды құбылыс. Үстіміздегі жылдың
қазан айында осы рухани қазынамыз Германияның
Майндағы Франкфурт қаласында ұйымдастырылған
кітаптар көрмесіне қойылды. Бұл «Бабалар сөзі»
жинағына ғалымдарымыздың жарыққа шығару үшін
біздің ғалымдар бірталай тер төккені белгілі.
Туыстас, көршілес елдердің тарихи қорларынан
табылған дүниелерді қалыпқа түсірген қазақстандық
әдебиеттанушылардың
еңбегі
орасан.
Жүз
томдықтың жарыққа шығуына тікелей мұрындық
болған,
«Мәдени
мұра»
Мемлекеттік
бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және
өнертану секциясының төрағасы, фольклортанушы
ғалым, академик С.А.Қасқабасов жинақты жарыққа
шығару үшін 10 жылға жуық уақыт кеткенін, әр
жылда он том әзірленгенін айтады.
«Бабалар сөзі» жүз томдығының елуінші томы
«Қырымның қырық батыры» эпикалық циклына
арналған. Құрастырушылар атап көрсеткендей, бұл
томдықтағы
жырлар
циклы
Мұрын
Сеңгірбайұлынан жазылып алынған нұсқа. «Мұрын
жырау
Сеңгірбайұлынан
жазылып
алынған
«Қырымның қырық батыры» атты бас қаһармандары
қырық бір батыр болып табылатын отыз бес жырдан
құралған эпикалық жырлар циклы – әлем
мәдениетінде маңызды орын алатын ерекше
құбылыс» [1, 5] екенін құрастырушылар Қ.Сәтбаев,
Н.Сауранбаев,
Е.Ысмайылов,
Ә.Марғұлан,
О.Нұрмағамбетова, С.Қасқабасов сияқты белгілі
ғалымдардың пікірлерімен бекітеді.
154
«Қырымның қырық батыры» - ноғайлы дәуірінен жеткен жыр. Бұл жыр Еділ бойы,
Солтүстік Кавказ, Батыс Сібірге, қазақ, татар, ноғай, башқұрт, қарақалпақ арасында өте
кең таралған жыр.
Ең әуелі, «Қырымның қырық батыры» – цикл жыр. Әдеби циклдің өзі эпикалық және
драмалық шығармаларда тарихи дараланған тұрғыда, авторлық баяндаулар сипатында
мемуарларда, эпостық дастандарда, әңгімелерде, пьесаларда, публицистикалық
шығармаларда кездеседі. Эпостық шығармаларда циклдануды жүзеге асыруда
баяндаушының ролі өте зор оқиға, образ, суреттеу элементтерін топтастырып отырады.
Эпостардағы циклденуге қарай отырып оның тарихи процесс екеніне де көз жеткіземіз.
Эпостың өзіне бастау болған ең алғашқы фольклорлық шығармалардың құрылымдық
жүйесі циклденудің нақты үлгілерін танытады. Әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктен
туған тұрмыс-салт жырларының жоқтау, беташар, алғыс, қарғыс, т.б. түрлерінде циклдану
арқылы тұтас бір көлемдік ерекшеліктерге жетіп отырған.
Циклденудің жүйеленген сипаты мифтерде анық көрінеді. А.Н.Веселовский оған
«табиғи циклизация» деп баға берген болатын.
Зерттеушілердің пікірінше, фольклорлық жанрларға тән циклдың (тұтастанудың)
мынандай ерекшеліктері бар:
а) цикл дегеніміз жекелеген туындылардың біртұтас болып бірігуі;
ә) цикл – ортақ қаһарманның айналасына шоғырланған шығармалар тобы;
б) цикл – сюжеттердің жеке кейіпкердің және оқиға өтетін жердің айналасында
жинақталуы;
в) цикл – сюжеті біртұтас және аяқталған шығармалар тобы.
Циклденудің бұл аталған белгілері фольклорлық шығармаларға тән. «Қырымның
қырық батыры» жыры цикл туралы соңғы тұжырымға сәйкес келеді, яғни бұл шорғырға
кіретін дастандар біртұтас, аяқталған шығармалар тобы.
Жалпы алғанда, цикл көркем туындыға тән қолданыста қарапайым ғана тізбектелу,
жалғасу, қатарласу, яғни бірнеше сюжеттің жалғаса дамуы, жалғыз, жалқы емес жалпы
деген ұғымда алынады. «Цикл» сөзінің мәніне үңілер болсақ, грек тілінен аударғанда
“kyklos” – шеңбер деген мағына береді. Яғни сабақтастық, өзара тығыз байланыс,
жинақталу деп атауға болады.
Фольклордағы жинақтау – өмірді, қаһарманды фольклорлық түсінікпен дәріптеуге
қызмет етеді және тұтастану құбылысына негіз болады екен. Тұтастануда тарихи
оқиғалар, кейіпкердің өмір жолы мен іс-әрекеттері түгел жинақталып, біртұтас дүние
құрап, қаһарманды, оның ұрпағын дәріптеуге бағытталады. «эпос алуан түрлі
тұтастанудан өтеді, ...батырды дәріптеу мақсатында уақыт пен кеңістікті де, тарих пен
қиялды да қызмет еткізеді» [2, 62].
Эпостағы тұтастану мәселесін В.М.Жирмунский, С.Садырбаевтар да қарастырған.
В.М. Жирмунский былай деп жазады: «Ноғай батырлары туралы қазақ эпикалық
жырлары халықтық аңыздарға, сондай-ақ тарихқа сәйкес бір әулеттің мүшелері болатын
генеологиялық тұтастануды көрсетеді. Бұл әулеттің басында тұрған – Едіге, тарихи Едіге,
есімі орыс тарихынан белгілі Алтын Орданың уақытша билеушісі. Едіге туралы жыр
Алтын Ордадағы феодалдық араздықты, Едігені даңқы артып, дәуірлеуін, оның Әмір
Темірдің қатысуымен Тоқтамыс ханмен күресуін, Тоқтамыстың ажалын, Едігенің өз ұлы
Нұраддинмен қақтығысуын, биліктің Тоқтамыстың ұлдарына ауысуы кезіндегі екеуінің де
ажал құшуын баяндайды. Ноғай циклінің қаһармандары, «ноғай батырлары» - Едігенің
ұрпақтары: ұлы Нұраддин; Нұраддиннің ұлы (тарихи деректер бойынша немересі) - Мұса
хан; Мұсаның ұлдары – Орақ, Мамай және Исмаил; Орақтың ұлдары – Қарасай, Қазы,
Жаңбыршы батыр, оның ұлы Телағыс» [3, 394]
Е.М.Мелетинский көлемі жағынан шағын жырлардың ұлттық эпикалық дәстүрдің
аясында бірігіп эпопея құрайтыны, бөлек-бөлек жырлардың тұтастанатындығы жөнінде
айтса, Ш.Ыбыраевтың көрсетуінше, «Тұтастану тек эпос пішінінің (форма) өз-өзінен
155
пайда болған заңдылығы емес, ол халықтың әлеуметтік және сыртқы саясаттағы тарихи
өзгерістерінің нәтижесінде қалыптасады» [4,]
Ғалым С.Қасқабасов әлем фольклортануының тұжырымдарына сүйене отырып, қазақ
фольклорында тұтастанудың бес түрі бар деп (сюжеттік, ғұмырнамалық, шежірелік,
тарихи, географиялық) көрсетеді.
Зерттеушілердің айтуынша, эпос үшін маңызды көркемдік қызмет атқаратын –
сюжеттік тұтастану. В. Жирмунский эпикалық сюжеттің тұтастануының негізінде
әуелгіде батырдың бір ерлігі жырланатын шағын өлеңге басқа да батырлық эпизодтар
жалғанып, бәрі бірігіп, жаңа біртұтас шығармаға айналатындығы туралы пікірін білдірген.
С.Қасқабасов атап көрсеткендей, «тарихи шындық эпоста көптеген қосымша
сюжеттермен, мотивтермен көмкеріледі». Бір-бірімен байланысы жоқ жекелеген эпикалық
жырлардағы сюжеттердің басы біріктіріліп, біртұтас шығарма болып шығады. Дербес
сюжеттер бір батырдың атқарған іс-әрекетіне, ерліктеріне телінеді.
«Қырымның қырық батыры» циклы «Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары»,
«Қарадөң батыр және оның ұрпақтары», «Жеке батырлар» деп аталатын үш салаға
жіктеледі. «Бабалар сөзі» жүзтомдығының елуінші томына «Аңшыбай батыр және оның
ұрпақтары», «Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» саласы толық, ал, жеке батырларға
арналған саласынан «Шора» мен «Нәрік» жырынан басқасы енгізілген.
«Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары» шежірелік циклы «Аңшыбай», «Парпария»,
«Құттықия», «Едіге», «Нұрадын», «Мұса хан», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази»
жырларынан тұрады. Бұл саладағы жырларға шежірелік тұтастану тән. Фольклорлық
тұтастанудың айқын белгісі осы «Қырымының қырық батыры» циклынан көрінеді.
«Қырымның қырық батыры цикліндегі «Аңшыбай батыр» жырының «Бабалар
сөзіне» енген екі нұсқасында да бас қаһарман жастай жетім қалып, «жыңғылдан жақ алып,
шиден оқ алып», далада қаңғырып жүре береді. Көлшіктен үйрек атып, соны азық етіп
жүрген балаға күндердің күнінде аққу болып пері қызы ұшып келеді.
«Бір күндері болғанда, көлшікке бір аққу келіп қонады. Аңшыбай көріп, атайын
дегенде аққу сілкініп еді, бір бойжеткен қыз болды.
-
Адам баласы, сен мені атпа. Мен – мұсылман пері патшасының қызымын» [1, 11].
Мифтік сана көрінісі жырдың кіріспесінен-ақ осылай көрінеді. Эпосты зерттеген
ғалым Ш.Ыбыраевтың тұжырымына сүйенсек, «эпос мифтегі шындық деп қабылданған
ұғымды ертегі сияқты жоққа шығарып, бірақ соның үлгісін пайдалану арқылы дамыған
жоқ. Ол мифтің шындыққа сендіру дәстүрін қабылдады, бірақ наным-сенімдік негізін
жоғалта бастаған ұғымдарды біртіндеп жаңа дәуірдің шындығымен ауыстырды.
Шынуайтқа келгенде, мифтің шындыққа қатысты дәстүріне эпостың адал болуы бұл екі
жанрды ертегіден гөрі ажыратып жіберді» [1, 11].
Мифтік санаға тән таным батырлар жырына ғана емес, аңыздарға, т.б. фольклорлық
туындыларға сюжет, мотив түрінде енгеніне мысал көп. Солардың ішінде адам баласының
пері қызымен некелесуі жиі кездеседі. Пері қызының образы «Ер Төстік» ертегісінде,
Асан қайғыға қатысты аңыздарда, сондай-ақ осы «Қырымның қырық батыры» циклы
сюжетіндегі Едігенің бір бабасы, Аңшыбайдың ұрпағы саналатын Баба шашты түкті Әзіз
атты әулиеге қатысты оқиғаларда кездеседі.
Аңшыбай батырға аққу болып ұшырасқан екі перінің қызы некелесіп, батыр
шаңырақты болады, ноғайлы еліне қадірі білінеді. Қалмақты шауып, даңқы шығады.
Аңшыбайдың ұрпақ сүйгенін хабарлаумен бұл жыр оқиғасы тәмам болғанымен, ары
қарайғы оқиғамен «Парпария» жырынан таныс боламыз.
Осылайша әкеден балаға ауысқан батырлықты жырлаған дастандар тізбегі «Едіге»,
«Орақ – Мамайға» келіп тіреледі. Содан кейінгі оқиға «Қарасай – Қази» дастанында
жалғасады.
Тұтастанудың әу басында тұрған Аңшыбай батыр туралы жыр оқиғасы
мифологиялық уақыт пен кеңістік аясына жинақталған. Эпос зерттеушілері қаһармандық
156
дастандардағы оқиғаның болған уақытын эпикалық дәуір деп қарайды. Халықтық
эпостарды зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалым Ә.Марғұлан ұлттық эпос тарихын Алтай,
Сібір және Орта Азия халықтарының мұраларымен салыстыра қарастырып, жетекші
әдіснамалық тәсіл ретінде салыстырмалы-тарихи әдісті жүзеге алғаш асырушы болған еді.
Бұл туралы ғалым Р.Бердібай «Қазақ эпосы» еңбегінде тоқталып өтеді[5, 29].
Ә.Марғұлан қазақ эпостарын шыққан кезеңдеріне қарай бірнеше кезеңдерге бөліп
қарастырады. Бұл дәуірлеу бойынша қарастырсақ, «Аңшыбай батыр» жыры архаикалық
дәуір эпосына жатады.
Архаикалық дәуірді «мифологиялық уақыт» түрінде тануымызға басты себеп – бұл
дәуір эпостарындағы оқиғаның тылсыммен, екінші бір әлеммен байланысында. Мәселен,
«Аңшыбай батыр» жырында бас қаһарман ауылдан аулақта тіршілік кешуге мәжбүр.
Себебі – ауыл балалары қорғаны жоқ жетім баланы жолатпайды. Жалаң аяқ, жалаң бас,
тырдай жалаңаш. Қалың тоғай ішіне кіріп, ондағы көлден алты жыл бойы үйрек атып,
соны азық етіп жатады. Міне, осы қалың тоғай іші, көлдің жағасы – бас қаһарманның
екінші бір тылсым әлеммен байланысатын орны. Көлге келіп, аққудың қонуы Аңшыбай
өміріндегі өзгерістің басы болады. Мифтік дәуірге тән мифтік санадан туындаған тіршілік
иелерінің бір түрден екінші түрге ауысуы, яғни мифтік құбылушылық мақсатты түрде
жүзеге асады. Өйткені, пері қызы көлден үйрек атып, азық етіп жүрген қорғансыз
пенденің жайын білмек үшін келген. Аққу кейпінде келіп қонған пері қызы өзін Аңшыбай
атпақ болғанда қызға айналады. Мұсылман пері патшасының қызы болып танысқан ол
аққуға айналып ұшып кетісімен, екінші аққу келіп қонады. Бұл да сұлу қызға айналып,
өзінің кәпір патшасының қызы екенін баян етеді. Сөйтіп, «ғайыптан» келген екі қыз
(мифтік мекен тұрғындары) бас қаһарманды өз ортасына, яғни өзі қуылған адамдар
арасына әкеледі. Аңшыбайдың жүрген жері (қалың тоғай іші, көлдің жағасы), теориялық
пайымдауларға сүйенсек, ашық, кең дүниемен байланысқа түсе алатын, алайда, шағын,
яғни тар мекен. Амалсыз тар мекенге келіп күн кешкен Аңшыбайды бір кездері өзі
қуылған жазық әрі кең мекенге, өзіндік кеңістікке қайта алып келген қос аққу – пері
қыздары ендігі жерде оның қорғаушысына, демеушісіне айналады.
«Аңшыбай батыр» дастанының табиғаты батырлық ертегіге жақын деп пайымдауға
болады. Ш.Ыбыраев: «Асылында, фольклордың жанрлық құрамына қарай бірде «көне
эпос», бірде «батырлық ертегі» аталып жүрген шығармалардың табиғатында оларды эпос
ретінде де, ертегі ретінде де қарауға болатын екіжақтылық сипат бар. Ол, сөз жоқ, осы
жанрлардың бір-бірінен іргесін аулақ салмай, аралас-құралас жүрген кезеңін көрсетеді»[
6, 72] деген тұжырым жасайды.
С.Қасқабасов «батырлық ертегі» терминін қазақ фольклоры негізінде қолданып,
ежелгі дәуір эпостарын осы аяда қарастырса, Р.Бердібаев «көне эпос» терминін
пайдаланған. Бұл тұжырымдар ертегі мен қаһармандық эпостың түпкі бірлігін көрсетсе
керек.
Сонымен, табиғаты жағынан батырлық ертегімен жақын келетін Аңшыбайды екі
пері қызымен жолығып, некелесуі – болашақ қаһармандардың дүниеге келуіне бастау.
Мұрын жырау нұсқасында Аңшыбайдың жүрген жері – Қырым. Одан туған Баба Түкті
шашты Әзіздің мекені – Құмкент. Ә.Қоңыратбаевтің пікірінше, «Мұрын жыраудың
Қырым деп отырғаны қырдағы ел болса керек» [7, 198].
Аңшыбай батыр жырының оқиғасы пері қыздарына ұшырасуымен басталса, осындай
мотивтер басқа да аңыздар мен жырлардан орын алған. Мәселен, Аңшыбайдың ұрпағы
Баба Түкті Шашты Әзіз Агун дариясының жағасында пері қызына кездеседі. Бұл – су
перісінің қызы. Аңыз кейіпкері пері қызымен некелеседі, алайда, ол қойған шарттарды
бұзып, айрылып қалады. Пері қызы Баба Түкті шашты Әзіздің перзентін «Ніл дарияның
басына, Құмкент шаһарының қасына» тастап кетеді.
Пері қызымен некелесу мотиві Асан қайғы туралы аңызда да бар. Ерекше
жаратылысты пенде баласының тағдырындаға ерекше оқиға – перілер әлемімен
157
байланысуы. Көне эпос, яки батырлық ертегі мифтік дәуірге барынша жақын
болғандықтан, мифтік таным барынша анық көрінеді. Пері қыздары – мифтік кейіпкерлер.
Олар «адамзаттық емес» дүниеден «адамзаттық» дүниеге қарай ауысады. Бұл екі әлемнің
«аралас» жүруі олардың бірінен біріне өтуіне ұласады. Яғни мифтік әлем біртіндеп
адамзаттық әлемге ауыса бастайды. Батырлық ертегінің, болмаса көне эпостың
құрылымындағы мифологиялық сарын бұл фольклорлық мұраның туу уақытын тым
көнелендіре түседі.
Аңшыбай батырдың соғысатын жауы – қалмақтар. Бұл тұста көне дәуір оқиғасының
бергі дәуірлердегі оқиғамен сабақтасып кеткенін көреміз. Жыр ауызша айтылып
жеткендіктен, әр дәуірдің жыршысы өз кезіндегі басты жауды оқиғаға араластырады.
Қазақ тарихында халықты «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан қалмақ
шапқыншылығы ерекше орын алғаны белгілі. Сондықтан да арғы-бергі дәуірлердегі
жырлардың барлығында басты жау қалмаққа айналып кеткен.
Аңшыбай батыр туралы мифтанушы С.Қоңдыбай пікіріне сүйенсек, «Аңшыбай
батыр – жырдағы Едіге ұрпақтарының арғы атасы делінетін «ала тайлы» Аңшыбай батыр
ежелгі нұсқада бүкіл «Қырымның қырық батырының» арғы атасы болып табылады.
Аңшыбай – Алшыбай немесе Алшыоғыр (Альциагар) қазақ аңызындағы Алаштың, кіші
жүз шежіресіндегі Алшын (алғашқы нұсқаларында алаудың) атаның эпостық есімі. Алаш
пен Алшыбай бір, аңыздары да ұқсас. Алашты ала болғаны үшін «дарияға» ағызып
жіберсе, ала тайлы Алшыбайды бала кезінде «дарияға» қуып жібереді, екеуі де балалық
шағын суда өткізеді. Есейгесін екеуі де ерлігімен аты шығады, қуып жіберген қауым
екеуін де хан көтереді. Алаш қазақтың үш жүзін құрса, Алшыбай жаңа қауым тұрғызады.
Екеуі де екі-екіден аспан және су аруына үйленеді. Бұл жерде еш тарихи аңыз
сақталмаған. Алшын шежіресі де құрылымдық жағынан Алаш пен Алшыбайды
қайталайды» [8].
Әрине, С.Қоңдыбайдың бұл пікірін толығымен қабылдамасақ та, назар аударуға
тұрарлық. Ала тайлы Аңшыбай атанған батырлардың бабасын ауызға алғанда бұл жырды
шығарушы адам дәстүрлі танымға жақындап, сол арқылы бұл әулеттің тегін еместігін
танытуды мақсат еткен. Бірнеше ұрпаққа ұласатын батырлық дәстүрдің бастауын
осылайша биік деңгейге көтерген. Аңшыбайдың үйленуінің ерекше болуы одан тура
ұрпақтың да қарапайым болмасын аңғартады. Жазбаша жеткен әдеби жәдәгеріміз «Оғыз-
наме» дастанында Оғыздың үйленуі мен «Аңшыбай батырдағы» Аңшыбайдың үйленуі не
қатысты моивтерде ортақтық, сарындастық бар. Мұның өзі архаикалық эпостардағы ортақ
сипаттардың бірі.
«Аңшыбай батыр» жырының екінші нұсқасы оның Баба Түкті шашты Әзіз атты
ұлынан Парпария деген ұрпағының дүниеге келуімен тәмамдалған.
«Аңшыбай батыр» жырының оқиғасы мифологиялық мотивтерден басталып,
эпикалық қалыпқа ауысады. Хронологиялық ретпен келгенде «Қырық батырдың» басында
тұрған, осы батырлар әулетінің түп атасы саналатын Аңшыбай бейнесі халық
фольклорындағы күрескер тұлғаны танытады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т.50: Батырлар жыры. – Астана: «Фолиант», 2008. – 464
бет.
2.
Қасқабасов С. Тұтастану – фольклор поэтикасының заңдылығы // Қазақ
фольклорының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 2001. – Б.8-62.
3.
Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. - Л., 1974. – 727 с.
4.
Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – Алматы: Ғылым, 1993. – 296 бет.
5.
Бердібаев Р. Қазақ эпосы. – Алматы: Ғылым, 1982. – 232 бет.
158
6.
Ибраев Ш. Түркі эпосының поэтикасы мен типологиясы. – Астана: «Сарыарқа» баспа
үйі, 2012. – 336 бет.
7.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 368 бет.
8.
Қоңдыбай С. «Қырымның қырық батыры» жырлары қай кезде шыққан? / «Маңғыстау»
газеті, 30.07.1997.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются проблемы циклизации и художественных традиций героического
эпоса. На основе взглядов ученых-фольклористов произведен анализ эпоса «Аншыбай-батыр» из
цикла «Сорок батыров Крыма». Виды циклизации, их основные признаки, развитие событий,
изображения, характерные для мифического миропонимания, послужили основой для анализа
данного эпоса и заключения выводов.
RESUME
The article deals with the problem of cyclization and artistic traditions of the heroic epic. On the
basis of the views of scientists and folklorists the author performs an analysis of the epic “Anshybay-
Warrior” from the series “The 40 Crimean Batyrs”. Types of cyclization, their main features,
development of events, images, characteristis of the mythical world view have served as a basis for the
analysis of this epic, and for drawing conclusions.
159
ӘОЖ 82.512.122.09
Достарыңызбен бөлісу: |