61%
23%
8%
2%
6%
Проблема коммуникативного
характера
Психологическая неготовность
Ошибка в выборе специальности
Смена места работы
Другие трудности
2%
44%
28%
24%
2%
Очень высокий показатель
Высокий показатель
Средний, с тенден.к высокому
Средний, с тенден.к низкому
Низкий показатель
112
адаптации студентов, прибывших по программе «Серпін-2050». Для достижения
поставленной цели были определены следующие задачи:
1. Создание благоприятного психологического климата в учебных коллективах.
2. Предупреждение и снятие у первокурсников психологического дискомфорта,
возможного в условиях проживания в общежитиях.
3. Формирование интереса и ценностного отношения к нашему краю через развитие
позитивных представлений о нем.
Для решения первой задачи мы применили тренинговые упражнения, направленные
на формирование и развитие коммуникативных навыков («Молекулы», «Три товарища»,
«Зеркало» и др.), установление доверительных отношений («Колокол», «Скала»),
повышение стрессоустойчивости («Ресурсы») и т.д.
Решить следующую задачу нам позволили тренинговые занятия, направленные на
улучшение эмоционального состояния, снятие внутренних зажимов и поиск внутренних
ресурсов («Ассоциированные состояния», «Свой темный угол» «Найди себя», «Я
самый…»). Эффективным способом трансформации негативных переживаний, коррекции
самоидентичности оказалось применение методики Л. Лебедевой из области арт-терапии
(«Истории в картинках», «Куклы»). Свойственную многим первокурсникам тоску по дому
позволило проработать упражнение «Семья в образе цветов», что содействует
восстановлению психического равновесия и гармонизации эмоционально - чувственной
сферы личности.
Важным пунктом в нашей программе было осуществление обратной связи, в ходе
которого происходило самопознание студентов, формировалось реалистичное
представление о себе, о собственном поведении. Также большое значение уделялось
беседам, индивидуальным и групповым психологическим консультациям.
И для решения третьей задачи, наряду с психолого-педагогическими, нами были
использованы художественные методы и средства работы. Организованы поездки по
историческим местам, изучение музейных экспонатов и материалов о жизни и творчестве
Шокана Уалиханова. Также просмотр фильмов о Кокшетау, посещение Борового с
последующим обсуждением личных впечатлений в виде эссе, знакомство с
литературными произведениями наших земляков, такими как С.Жунусов, М. Габдуллин,
С. Торайгыров и др. Вышеназванные мероприятия способствовали повышению интереса и
формированию ценностного отношения к нашему краю, что обеспечило еще большее
внутреннее принятие студентами из южных регионов новых условий жизнедеятельности.
В целом, коррекционная программа была рассчитана на два месяца систематической
работы в общежитиях и на кураторских часах. Важно отметить, что во всех мероприятиях
корреционной программы практическим психологам вуза активно помогали студенты
специальностей «Психология», «Педагогика и психология» – члены психологического
клуба «Инсайт» КГУ им. Ш.Уалиханова.
В ходе занятий студенты смогли осознать, что причиной конфликтных ситуаций и
дискомфорта во взаимоотношениях с окружающими является неправильно построенное
взаимодействие. Следующим шагом было проигрывание каждым студентом новых стилей
общения, при поддержке группы находились новые, более этичные, пути выхода из
конфликта.
Положительную динамику внутреннего состояния студентов и их взаимоотношений
с окружающими демонстрировал и анализ продуктов деятельности в ходе арт-терапии –
рисунков, работ из пластилина, фольги и др. Анализ позволил сделать вывод, что
внутреннее состояние участников стало более спокойным, значительно снизилась
тревожность, изменилось отношение к окружающим.
Для получения обоснованных выводов в декабре был проведено вторичное
диагностическое исследование. По всем исследуемым критериям отмечалась
положительная динамика. Так, снизился показатель коммуникативных проблем у
113
студентов. На вопрос: «Существуют ли трудности в общении?» только 13% студентов
ответили «Да», 85% - «Нет», 2% студентов затруднились ответить.
61%
21%18% 13%
85%
2%
0%
100%
Сентябрь
Декабрь
Да
Нет
Затрудняюсь ответить
Рисунок 3 Существуют ли трудности в общении?
Исходя из сравнительного анализа, существовавшие трудности в общении стали
совсем незначительными. Студенты преодолели барьеры в общении, так как мощное
социализирующее воздействие на личность студента оказывает сама студенческая среда,
особенности студенческой группы, в которую он входит, особенности других
референтных групп.
Анализ эффективности проведенной работы показал, что, помимо использованной
психологической коррекционной программы, мероприятиями, обеспечивающими
успешную адаптацию студентов из южных регионов страны, являются активное
привлечение студентов к культурно-общественной жизни университета, работа кураторов,
просветительские обзоры и экскурсии по достопримечательностям северного края и т.д.
Именно такой системный подход к организации адаптационного сопровождения
студентов в нашем вузе и позволил получить 85% положительных ответов на повторный
вопрос: «Нравиться ли Вам учиться в нашем университете?». Стоит отметить, что в
сравнении с первым срезом положительные ответы на данный вопрос увеличились на 7 %.
Отсутствие отрицательной динамики можно считать важным показателем успешной
адаптации первокурсников.
78%
15%7%
85%
7% 8%
0%
100%
Сентябрь
Декабрь
Нравится
Не нравится
Затрудняюсь ответить
Рисунок 4 Нравится ли Вам учиться в нашем университете?
В ходе бесед и индивидуальных консультаций было выявлено положительное
оценивание студентами психологического климата в учебном учреждении. Для его
описания студенты использовали такие определения, как «доброжелательность»,
«легкость», «активность», «комфортность», «поддержка», «интерес», «понимание»,
«искренность», «дружелюбие», «открытость». Более того, 80% студентов отметили
отношения с одногруппниками как доброжелательные, 10% – конфликтные, 10% –
нейтральные. На вопрос: «Хорошо ли себя чувствуете среди студентов КГУ
им.Ш.Уалиханова?» 72% ответили – «да», 11% – «нет», 17% – «затруднились ответить».
114
Вместе с тем, мы считаем важным развитие коллаборативного сотрудничества
между вузами с целью дальнейшего исследования адаптирующейся личности и динамики
адаптационного процесса взаимодействия личности каждого студента и социальной
среды.
Задачей сегодняшнего дня, на наш взгляд, должен стать мониторинг субъективных и
объективных факторов проявления адаптивных взаимодействий студентов, среди которых
мы выделяем:
1) мотивационный блок, выявляющий причины, побудившие и вызвавшие
активность личности в выборе решения на переезд;
2) эмоционально-личностный блок, выявляющий непосредственное переживание
личностью в виде чувства эмоционального комфорта в данной среде;
3) социально-деятельностный (поведенческий) блок, выявляющий процесс и
результат усвоения нового социального опыта, осуществляемый в общении и
деятельности, культуре и традиции, выбор варианта поведения;
4) рефлексивный блок, выявляющий степень осознанности восприятия реальности,
личностных позиций, ценностных установок, представлений о перспективах на будущее.
Координации деятельности вузов по психологогическому сопровождению учебно-
воспитательного процесса студентов, прибывших по программе «Серпін-2050», потребует
и решение задачи ближайшего будущего – трудоустройства будущих выпускников-
«серпінцев» в северных регионах страны.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
Послание «Нұрлы Жол» Президента Республики Казахстан народу Казахстана от
12.11. 2014 г. // Казахстанская правда. – 2014. – № 2.
2
Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-
2020 годы // Вестник КРМУ. – Актобе. – 2013. – №4.
3
Кшибеков Д.К. О казахском менталитете // Вестник КазГУ. – 2000. – № 2. – С. 147.
4
Калмырзаев А.C. Национальный менталитет и национальный дух // Мысль. – 2000. –
№ 8. – С.25.
5
Андреева Д.А. О понятии адаптации. Исследование адаптации студентов к условиям
учебы в вузе // Человек и общество. – М., 1973. – С. 25-27.
6
Агеев B.C. Межгрупповое взаимодействие. Социально-психологические проблемы. -
М.: Изд-во Гардарики, 2000. – 256 с.
ТҮЙІН
Мақала «Серпін-2050» бағдарламасы негізінде оңтүстік өнірлерден Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетіне келген бірінші курс студенттерінің бейімделуі және оларға
психологиялық қолдау бағдарламасының эксперименттік тәжірибесі мәселелеріне арналған.
RESUME
This article is devoted to the problems of students’ adaptation and experimental experience of
correctional programs’ approbation of psychological support of the first year students’ adaptation, who
entered Sh.Ualikhanov Kokshetau State University from the Southern parts with the help of “Serpin-
2015” programme.
115
ӘОЖ 366. 63:159. 955 (057.87) (045)
А.М. Мұратбекова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті,
пед. ғыл. канд., доцент
А.Ш. Альбекова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті,
филол. ғыл. канд., доцент
Г.Т. Омарова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті,
магистр
Студенттердің
коммуникативтік
құзыреттілігін
қалыптастырудағы
сын тұрғысынан
ойлау
технологиясының
маңызы
Аңнотация
Мақалада
сын
тұрғысынан
ойлау
технологиясы арқылы студенттердің бойында
коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру
туралы айтылады. Кез келген тілді меңгеру,
сөйлесім білігі мен дағдыларын игеру, белгілі бір
дәрежеде
тілдік
қатынасқа
қол
жеткізу
қатысымдық құзыреттілікке ие болу дегенді
білдіретіні баяндалады.
Түйін сөздер: құзыреттілік, қатысымдық,
тілдік қатынас, ой-толғаныс, сыни ойлау,
шығармашылық жұмыс, жеке тұлға.
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне
енуі отандық білім дамуының стратегиялық
жоспарын әзірлеуді және ұлттық білім жүйесінің
жетістіктері мен білімнің дамуындағы жалпы
әлемдік үдерістерді негізге алатын озық үлгісіне
көшуді талап етуде. Қазақстан Республикасының
білім
беруді
дамыту
Тұжырымдамасында:
«Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру
жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті
мамандарды оздыра даярлау болып табылатын,
оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін
жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен
бейімділік беру қажет. Жоғары білім берудің
мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке
тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген
мүдделерін
қанағаттандыру,
әрбір
адамға
оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін
таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген [1].
Бүгінгі
білім
беру
жүйесіндегі
айрықша
өзгерістер оны «адамның еркін дамуына» оның
жоғары
мәдениетін,
шығармашылық
белсенділігін, дербестігін, бәсекеге қабілеттілігін,
бейімделгіштігін дамытуға бағыт береді. Жоғары
оқу орындарында оқытудың басты мақсаты –
жеке тұлғаны қазіргі уақыт талабына, қоғамның
сұранысына байланысты болашаққа қызмет ететін
кәсіби білімді мамандарды даярлау. Сондықтан
кәсіби мамандануға ойдағыдай нәтижеге жетуге,
уақытты дұрыс пайдалануға, студенттердің өз
бетімен
ізденіп
жұмыс
жасауына,
коммуникативтік
құзыреттілігін
дамытуына
мүмкіндік жасалады.
Осы тұрғыда оқыту үдерісінің практикалық
мақсатын жүзеге асыру кезеңінде студенттердің
сын тұрғысынан ойлауын, коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыру маңызды рөл
116
атқарады. Өйткені сыни тұрғыдан ойлау студенттердің білім алуында жаңа фактілерді,
мысалдарды бұрынғы оқығандарымен салыстыру арқылы танымдық белсенділіктері мен
ойлау қабілеттерін арттыруға зор ықпалын тигізеді. Атап айтқанда, кез келген тілді
меңгеру, сөйлесім білігі мен дағдыларын игеру, белгілі бір дәрежеде тілдік қатынасқа қол
жеткізу қатысымдық құзыреттілікке ие болу дегенді білдіреді. Ғалымдардың еңбектеріне
сүйене отырып, «коммуникация», «қатысымдық», «коммуникативтік құзыреттілік»
терминдеріне тоқталатын болсақ, «коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere»
- қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және
оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын,
ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.
Тіл – коммуникация мақсатында қызмет ететіндіктен, «коммуникация» термині
бірнеше
мағынаны
білдіреді.
Ф.Ш.Оразбаеваның
пікірінше,
«коммуникация»
(«қатысымдық») сөзінің негізгі мазмұны «жалпы қарым-қатынас», «араласу»,
«хабарласу», «байланыс» деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл
арқылы сөйлесу үдерісін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық
қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілік болып табылады [2,
39]. Бұдан автордың «коммуникация» сөзін «қатысым» деп танып, қазақ тілін оқыту
әдістемесінде жаңадан «тілдік қатынас», «тілдік қарым-қатынас», «тілдесім», «жазылым»
және т.б. терминдерін тілдік айналымға енгізгенін көреміз. «Тілдік қатынас дегеніміз тіл
арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы;
қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысуы, түсінісуі; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа
түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді» деп көрсетеді ғалым Ф.Ш.Оразбаева [2, 39].
Тілдік қатынастың негізгі мамұны мынадай құрамнан тұрады: Белгілі ақпаратты
хабарлайтын – Баяншы.
Ақпаратты жеткізетін – Тұлғалар. Ақпаратты не деректі – Қабылдаушы.
Баяншыдан шыққан Хабар Тұлғалар арқылы Қабылдаушыға келіп, одан әрі қайтадан
байланысқа түсіп, тілдік айналымда адамдардың бір-бірімен түсінігін іс жүзіне асырады.
Баяншы – хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік қарым-қатынасқа түсуші.
Тұлғалар – қатысымдық бірліктер.
Қабылдаушы – тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы [2, 44].
Адамдар бірі-бірімен қарым-қатынас жасау, тіл арқылы түсінісіп, ой-пікірлерін
жеткізе білуі арқылы қатынасқа түседі. Белгілі бір ортада өмірдегі болып жатқан
құбылыстар мен әлеуметтік жағдайлар жөнінде өз пікірін, көзқарасын ортаға салу арқылы
сөйлесім әрекетін қалыптастырады. Сөйлеу барысында адамдардың бірі тыңдаушы
екіншісі баяндаушы рөлін атқарады. Белгілі бір хабарды бір-біріне жеткізеді, дәлелдейді,
ұсыныс жасайды, қабылдайды, сұрақ қояды, әртүрлі әрекетке қатысты өз бағалаларын
береді, яғни бір-бірімен тілдік қатынасқа түседі.
Демек, жеке тұлғаға бағдарланған сыни ойлауға оқыту мазмұнының негізі сөйлесуге,
қатысымдық іс-әрекет арқылы әрбір жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше
шешім қабылдауға және оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, студенттің өз ойымен
өзгелердің пікіріне сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап,
жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және
басқалармен бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Тілдік қатынас арқылы білім алушы
қойылған мәселелерді бірлесе шешу арқылы белгілі бір мәселе төңірегінде бір-бірімен
пікір алмасып, ойындағысын жарыққа шығару арқылы бірнеше дұрыс идеяны салыстыра,
ең тиімдісін таңдап алады. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп,
шынайылығы мен қажетілігін талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары
қажет.
Студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз
бетінше шығармашылық тұрғыдан тұжырымдай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға
117
бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін
шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады.
Оқыту үрдісінің сыни тұрғыдан ой қозғау, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдері
білім алушының өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге,
алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда
қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып
бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс істеу тұлға бойында
шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу сияқты
қасиеттерді дамытады.
Кез келген тілді үйретуде студенттің дағдысы мен біліктілігін дамытуына, тілдік
қарым-қатынасқа еркін түсуіне байланысты әр түрлі жұмыс түрлерін беруге болады. Бұл
мақсаттарға жету үшін тілдік қатынас құзыреттілігін қалыптастыратын тапсырмаларды
төмендегідей саралауға болады:
- ауызша және жазбаша қатынас;
- мәтіннің желісі бойынша пікір білдіру;
- белгілі бір проблеманы талқылау;
- диалог, монолог құрау;
- топтық, ұжымдық қатынас жасау;
- берілген мәтінді жалғастыру;
- жағдаяттық тапсырмаларды орындау.
Студенттерді сыни ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда бес жолды өлең, эссе,
РАФТ, INSERT, болжау, қосжазба күнделігі, еркін жазу, кубик, дөңгелек үстел, қолжазба,
дәлелді эссе сияқты стратегиялардың берері мол.
Атап айтқанда, еркін жазу әдісін сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың
үшінші ой
–
толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Оқытушы студенттерден қарастырылған
жаңа ақпараттан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін қағаз бетіне
түсіруді тапсырады. Білім алушының алған білімдерін тұжырымдауға, оған сын көзбен
қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Мәселен, эссе жазуда білім алушы негізгі талдамаларды қолдана отырып, себеп-
салдарлық байланыстарды айқындау арқылы дәлелді мысал келтіруге, ақпаратты ішкі
логикалық байланыста қорытындылап дәлелдеуге үйренеді. Эссе мазмұны белгілі бір
мәселе төңірегіндегі сұрақтарды шешуге, оны талқылауға, авторлық позицияны ұстануға
бағытталады. Эсседе бірінші орында студенттің өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе
студенттерді өз ойларын нақышымен құрастырып, оларды нақтылап, дәлелді түрде
жеткізумен қатар, ақпаратты жүйелеуге, оған талдау жасауға үйретеді.
Эссенің басты ерекшелігі, автор ойын өз еркімен кез келген тақырыпта жаза алады.
Эссе – бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғандыратын өз сөзімен және
стилімен жазылатын өздік жұмыс. Сол себептен эсседе басқа авторлармен (олардың
пікірлерімен) пікірталас болуы мүмкін. Яғни студент тілдік қатынасқа түсе отырып,
ойлау, пайымдау, жазбаша сөйлеу, түсіну пікір білдіру үрдістерін іске асырады.
Кубизм көмегімен Блум таксономиясын проблемалық жағдаят арқылы таным мен
ойлау деңгейлері тұрғысынан білімді арттыру тиімді. «Проблемалық ситуация деп –
өнімді, шығармашылық танымдық қызметінің заңдылығын айтамыз. Ол ойлаудың
басталуына байланысты белсенді ойлау қызметі, проблеманы қою және шешу процесінде
жүзеге асады» [3, 150]. Мысалы, тақырып бойынша алдымен «Берілген мәселені
сипаттаңыз» тапсырмасын таксономия өлшемдері бойынша жазбаша орындауға болады:
«Мәселелерді ғылыми тұрғыда салыстырыңыз», «Мәселенің өзектілігі неде?», «Тиімді
жақтары мен кері әсері неде?», «Жаһандану заманында мәселелердің шешімін қалай
табуға болады?».
Сыни ойлау технологиясы арқылы студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыратын шарттарды төмендегідей қарастыруға болады:
118
1.
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді тыңдау;
2.
Бір-бірінің ойын талқылай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздеу;
3.
Cтуденттердің оқу үрдісіндегі белсенділігін мадақтау;
4.
Жағымды орта туғыза отырып, өз ойын ашық, еркін айту, пікір алмасу;
5.
Басқалардың пікірлері мен идеяларын сыйлауға, пікірді қолдауға дайын болу;
6.
«Мен» бейнесінің айқын қалыптасуы;
7.
Жеке тұлғаның инттеллектуалдық дамуына, ғылыми дүниетанымына ықпал ету;
8.
Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуы, өзін-өзі құрметтеуінің жоғары деңгейінің
болуы;
9.
Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, шығармашылық ойлауға үйрету.
10.
Шыдамдылық, сыйластық, достық сияқты қасиеттерін дамыту.
Қорыта келгенде, коммуникативтік (қатысымдық) құзыреттілік студенттерді
бақылаудан өзіндік бақылауға, әлеуметтік дамытудан өзіндік дамуға, монологтен
диалогке, түсіндіруден түсінуге ауысудың негізін құрайтын кәсіби-бағдарлы сыни
тұрғысынан ойлау технологиясы шеңберінде білім беру парадигмасының өзгеруімен
байланысты жүзеге асырылады. Сыни тұрғыдан ойлау білім алушының танымдық
белсенділігін арттырады, олардың бірін-бірі құрметтеуін, түсінуін, дұрыс қарым-қатынас
жасауын қалыптастырады, дүниеге деген түрліше көзқарастарын түсінуді жеңілдетеді,
студенттерге өз білімдерін түрліше жағдаятта мүмкіндігінше тереңдетуге, тұлғалық іс-
әрекеттердің жаңа түрлерін жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |