Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата22.02.2017
өлшемі2,05 Mb.
#4666
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
1
 
Әуезов  М.О.  Шығармалары.  12  томдық.  ІV  том  /  Әуезов  М.О.  –  Алматы:  Жазушы, 
1968. – 400 б. 
2
 
Большая советская энциклопедия. - М.: Советская энциклопедия, 1969. - 1978.  
3
 
Қaзaқ  тiлiнiң  түсiндipмe  сөздiгi  /  Жaлпы  peд.  бaсқapғaн  Т.  Жaнұзaқoв.  –  Aлмaты: 
Дaйк-Пpeсс, 2008. – 968 б. 
4
 
Маслова  В.А.  Лингвокультурология.  –  М.:  Издательский  центр  «Академия»,  2001.  – 
208 с.  
5
 
Сорокин Ю.А. Текст и его национально-культурная специфика / Ю.А. Сорокин, И.Ю. 
Марковина // Текст и перевод. – М.: Наука, 1988. – С. 74-81. 
6
 
Сорокин  Ю.А.  Опыт  систематизации  лингвистических  и  культурологических  лакун: 
Методологические  и  методические  аспекты  /  Ю.А.  Сорокин,  И.Ю.  Марковина  // 
Лексические единицы и организация структуры литературного текста: сб. науч. тр.  - 
Калинин, 1983. – С. 35-52. 
 
 
ТҮЙІН 
Мақалада  халықтың  ұлттық-мәдени  өзгешелігін  бейнелейтін  тілдің  ұлттық  -  ерекшелік 
белгілері  сипатталып,  талданады.  Тұрмыстық,  жасанды  –  мәдени  бірліктермен,  этникалық 
нысандармен,  туыстық  қатынас  атауларымен  және  мақалдармен,  географиялық  атаулармен 
экспликацияланатын мәдени бірліктер келтіріледі. 
RESUME 
In the article national and specific units of the language which reflect national and cultural features 
of  the  Kazakh  are  described  and  analyzed.  The  article  gives  examples  of  cultural  units  that  explicated 
household, artificial cultural units and ethnic objects, geographical names, names of family relations and 
proverbs. 

 
182 
ӘОЖ 854. 342
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.Ш. Баешова 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия 
ұлттық  университеті,  филол.  ғыл. 
канд., аға оқытушы 
 
Ә.Қ. Абылханова 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия 
ұлттық университеті, магистр 
 
Т. Ізтілеуовтің 
шағын 
шумақтарының 
көркемдігі 
 
Аннотация 
Мақала  Т.  Ізтілеуовтің  шығармашылығына 
арналған. 
Авторлар 
ақынның 
шағын 
шумақтарының 
көркемдігін 
қарастырып, 
рубаиларына тоқталған.  
Түйін  сөздер:  өлең,  дастан,  жыр,  жырау, 
шағын жанр, ақын. 
 
 
Қазақ  жері  өнер  адамдарына  кенде  болған 
емес.  Кең  байтақ  еліміздің  қай  түкпірінде 
болмасын  күмбірлеген  күй  мен  сыңғырлаған  ән 
әуелеп, ғасырдан ғасырға жетіп отырды.  
Қаламы  ұшқыр,  ойы  терең,  дүлдүл  ақын 
Тұрмағамбеттің  ақындығы  өзінің  туған  өлкесіне 
ғана емес кең байтақ  қазақ жеріне  «Сыр сүлейі» 
деген атпен әйгіленді. Сыр өңіріндегі талай ақын, 
дарындыға  дәріс  беріп,  ұлағатты  ұстаз  атанған 
Тұрмағамбет Ізтілеуұлының өлеңдерін сол кездің 
талай 
әдебиетсүйері 
сүйіп 
оқыған. 
«...Тұрмағамбет 
өлеңдерін 
Әбділда 
мен 
Мұхаметжан  да,  Қалмақан  мен  Нартай  да, 
Әбдікәрім Оңалбаев пен Қуаныш Баймағамбетов 
те  бала  күнінен  жаттап  өскен,  олардың  да 
ақындық  сезімдерін  оятуға  себепші  болған»  [1,   
7].  
Тұрмағамбет  тума  талантты,  дарынды 
ұстаз.  Оның  өзіне  ғана  тән  өткір  де  өжет  мінезі 
бар.  «Ол  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  өнердің 
бұрқыраса  –  дауыл,  жауса  –  жасын,  жазылса  – 
жайлау,  қайсар,  отты  да,  бірбеткей,  қаршыға 
тұлғалы мінездің адамы» [2, 115]. 
Қашан да білуге, оқуға құштар ақын жүрегі 
сонау  бала  кезден  –  ақ  ілімге  сусап  жүретін. 
«Көшпелі  қазақ  жерінен  Орта  Азияның  атақты 
қаласына 
білім 
іздеп, 
шөліркеп 
келген 
Тұрмағамбет, 
оның 
бай 
кітапханасынан 
Шығыстың  ежелгі  мол  мәдени  мұрасы  –  дарқан 
шығармаларын  тауып  алып  мейірлене  оқиды. 
Әсіресе,  арабтың  «Мың  бір  түні»  мен  үндінің 
«Тотынамасын»,  парсының  «Шахнамасы»  мен 
Омар  Хайям,  Хожа  Хафиздің  сұлу  сазды  нәзік 
лирикасын,  Шайхы  Сағдидың  «Гүлстаны»  мен 
«Бостанын»,  Низамидің  «Іскендірнамасы»  мен 
«Қысрау  -  Шырынның»,  Навоидың  «Ләйлі  – 
Мәжнүні»  мен  «Жеті  шұғыласын»,  Рудаки  мен 
Физулидің,  Жәми  мен  Бедилдің  хисапсыз  мол 
дүниелерін  бас  алмай  қызыға  оқып,  құмарта 
сусындайды, Бируни, Мұхамед Әл – Фараби, Әбу  

 
183 
-  Әли  ибн  Сина,  Бабур,  Ұлықбек  сияқты  философтар  мен  тарихшылардың  асыл 
қазыналарын ерінбей ақтарады» [1, 9]. 
Жас  ақынның  Шығыс  әлеміне  деген  осы  саяхаты  оның  үлкен  аудармашылығына, 
асқан жыраулығына бірден  – бір себеп болған еді. Шығыс тілдері  – араб, парсы, түрік – 
шағатайды  еркін  меңгерген  Тұрмағамбет  Шығыс  әлеміне  сара  жол  сала  бастайды. 
Шығыстың  классикалық  таңдамалы  шығармаларын  өз  халқына  жеткізуді  мақсат  ете 
отырып, ғұмырын ғылымға, өнер жолына арнайды. Сол жолда аянбай еңбек етеді.  
Небәрі  он  төрт  жасында  –  ақ  қалам  ұстаған  Тұрмағамбет  тұңғыш  туындысы  «Қара 
қоңырды» жазса, кәмелеттік жасқа толғанда «Мәрді дихан» атты дастанын дүниеге алып 
келген еді. Адалдық пен адамгершілік, инабаттылық пен ізгілікті тақырыбына өзек еткен 
ақын  шығармалары  қашан  да  тереңділікке,  биіктікке  пара  –  пар.  «Адамдық  іс»,  «Жақсы 
мен  жаман»,  «Қабанға  қарсы  ұмтылма  ер  дегенде»,  «Толымды  жігіт»  сынды  еңбектері 
осының айғағы.  
Назиралық  дәстүрмен  оннан  астам  дастан  жазған  қаламгер  айтыс  өнеріне  де  ден 
қойған. Оның «Тұрмағамбет пен Шәді Төренің айтысы», «Кете Жүсіп пен Қаңлы Жүсіпке 
айтқан  аралық  сөз»,  «Кете  Жүсіп  пен  Қарасақал  Ерімбетке  айтқан  арарлық  сөз»  сынды 
еңбектері қазақтың жазба айтыс өнеріне қосқан өзіндік үлесі. 
Халқына  қашан  да  жақын  ақын  жүректі  Тұрмағамбеттің  шығармашылығының 
негізгі  өзегі:  бай  –  манаптарды,  би  –  болыстарды,  яки  билік  басындағы  шенеуніктерді 
мінеп – шенеу, халықты сауатты өмірге, ағартушылыққа, өнер мен ғылымға, талмай еңбек 
етуге  шақыру,  үстем  таптың  қанаушылық  әрекеттерін  жирендіре  жырлау.  Өзі  ағартушы 
болғандықтан  көп  жырларында  балаларға  өсиет,  нақыл  мен  кеңес  айтып,  адами  тұрғыда 
тәрбиелеуге тырысқан. Өзі жырға қосқан Лұқпанша жыр толғайды: 
Татулықтың қызығы - 
Кеудеңнен жаның шыққанша, 
Әр түрлі үгіт айтамын 
Өтіп кеткен Лұқпанша. 
Ақын  Т.  Ізтілеуұлының  шығармашылығын  сөз  еткенде  оның  шағын  жырларын 
айтпай  кетпеске  болмас.  Қаламгер  Тұрмағамбет  өз  дәуірінің  шағын  жанр  жазудың 
майталманы.  Поэзияның  бірегей  жанры  болып  саналатын  төрттағандарды  ақын  1907  – 
1939  жылдар  аралығында  жазған.  Әр  қаламгердің  өз  стилі,  өзіндік  жазу  үрдісі  бар. 
Тұрмағамбет  ақынның  төрттаған  толғаудағы  өзіндік  стилі:  әрбір  төрттік  шумақтарына 
тақырып қойып жырлаған. «Көңіл» атты төрттағанында: 
Ей, көңілім, талпи берме, бет алдыңа! 
Бетіңше талпынғанмен кете алдың ба? 
Үш түгіл алтайыға, алты қостым
Сонда да, біреуіне жете алдың ба? –  
деп,  көңіл  қанша  талпынғанмен,  өмір  өз  заңдылығымен  дамып,  өз  ағысымен 
ағатынына,  бәрі  де  адам  ойлағандай  бола  бермейтініне  өкініш  білдіреді.  Осылайша  өз 
көңілімен  сырласа  отырып,  өз-өзіне  басу  айтып,  жұбанады.  Алға  талпынған  көк  дөнен 
көңілін  сабырға  шақырып,  тежейді  де.  Оптимист  ақын  толғауы  тоқсан  өмірге  қайта 
араласып сала береді.  
«Ой» дейтін төрттағанында ой мен нәпсіні қой мен көкжал бөріге теңей отырып, екі 
ұғымды бір-біріне қарама-қайшылықта қарастырады. 
Негізінде, нәпсім – бөрім, ойым – қойым, 
Нәпсіге ойды «жемей», жоқ қой тойым. 
Біле алмай қайсысына қарарымды, 
Болып жүр осы уақытта дел-сал бойым, -  
деген төрттағанынан үлкен пәлсапалық ой мен өмірлік тәжірибені аңғаруға болады. 
Нәпсінің ойды құрдымға түсіретіні  ақынды беймазалылыққа кезіктіріп, тығырыққа тіреп 
отыр. Бұл – кез-келген адам баласының бойынан көрініс табатын құбылыс екені  белгілі. 

 
184 
Осындай  көңіл  мен  сезім  арасындағы  нәзік  дәнекерді  дөп  басып  жырға  қосу  да  асқан 
шеберлікті, суреткерлікті қажет етеді.  
Бал  дәуренді,  жастық  ғұмырды  аңсау,  сағыну  кез  –  келген  ақын  – 
жазушыларымыздың  сүйікті  тақырыбы.  Тұрмағамбет  ақын  да  өзінің  өткен  өмірге  деген 
сары сағынышын «Түс» деп аталатын шумағында былайша келтірген: 
Жаманнан жақсы көрем таяғымды
«Артық, - дейім – арық аттан аяғымды». 
Ойласам, ұйқыдағы түс сияқты: 
Күлкі, ойын, жастық дәурен баяғымды, -  
деп  өзінің  бұла  шақтағы  мөлдір  дәуренін  енді  қолы  жете  қоймас,  қанша  қуса  да 
қолға түсе қоймас ұйқыдағы түспен теңестіреді.  
Ақын «Мінез» деген төрттағанында адам баласының бойында кездесетін менмендік, 
өзімшілдік әрекеттің зиянды екенін тілге тиек етеді. Бір ешкімге керексіз езінді болмауды 
меңзейді: 
«Қоям, - деп, - халыққа қарсы» - бір өзіңді, 
Байқамай болып жүрме тірі езінді. 
«Әрқашан алам десең – төрден орын», 
Түзеп ал, татаусыз қып мінезіңді! – деп тек осал мінезіңді түзегенде, қыңырлық пен 
тәкаппарлықтан  арылғанда  ғана  құрмет  пен  беделге  ие  болатындығыңды  ескертеді.  Сөз 
болған  шумақтарынан аңғарғанымыздай ақын төрттағандарының тәрбиелік мәні  өте зор. 
Өткінші  өмірдің  мәңгілік  емес  екендігін,  сол  жалған  ғұмырда  тек  ізгілік  ету  керектігін 
тілге тек етеді. Оның ұстаз-ақындығы да осындай жырланынан қылаң беріп қалады.  
Ықылым  замандардан  бері  қарай  сыры  табылмай  келе  жатқан  өлім  мен  өмір 
тақырыбында да қалам тартқан. Өзінің «Өмір» деп аталатын төрттағанында: 
Дүниеден өмір бітіп өтсем де өзім, 
Аралап жердің жүзін жүрер сөзім! 
«Көре алмай кейінгігі кеттім-ау!» деп, 
Арманда  болмай-ақ  көзім!  –  деп  жырланатын  жолдардан  ақынның  оптимистік 
көзқарасын  аңғаруымызға  болады.  «Өлім»  атты  беймәлім  құбылыстан  сескенбейтінін, 
өлсе  де  артында  сөзі  қалатынына  толық  сенімді.  Өзінің  жауһар  қазына  іспеттес  асыл 
сөздері мәңгілік екенін, ешқашан өлмейтіндігі туралы сыр ұқтырады. Асыл қазына іспетті 
даналық  пен  сыршылдыққа,  сұлулық  пен  көркемдікке  толы  өлең-жырларының,  нақыл  – 
ақыл сөздерінің жердің жүзін шарлайтынына, бақилық өмір сүретіне күмән келтірмейді.  
Ал адам баласының талқаны таусылғанда ажал құшып, о дүниелік болатыны сөзсіз. 
Өлім  оғы  келгенде  пенде  жер  құшып,  мәңгілікке  жанары  семетінін  ақын  өзінің  «Өлім  – 
оқ» төрттағанында былайша жырлайды: 
Жасыңда жаңа соққан пышақтайсың, 
Қаржалып қартайған соң ұсақтайсың. 
Өкпеңнен өлім оғы өткен күні –  
Көз жұмып, қара жерді құшақтайсың. 
Жастықты  өткір  пышаққа,  кәрілікті  әлжуастыққа  теңей  жырлаудың  өзі  нағыз 
суреткердің  қаламына  бейім  құбылыс.  Оның  жырларының  басым  бөлігі  де  сол  аз  ғана 
ғұмырда,  пышақтай  жас  кезінде  сыйластықты  сақтай  білу,  жаныңдағы  адамның  қадірін 
білу  керектігін  де  сөз  етеді.  Ақынның  «Іні»  деп  аталатын  төрттағанында  бірге  туған 
бауырдың бағасын біл, ол бақытты сезінумен бірдей дегенді алға тартады: 
Есерлік естен кетпес жасыңдағы, 
Бақытты білу қиын басыңдағы. 
Ерттеулі белдеудегі бедеу аттай
Ініңнің қадірін біл қасыңдағы.  
Сайып келгенде Тұрмағамбет ақын төрттаған жанрының шебер майталманы. Шағын 
жанр  жазуда  өзіндік  із  салған  дарынды  ақын.  Оның  шағын  шумақтары  адам  жанының 

 
185 
нәзік  пернелерін  шертетін  сезімдерге  бай.  Тәрбиелік  мәні  зор,  ақыл  –  кеңеске  толы 
мазмұнды  туындылар.  Ақын  толғаған  әрбір  төрттаған  тұнып  тұрған  философия  десе 
боларлық. Тұла бойы пәлсапаға тұнған төрттағандардың көркемдігі де басым.  
Тұрмағамбет  ақын  ежелден  келе  жатқан  байырғы  жанрды  қайта  жаңғыртқан 
қаламгер.  Бұл  сөзіміздің  дәлелін  белгілі  зерттеуші  И.  Жеменейдің  мына  пікірінен  де 
аңғаруға  болады:  «Тұрмағамбет  төрттағандарды  ежелгі  түркілік  жәдігер  ретінде 
жатсындырмай,  әдебиетімізге  қайтарып  алып  келген  ұлы  ақындарымыздың  бірі  екені 
мәлім» [3, 173].  
«Сыр  сүлейі»  атанған  Сыр  бойының  дарынды  перзенті  –  Тұрмағамбет 
Ізтілеуұлының елі үшін еткен еңбегі ерен. Ақынның өмірден өзі өтсе де, сөзі жердің жүзін 
аралап жүрері хақ. Оның есімі қазақ әдебиетінен өшпес орын алып, поэзия көгінде мәңгі 
қалықтары даусыз. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Ізтілеуов Т. Назым. – Алматы: «Жазушы», 1971. – 199 б. 
2
 
Карбозов Е. Өлең өрнегінің шебері // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2003. - №1. - 114-119 б. 
3
 
Жеменей И. Мұхаммед Хайдар Дулат. – Алматы: «Зерде», 2007. – 352 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Статья  посвящена  поэтическому  творчеству  Турмагамбета  Изтилеуова.  Авторы, 
рассматривая четверостишия поэта, выделяют художественные ценности рубаи. 
 
RESUME 
 
The  article  is  devoted  to  the  poetic  creation  of  Tyrmaganbet  Iztileuov.  The  authors  focus  their 
attention on the artistic values of rubays examining the poet’s quatrains. 
 

 
186 
ӘОЖ 8 82 82.0 82.02  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С.У. Такиров  
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды 
мемлекеттік университеті, 
филол. ғыл. канд., доцент  
 
А.Е. Алимбаев  
Еуразия гуманитарлық институты, 
магистр 
 
Әдебиеттегі сюжет 
пен нарратив 
арасындағы 
сабақтастық 
 
Аннотация  
Мақалада  әдебиет  теориясындағы  өзекті 
мәселелерінің  бірі  –  көркем  нарративтің  орны 
қарастырылады.  Сонымен  қатар,  автор  негізгі 
теориялық 
түсініктер 
мен 
әртүрлі 
көзқарастардың оқиғаға қатысын сөз ете отырып, 
көркем 
мәтін 
мен 
нарративтің 
сюжетті 
дамытудағы орнын талдап көрсетеді. 
Түйін  сөздер:  фабула,  сюжет,  мотив 
классикалық сюжет, нарратив, нарратология, 
 
 
Қазақ прозасы тереңдеген сайын құнарлана, 
құнарланған  сайын  күрделене,  күрделенген 
сайын әлемдік деңгейдегі жаңашылдықтар, жаңа 
ізденістер бой көтерді. 
ХХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХІ  басында 
қоғамдық 
өзгерістерге 
байланысты 
әдеби 
процесте  де  көптеген  өзгерістер  пайда  болды. 
Сондықтан  да  қазіргі  қазақ  әдебиеттану 
ғылымыда  прозаның  күрделі  мәселесінің  бірі  -
сюжет, нарративке көңіл аударуда. 
Қазіргі  кезде  нарратологтар  өз  назарларын 
мына  фактіге  аударады:  әдеби  шығарма 
сюжетпен  шектелмейді.  Егер  ескі  пікірге 
сүйенетін  болсақ,  онда  орыс  формалистерінің 
анықтауы  бойынша,  әңгімеде  не  айтылса,  соны 
фабула  дейді.  Ал  сюжет  сол  әңгіменің  қалай 
айтылатыны  туралы  болмақ.  Сюжет  жайлы  осы 
түсінік  ешкімді  қанағаттандырмады.  Осыдан 
барып  екі  аспект  белгіленді:  біріншіден, 
әңгімелеудің  формалды  құрылымы,  әңгімеленіп 
отырған  оқиғаларды  жеткізу  барысы,  фактіні 
мазмұндау,  оқиғалардың  себебі,  байланысы, 
уақыт, кеңістік, кейіпкерлер. Екіншіден, оқырман 
мен  жазушы  арасындағы  көзқарас  бойынша 
формалды  құрылымды  жеткізу  әдісі.  Бұл 
бойынша,  әдеби  шығармаға  үңіле  отырып,  оның 
ішінен  оқырман  мен  жазушының  формальды 
белгісін іздеу керек [1,300]. 
Ал 
енді 
нарратологтердің 
көзқарасы 
бойынша  «сюжет  деген  не?»  соған  тоқталайық. 
Қазіргі  әдебиеттану  ғылымында  классикалық 
және  құрылымдық  талдау  әдісінен  басқа, 
сюжетті  талдаудың  тағы  бір  әдісі  бар.  Оны 
нарратологиялық  талдау  деп  атайды,  яғни, 
баяндау  арқылы  жүзеге  асатын  әдіс  түрі.  Бұл 
әдістің  классикалық  және  құрылымдық  талдау 
әдістерінен  артықшылығы  –  бұнда  мәтін 
көпдеңгейлі жүйе ретінде қарастырылады. 

 
187 
Әдебиет зерттеушісі Ю.М.Лотман сюжеттің тұжырымдамасын жасады. Ол сюжеттің 
екі  негізгі  түрін  ажыратып  берді:  классикалық  және  мифологиялық.  Ю.М.Лотманның 
шығарманы талдау әдісінде «рамка» (жиек, жол, шекара) деп аталатын негізгі түсінік бар. 
Міне,  осы  бойынша,  классикалық  сюжет  біреудің  рамканы  бұзған  сәтінен  басталады. 
Лотманның  тілімен  айтсақ,  мәтіндегі  оқиға  кейіпкерлердің  мағыналық  ая  шекарасынан 
асып кетуінен болады. 
Лотман  сюжетті  талдау  барысында  екі  нәрсені  дұрыс  түсіну  керектігін  айтады: 
«Рамка»  басында  қалай  болып  еді?  Және  ол  «рамканы»  кім  бұзды?  Рамканың  өзі 
экспозициядан  (шығарманың  болатын  орнынан)  басталады.  Осыдан  соң,  рамканың 
бұзылуы оқиғаның басталуына алып келеді. 
Ал  мифологиялық  сюжеттің  негізінде  рамканың  бұзылуы  емес,  оқиға  жатыр. 
Мифологиялық сюжетте рамканың бұзылуы ешқашан іске аспайды [1,310]. 
Сюжет  және  фабула  терминдері  нарратив  сатыларының  құрамына  кіреді.  Фабула 
дегеніміз  –  оқиғалардың  реттілігі,  оқиғалардың  шын  мәнінде  болғандығы.  Сюжет 
дегеніміз  –  оқиғалар  туралы  мәтінде  айтылғандардың  бәрі,  яғни,  оқиғаны  оқырманның 
қалай  білгендігі.  Оқырманның  шығармадағы  оқиғаларды  біле  бастауы,  фабуладағы 
реттілікпен сәйкес келмейді. 
Қазіргі  уақытта  сюжет  термині  туралы  көптеген  зерттеулер  Хейден  Уайт  пен  Поль 
Рикердің еңбектерінде жан-жақты сарапталған. Сондай-ақ, әдебиет зерттеушісі Ю.Лотман 
сюжет  туралы  мынадай  жақсы  пікір  айтады:  «Мәтінде  оқиға  болған  күннің  өзінде, 
сюжетсіз ол еш нәрсе емес. Мәтіндегі оқиғаларға жан бітіру үшін, міндетті түрде, сюжет 
қажет».  Осы  айтылған  пікірмен  келісуге  болады  деп  ойлаймын.  Себебі,  сюжетсіз  оқиға 
шығарманы толық ашып көрсете алмайды. Сюжетті шығарманың негізі деп қарастырады. 
Сол себепті, көркем шығармада сюжеттің орны бір төбе деп айта аламын. Оған жоғарыда 
айтқан зерттеушілердің пікірі дәлел бола алады [2,19]. 
Зерттеуге  алынып  отырған  мәселеміз  сюжетке  қатысты  болғандықтан,  сюжетке 
берілген анықтамаларға тоқталып өткен жөн. Әдебиет зерттеушісі Зейнолла Қабдоловтың 
«Сөз  өнері»  кітабында  сюжетке  мынадай  анықтама  берілген:  «Сюжет  (французша  sujet- 
зат)  –  көркем  шығарманың  мазмұнын  ашып,  мазмұнды  пішінге  көшірудің  негізгі  түрі 
немесе  тәсілі».  Горький  болса,  «Сюжет  дегеніміз  –  адамдардың  өзара  қарым-қатысы, 
байланысы,  қайшылықтары,  жек  көру,  жақсы  көру,  әр  характердің,  типтің  өсу,  жасалу 
тарихы»,  деп  біледі  [3,170].  Ал  қазақ  әдебиеті  энциклопедиялық  анықтамалығында  Зәки 
Ахметов  сюжетті  былай  деп  таниды:  «Сюжет  (французша  sujet-  зат)  –  өзара  жалғасқан 
оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі [4,311]. Сюжет мәселесі нарратологтердің тарапынан 
қалай зерттелген күннің өзінде, ол өзінің бастапқы ұғымын сақтап қалады деп ойлаймын. 
Әдебиет  зерттеушілерінің  нарратология  туралы  жүргізген  талдаулары  арқылы, 
әдебиеттану ғылымында нарратологияның алып жатқан аумағы өте кең екенін байқаймыз. 
Нарратология  аумағының  кеңдігін  мынамен  түсіндіре  аламыз:  әдебиеттану 
ғылымында фабула, сюжет, мотив деген түсініктер бар. Нарратологтердің айтуынша, бұл 
түсініктердің  қамтитын  аумағы  нарратив  қамтитын  аумақтан  асып  түсе  алмайды. 
Бұлардың  басын  біріктіріп,  бір  жүйеге  келтіру  үшін  оқиға  және  баяндау  түсініктерінің 
көмегіне  жүгіну  керек.  Яғни  фабуланы  да,  сюжетті  де,  мотивті  де  нарратив  жүйесіне 
салып барып қана талдай аламыз. 
Нарратив  жүйесін  зерттейтін  ілім  –  нарратология.  Біз  қарастырып  отырған 
нарратологияда  мынадай  категориялар  қарастырылады:  оқиға,  сюжет,  фабула,  тарих, 
әңгімелеу  сатысы,  әңгімелеу  түрі,  айтушы  мен  айтылымның  ара-қатынасы,  автор  мен 
нарратор  (әңгімелеуші),  автордың,  кейіпкердің,  оқырманның  көзқарасы,  нарративті 
деңгейлер, әдістер, т.б. [5,17]. 
Нарратологияның  қарастыратын  мәселелері  қатарына  мыналар  жатады:  әдебиеттің 
табиғатын  коммуникативті  түсіну;  бір  мезгілде  бірнеше  әңгімелеу  деңгейінің  болуы; 
дискурс  мәселесіне  қызығушылық  білдіру;  әдеби  ақпаратты  жазушыдан  оқырманға 

 
188 
жеткізу.  Әдебиеттің  коммуникативті  табиғаты  мыналарды  қамтиды:  ақпарат  жіберуші 
(әдеби  шығарманың  авторы),  хабарлама,  коммуникат  (әдеби  мәтін),  хабарламаны  алушы 
(оқырман),  әдеби  мәтіннің  характері.  Әр  әдеби  шығарманың  негізінде  оқырман  мен 
жазушы арасында диалогтік қарым-қатынас болады. 
Нарратив  түсінігін  ашу  барысында,  ғалымдар  арасында  айтылған  пікірлер  өте  көп. 
Нарратив  туралы  орыс  жазушысы  Е.А.Попов  мынадай  тұжырым  жасайды:  «Нарратив  – 
бұл  адамдар  және  адамдар  арқылы  болатын  оқиғалар  жүйесінде  сөйлеуші  арқылы 
құрылған мәтін». 
Тағы бір орыс зерттеушісі М.М.Бахтин былай жазады: «Біздің алдымызда екі оқиға 
бар.  Біріншісі,  шығармадағы  айтылып  жатқан  оқиғаның  өзі,  яғни  оқырман  ретінде 
шығарманы  оқи  отырып,  бұл  оқиғаға  біз  де  қатыса  аламыз;  екіншісі,  оқиғалар  әр  түрлі 
уақытта болады, сонымен қоса әр түрлі жерде өтеді және сол уақыттарда олар тұтасымен 
тығыз байланыста болады [6,84]. 
Сонымен,  нарратив  туралы  айтылған  пікірлерді  жинақтап,  мынадай  тұжырымға 
келіп  тоқтаймыз:  нарратив  (лат.narrare  –  әңгімелеу  тілі)  –  әңгіме,  оқиғаларды  баяндау. 
Көбінесе,  әңгімелеу  және  сюжет  деген  сөздердің  орнына  қолданылады.  Әдебиеттануға 
кіріспеде  нарратив  термині  екі  түрлі  түсінікте  қарастырылады.  Біріншісі  әңгімелеудің 
классикалық  теориясында  пайда  болған.  Бұл  термин  неміс  теориясында  нарратология 
емес,  әңгімелеу  теориясы  деп  аталған.  Шығарманы  баяндауда  мәтінмен  тығыз 
байланысты  адам  –  әңгімелеуші  болып  саналады.  Классикалық  теорияда  әңгімелеудің 
негізгі  белгісі  -  автор  мен  әңгімелеуші  арасындағы  байланыс.
 
Әңгімелеудің  маңызы 
нарратордың әңгімені дұрыс қабылдап, оны оқырманға жеткізуінде жатыр. Нарратордың 
қатысуымен  әңгімелеудің  ерекшелігі  анықталады.  Нарратив  туралы  екінші  түсінік 
құрылымдық  нарратологияда  қалыптасты.  Осы  тұжырымдама  бойынша,  әңгімелеуде 
коммуникацияның  құрылымдық  белгісі  ғана  емес,  сонымен  қатар,  айтылып  жатқан 
әңгіменің  құрылымдық  белгісі  де  шешуші  рөл  атқарады.  Құрылымдық  талдау  бойынша 
нарратология аумағына шығарманың барлық түрі кіреді. Яғни, нарратив аумағына роман, 
повесть,  әңгіме  ғана  емес,  сонымен  қатар,  пьеса,  балет,  мүсін  өнері,  сурет  өнері, 
кинофильм жатады. Керісінше, нарратив қамтитын аумаққа мыналар кірмейді: әлеуметтік 
ортаның бейнеленуі, аяқталмаған оқиға, салынып жатқан сурет, өткенді қайталау [7,139]. 
Көркем  шығарманы  баяндауда  ең  негізгі  функцияны  атқарушы  нарратор  болып 
табылады.  Нарратор  (ағылш.  narrator)  –  әңгімеші,  әңгімені  баяндаушы.  Сонымен  қоса, 
нақтылы автор деген мағына береді. Бұл - нарратологияның бір категориясы. 
Өз  уақытында  В.Кайзер  нарратор  туралы  мынадай  тұжырымдама  жасаған: 
«Әңгімелеуші – тұтас әдеби шығармаға жататын жасалынған фигура. Әңгімелеу өнерінде 
нарратор  автор  бола  алмайды».  Кейіннен,  француз  әдебиет  зерттеушісі  Р.Барт  мынадай 
догмаға  келді:  «Нарратор  мен  кейіпкерлер  қағаздағы  тірі  жандар.  Әңгіменің  авторын 
әңгімелеушімен  шатастырмау  керек».  Ал  С.Чэтман  болса,  кейінгі  кезде  нарратив 
терминінің  орнына,  ноннаратор  қызмет  атқаратын,  ноннаратив  терминін  қолдану  керек 
екенін  айтты.  Француз  зерттеушілерінің  айтуынша,  шығарманы  баяндау  барысында, 
міндетті  түрде,  біреу  шығарманың  баяндаушы  ролін  атқарады.  Осы  пікірмен  келісе 
отырып,  швейцарлық  зерттеуші  М.Л.Рьян  әңгімені  жеткізу  қабілеті  тек  нарраторға  ғана 
тән деп есептеп, әр мәтінде міндетті түрде нарратор болуы керек деп санайды [7,141]. 
Қорыта  айтқанда,  әдебиет  зерттеушілерінің  жүргізген  талдаулары  арқылы 
нарратология  саласының  күрделі  құрылым  екенін  аңғардық. Сондықтан  да,  қазіргі  кезде 
бұл  саланы  зерттеу  барысында  көптеген  даулы  мәселелер,  түрлі  пікірлер  айтылуда  әрі 
оның  шешілу  жолдары  қарастырылуда.  Бұдан  шығатын  қорытынды:  нарратология 
мәселесі әлі де көп зерттеуді қажет етеді. 
 
 
 

 
189 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет