Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата14.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Щербинин А.И. Политическое образование: учеб. пособие. - М., 2009. 
2
 
Баранова  И.Н.  Противоречия  современной  политологии  и  процесс  преподавания  // 
Альманах современной науки и образования (Тамбов). - 2009. - № 10-1. 
3
 
Кабешев Р.В., Рыхтик М.И. Политика в области высшего образования стран Запада в 
контексте  инновационного  процесса  //  Мир  науки,  культуры,  образования  (Горно-
Алтайск). - 2012. - № 2. - С. 494-496.  
4
 
Чупрунов  Е.В.,  Гурбатов  С.Н.  Классические  университеты  как  база  формирования 
федеральных  и  национальных  исследовательских  университетов  //  Высшее 
образование в России. - 2009. - № 9. - С. 56-65.  
5
 
Клингеманн  Х.  Сравнительный  анализ  развития  политической  науки  в  западной 
Европе // Полис. - 2008. - № 3. - С. 97. 
 

 
70 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақалада саясаттануды оқыту әдістемесінің бірқатар мәселелері қарастырылған. Саясаттану 
курсының  негізгі  мақсаты  студенттерге  саяси  өмір  саласындағы  күрделі  құбылыстар  мен 
тенденцияларға  өз  бетінше  талдау  жасау  дағдысын  ұялату,  саясат  туралы  қажетті  білім  беру, 
студенттердің  санасында  ұғымдық  ақпаратты  қалыптастыруға  ықпал  ету  деп  саналады.  Соған 
сәйкес,  мақалада  саясаттануды  оқытудың  проблемаларын  шешуге  арналған  жолдар 
қарастырылған. 
 
RESUME 
 
The article is devoted to studying certain problems of political science teaching and updating them 
for the society as a whole. The author offered some possible solutions to the problems of political science 
teaching.  To  some  extent,  the  author  relies  on  the  practical  results  of  her  own  activities  in  the  learning 
process. 
 
 

 
71 
ӘОЖ 55:002.6 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
З. Байжұмақызы 
М. Әуезов атындағы Оңтүстік 
Қазақстан мемлекеттік 
университі, саяси ғылымдар 
магистрі 
 
Н.Ж. Тлеуова  
М. Әуезов атындағы Оңтүстік 
Қазақстан мемлекеттік 
университеті, саяси ғылымдар 
магистрі 
 
Ақпараттық 
геосаясат түсінігі 
және оның негізгі 
мәні  
 
Аннотация 
Ғылыми мақалада, геосаяси санат ретіндегі 
ақпараттық  геосаясат,  ақпараттық  кеңістік 
сияқты  жаңа  бағыттарға  талдау  жасалынады. 
Ақпараттық  геосаясат  түсінігінің  теориялық 
негізіне  талдау  жасалынып,  ғаламдық  саяси 
үрдістердің 
ақпараттық 
құрамдас 
бөлігі 
зерттелінеді. 
Түйін сөздер: ақпараттық  кеңістік, ақпарат, 
ғаламдану, геосаясат, ақпараттық қоғам. 
 
 
Геосаясат 
ғылымы 
мемлекеттің 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  ісімен,  ұлттық 
мүдделерге 
жету 
құралдарымен 
тығыз 
байланысты.  Бұл,  ең  алдымен,  геосаяси 
үдерістердегі  геосаяси  субъектілер  арасындағы 
кеңістікке 
үстемдік 
жасауға 
ұмтылуға 
бағытталған 
бақталастыққа 
байланысты 
туындайды.  Геосаяси  текетірес  нәтижесінде, 
кейбір 
геосаяси 
субъектілер 
көздеген 
мүдделеріне  жетіп,  екіншілері  ықпал  ету 
мүмкіндіктерінен  айырылуы  мүмкін.  ХХІ  ғасыр 
бастауында  халықаралық  қатынастар  жүйесі 
түбегейлі  түрде  өзгеріске  ұшырап,  жаңа 
парадигмалар 
қалыптасты. 
Осындай 
геосаясаттағы 
парадигмалардың 
бірі 

ақпараттық геосаясат. 
Ақпараттық  қоғам  дәуірінің  орнауына 
байланысты  әлемнің  геосаяси  сипаты  да 
түбегейлі  өзгеріске  ұшырап  отыр.  Дәстүрлі 
геосаясаттағы  мемлекеттердің  қуаты,  оның 
территориялық 
кеңістігі, 
халқының 
саны, 
экономикалық  өсу  қарқыны,  шикізат  көздерімен 
өлшенетін 
болса, 
ақпараттық 
геосаясатта, 
ақпараттық 
кеңістікке 
бақылау 
жасау 
мүмкіндігімен 
айқындалады. 
ХХІ 
ғасыр 
бастауында  желілік  ақпараттық  құрылымдардың 
дамуы  және  виртуалды  кеңістіктің  пайда  болуы 
нәтижесінде  ақпараттық  геосаясат  түсінігі 
қалыптасып отыр. Егер де индустриалдық қоғам 
дәуірі 
кезеңіндегі 
маңызды 
мәселе 
территориялық 
бақылау 
орнату 
болса, 
ақпараттық 
қоғамда 
заманауи 
ақпараттық 
құралдар геосаяси кеңістікке бақылау орнатудың 
тетігіне айналып келеді. 
 

 
72 
Ғылым мен технологияның дамуы әлемдік коммуникация торабы мен «электроника 
дәуірін»  туғызды.  Сауданың  өтпейтін  шекарасы  болмайтынындай,  электрониканың  да 
өтпейтін  шекарасы  жоқ.  Тіпті  бұл  жер  шарын  өрмекшінің  торындай  орап,  тұтас 
ақпараттық  кеңістікке  айналдырып  жіберді.  Әлемдік  ақпараттық  кеңістік  дегеніміз  - 
әлемдік  кино  өндірісі,  әлемге  ақпарат  тарататын  агенттіктердің  жаңалықтары,  әр  түрлі 
өркениеттің  құндылықтары  мен  дүниетанымын  тарататын  телесериалдар  т.б. 
интеллектуалды-ақпараттық  өнімдер.  Қазір  медиократия  заманы  орнығып  келеді.  Яғни, 
электронды  ақпарат  құралдары  арқылы  халық  санасын  белгілі  бір  стандартқа  түсірудің 
тәсілдері  бүгінде  барынша  жетілген.  Оның  үстіне  әлемдік  нарықтың  кеңеюі  ұлттық 
мәдениеттердің  өмір  салтының  өзгеруіне  тікелей  әсер  етті.  Нарықтық  қатынастарға 
дендеп  енген  елдерде  күннен-күнге  мәдениет  символдарының,  жүріс-тұрыс  пен  киім 
стилінің,  тұрмыстық  тұтыну  тауарларының,  талғамның,  тіпті  тағамның  да  белгілі  бір 
стандарттарға түсу процесі жүріп жатыр. 
Ақпараттық  қоғам  дәуірінде  әлемнің  геосаяси  мәні  толыққанды  өзгеріске  ұшырап 
отыр.  Ақпараттану  дәуірінің  негізгі  қайнар-көзі  ретіндегі  ақпараттар  және  ақпараттық 
технологиялар,  дәстүрлі  геосаяси  акторларды  ығыстыра  отыра  алдыңғы  шепке  шықты. 
Ғаламдық  ақпараттық  –  телекоммуникациялық  желілердің  пайда  болуымен,  құрлықтық 
және  теңіз  державаларының  ашықтығы  немесе  оқшаулануы,  қашықтық  факторлары 
түгелдей өзгеріске түсті. Халықаралық сахнаға, трансұлттық провайдерлік корпорациялар 
геосаяси қатынастардың жаңа субъектілері ретінде еніп отыр. 
Жалпы  ақпараттық  геосаясат  ұғымы  ғылымға  енгізілген  жаңа  бағыт  болып 
табылады.  Бұл  мәселе  зерттеушілер  тарапынан  жан-жақты  зерттеуді  қажет  ететін  тың 
дүние  болып  табылады  және  отандық  саяси  ғылымдарда  әлі  күнге  дейін  түбегейлі 
зерттеле қоймаған бағыт. Осы мәселеге байланысты мақаланың өзектілігі айқындалады.  
Ақпараттық  технологиялар  арқылы  мемлекеттің  геосаяси  қарқындарын  –  ұлттық 
менталитетті,  мәдениетті және адамдардың  сана-сезіміне ықпал жасау  мүмкіндігі бүгінгі 
заман  шынайлығына  айналды.  Ақпараттық  қоғамның  қарқындап  қоғамның  барлық 
салаларына  енуі,  зерттеушілер,  саясаттанушылар  алдында,  геосаяси  деңгейдегі 
міндеттерді  шешудегі  ақпараттық  құралдардың  ықпалына  талдау  жасау  сияқты  жаңа 
мақсаттарды  қойып  отыр.  Осы  орайда,  зерттеушілер  алдында  геосаяси  стратегияларды 
зерттеу, ақпараттық технологиялар арқылы елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
бағытындағы жаңа тұжырымдар жасау маңызды қадам. 
Ақпараттық  қоғамды,  ақпараттық  кеңістіктегі  қайшылықтарды,  ақпараттық 
соғыстың  геосаяси  астарын  зерттеумен  ғалымдар:  Р.  Шафранский, Р.  Кеохейн,  Дж.  Най, 
И.  Масуда,  Д.  Белл,  М.  Кастельс,  М.  Либики,  Ю  В.  А  Лисичкин,  Л.А.  Шелепин, 
Д.А.Волкогонов,  Н.И.  Живейнов,  А.Г.  Караяни,  М.Ю.  Павлютенкова,  Д.А.  Швец, 
В.С.Пирумов,  М.А.  Родионов,  Г.Г.  Почепцов,  И.Н.  Панариндер  айналысып  жүр.  Осы 
авторлардың  еңбектерінде  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  барысында  ақпараттың, 
оның  ішінде  ақпараттық  соғыстың  ықпалын  ескере  отыра,  ақпараттық  басқарудың  жаңа 
тұжырымдарын жүзеге асыру қажеттілігі айқындалады.  
Ақпаратты  қазіргі  кездегі  геосаяси  процестер  аясында  қарастыра  отыра  И.А. 
Михальченко,  бір  топтардың  екінші  топтарды  гуманитарлық  мәнде  бағындыруға 
бағытталған постиндустриалдық қоғамның көрінісі ретіндегі тұтастай технология ретінде 
түсіндіреді [1, 15]. 
А.Б.  Губарев,  А.М.  Соколова,  Д.Б.  Фролов  пайымдауларында  ғаламдану  үрдісінде 
қалыптасқан ерекше геосаяси қатынастарда, халықаралық процестің бір акторлары, екінші 
акторлардың ақпараттық саласына белсенді түрде ықпал ете отыра, экономикалық, саяси 
және басқа да салаларда үстемдікке ұмтылуда [2 ]. 
Ақпараттық  құралдардың  қазіргі  таңдағы  алатын  орны,  ақпараттық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету  бағытында  зерттеу  жүргізіп  отырған  қазақстандық  ғалымдардың  ішінен 
Ғ.Ж. Ибраева, Е.К. Алияров, Р.Ш. Бердібаевтарды атауға болады.  

 
73 
Ақпараттық  геосаясат  –  бұл  әлеуметтік  саяси  үрдістердегі  және  ақпараттық 
технологиялар, 
ақпараттық-телекоммуникациялық 
жүйелердің 
және 
ақпараттық 
қорлардың ықпалы. 
Ақпараттық  геосаясаттың  мақсаты  –  қоғамдық  пікірлерді  қалыптастыру  арқылы 
геосаяси  кеңістіктерде  саяси  мүдделерге  жету,  ықпал  ету  аймақтарын  кеңейту,  болып 
табылады.  
Геосаясаттың ақпараттық мәнін төмендегідей сипаттауға болады: 
1.
 
 Ерекше ақпараттық кеңістікте жүзеге асырылуы. 
2.
 
 Ақпараттық кеңістіктегі үстемдік үшін текетірес, ақпараттық экспансия. 
Ақпараттық кеңістіктің құрамдас бөліктерін төмендегілер құрайды: 

 
ақпарат; 

 
ақпараттық инфрақұрылым; 

 
ақпаратты  жинаушы,  қалыптастырушы,  таратушы  және  пайдаланушы 
субъектілер. 
Геосаясаттағы  ақпараттық  парадигмалар  арқылы  төмендегідей  мақсаттарға  жетуге 
болады: 

 
геосаяси өзгерістерді жіктеу арқылы болашақ геосаяси үдерістерді жоспарлау

 
ғаламдық геосаяси өзгерістердің себебіне талдау жасау арқылы, болашақта орын 
алатын саяси оқиғаларға болжамдар жасау; 

 
әлемнің болашақ геосаяси қарқынына тұжырымдамалар жасау. 
Ақпараттық  қоғамдағы  геосаяси  бәсекелестіктің  жаңа  жағдайларын  және 
мазмұнын айқындаушы ретінде төмендегі көрсеткіштерді жатқызуға болады: 
1.  Геосаяси  кеңістік  және  геосаяси  бәекелестік  түсініктерінің  кең  мағынаға  ие 
болуы  –  бұл  ақпараттық  басымдыққа  жетуге,  жетілген  ақпараттық  қорларға  бақылау 
жасауға  бағытталған  геосаяси  субъектілердің  және  олардың  коалицияларының  күресінің 
геосаяси бәекелестіктің негізгі бағытына айналуымен сипатталады. 
2.  Стратегиялық  маңызды  қорларды  бағалаудың  өзгерістерге  ұшырауы  - 
ақпараттық 
ағымдарды, 
ақпараттық-телекоммуникациялық 
желілерді, 
олардың 
инфрақұрылымдарын,  ақпараттық  қайнар  көздерді,  ақпаратты  талдауға  бағытталған 
ғылыми-зерттеу  орталықтарын  қамтитын  ақпараттық  қоғамның  ақпараттық  қорлары, 
геосаяси  бәсекелес  субъектілерінің  маңызды  стратегиялық  қорлары  болып  табылады. 
Сондықтан  да  оларға  қол  жетімділік  үшін  геосаяси  күресте  бір  субъектілер  келесі 
субьектілерден  ерекшеленіп,  артықшылықтарға  ие  болады.  Ал  бұл  өз  кезегінде 
қауіпсіздікке үлкен ықпалы бар күш ретінде танылады. 
3.  Геосаяси  күрестегі  дәстүрлі  одақтастар  және  қарсыластарды  таңдау  және 
бағалаудың  өзгеріске  ұшырауы  –  ақпараттық  қоғамда  геосаяси  күрестегі  дәстүрлі 
одақтастар және қарсыластарды таңдау, дәстүрлі теңіздік және құрлықтық географиялық 
орналасудан тыс, ақпараттық қорлардың деңгейіне және деңгейдің ұлттық идеологиямен 
ұштасуына байланысты айқындалады. 
4. Геосаяси бәсекелестіктің жаңа субъектілері (виртуалды коалициялар)- ғаламдық 
және  аймақтық  деңгейде  іс-әрекет  жасайтын,  мемлекет  және  мемлекетаралық 
коалицияларды  қамтитын  дәстүрлі  геосаяси  субъектілерімен  қатар,  ақпараттық-
психологиялық 
кеңістікте 
геосаяси 
күреске, 
мемлекеттерді, 
трансұлттық 
корпорацияларды, 
медиа-холдингтерді 
қамтитын 
виртуалды 
коалициялардың 
тартылуымен айқындалады. 
5.  Геосаяси  қатынастардағы  ынтымақтастық  және  қайшылықтардың  әскери 
қақтығысқа жол бермеуімен айқындалады [3, 152]. 
Дүниежүзі  елдері  «индустриалдық  қоғамнан»  «ақпараттық  қоғамға»  өтіп  отырған 
кезеңде,  ақпараттық  кеңістіктің  деңгейі  және  даму  қарқыны  экономикаға,  халықтардың 
рухани  өміріне,  саясатқа,  мемлекетаралық  қатынастарға  да  елеулі  ықпал  етіп  отырған 
іргелі  мәселе.  Бұл  мәселеге,  адамдардың  әдет-ғұрпы,  қоғамдық  –  саяси  қозғалыстардың 

 
74 
қалыптасуы  және  қоғамның  тұрақтылығы  тікелей  байланысты  болып  отыр.  Мұны  біз 
соңғы  кездегі  әлемде  орын  алып  отырған  толқулардағы  бұқаралық  ақпараттық 
құралдардың  рөлінен  байқаймыз.  Дүниежүзілік  ақпараттандыру  аймақтардағы  геосаяси 
өзгерістердің көрсеткіштеріне айналып отыр. 
Негізінен  ғаламдық  ақпараттық  кеңістіктің  қатысушыларының  негізгі  алты  тобы 
айрықшаланады:  
1. Мемлекет. 
2. Ірі бизнес. 
3. БАҚ саласындағы трансұлттық корпорациялар. 
4. Азаматтық институттар, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар. 
5. Әлеуметтік бағытталған бұқаралық ақпарат құралдары. 
7. Бұқаралық ақпарат құралдары [4, 33]. Егер де халықаралық қатынастар жүйесінде 
мемлекет маңызды жүйе құрушы субъект болып танылса, ғаламдық ақпараттық кеңістікте 
аталған  акторлардың  барлығы  тең  құқылы  негізде  іс-әрекет  етеді.  Ғаламдық  ақпараттық 
кеңістіктің  жүйе  құрушы  элементі  ретіндегі  Интернет  желісінің  пайда  болуы  -  басқа  да 
қатысушылардың  ғаламдық  ақпараттық  жүйеге  тең  құқылы  акторлар  ретінде  қызмет 
атқаруына  толық  мүмкіндіктер  туғызып  отыр.  Ал,  ғаламдық  ақпараттық  кеңістіктің 
қатысушыларының  алуан  түрлілігі  жаңа  қайшылықтарды  туындатып  отыр.  Бұл  арқылы 
бір  күштердің  екінші  күштерге  қарағанда  басымдығы  қалған  акторлар  тарапынан 
қарсылықтар мен қайшылықтарды туындатуда [5, 37].  
Ақпараттық  қорларды  қолдану  геостратегиялық  жоспарлаудың  маңызды  элементі 
болып  табылатындығына  қатысты,  ғаламдық  ақпараттық  кеңістікте үстемдік  жасау  үшін 
күрес  осы  акторлар  арасында,  мемлекеттер  арасында  ақпараттық  кеңістіктер  арасында 
маңызды рөлге ие болып отыр. Ғаламдық ақпараттық кеңістіктегі геосаяси қайшылықтар 
төмендегідей қағидаттарға негізделеді: 
1. Ақпараттық және идеологиялық экспания. 
2. Әскери күш және экономикалық блокада қолдану қаупін жариялайтын ақпараттық 
экспансия. 
3. Геосаяси бәсекелестің ақпараттық күшінің үнемі сыннан өткізіліп отыруы.  
Геосаясаттың  жаңа  ақпараттық  парадигмаларына  сәйкес,  ХХІ  ғасырда  мемлекеттер 
арасындағы  кеңістіктік  қатынастардың  болашағы  ең  алдымен  виртуалдық  кеңістіктегі 
ақпараттық үстемдік арқылы айқындалады. 
Геосаяси текетірестің дәстүрлі  субъектілерімен (мемлекеттер және мемлекетаралық 
коалициялар)  қатар,  ХХ  ғасырдың  90  жылдарында  әлемде  -  геосаясаттың  жаңа 
субъектілері  трансұлттық  корпорациялар  пайда  бола  бастады.  Ақпараттық  геосаясатты 
жүргізудегі  жетекші  күштер  ретіндегі  әлемдік  медиакорпорациялардың  ішінен  «News 
Corporation» (АҚШ  – Ұлыбритания),  «Bertelsmann» (ГФР),  «Time Warner»  (АҚШ),  «Walt 
Disney 
Company» 
(АҚШ), 
«Viacom» 
(АҚШ). 
Аталмыш 
трансұлттық 
медиакорпорациялардың  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  қоғамдық  пікірлерді 
қалыптастырудағы, әлемдік саясатты өзгертуде ықпалы зор.  
Классикалық  геосаяси  ұғымдарда  геосаяси  кеңістіктегі  өзіндік  мүдделерін  жүзеге 
асыру барысында, жетекші державалар тарапынан экспансиялық саясат жүргізіліп келсе, 
ақпараттық  геосаясат  бағытында  да  ақпараттық  экспансия  жүргізіледі.  Ақпараттық 
экспансия арқылы төмендегідей мақсаттарға қол жеткізіледі: 

 
экономикалық  тәсілдер:  БАҚ  және  басқа  да  ақпараттық  кеңістікті  құрайтын 
құрылымдарды сатып алу немесе бақылау орнату; 

 
білім  беру  бағытындағы  тәсілдер:  білім  беру  бағдарламалары  арқылы  өзге 
елдердің болашақ саяси элиталарын қалыптастыру; 

 
ақпараттық- психологиялық іс шаралар: үгіт-насихат, айлы-шарғылар жасау. 
Ғаламдық  ақпараттық  кеңістіктің  дамуына,  Интернет  желісінің  қарқын  алуына 
байланысты,  трансұлттық  медиакорпорациялар  және  жетекші  мемлекеттер  халықаралық 

 
75 
қоғамдық  пікірлерді  қалыптастыру  үшін  қоғамдық  сана-сезімге  ақпараттық-
психологиялық ықпал жасау ісімен белсенді айналысып отыр.  
Интернеттің  желілік  құрылымдары  арқылы  мемлекеттердің  саяси  тұрақтылығын 
шайқалту,  өзге  идеологиялық  қондырғыларды  енгізу,  үкіметтік  емес  ұйымдар,  қоғамдық 
қозғалыстардың  қызметтерін  дәріптеу  арқылы  олардың  қызметіне  қолдау  көрсету, 
қоғамдық  сана-сезімге  жалған  ақпараттарды  енгізу  сияқты  айла-шарғыларды  қолдану 
басым.  Бұл  мәселенің  көрінісі  ретінде  2011  жылғы  «Араб  көктемі»  атауымен  тарихқа 
енген  Таяу  Шығыс  елдеріндегі  саяси  оқиғалар,  қазіргі  Украина  еліндегі  саяси 
дағдарыстарды  атауға  болады.  Бұл  мәселе  де  ақпараттық  геосаясаттың  жарқын  көрінісі 
болып  табылады.  Яғни  қандай  да  бір  геосаяси  кеңістікте  үстемдік  орнтауға  бағытталған 
геосаяси  мүдделер,  ақпараттың  таратылуы  және  осы  ақпараттардың  халықтың  сана-
сезіміне ықпал етуі арқылы жүзеге асырылады. 
Қазіргі  ғаламдану  жағдайында  ешқандай  мемлекет  өзін  ғаламдық  бұқаралық 
коммуникациялық құралдарынан, ақпараттың сыртқы көздерінен қорғауға дәрменсіз. Жер 
шарының  бір  түкпірінде  орын  алған  үрдіс  мыңдаған  шақырым  жерде  орналасқан  басқа 
елдерге де тез тарап, саяси салдарын туғызады [6, 86]. 
Дәстүрлі геосаяси теке-тірес әдістері сияқты ақпараттық теке-тірестің мақсаты жаңа 
кеңістіктерді  игеру  болып  табылады.  Ол  алдымен  идеологиялық  тұрғыда  кейіннен 
экономикалық,  саяси  тұрғыда  жүргізіледі.  Ақпараттық  соғыс  империялық  ықпал 
жүргізудің  жаңа  буына  болып  табылады.  Ұлы  географиялық  ашылулар  кезеңінен 
басталған  отарлау  саясатының  түрлері,  нысандары  өзгергенімен  оның  мәні  өзгеріске 
ұшыраған  жоқ.  Империализм  дәуіріндегі  отаршыл  компаниялардың  орнын,  ақпараттық 
соғыс кезеңінде трансұлттық корпорациялар, ақпараттық агенттіктер басып отыр. 
Ақпараттық  геосаяси  кеңістікте  үстемдікке  жету  мақсатында  қолданылатын 
ақпараттық  соғыс  –  бұл  бір  топтардың  екінші  топтарға  гуманитарлық  үстемдік  жүргізу 
мақсатында  жасалатын  тұтастай  стратегия,  ол  ақпараттар  арқылы  санаға  айла-шарғылар 
жасау  арқылы  жүргізіледі.  Басты  және  жетекші  рөлді  бұл  бағытта  БАҚ,  ақпараттық 
кеңістіктің  субъектілері  атқарады.  Ресей  ғалымы  И.А.  Василенконың  пікірінше, 
ақпараттық соғыс – бұл қарсыластың ақпараттық жүйесіне ықпал ету және барлық саяси, 
геосаяси  шараларды  жүргізу  үшін  қолайлы  ғаламдық  ақпараттық  орта  қалыптастыру  [7, 
9].  
Ақпараттық соғысты жүргізудің негізгі салалары төмендегілерді қамтиды: 
1. Саяси. 
2. Дипломатиялық. 
3. Қаржылық – экономикалық. 
4. Әскери. 
Жалпы, кейбір мемлекеттер үшін ақпараттық геосаясат олардың басқалардан үстем 
болуға  қатысты  геосаясаттық  стратегиясының  бір  бөлігі,  билік  құралы  екендігі 
айқындалып  келеді.  Осы  орайда  барлық  мемлекеттер  үшін  ақпараттық  қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету, ақпараттық геосаяси теке-тіресте өз ұлттық мүдделерін сақтау маңызды.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1
 
Михальченко  И.А.  Информационные  войны и  конфликты  идеологий  на  рубеже  XXI 
века // Безопасность информ. технологий. – 1998. – № 3. – С. 14–17. 
2
 
Губарев  А.Б.  Информационные  войны  как  объект  политологического  исследования: 
автореф.  Дисс.  …  канд.  политич.  наук.  -  Уссурийск,  2005.  –  170  с.;  Соколова  А.М. 
Информационные  войны  в  условиях  глобализации:  социально-философский  анализ: 
автореф.  Дисс.  …  канд.  филос.  наук.  -  Красноярск,  2007.  –  174  с.;  Фролов  Д.Б. 

 
76 
Информационное  противоборство  в  сфере  геополитических  отношений:  автореф. 
дисс. … д-ра полит. наук. - М., 2006. - 426 с. 
3
 
Макаров  В.Е.  Политические  и  социальные  аспекты  информационной  безопасности. 
Монография. – Таганрог. Изд-ль С.А. Ступин, 2015. – 349 с.  
4
 
Гуменский  А.В.  Управление  международной  информацией  //  Международные 
процессы. – 2010. – №1. – С. 31-43. 
5
 
Shirky C. The Political Power of Social Media // Foreign Affairs. - 2011. - Vol.1. - P.32-41. 
6
 
Манойло  А.В.,  Фролов  Д.Б.  Информационно-психологическая  война  в  системе 
политических 
отношений 
информационного 
общества. 
Государственная 
информационная политика: проблемы и технологии. Сборник статей / Отв. редактор и 
составитель Е.П. Тавокин. - М.: Изд-во РАГС, 2003. - С. 85-95. 
7
 
Василенко  И.А.  Геополитика  в  информационном  обществе:  новые  виртуальные 
стратегии  в  борьбе  за  пространство//  Вестник  Московского  университета.  –  2005.  – 
№6. – С. 4-11. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье анализируются новые направления в геополитической науке, как информационная 
геополитика 
и 
информационное 
пространство. 
Анализируется 
теоретическая 
база 
информационной  геополитики,  исследуется  информационная  составляющая  глобальных 
политических процессов. 
 
RESUME 
 
In  the  article the  authors  analyze  the new  trend  in  geopolitical  science  as  information  geopolitics 
and  information  space.  The  authors  analyse  the  theoretical  basis  of  information  geopolitics,  investigate 
the informational component of the global political processes. 
 
 

 
77 
ӘОЖ 327  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет