Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет36/37
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#6106
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Телия  В.Н.  Первоочередные  задачи  и  методологические  проблемы  исследования 
фразеологического  состава  языка  в  контекте  культуры  //  Фразеология  в  контексте 
культуры. – М., 1999. – с. 13-24. 
2
 
Толстой  Н.И.  Язык  и  народная  культура:  Очерки  по  славянской  мифологии  и 
этнолингвистике. – М.: Индрик, 1995. 
3
 
Маслова В.А. Лингвокультурология. – М., 2001. 
4
 
Воробьев В.В. Лингвокультурология: Теория и методы. – М.: РУДН, 1997. 
5
 
Хроленко А.Т. Основы лингвокультурологии. – М.: Флинта: Наука, 2006. - 184 с. 

 
316 
6
 
Денисова 
М.А. 
О 
некоторых 
принципах 
лексиграфического 
описания 
безэквивалентных  фоновых  слов  //  Проблемы  учебной  лексикографии  и  обучения 
лексике. - М.: Русский язык, 1978. - С. 107-111. 
7
 
Арсентьева  Е.Ф.  Национально-культурная  специфика  фразеологических  единиц  // 
Международные Бодуэновские чтения. – Казань, 2006. - С.122-124. 
8
 
Ган Г.В. Языковые преобразования. – М., 1999. 
9
 
Потебня А.А. Теоретическая поэтика. – М.: Высшая школа, 1990. 
10
 
Сабитова З.К. Лингвокультурология. – М. – ФЛинта: Наука, 2013. – 528 с. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақалада  фразеологиялық  лингвомәдени  бірліктің  талдауы  салыстырыла  қарастырылып, 
лингвомәдени бірліктерінің қосымша номинациялары анықталған.  
 
RESUME 
 
In  this  article  the  author  gives  the  phrasal  lingua-cultural  analysis  in  comparative  aspects  that 
allows to represent the cultural unit in two nominations. 
 
 
 
 

 
317 
ӘОЖ 811.512.161 (076.3) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Е. Абдрахманова 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті, 
ф.ғ.к., аға оқытушы 
 
С. Жүнісов 
прозасындағы 
концептілік жүйе 
 
Аннотация  
Мақалада  жазушы  С.  Жүнісовтің  прозалық 
шығармаларындағы ғаламның тілдік бейнесі ұлттық 
болмыстың  өзіндік  ерекшелігімен  айқындалатыны 
туралы  айтылады.  Тілдің  көркемдік-әдеби  тәсілдері 
автордың  дүниеге  деген  көзқарасын  суреттеп, 
ұлттық  болмысқа  тән  ойлау  үдерісінің  негізгі 
ерекшеліктерінен  хабар  береді.  Қаламгер  тіліндегі 
сөз  қолданыстары  –  образдар  шындық  болмыстың 
тілдік  бейнесін  жасауға  негіз  болатын  тілдік 
бірліктер екені ғылыми түрде тұжырымдалады. 
Түйін 
сөздер: 
концепт, 
когнитивтік 
лингвистика,  әлемнің  тілдік  бейнесі,  таным, 
дүниетаным. 
 
 
Тілдегі  адам  факторының  орнын  белгілеуді, 
яғни  тілдің  табиғатын  адам  табиғатымен  тығыз 
байланыста 
қарауды 
қажет 
ететін 
тілдің 
антропологиялық  лингвистика  саласы  өз  бастауын 
В. 
фон 
Гумбольдтің 
лингво-психологиялық 
концепцияларынан 
алған 
болатын. 
Оның 
пайымдауынша,  адамның  өзін-өзі  тануы  –  адамды 
адам  етіп  тұрған  күш-қуат  көздерін  анықтау  деген 
сөз.  Ал  тіл  –  адамды  «жасаушы»  сондай 
бастаулардың бірі. Адам баласының шығармашылық 
мүмкіндіктерін  барынша  терең  көрсететін  де, 
адамды адам ретінде танытатын да – тіл [1, 55]. 
Тілді  антропоцентристік  бағытта  зерттеу 
дегеніміз  –  тіл  мен  таным  арақатынасының  адамға 
қатысты  мәселені  шешумен  түйінделуі.  Өйткені  кез 
келген  тілдік  құбылыстың  табиғатын  тілдің  өзінің 
ішкі  заңдылықтарының  негізінде  ғана  зерттеп  тану 
тілдің бай мазмұны мен ішкі мәнін жан-жақты ашып 
өз дәрежесінде таныта алмайды. Бұл бағыттың басты 
арқауы – тілді сол тілде сөйлеуші халықтың рухани 
дүниесінің қалыптасуымен тығыз байланыста қарау.  
Адам санасында тұтас күйінде қайталанып өмір 
сүріп  отыратын  ғалам  бейнесін  жүзеге  асыратын  – 
тіл. Адам баласының тілі адам – әлем қатынасының 
нәтижесінде  пайда  болатын  жалпы  адамзатқа  ортақ 
әлемдік  бейне  тіл  –  ойлау  бірлігінің  көрінісі  болып 
саналады.  
Адам  қоршаған  ортаны  ойлау  арқылы  танып 
біледі,  ол  адам  санасында  көрініс  табады.  Адамның 
шындық  болмысты  танып  білуі  ой  арқылы  жүзеге 
асса,  тіл  –  ойдың  бейнелеу  нәтижесін  бекітудің 
құралы  ретінде  қызмет  етеді.  Қандай  тіл  болмасын 
өзінің тілдік құрылымы мен тілдік үлгілері жағынан 
ерекшеленгенімен,    шындық    болмысты    түсінуде  

 
318 
ортақ  танымдық  дүниелерден  тұрады.  Сонда  таным  мен  түсінік  тіл  арқылы  емес,  ми, 
ойлау  арқылы  жүзеге  асады.  Яғни  ғалам  бейнесі  дегеніміз  –  концептуалды  (логикалық) 
және  тілдік  үлгілер  формасымен  берілетін  санамен  тікелей  байланысты  дүние  туралы 
білімдер жиынтығы. 
Кез  келген  халықтың  ойлау  ерекшелігі  оның  ұлттық  тілінде  көрініс табады.  Себебі 
адам  санасының  танымдық  қатпарларындағы  архетиптер  кез  келген  ұғымның 
қалыптасуына  қатысып,  таным  үдерісіне  әсер  етеді.  Қазіргі  тіл  білімінде  осы  бағыттағы 
зерттеулер  кешенді  сипатта  антропоцентристік  және  когнитивтік  лингвистиканың 
«ғаламның  тілдік  бейнесі»  теориясының  негізінде  жүргізілуде.  Себебі  тілді  зерттеудің 
танымдық парадигмасы «дүниені тіл әлемінде тану» қағидасына сай бағытта жүргізілуі тіл 
біліміндегі  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Халық  өз  даналығын,  таныған 
қазынасын тілінде көрсеткен [2, 161]. 
Тіл  мен  таным  сабақтастығын  қарастыратын  когнитивтік  лингвистика  саласының 
негізгі  зерттейтін  нысаны  –  адам  –  тіл  және  шындық  болмыс.  Яғни  адамның  шындық 
болмысты  тануы,  ақиқатқа  деген  көзқарасы,  қабылдауы  тілде  бейнеленеді.  Тілдегі  адам 
факторын тереңінен зерттеу нәтижелері санадағы ақиқат дүниенің бейнесін, оның ішінде 
дүниенің тілдік бейнесін анықтауға әкелді. Тілдік санада дүние бейнесін қалыптастыруда 
тіл  екі  түрлі  қызмет  атқарады:  біріншіден,  тіл  қойнауында  дүниенің  тілдік  бейнесі 
жасалады.  Бұл  –  адам  санасындағы  әлемдік  бейнелердің  ең  терең  қабаты.  Екіншіден, 
тілдің өзі басқа дүние бейнелерін танытуға, оның мазмұнын ашып көрсетуге, түсіндіруге 
қолданылады. Тіл арқылы индивидтің жинаған тәжірибелі білімі ұжымға тарайды. 
Адамзат  үшін  ақиқат  дүние  біреу  болса,  оны  түсіну,  тану,  сол  дүниенің  біртұтас 
бейнесін  санада  қалыптастыру  әрекеттері  әр  адамда,  әр  ұлтта  әр  деңгейде  сан  алуан 
интерпретацияда  беріледі.  Сондықтан  тіл  иесінің  ой-өрісіне,  концептілік  әлеміне 
байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнелеп 
суреттейді,  ал  тіл  иесі  танымдық  ойын  өз  тілінде  сақталған  дүние  бейнесіне  сәйкес 
танытуға тырысады.  
Жазушы С. Жүнісовтің прозалық шығармаларында ғаламның тілдік бейнесі  ұлттық 
болмыстың  өзіндік  ерекшелігімен  айқындалады.  Тілдің  көркемдік-әдеби  тәсілдері 
автордың  дүниеге  деген  қатынасын  суреттеп,  ұлтымызға  тән  ойлау  үдерісінің  негізгі 
ерекшеліктерінен хабар береді. Жазушы тіліндегі сөз қолданыстары – образдар ғаламның 
(шындық болмыс) тілдік бейнесін жасауға негіз болатын тілдік бірліктер. 
«Ғаламның  тілдік  бейнесі,  тілдік  көрінісі»  дегеніміз  –  тілдің  лексикасында, 
фразеологиясында, грамматикасында таңбаланған, «құлыпталып» бекітілген, сақталған тіл 
иесінің  күллі  дүние,  әлем,  ғалам  туралы  білімдерінің  жиынтығы.  Сыртқы  дүниедегі 
құбылыстар  мен  заттар,  шындық  болмыс  адам  танымында  «мәндік  өріс»,  «мағыналар 
жүйесі» ретіндегі ішкі образ түрінде орнығады. Олай болса, ғалам бейнесі, ғалам көрінісі 
дегеннің өзі образдар жүйесі» [3, 66]. 
Адамның барлық танымдық әрекетіне дүниені тануға бағытталған бір дамушы үрдіс 
ретінде  қарау  керек,  себебі  бұл  әрекеттер  нысанның  ұқсастығы  мен  айырмашылығын 
ажыратудан  басталады.  Бұл  әрекеттердің  нәтижесінде  концепт  қалыптасады.  Концептіні 
анықтау  үшін  дүниенің  кейбір  ерекшеліктері  мен  заттық  құндылықтары,  олардың 
объектілерімен  қатынасы,  олардың  қызметі  мен  оларға  берілген  ұжымдық  сананың 
сипаты  әрі  бағасы  айқындалуы  қажет.  Концепт  –  бұл  адам  психикасында  бейнеленген 
барлық  дүние  бейнесінің,  ой  тілінің,  концептуалдық  жүйенің,  ментальды  лексиконның 
мазмұндық  бірлігі.  Концепт  ұғымдық  ақпараттан  басқа  психологиялық,  этимологиялық, 
прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді. 
Концепт санада белгілі бір концептілік жүйе арқылы қалыптасады. Концептілік жүйе 
иерархиялы  (сатылы)  құрылымнан  тұрады:  1)  дүниенің  қасиеті,  белгілері  (сенсорлы 
перцептивті қабылдау); 2) когнитивтік модель (ассоциация, бейне, символ, этикет, эталон, 
стереотип  формаға  ие  болуы);  3)  концепт  типтері  (фрейм,  сценарий,  скрипт,  схема, 

 
319 
ойсурет  формасына  салынуы);  4)  дүниенің  тілдік  бейнесі  (метафора,  фразеологизм,  сөз, 
сөйлем, поэтикалық мән)» [4, 10]. 
Б.  Ақбердиева,  Ш.  Елемесова,  Н.  Аитова,  Қ.  Қаирбаева,  Ф.  Қожахметова,  Г. 
Имашева,  Ж.  Саткенова,  З.  Абдуллина,  А.  Байғұтова,  Ж.  Абдрахманованың,  т.б. 
зерттеулерінде  тіл  арқылы  сақталып,  берілетін  ұлттық,  мәдени,  дүниетанымдық  қордың 
концептілік  жүйесі  жан-жақты  қарастырылған.  Соның  нәтижесінде  анықталған 
концептілер  жиыны  тұтас  және  құрылымдық  орта  ретінде  концепт  аясын 
(концептосфераны)  құрайды.  В.П.  Нерознак  пікірінше,  «Концептосфера  языка,  его 
лексикон  объединяют  в  себе  непросто  слова,  а  концепты  культуры  каждого  народа,  его 
мироведения» [5, 108]. 
Жоғарыда  аталған  зерттеулерде  әрбір  концептілерді  бірыңғай  топтастырғанда,  осы 
концептілердің  өзара  байланысына  тән,  ерекше  ұлттық  дүниеге  көзқарасы  мен  бағасы, 
бағалау көзі анықталады.  
С.  Жүнісов  шығармаларының  негізгі  концептілік  жүйесін  «кеңістік»,  «уақыт», 
«заман», «дала», «жалғыздық», «достық», «қасірет», «тартыс» деп анықтауға болады. 
Бұлар  автордың  «танымдық  бейнесін»  сомдайтын  жеке  мағыналардың  жиынтығы. 
Аталған  концептілер  жазушы  тіліндегі  ғалам  бейнесін  суреттеудегі  константалар  болып 
табылады.  Себебі  олар  жазушы  шығармаларының  өн  бойында  көрініс  тапқан.  Бұл 
концептілер  басқа  да  ақын-жазушылардың  шығармашылық  арқауын  құрай  алады.  Солай 
десек те, әрбір суреткер төл шеберлігінің нәтижесінде өзінің танымын, өзіндік көркемдік 
әлемін  көрсете  алса  керек.  Мақала  көлемінің  көтермеуіне  байланысты  аталған 
концептілердің кейбіреуінің ғана талдауын ұсынбақпыз. 
Кеңістік пен уақыт категориялары біртұтас құбылыс ретінде қабылданады, өйткені 
олар  бір-бірін  толықтырып,  айқындап  отыратын  ұғымдар.  Олар  –  мазмұны  әр  дәуірде 
өзгеріске ұшырап отыратын, адамзат дамуының барлық сатысына тән ортақ құндылықтар. 
Міне, осы белгілері олардың концептік сипатын аша түседі. 
Сондай-ақ  қазақ  ұғымында  уақыт  өте  жылдам  ағып  жатқан  құбылыс  ретінде 
қабылданады:  «Уақыт  зымырап  өтіп  жатыр».  Қазақ  халқы  болашақты  алдымызда,  өткен 
артта  қалады  деп  түсінеді.  Бұл  көшпенді  өмір  салтындағы  кеңістіктің  алар  басты 
орнымен  түсіндіріледі.  Көшпенділер  философиясында  кеңістік  уақыт  бағытын 
айқындаған. Осыған орай ұлттық пәлсапалық, психологиялық стереотипті ұғымдардан ұлт 
болмысы  қалыптасқаны  байқалады.  Қазақ  халқының  мінезіне  тән  байсалдылық  –  осы 
фактордың айғағы.  
Ұлы  Абай  қазақ  философиясына  тән  заманды  адамға  тәуелсіз,  барлығын  өзіне 
бағындырар  ерен  құбылыс:  «Әркімді  заман  сүйремек,  Заманды  қай  жан  билемек?»  деп 
қарастырады.  Ұлттық  дүниетанымыздағы  заман  концептісін  тереңірек  ұғыну  үшін 
зерттеуімізге нысана болып отырған көркем шығармалардан мысал келтірсек: 
«...Қарасай тас-түйін киініп, ағаш бауырында тар тұсамыспен ұзай алмай жүрген 
атын  ерттеп  мінді  де,  Халелді  іздеп  шықты.  Көңілінде  еш  қауіп  жоқ,  тоқ  атты  жай 
аяңдатып  ойда  келеді:  «Апыр-ай,  мына  целина  келмей  жатып  бүкіл  жапан-түзді  ғана 
асты-үстіне аударып тастамай, жалғыз үйдің де шаруашылығын шайқап, қопаңдатып 
аудара бастады-ау. Ертең бұл маңдағы жыртылмаған бос жерге совхоз малы жайылса, 
Қарасайдың көп  жылқысы, сиыр, қойы көзге  шыққан сүйелдей көрінеді-ау. Ертеңгі  күні 
Халел жылқышы болса да, осынша көп малды тоғытып жіберу енді оңайға түспес... О, 
заман-ай, заман!» [6, 85]. 
Бұл үзіндіден уақыт пен заманның біртұтас ұғым ретінде қабылданатынын байқауға 
болады.  Заман  сөзінің  лексика-семантикалық  аясында  белгілі  бір  ұрпаққа,  оның  іс-
әрекетіне  қатысты  қолданылатын  «дәурен»  сөзі  «заман»  концептісінің  субституциясы 
бола  алады.  Келтірілген  үзіндіде  «О,  заман-ай,  заман!»  деген  сөздер  арқылы  шығарма 
кейіпкері Қарасай өткен уақытқа өкініш білдіреді. 

 
320 
«...Қазіргі  заман  ақша  заманы.  Кімнің  қалтасы  қалың,  сол  беделді,  сол  өтімді. 
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дейді қазақ. Бұрынғылар білмей айтпаған. Ендеше 
ақшаның көзін табатын жігіт базардан безбес болар. Ағаң Жәлел тірі  болғанда, қайда 
барам десең де ерікті өзіңе беретін едім. Басың ауған жаққа тарта берер ең. Жас болса 
келіп  қалды,  осы  қара  орман  енді  саған  қалмағанда  кімге  қалады...Шаңыраққа  ие  болар 
шаққа  жеттің»  [6,  125].  «...Әйтеуір  көп  малды  орнын  тауып  жұмсау  қажет.  Одан 
арғысы тағы бірдеме бола жатар. Енді малдан гөрі басқа шаруашылықтың көзін таппай 
болмайды. «Заманың түлкі болса....» [6, 85]. 
Бұл  үзіндіде  «Заманың  түлкі  болса,  тазы  боп  шал»  тіркестерін  қолдану  арқылы 
жазушы  уақыттың/заманның құбылмалылығы адамның ішкі рухани дүниесінің өзгеруіне 
ықпал  ететінін,  сондықтан  уақыт/заман  ағымына  сай  болу  керек  деген  идеяны  алға 
тартады.  
Көшпелі елдің барша тіршілік болмысы жер-ана, табиғатпен тамырлас, олар табиғат 
құбылыстарының  сырын  терең  танып  табиғатпен  етене  жақын  болған  сайын  өмір  сүру 
қолайлы  екенін  жақсы  білген.  Сондықтан  да  олар  табиғат  тылсымын  мал  жайылымына 
қажетті  тәжірибе  үшін  ғана  біліп  қоймай,  мұның  өзін  ұлттық  рухани  болмысын 
бейнелейтін атаулармен белгілеп отырған. 
Кеңістік концептісінің ішкі мазмұнын түсініп тану үшін  «дала», «атамекен», «ата 
қоныс», «жұрт» ұғымдарын қазақтың кең даласы – атамекені тіршіліктің символы – деп 
түсінуіміз керек. 
Р.  Сыздық  «Сөз  құдыреті»  еңбегінде:  «Дала  сөзі  –  қазақ  поэзиясында,  тіпті 
прозасында  да  бұрын  да,  қазір  де  туған  жердің,  қасиетті  Отанының  символы»,  –  деп 
көрсетеді [7, 190]. 
Ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуына  әсер  ететін  негізгі  факторлардың  бірі  –  ұлттың 
рухани  болмысының  табиғатпен  тікелей  байланысы.  Осы  тұрғыда  қазақ  халқы  үшін 
Отанды,  туған  жерді,  кеңістік  пен  еркіндікті  бейнелейтін  сөзі  –  «дала».  Себебі  қазақтар 
үшін ерлік, қонақжайлық, сыйластық, ұйымшылдық, кеңдік, мәрттік, т.б. ұғымдар ұлттық 
концептінің мәдени категориясына жатады.  
Дала  –  қазақ  дүниетанымында  көшпелі  қазақ  халқының  алтын  бесігі,  қазақты 
тәрбиелеген  кең  байтақ  жазық  өңір,  мезгіл,  кеңістік,  өзгеріс,  қозғалыс.  Сондықтан  да 
болса керек қазақ халқының бойынан, қанынан даладай дарқандықты, алаңсыз өмірді, кең 
дүниені байқау қиын емес. 
Тіл  арқылы  сақталған  ұлттық  танымның  көрінісін,  көркемдік  танымның 
заңдылықтарын  ұлттық  болмысымен  ерекшеленетін  нақты  тілдік  деректерді  С.  Жүнісов 
шығармалары тілінің негіздерін зерттеуден табамыз. 
Ойымызды  қорыта  келе,  тіл  тек  ойды  білдірудің  құралы  немесе  оның  тікелей 
құрылысы  ғана  емес,  тіл  –  алдымен  сол  ойды  әр  ұлттың  өзіндік  танымына  ғана  тән, 
мыңдаған  жылдар  бойына  дарытқан  дүниетанымдық  негізде  құраушы  құрал  деген 
тұжырым жасаймыз. Адам санасындағы ғалам бейнесі табиғаты жағынан әр алуан болып 
келетін концептілердің көмегімен көрініс тауып, олар сөз арқылы таңбаланып беріледі. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Гумбольдт В.фон. Язык и философия культуры. – Москва, Прогресс, 1985. - 451 с. 
2
 
Ержанова Ұ. Тілдегі қазақтар дүниетанымы // Ұлт тағылымы. Ғылыми-педагогикалық 
басылым. - 2002. - №4. - 161-163-бб. 
3
 
Маслова В.А. Лингвокультурология. Издат.центр «Академия». - М., 2007. – 208 с. 
4
 
Әмірбекова  А.Б.  Концептілік  құрылымдардың  поэтикалық  мәтіндегі  вербалдану 
ерекшеліктері. Фил. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2006. – 125 б. 

 
321 
5
 
Нерознак  В.П.  Национальное  самосознание:  концепт  и  структура  //  Этнические  и 
национальное самосознание: тезисы конференции. – М., 1995. 
6
 
Жүнісов С. Жапандағы жалғыз үй. Роман. – Алматы: Атамұра, 2005. – 304 б. 
7
 
Сыздық Р. Сөз құдыреті. – Алматы: Санат, 1997.– 224 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Опираясь 
на 
научные 
концепции 
ученых-лингвистов, 
исследующих 
язык 
с 
антропологической точки зрения и на основе трудов казахстанского писателя С. Жунусова, автор в 
статье представляет когнитивный анализ языка и познания.  
Общеизвестно,  что  «языковая  картина  мира»  является  одной  из  главных  категорий 
когнитивной  лингвистики.  Автор  статьи  на  конкретных  примерах  произведений  писателя 
подтверждает  точку  зрения  лингвистов  о  тесной  взаимосвязи  «языковой  картины  мира»  и 
«языкового сознания».  
На  основе  определений  концепта,  используя  произведения  С.  Жунусова,
 
автор  статьи 
определяет  концептосферу  слов  «пространство»,  «время»,  «эпоха»,  «степь».  Данная 
концептосфера на языке писателя является константами картины мира.  
 
RESUME 
 
On  the  basis  of  scientific  concepts  of  scientists  –  linguists  investigating  language  from  the 
anthropological  point  of  view  and  on  the  basis  of  works  of  the  Kazakhstani  writer  S.  Zhunusov  in  the 
article the author presents the cognitive analysis of language and perception. 
It is well-known that "the language picture of the world" is one of the main categories of cognitive 
linguistics.  The  author  of  the  article  on  concrete  examples  of  the  writer’s  works  confirms  the  point  of 
view  of  linguists  about  close  interrelation  of  "a  language  picture  of  the  world"  and  "language 
consciousness". 
The main task of cognitive science is systematization of knowledge of the person. The information 
structure defining knowledge and experience of the person is a concept. 
On the basis of definitions of a concept using S. Zhunusov's works the author of th e article defines 
the sphere of concepts of the words "space", "time", "era", "steppe". 
The given sphere of concepts in the language of the writer reflects world picture constants. 
 
 
 

 
322 
ӘОЖ 82(091) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А. Дәлелбекқызы 
Әл-Фараби атындағы Қазақ  
ұлттық университеті, 
PhD докторанты 
 
Қабдеш 
Жұмаділовтің 
«Дарабоз» 
романының қазақ 
әдебиетіндегі орны 
 
Аннотация 
Мақалада  Қ.Жұмаділовтің  «Дарабоз»  роман-
дилогиясының  қазақ  әдебиетінен  алатын  орны  жан-
жақты  талданып  беріледі.  Романның  ерекшелігі 
туралы әр түрлі пікір қорытылады. Адам мен заман, 
тарих  пен  тарихи  тұлға  туралы  зерттеулерге 
ғылыми-танымдық 
пайымдаулар 
жасалады. 
Қаракерей  Қабанбай,  Абылай  хан,  Әбілқайыр  хан 
бейнелерінің  ашылуына  нақты  мысалдар  келтіріле 
отырып, зерттеулер жүргізіледі.  
Түйін  сөздер:  дилогия,  реализм,  тарих,  тарихи 
дерек, диалог, монолог. 
 
 
Қазақ  әдебиетінің  дамуына,  соның  ішінде 
тарихи  роман  жанрының  қалыптасуына  өз  үлесін 
қосқан  қаламгер  –  Қабдеш  Жұмаділов.  Ол  –  өзінің 
стилімен, образдар жүйесімен, тіл байлығымен қазақ 
әдебиетінде 
тиісті 
орнын 
алған 
суреткер. 
Жазушының шығармаларын әдебиет әлеміндегі ұлы 
жетістік,  дара  туындылар  ретінде  қарастыруымыз 
керек.  
Қабдеш  Жұмаділовтің  тарихи  тақырыпта 
жазылған  «Дарабоз»  атты  екі  кітаптан  тұратын 
роман-дилогиясы  қаламгердің  суреткерлік  мол 
мүмкіндігін,  тіл  кестесін,  қаһармандарды  көркем 
бейнелеу  шеберлігін  білдіретін  ерекше  туындысы. 
«Дарабоз»  дилогиясы  –  қазақ  халқының  атақты 
батыры  Қаракерей  Қабанбайдың  өмірі,  ерлік  істері, 
соғыс  жорықтары  туралы  жазылған  тарихи  роман. 
Жазушы  романда  Қабанбай  бейнесімен  ғана 
шектеліп 
қоймай, 
Абылай 
ханның, 
Бұқар, 
Ақтамберді  жыраулардың,  Төле  би,  Қазыбек 
билердің, 
Бөгенбай, 
Наурызбай 
батырлардың 
образдарын  жан-жақты  ашуға  бар  күшін  салған. 
Қазақ  пен  жоңғар,  қазақ  пен  қытай,  қазақ  пен  орыс 
патшалығы  арасындағы  тарихи  оқиғалар  роман 
арқауы  болған.  Роман-дилогияда  жазушы:  «Туған 
елің – тұмарлы тұлпарың болғанда, хан – ноқта, би – 
ауыздық,  батыр  –  қамшы  дейді  екен.  Сонда  алысқа 
ататын  қозы  жауырын  жүйрік  жебең  –  ақынның 
жыры  болғаны  да.  Шынында  да,  дулығалы  батыры, 
дуалы  ауыз  биі  бар  халықтың  жыраққа  сілтер 
жырауы болмаса, орны үңірейіп бос қалады екен-ау! 
Басқаны былай қойғанда, қазір бір Бұқар ағаңның өзі 
хан  ордасының  сәнін  кіргізіп,  айбарын  асқақтатып 
отырған жоқ па?!» [1, 89] - деп хандар мен билердің, 
батырлар  мен  ақындардың  қасиеттерін  арттыра 
түседі. 

 
323 
Романның  басты  кейіпкері  –  Қаракерей  Қабанбай  батыр.  Қабанбай  батыр 
тарихымызда  өзінің  орнын  ойып  алып,  әділ бағаға  ие  болған.  Қабанбай  көзінің тірісінде 
Ұлы  қолбасшы  атанып,  есімі  аңызға  айналған  батыр  болған.  Жоңғар  шапқыншылығына 
қарсы күресте ерекше көзге түсіп, есімі бүкіл елге жайылады. Қаракерей Қабанбай батыр 
батырлығымен  қатар,  ел  ісіне  араласқан  көріпкел  саясаткер,  Абылай  ханның  сенімді 
батыры, жауынгер кеңесшісі болған.  
Ташкентті, Қазақ елінің оңтүстігін, Алакөл өңірін, Іле төңірегін Жоңғарлардан азат 
ету күрестерінде Қабанбай батыр көзсіз ерліктер көрсетіп, Дарабоз қолбасшыға айналуын 
жазушы: «Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанда, мана 
ақбозға мініп дара шапқан батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай қатты разы болған-
ды. 
– Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! 
Егер  биікке  бекініп  алған  жау  қамалына  қалың  қолды  көтеріп  сен  шықпағанда,  бүгінгі 
шайқастың  немен  бітері  неғайбыл  еді.  Бүгіннен  бастап  Қабанбай  атың  хан  ұранына 
айналып,  жорықтағы  есімің  Дарабоз  болсын!  –  деп  құшағына  алып,  үстіне  алтын  зерлі 
тонын жапқан» [1, 119] дейді.  
Романда  негізгі  қаһармандардың  қатарында  хандар  мен  билер,  сұлтандар  қатар 
жүретіні  анық.  Бірақ  бұдан  ел  билеушілері  бірыңғай  дәріптелді  деп  айтуға  болмас. 
Хандардың бойындағы қасиеттерді автор жан-жақты ашуға тырысқанын байқауға болады. 
Шығармада Абылай ханның, Әбілқайыр ханның тұлғалары ерекше айқындалып шыққан. 
Абылайдың  көрегендігін,  білімді  саясаткер  екендігін:  «Мен  білсем,  күні  бүгінге  дейін 
жоңғардың  құдыреті  ауыз  бірлігінде,  әскер  арасында  орнатқан  темір  тәртібінде  болып 
келеді. Жекпе-жек майданда, шағын шайқаста әрбір  қазақ қалмақтан кем түспейді. Тіпті 
қайраты  басым,  аруағы  үстем  болуы  да  мүмкін.  Ал  түменнен  түзем  құрып,  қаптама 
шабуылға  келгенде  қалмақтар  қашан  да  ойымызды  ойып  түсіп  отырады.  Немесе  қазақ 
жан-жаққа сауын айтып, жасақ жинап болғанша, қалмақ қапияда басып кіреді... Өздеріңіз 
білесіздер,  қазақта  тұрақты  әскер  жоқ.  Біздің  аламан  әскер  деп  жүргеніміз  –  қолына 
амалсыз  қару  алған  кешегі  малшы,  бақташы  немесе  қыз  аңдыған  бозбала.  Ал 
Жоңғарлардың  бүкіл  халқы  –  әскер.  Бала-шаға,  мал-жанымен  көшіп  жүрген  әскер  десе 
болады»  [1,  27]  деген  сөйлемдерден  көрсек,  Әбілқайырдың  қулығын,  қаталдығын, 
сатқындығын  да  қалдырмай,  көптеген  қайшылықтарды  қаз-қалпында  суреттегенін  мына 
жолдардан  көре  аламыз:  «Ең  қиыны  -  іштен  шыққан  сатқындық.  Болаттың  орнына  мені 
үш жүзге көтермедіңдер деп өкпелеген Әбілқайырдың, өзі бас қолбасы бола тұра, соңынан 
ерген Кіші жүз жасағымен бірге Аңырақайдағы ұрыс даласын тастап кеткені қазаққа аса 
ауыр тиді. Мен Әбілқайыр ханды Ақ патшамен әмпей болып, өз елін сырттай саудалағаны 
үшін  емес,  ең  зәру  шақта  ел  ішіне  іріткі  салып,  біртұтас  қазақ  қолын  ыдыратқаны  үшін 
кешірмеймін.  Лағынет!  Лағынет  жаусын  Әбілқайыр  ханға!»  [1,  30].  Қаламгер  бұл  жерде 
кейіпкерін  бірыңғай  жақсы,  бірыңғай  жаман  қасиеттерін  көрсетуге  тырыспай,  ол  оқиға 
мен  мінездің  объективтік  ағысын  шынайы  жеткізуді  көздеген.  Бұл  жөнінде  әдебиетші-
ғалым  Р.Бердібай:  «Тарихи  тақырыпты  жан-жақты  меңгеруге  реализм  әдісі  кең 
мүмкіншілік  береді.  Озық  дүниетаныммен  қаруланған  қаламгерлер  өткендегінің  қандай 
шытырман  құбылыстарына  да  дұрыс  талдау  жасай  алады,  бүгінгі  қауымның  рухани 
қажетіне сәйкес идеяларды екшейді» [2, 113], - дейді. 
 
Қазақ  елі  сыртқы  және  ішкі  саясатында  ауыр  кезеңдерді  басынан  өткерген.  Ел 
арасындағы  алауыздық,  өзге  мемлекеттердің  қысым  көрсетуі  қазақтардың  дербес  ел 
болып кетуіне көп кедергі келтірді. Ресей патшалығы мен Қытай Цинь әулетінің нығаюы 
қазақтардың өрісін кеңейтуіне мүмкіндік бермеді. Бұл мемлекеттердің қазаққа қатысты өз 
мақсаттары мен бағыттары болды.  
Автор  сөз  болып  отырған  заманның  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси  ақуалын, 
қозғалыстың  себебі  мен  салдарын  зерттей  келіп,  солардың  диалектикалық  көркем 
шындығын  көрсетуді  мақсат  еткен.  «Дарабоз»  романын  оқып  шыққанда  жазушы  тарихи 

 
324 
оқиғалардың хронологиялық ізімен жүріп отырғанын байқаймыз. Сонымен қатар, көркем 
шығармаға  ғана  тән  адамдардың  күйініші  мен  сүйініші,  арман  тілектері,  ықыласы  мен 
мұраты,  кейіпкерлер  тағдыры  көркем  бейнеленген.  Бұл  туралы  сыншы  В.Г.Белинский 
«История представляет нам событие с его лицевой, сценической стороны, не приподнимая 
завесы  с  закулисных  проишествий,  в  которых  скрываются  и  возникновение 
представляемых ею событий и их совершение в сфере ежедневной, прозаической жизни. 
Роман  отказывается  от  изложения  исторических  фактов  и  берет  их  только  в  связи  с 
частным  событием,  составляющим  его  содержание,  но  через  это  он  разоблачает  перед 
нами  внутреннюю  сторону,  изнанку,  так  сказать,  исторических  фактов,  вводит  нас  в 
кабинет и спальню исторического лица, делает нас свидетелями его домашнего быта, его 
семейных  тайн,  показывает  его  нам  не  только  парадном  историческом  мундире,  но  и  в 
халате с калпаком. Колорит страны и века, их обычаи и нравы высказываются в каждой 
черте  исторического  романа,  хотя  и  не  составляют  его  цели.  и  поэтому  исторический 
романесть  как  бы  точка,  в  которой  история,  как  наука,  сливается  с  искусством,  есть 
дополнение истории, ее другая сторона» дейді.  
Дилогияның  негізгі  идеясы  –  үш  жүздің  басын  қосып,  бір  тудың  астына  біріктіру. 
Қабдеш Жұмаділов қазақ халқының егемендігі, дербес мемлекет құруы жолында басынан 
кешкен  қилы  тағдырын  романның  басынан  аяғына  дейін  көрсетуге  тырысқан.  Тарихи 
деректерге  сүйене  отырып,  қазақ  жүздерінің  басын  біріктіру  жолындағы  күрестерін 
тартымды өрнектеген.  
Романдағы оқиғалар үш жүздің басын біріктіру идеясының төңірегінде өрбиді.  Хан 
кеңесінде көтерілген мәселе де ел бірлігін сақтау мәселесі еді. Бұл идеяны жүзеге асыру 
барысында  көптеген  қиындықтар  кездеседі.  Елдегі  алауыздық,  көре  алмаушылық,  өзара 
тартыстар  ел  бірлігіне  нұқсан  келтіріп,  үш  жүздердің  бөлініп  кетуіне  алып  келеді. 
Ауызбіршіліктің  жойылуының  айқын  көрінісі  –  Барақ  сұлтанның  Әбілқайыр  ханды 
өлтіруі.  Өз  еркімен  Ресей  патшалығының  боданы  болған  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайыр  мен 
Барақ  сұлтан  арасындағы  жанжал  сұлтанның  ханды  өлтіруімен  тынады.  Романда: 
«Әбілқайыр мен Барақ арасының барған сайын шиеленісіп, бітіспес өштікке айналып бара 
жатқанын  осы  жұрттың  бәрі  білетін.  Алайда  араздық  түбі  бұлайша  өліммен  тынар  деп 
ешкім де ойлаған емес-ті. О заманда, бұ заман, бұл елде ағайынды өкпеге қиса да, өлімге 
қиған бар ма еді?! «Қазақ қазақ болғалы ата жаумен айқаста, қан майданда басын берген 
ержүрек хандар аз емес. Бірақ бұрын-соңды өз ханының басын өзі алған жайт болмаған. 
Мұндай қатыгездік - діні жат, тілі жат, тақ үшін туған әкесін де аямайтын кәпір қауымына 
ғана тән болып есептелетін. Ханнан қадір, елден береке кетті  деген  осы, әрине» [1, 158] 
деп суреттеледі. 
 
Қабдеш  Жұмаділов  «Дарабоз»  роман-дилогиясында  тарихи  оқиғалар  мен  тарихи 
тұлға  психологиясын,  тұрмыс-тіршілігін,  салт-дәстүрін  бірлікте  көрсете  алуымен 
ерекшеленеді.  Қаламгер  тарихи  оқиғалардың  маңызын  көрсете  отырып,  оның  адамдар 
психологиясына әсерін жеткізе білген. Қ.Жұмаділов шығармаларын зерттеуші, әдебиетші-
ғалым  Н.Жұмаділова:  «Романның  сюжеттік-композициялық  бітімін  құрап  тұрған 
көркемдік компонеттер (пейзаж, монолог, диалог, портрет, деталь, ретроспективті баяндау 
т.б.)  өз  үндестігін  тапқан.  Кейіпкерлердің  портретін,  сырт  пішінін  жасау  арқылы  сол 
дәуірдегі  адамдардың  әлеуметтік,  жағдайын  көз  алдымызға  әкеледі.  Қазақтың  салт-
дәстүрі, жаугершілік заманда көшпелі халықтың тамақ пісіру тәсілдері, ұлттық тағамның 
түрлері  –  бәрі  де  роман  композициясынан  орын  ала  отырып,  суреттеліп  отырған  тарихи 
кезең  барлық  болмысымен  көрінген.  Сонымен  бірге  қанатты  сөздер,  мақал-мәтелдер, 
толғаулар да романның көркемдік бетін айшықтап тұр» [3, 48]. 
«Дарабоз»  дилогиясы  жазушының  көп  жылдар  бойы  еңбектеніп,  дүниеге  әкелген 
туындысы. Туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген махаббат романның өне бойынан 
есіп тұрады. Атамекен, туған жерді жау қолынан азат ету идеясы романның түп қазығына 
айналған. Бұл романы туралы Қ.Жұмаділов: «Бұл романға мені жетектеген нәрсе – тарих 

 
325 
ғылымының  қазақ  үшін  аса  маңызды  беттерін,  өтірік,  алақашулардан,  шөп-шаламнан 
тазартып, шындықты қалпына келтіру болды» - дейді. Тарихи шындықты көркем жеткізе 
білген роман-дилогияның қазақ әдеиетіндегі орны ерекше.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет