Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата06.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#7761
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Бунин И.А. Полное собрание сочинений в 13 томах. – М.: Воскресенье, 2006. 

 
187 
2
 
Рощин  М.М.  Князь.  Книга  об  Иване  Бунине,  русском  писателе  /  М.М.  Рощин  // 
Октябрь. – М., 2000. – №1. – С. 5-66. 
3
 
Воронкова  Л.П.  Женщины,  сводившие  с  ума  Есенина,  Блока,  Бунина,  рождались  и 
умирали  в  Одессе  /  Л.П.  Воронкова  //  Международный  общественно-политический 
журнал «Европа-Центр». – Киев: Европейский стандарт, 2008. – № 2 (22). – С. 60–64. 
4
 
Волков А.А. Проза Ивана Бунина. – М.: Московский рабочий, 1969. – 448 с. 
5
 
Степун Ф.А. Встречи. – Мюнхен: Товарищество зарубежных писателей, 1962. – 202 с. 
6
 
Сливицкая  О.В.  О  природе  бунинской  «внешней  изобразительности»  //  Русская 
литература. - М., 1994. – №1. – С. 187-184. 
7
 
Мальцев Ю.В. Иван Бунин. – М.: Посев, 1994. – 432 с. 
8
 
Колобаева  Л.А.  Проза  И.А.  Бунина.  –  М.:  Издательство  Московского  университета, 
2004. – 85 с. 
9
 
Благасова  Г.М.,  Омельян  А.М.  Человек  и  природа  в  рассказах  И.А.  Бунина  и  Ю.П. 
Казакова  //  Знание.  Понимание.  Умение.  –  М.:  «Московский  государственный 
университет», 2007. 

 №3. – С. 189-194.  
10
 
Михайлов О.Н. И.А. Бунин: Очерк творчества. – М.: Наука, 1967. – 174 с. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақала  И.А.  Буниннің  шығармаларындағы  махаббат  концептісін  көркем  қолдануын 
зерттеуге  арналған.  Жазушы  шығармаларының  қорытынды  талдауына  сүйенсек,  автор 
шығармаларынан  жекелік  және  белгілі  бір  уақыт  шығармашылығына  тән  өзіндік  ерекшелік 
байқалады. И.А. Бунин шығармашылығын махаббат концепциясы тұрғысынан зерттеу барысында 
автор аталған концепті түсінігі тұрақты емес деген шешімге келеді.  
 
RESUME 
 
The  article  is  dedicated  to  the  artistic  expression  of  the  love  concept  in  the  writings  of  I.  Bunin. 
Basing upon the results of writing analysis, the author reveals common features that characterize most of 
his  writings  and  at  the  same  time  characterize  individual  features  inherent  to  a  certain  period  of  his 
creation after identifying in Bunin’s work the concept of love, the author sums that his understanding of 
the concept is not constant.  
 

 
188 
ӘОЖ 8 82 82.0 82.01 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Е. Алимбаев  
Еуразия гуманитарлық институты
педагогика ғылымдарының магистрі 
 
Ж.О. Мәмбетов 
М. Әуезов атындағы әдебиет және 
өнер институты, филол. ғыл. канд., 
доцент 
Жақсылық 
Сәмитұлының 
лирикалық повестері 
 
Аннотация 
Мақалада 
жазушы 
Жақсылық 
Сәмитұлының 
лирикалық 
повестері 
қарастырылған.  Автор  шығармаларына  талдау 
жасалған. 
Түйін 
сөздер: 
Жақсылық 
Сәмитұлы, 
лирикалық повесть, проза, 
 
 
Еліміз  тәуелсіздік  алған  ширек  ғасырға 
жуық  уақыт  ішінде  қазақ  әдебиеті  шет  елден 
келген  қандас  қаламдастар  шығармашылығы 
арқылы  да  байып,  көркейе  түскенін  байқаймыз. 
Әсіресе  қытайдан  келген  қазақтар  ішінде  сол 
жақта  жүріп-ақ  көркемдік  сипаты  жоғары 
шығармалар  тудырған  белгілі  авторлардың 
болғаны белгілі. Олардың көтерген тақырыптары 
да  әр  алуан.  Соның  ішінде  тарихи  тақырыпқа 
жазылған  шығармалардан  күллі  қазаққа  ортақ 
талай  танымдық  дүниелерді  кездестіріп,  бұрын 
белгісіз  болап  келген  тарихи  оқиғалардың  ақ-
қарасын  ажыратуға  кәдімгідей  септігі  тигенін 
қалайша  жоққа  шығарамыз.  Ал  Қытай  жерінде 
өткен  соңғы  жарты  ғасырға  жуық  уақыттағы 
бізге  беймәлім  саясаттың  ащысы  мен  тұщысын 
татқан  қандастарымыздың  басынан  өткен  қиын 
да  қилы  оқиғаларды,  тар  жол  тайғақ  кешуде 
көрген  қорлықтары  мен  зорлықтарын  бей-жай 
отырып  оқи  салу  мүмкін  емес.  Қалай  десек  те, 
адам әрқашан да адам болып қалмақ. Оны қанша 
жерден  қинағанымен  оның  сезіміне,  ойына, 
ақыл-парасатына  билік  жүргізіп,  өктемдік  ету 
мүмкін емес сықылды. Жақсылық Сәмитұлының 
повестерін  оқи  отырып  біз  де  сондай  ойға  келіп 
тірелдік.  
Бұрын 
көптеген 
қытайдан 
келген 
жазушылардың  шығармаларымен  таныса  жүріп, 
олардың  жазған  дүниелерінің  біздің  елдегі 
шығармаларға  қарағанда  босаңдау,  оқиғаны 
тәптіштеп  баяндауға  көп  ден  қойып,  көркемдік 
жағынан  әлсіздеу  болып  келетінін  де  байқап 
қалатынбыз.  Баяндау  тілдерінде  де  көбінесе  біз 
біле бермейтін кірме сөздер мен тіркестер, кейде 
тіпті 
ауызекі 
тіл 
материалдарын 
жиі 
пайдаланатынын 
да 
аңғарып 
қалатынбыз. 
Шынына  келгенде,  таза  көркем  шығармаға  тән 
өлшемдер мен әдіс-тәсілдерді  әлі  де болса жетік 
меңгере қоймаған-ау деген түсінік пен өкініштен 
де ада емес едік.  Ал мЖақсылықм Сәмитұлының  

 
189 
шығармашылық  мұрасымен  таныса  келе  ол  ойымыздың  мүлдем  қате  екеніне  көз 
жеткізгендей  болдық.  Жәкең  расында  да  қаламы  қарымды,  сөзі  орнықты  қалыптасқан 
шебер жазушы екен. Жазушы шығармаларын бей-жай оқып шыға салам деу мүмкін емес. 
Оның қай шығармасын оқып бастасаңыз да аяқтамай орта жолдан тастап кете алмайсыз. 
Ж.  Сәмитұлының  шығармаларының  тартымды  тақырыбы  кімді  де  болса  баурап  алып, 
шымыр да ширақ дамып отыратын сюжеті әрдайым еліктіріп, жұп-жұмыр композициясы 
оқиғаның бүтіндігін сақтап, біртұтас ой желісінен ауытқымай, бір деммен оқылатынын да 
өзіндік ерекшелігі деп қарауымыз керек. Жақсылықтың прозасына психологиялық көңіл-
күйді  барша  болмысымен  танытатын  лирикалық  сипат  тән.  Ол  мүмкін  жазушының  өз 
шығармашылығын ақындық өнермен қатар алып жүруінен де болса керек. 
Оның  «Қаданның  ғашығы»,  «Гүлсара»,  «Саған  бақыт  тілеймін»,  «Атамекен»  деген 
повестері  қазақ  әдебиетіндегі  лирикалық  прозаның  озық  үлгісіне  жатады.«Лирикалық 
проза деген – лиро-эпикалық жанрдың стилистикалық бір түрі, ондағы негізгі мазмұн мен 
композицияның  орталығы  ретінде  кейіпкердің  жан  дүниесі  мен  санасындағы  күйзеліс, 
қаһарманның  өмірді  жақын  сезінуі  қызмет  етеді»  [1,  187].  Лирикалық  прозаның 
стилистикалық белгілер жиынтығы оның поэтикасында эпос пен лирикаға ортақ қасиеттер 
ретінде  өмір  сүруге  және  қоса  қабат  әрекет  етуге  себепші  болады  «Қаданның  ғашығы» 
деген повестке тағдыр талқысына түсіп, сол тұстағы Қытайдағы саяси қателіктің құрбаны 
болған, бас еркінен айырылған азаматтың басынан өткізген оқиғалар арқау болған. Онда 
да оның адам ретіндегі сезімі, мінезі, өзі ұнатқан әйелді жақсы көруі, екеуінің арасындағы 
көбімізге  байқала  бермейтін  нәзік  сезім  шырғалаңы  барынша  көркем  суреттелген. 
Жазушы  айдауда  жүрген  адамның  күнделікті  өмірін  емес,  оның  ғашықтық  сезімін  өз 
шығармасына  арқау  ету  арқылы  адамның  бойындағы  мәңгі  өлмес  махаббат  сізімінің 
өміршеңдігін, оның адам қанша қиналса да жоғалмайтын, өшпейтін қасиет екенін ерекше 
сыршылдықпен  баян  етеді.  Жақсылықтың  шығармаларында  батыс  еуропалық 
классиктердің сюжет құрау, оқиғаны өрбіту әдістері жиі көрініс беріп қалады. Мысалы, өз 
махаббаты үшін өзін құрбандыққа шалуға дайын, неден де болса тайсалмайтын батыл да 
жігерлі  әйелдердің  образдарын  сомдауы,  шығарма  сюжетіндегі  тартыстың  бірден  бірге 
сатылап,  шиеленісіп  отыратын  тәсілдері  Ги.Де.  Мопасанның  шығармашылығына  ұқсас 
сияқты  көрінсе,  оқиғаның  аяқ  астынан  шиеленісті  басталуы,  күтпеген  жерден  шешім 
табуы сияқты мәселелер Проспер Мерименің стилін еске салады. 
«Қаданның ғашығы» повесінде шөл далада велосипедпен келе жатқан жолаушы үш-
төрт жасар бала тауып алады. Неғылған бала, ол мынау айдала-құладүзде неғып жүр деген 
сұрақтар  повестің  экспозициясында-ақ  оқырманды  баурап  алады.  Шығарма  сюжетінің 
тартымдылығынан  болу  керек  оқырман  «неге»,  «қашан»,  «қалай»  деген  сұрауларды 
автордан талап етуді  де естен шығарап алады. Ал баяндау тәсіліне қарап оның Бейімбет 
Майлин  мен  Ғабит  Мүсіреповке,  кейде  Бердібек  Соқпақбаевқа  ұқсас  жақтарының  көп 
екенін  байқадық.  Бұл  автордың  қаламгерлік  өнерінің  қалыптасу  барысында  көп 
ізденгендігін, тек қана қазақ әдебиеті ғана емес, әлем әдебиетімен жақсы таныс болғанын 
айғақтайды.  
Жақсылық  Сәмитұлы  шынайы  суреткер,  ерекше  талант  иесі.  «Суреткер  болу  үшін 
адамға  тума  қабілет,  табиғи  дарын  қажет  екенін..»,  -  мойындайтын  болсақ,  Жәкеңнің  де 
жазушылығы тумысынан қанында бар қасиет екенін жоққа шығара алмаймыз [2, 11]. 
Лирикалық  проза  лирикадан  баяндаудың  субъективтілігін  мұраға  алған,  әлемнің 
санадағы  бейнесін  басқаша  ұғу,  сыртқы  ақиқат  шындық  туралы  ойды  сол  сананың 
элементі  ретінде  пайымдау.  Прозаны  лирикаландырудың  бірінші  белгісі  ретінде 
баяндаудың  моноорталықтандырылуын  және  монологтануын  жатқызуға  болады.  Яғни, 
жазушы өзінің шығармада айтқысы келген негізгі идеясын, пікірін сол өзі сомдап отырған 
бас  кейіпкердің  сөзі,  ісі  мен  әрекеті  арқылы  жеткізуге  ерекше  мән  береді.  «Қаданның 
ғашығындағы»  бас  кейіпкер  –Қадан.  Бірақ  ол  өмір  ағымынан  шыға  алмайтын,  басы 
байлаулы,  тәуекелі  жоқ  жан.  Ал  жазушы  өзі  көрген,  өзі  басынан  кешірген  тарихи 

 
190 
оқиғаларға  қарсылығын  Айнисаның  атынан  жеткізеді.  Әйел  замана  ағымына  қарсылық 
көрсетіп  ашық  күреске  шықпайды,  бірақ  өз  махаббатын  қорғау  үшін,  өзінің  адамдық 
қасиетін сақтау үшін ол көп адамдар бара бермейтін әрекеттерге барады. Айниса тек қана 
мемлекет  жүргізіп  отырған  саясатқа,  сол  режимнің  талаптарына  ғана  қарсылық  жасап 
жүрген  жоқ,  ол  әйел  ретінде,  соның  ішінде  мұсылман  әйелі  ретінде  өз  ар-ұяты  мен 
арының алдында да өз махаббаты үшін күресуге дайын адам екенін дәлелдеп бере алған 
жан.  Бірақ  біз  оның  оқыс  қылығын  немесе  іштейгі  өзгеше  бір  толқуын  ашық  көре 
алмаймыз.  Кейіпкерлердің  көптеген  сипаттары  олардың  бір-біріне  айтқан  сырлары, 
монологтары  арқылы  белгілі  болады.  Шығарманың  лирикалық  сипаты  да  осында  болса 
керек.  Лирикалық прозаның  мәндік  және  құрылымдық  өзегі  ретінде  әлемнен  тыс  қалған 
немесе  өз  тәуелсіздігін  толық  сезінетін  әдеби  қаһарман,  яки  автордың  көзқарасымен 
бірігіп кеткен немесе оны толық қолдайтын кейіпкер көрініс беруі тиіс. 
Эпикалық  шығарманы  –  оқиғалар  желісі  арқылы  мінез  сомдау,  оны  дамытуды 
негізге ала отырып баяндау деп түсінуге де болады. Повестегі оқиғалардың жүйесі оның 
сюжетін  құрайды.  Оқиға  сюжеті  ылғи  да  бірінші  жақтан  баяндалады.  Сонымен  қатар 
автор  суреттеліп  отырған  оқиғаларға  бақылаушы,  әңгімелеуші  ретіндеқатысып  отырады. 
Лирикалық  прозада  күйзеліс,  әсерлену  жоғары  көңіл-күй  жағдайында  көрініс  береді. 
Қаданның  ғашықтығы  да  дәл  осы  шектен  асқан  күйзелушілік,  іштейгі  терең  толғаныс, 
жағары эмоция арқылы сәтті бейнеленген. Қадан алғаш көргеннен-ақ Айниса мен екеуінің 
арасын жалғап тұрған белгісіз бір күштің бар екенін сезеді.. Кейіпкердің жан-дүниесіндегі 
өзгерісті  жазушы  былайша  суреттейді:  «Енді  бір  кезекте  оқыстан  Айниса  екеуміздің 
көзіміз  түйілісе  қалып  еді,  ол  ұзын  кірпіктерін  жыпылықтата  шапшаң-шапшаң  қағып 
жіберіп, теріс қарап кетті» [3, 28]. 
Жалпы,  Ж.Сәмитұлы  адамның  ішкі  көңіл-күйі  мен  портретін  суреттеуге  шебер 
жазушы.  Оның  адам  мінезінің  ең  бір  терең  иірімдерін  берудегі  тапқырлығына,  сөзді 
ойнатып  кез-келген  құбылысты  еркін  бейнелей  алатынына  мына  бір  үзінді  толық  мысал 
бола  алады:  «Мен  не  дерімді  білмей  қысылып  қалдым.  Демімнің  жиілеп,  жүрегімнің 
дүрсілдеп,  тулап  тұрғанын  енді  сездім  де  есімді  жиып  ақылға  келдім.  Кешірілмес  күнә, 
ұятты бір іс істеп алғандай қынжылып, өкіне бастадым. Кіршіксіз де риясыз таза тілекпен 
қарындастық  ілтипатпен  ағалап  бәйек  болып, майысып  отырған  ақ көңіл  бір  жанға  арам 
ниет,  арсыз  нәпсінің  шетін  сездіріп  алғаныма  қиналдым.  Аспандағы  ақ  періштенің  кір 
шалмаған  аппақ  бір  қасиетті  жайнамазын  қап-қара  қолмен  ұстап  алып,  былғап 
тастағандай, сол ұятты саусақ табын жаңа ғана көріп, қалай тазартарды білмей тұрғандай 
бір  қиын  хал  кештім»  [3,  48].  Қаһарманның  жан  дүниесіндегі  толқыныстарды, 
психологиялық  өзгерістерді  автор  барынша  жеріне  жеткізе  ашып  көрсетуге  тырысады. 
«Жазушылар  адам  тебіреністері  мен  көңіл-күйін  дәл,  әсерлі  жеткізу  мақсатында 
физиологиялық  суреттеулерге  жиі  қалам  тартады.  ...Мұндай  көркемдік  тәсілді 
психофизиологиялық  паралелизм  деп  атаған  жөн»,  -дейді  орыстың  белгілі  зерттеушісі 
В.Компанеец [4, 20]. 
Жазушының  «періштенің  аппақ  қасиетті  жайнамазынқап-қара  қолмен  ұстап  алып, 
былғап  тастағандай»  деген  бейнелі  тіркесібұрын  қазақ  қаламгерлері  көп  қолданбаған 
тыңтеңеу, сұлу сурет.  Негізі  Ж.Сәмитұлы тілге бай және сол мол сөздік қорын орнымен 
қисынды пайдалана білетін талғампаз суреткер.  
Замана  илеуіне  түскен  екі  бақытсыз  жанның  арасындағы  сүйіспеншілік  ақыры 
армандарына жете алмай баянсыз аяқталады. Уағдаласқан қалыңдығы бола тұрып, балалы 
әйелмен  бас  қосқанын  әкесі  қаламайды,  рұқсатын  да  бермейді.  Қазақтың  қай  шалы 
болмасын баласының басына осындай таңдау түскенде дәл сондай шешім қабылдайтынын 
іштей сезіп те отырасың. Өмірдің көп жағдайда көңіл ауанымен қабыса бермейтіні де рас. 
«Жол бойы әкемнің бетіне қарамастан, қапалы көңіл күйімді де жасырмай, тілсіз, мылқау 
күйде соңынан ердім де отырдым, әкем де қабағы кірбің тартып, түнерген бойы ләм демей 

 
191 
жүре берді. Ұзақ жолдың ортан белінен ауған бір тұста ғана сәл кідіріп менімен қатарласа 
беріп: 
-
 
Жақсы-ақ адам екен, дұспаны кемітсін, - деді күбірлеп», - деп аяқтайды [3, 58]. 
Автор әке аузына салған осы бір ауыз сөзбен Айнисаның ақылына көркі сай аяулы 
жан екенін нақтылай түседі. 
Жақсылық  Сәмитұлының  келесі  повесі  «Гүлсара»  деп  аталады.  Бұл  да  махаббат 
тақырыбына  жазылған  қызықты  шығарма.  Повестің  фабуласы  ауруханада  танысқан  екі 
жас  Мақсат  пен  Гүлсара  бір  бірімен  сыйласа,  сырласа  келе  арты  үлкен  махаббатқа 
ұласады.  Гүлсараның  күйеуі  бар,  бірақ  отбасылық  өмірлері  баянсыз.  Ал  Мақсаттың 
айттырып  қойған  қызы  бар,  бірақ  Гүлсара  үшін  онымен  арасы  суи  бастайды.  Ақыры 
Гүлсара өмірде көрген қиыншылыққа шыдай алмай, жүрек талмасы науқасына шалдығып 
өмірден өтеді.  
Жазушының  бұл  повесі  махаббат  тақырыбына  арналған  шығармаларының  шыңы 
деуімізге болады. Тілі жатық та көркем, сюжеті шымыр, композициясы селкеусіз жұмыр. 
Ж.  Сәмитұлының  қай  шығармасын  оқысаңыз  да  ол  адам  портреттері  мен  табиғат 
суреттерін әрқилы әдіс-тәсілдер арқылы тамылжыта суреттейді. Қаламгер повестеріндегі 
пейзаждық  суреттеулер  ерекше  идеялық-эстетикалық  маңызға  ие.  Туған  өлке  табиғатын 
жазушы өте нәзік те сүйіспеншілік көңілмен сипаттайды. 
Шығармаларындағы барлық пейзаждық көріністер сол кезеңдегі өмір ағымына сай, 
адамдар  бейнесімен  өзектес  бейнеленген.  Ол  табиғат  суреттері  өзінің  әсем  де  әдемі 
бояуларымен  шығарма  қаһармандарының  рухани  әлемін  ашып  көрсетуге  көмектеседі. 
Онда адамдардың келешекке деген сенімдері, жамандық пен жақсылық арасындағы күрес, 
кіршіксіз таза армандары мен терең ойлары сол табиғат аясында, сол табиғаттың құдіретті 
күшімен  қатар  өмір  сүріп  жатқандай  әсер  қалдырады.  Повестеріндегі  әйелдердің 
портреттерінің өзі оларды қоршаған табиғат көркімен сәйкестікте бейнеленетін сықылды. 
Повестегі  Гүлсараның  портретін  жазушы  екінші  бір  адаммен  салыстыра  отырып 
былайша сипаттайды: «Бір жерден көрген адамым секілденеді. Қашан, қай жерде көрдім 
екен?  Жоқ,  есімде  жоқ.  Біреуге  ұқсатып  отырмын  ба  әлде?  Көзі  кімге  ұқсайды  осының? 
Қалыңдығым – Жәмиланың көзі секілді ме, қалай? Үлкендігі ұқсастау, бірақ мынаның көзі 
дөңгелектеу.  Оның  үстіне  мына  келіншектің  көзінің  алдында  жіп-жіңішке  бір  сызық 
тектес  болымсыз  көлеңке  бар,  онысы  мұның  көзін  тіпті  әдемі  ғып  көрсете  түскендей. 
Жанарына  да  сиқырлы  бір  мұң  нышаны  жасырынған,  құпия  бір  тәтті  сырды  бүгіп 
тұрғандай. Сондығынан ба, көзқарасы тым биязы, сүйкімді екен», -деп өзі сомдап отырған 
образының  портретін  жай  ғана  сипаттап  қоймай,  оның  көзіндегі  мұң  мен  сыр  арқылы 
оның  ішкі  жан  дүниесіне  де  үңіледі,  жаңа  көріп  отырған  кейіпкерінің  өткен  өмірінен  де 
бір жұмбақ сырдың  ұшқынын тапқандай әсерге бөлейді  [3, 60]. Кейде автор кейіпкердің 
бітім  болмысын,  өмір  тарихын  тереңірек  таныту  үшін  қосалқы  образдар  арасындағы 
диалогты да ұтымды пайдаланады. Сынған аяғын гипске орап берген соң, ол ауылдас әйел 
Айшаның бөлмесіне барады. Келесі мінездеме де екінші бір кейіпкер Айшаның аузымен 
айтылады. «-Шіркін жақсы-ақ бала, мінезін айтсаңшы өзінің, жер жылжыса жылжымайды. 
Сондай  біртоға.  Мен,  міне,  төсектен  түсе  алмайтын  болғаныма  екі  жұмадан  асты. 
Сүйенішім осы. Өз қызым секілді. «Жақсының жаттығы жоқ» деген осы екен. Амал қанша 
денсаулығы әлсіз, ара-тұра жатып қала береді. Оныың үстіне теңін тауып қосыла алмаған 
сияқты  байғұс  бала,  -  деп  қалды  да,  сөз  аяғын  шорт  тоқтатты»,  -  деген  үзіндіден  талай 
сырдың беті ашылады [3, 66]. Бұл бір жағынан Мақсаттың да Гүлсараға деген ойын бекіте 
түседі.  Көңіліндегі  ұшқынға  май  құйғандай  әсер  етеді.  Бұл  қаламгердің  шығарма 
сюжетіндегі  шиеленісті  шарықтату  үшін,  логикалық  байланысты  бекіте  түсу  үшін 
пайдаланған ұтымды деталі.  
Ж.Сәмитұлының  прозасын  парақтай  отырып  оның  әр  алуан  тақырыптарға  қалам 
тартқанының куәсі  боламыз. Бірақ  солардың ішінде өзге тақырыптардан оқшау тұрғаны, 
жазушының қалап алғаны - ол өмірдегі ең жоғары құндылық болып саналатын махаббат 

 
192 
тақырыбы.  Бұл  шығармалардың  бәріне  ортақ  тағы  бір  ерекшелік,  бас  кейіпкерлердің 
басынан  өтіп  жататын  трагедиялық  жағдайлар.  Біз  оқыған  қазақ  қаламгерлерінің 
қайсысын  алсақ  та,  махаббатты  дәл  Ж.Сәмитұлындай  сыр  етіп  баядай  алғандары  сирек. 
Оның  повестеріндегі  махаббатәрдайым  риясыз  таза,  ол  сомдаған  кейіпкерлер  сүю  үшін 
ешбір  артық  рахым  тілемейтін,  өз  ғашығы  үшін  басын  бәйгеге  тіге  алатын  қайсар  да 
жанкешті кейіпте бейнеленеді. Оның нақты дәлелі ретінде «Гүлсара» повесін атауымызға 
болар  еді.  Жазушы  мынау  пәни  жалғандағы  адамдар  арасында  сүйе  алатын,  сондай 
сүйіспеншілікке  татитын  адамгершіліктері  жоғары,  ар-ұяттары  беттерінде  мөлдіреп 
тұрған,  рухсыздық  пен  пасықтықтан,  жәдігөйліктен  жоғары  тұратын  адамдардың  бар 
екенін  дәлелдейді.  Қаламгер  сондай  адамдардың  өмірін  арқау  ете  отырып,  асқақ 
махаббатты  жағымпаздыққа,  парықсыздыққа,  екіжүзділікке,  қараулыққа  қарсы  қояды. 
Ж.Сәмитұлы сомдаған ғашықтық сезім - ол асқақ та тәкәппар идеал махаббат. 
Жазушының  баяндауындағы  жан  тербетер  ырғақ,  фольклорлық  ауыз  әдебиеті 
желісіне ұқсас сарындар, жеке өзіне ғана тән поэтикалық синтаксис, іштейгі ұйқастар мен 
қайталаулар  Жақсылықтың  шығармаларын  өзгеше  бір  әуенмен  әрлейді,  психологиялық 
қуатын  арттыра  түседі.  Оның  шығармаларындағы  логикалық  паузалар  мен  көңіл-күйдің 
іштейгі әуенін жеткізіп тұрған инверсиялар, пейжаздың мағыналық рөлі, адам мен табиғат 
арасындағы  психологиялық  қарым-қатынастар  баяндаушы-автордың  адамгершілік-
эстетикалық позициясын айқындайтын элементтер. 
Жақсылық  Сәмитұлының  түсінігіндегі  махаббат  асқақ  сезімге,  өз  ара  терең 
сыйластыққа,  адалдық  пен  әділдікке  негізделген.  Жастықтың  жалынымен  қанша  жерден 
сезім  еркіне  берлсе  де  ар,  ұят,  намыс  деген  бір  ұлы  күш  әрдайым  оның  кейіпкерлеріне 
тізгін  тартқызып,  шектен  шығуға  жол  бермейтінін  байқаймыз.  «Саған  бақыт  тілеймін» 
повесіндегі Нұрлан мен Гүлбанудың махаббаты дәл осы пікірімізге дәлел бола алады.  
Университет  бітірген  жас  жігіт  өзі  арман  еткен  аймақтық  ойын  сауық  үйірмесіне 
музыкаға  сөз жазатын ақын ретінде бөлінеді.Енді  тек  өлең жазам деп қуанады. Бойында 
қуаты тасыған жас жігіт өз жұмысына құлшына кіріседі. Жұмыс істейтін ұжымы да өңшең 
өнерлі  жастарболып  шығады.  Алғашқы  махаббатын  да  осы  жерде  кездестіреді.  Бір  бірін 
жан дүниесімен түсінген екі жас өздерін бақытты сезінеді. Бірақ адам қолымен жасалған 
аярлықтың,  екіжүзділіктің  кесірінен  таза  да  мөлдір  сезімге  қаяу  түседі,  бір  бірінен 
күдіктеніп,  жәдігөй  сайқалдықтың  құрбаны  болады.  Біреуге  жасаған  жақсылығы 
Гүлбанудың өзіне күйе болып жабысады. Ар-ұятты белден басқан Зілиман да өз бақыты 
үшін күресіп бағады. Нұрлан мен Гүлбанудың арасына от жағып, шағыстырып, ақыры өзі 
қалаған  жігітке  тұрмысқа  шығады.  Ал  Нұрлан  өзінің  қателескенін  кеш  түсінеді. 
Шығарманың басталуының өзі өкініштен басталатыны да сондықтан. «Шіркін қыз еді ғой 
ол. Қыз емес-ау, перизат  еді. Қолыма қонған бақыт құсым болатын.Бар ынтығын, аяулы 
асыл  жүрегін,  балдырған  жастық  шағының  жайлаудың  таңғы  ауасындай  тұнық  бір 
тынысын маған ғана арнап еді. Құдайға хақ, тәңірге аян, жүрегінің мөп-мөлдір лүпілі мен 
үшін  ғана  төгілуші  еді-ау»,  -  деген  өкініш  пен  толғанысқа  толы  сөздер  Нұрланның 
монологы  [3,  163].  Ж.Сәмитұлының  баяндау  стилінде  қазақы  әңгімешілердің  ырғағы 
сақталғанын  аңғаруға  болады.  Оның  қай  шығармасын  оқысаңыз  да  ә  дегеннен-ақ 
оқырманын өзінің ерекше бір әуенімен, өзіне ғана тән маһамымен еліктіріп отыратынын 
байқаймыз.  
Прозадағы  ырғақ  қазіргі  әдебиеттануда  жаңалық  емес.  ХХ  ғасыр  басында  прозада 
ырғақ  бар  деген  орыс  ғалымдарын  ақылы  ауысқандардың  қатарына  қосқан.  Ал  қазіргі 
жағдай  мүлдем  басқаша.  Орыс  әдебиеттануы  түгілі  қазақ  әдебиеттануында  да  ырғақ 
туралы біраз дүние жазылды. Бірақ сол ырғақты прозада неден іздеу керек дегенге келер 
болсақ, осы тұста зерттеушілердің көзқарастары бір жүйеге түсіп, тұрақтана қоймағанына 
көз  жеткіземіз.  Орыстың  ХХ  ғасырдағы  әдебиеттанушы  ғалымдары  В.М.  Жирмунский, 
Б.В.  Томашевский,  М.М.  Бахтин,  М.М.  Гиршман  сияқты  белгілі  ғалымдарымен  қатар, 
қазіргі  зерттеушілері  С.В.  Галанинская,  М.В.  Половнева,  О.В.  Черкезовалардың  бұл 

 
193 
мәселеге  оқтын-оқтын  айналып  соғып  отырғанының  куәсі  боламыз.  Бірі  оны 
шығармадағы  уақыт  пен  кеңістіктен  іздесе,  енді  бірі  прозадағы  ырғақты  өлең  жүйесінің 
бірі  ретінде  танылған  метрикалық  сипатынан  табуды  жөн  санайды.  Әрине,  әдебиет  сөз 
өнері болғанымен, оның құрамында ырғақтың, әуеннің бар екенін түйсігімізбен сезінеміз. 
Бірақ соның шынайы болмысы қандай, неден туындаған деген сұрақтарға толық жауапты 
әлі  де  болса  тауып  бере  алмай  келе  жатқандаймыз.  Прозада  ырғақ  бар  екенін  бүгінде 
бәріміз  болмасақ  та  бірталай  жұрт  мойындап  қойды.  Өйткені  кез  келген  шығарманы 
белгілі бір ырғақпен, белгілі бір әуен жүйесіне салып айтатынымыз жасырын емес. Керек 
десеңіз, қолына қалам ұстамаған кез келген қарапайым әңгімешінің өзіне ғана тән әңгіме 
айту  машығы,  өзіне  ғана  тән  ырғағы  бар  екенін  көз  алдыңызға  елестете  аласыз.  Ал 
Жақсылықтың прозасын оқыған кез келген оқырман оның әр шығармасының бір-бірімен 
сөз  саптау  сипаты,  баяндау  стилі  ғана  емес,  композицицялық  құрылымының  өзі 
ерекшеленіп  тұратынын  бірден  айтар  еді.  Ж.Сәмитұлының  суреткерлік  қажыр-
қайратының өзі  сол әр шығармасын жеріне жеткізе өңдеп, жетілдіріп, таза қазақы бітім-
болмысымен оқырманына ұсынуында.  
Жазушы Нұрлан мен Гүлбану арасындағы махаббатты бірте-бірте өрбітіп, оқиғаның 
шиеленісуінің өзін созбалақтап, ұзартып жібергендей әсерде қаласыз. Бірақ онан жалығып 
та кетпейсіз. Қайта таза да пәк ғашықтық сезім осылай жалғаса берсе екен, армандарына 
жетсе  екен  деумен  отырасыз.  Ал  жазушының  шығарған  шешімі  кімді  де  болса  мұңға 
бөлейді.  Өйткені  ол  өмір.  Өмір  екі  қайтара  берілмек  емес.  Бірнеше  жылдан  кейін 
Нұрланның сахнадағы Гүлбанудың әнін тыңдап отырып, іштей толғануы, жанын өртеген 
өкінішті сезім бәрімізге де сабақ боларлық тағлым. Шығарманың эстетикалық мұратының 
өзі сол адамдарды ойландыру, әрдайым әділеттен аттамау болса керек. 
Ж. Сәмитұлы прозасында өзіндік орны бар, көркемдік сипатымен де, тақырыбының 
өзектілігімен  де  ерекшеленіп  тұратын  шығармасы  –  «Атамекен»  повесі.  Повестің 
экспозициясы  Ерлан  деген  жасамыс  жігіттің  Сәлима  деген  жесір  келіншекті  ұнатып 
қалуынан  басталады.  Өзінің  көңілін  білдірген  жігітке  Сәлима  «Туу,  не  деген  қызық 
адамсыз. Кешке дейін айтатыныңыз бір сөз. Мүмкін емес ол. Мен өмір бақи осылай өтуге 
серт берген адаммын. Оның үстіне екі сөйлегенді жек көретін бір қызық мінезім тағы бар. 
Ашық айтайыншы сізге, бұл өмірде мен енді ешкімді де сүймек емеспін. Құдай ақы, шын 
сөзім. Менде жүрек бар дейсіз бе?! Жоқ! Денеге қан таратып беретін жұдырықтай бұлшық 
ет, өлі ет қана бар. Ерге деген махаббаттан, жар сүюден ада болған бір жапырақ ет қана», - 
деп  бетін  қайтарып  тастауға  тырысады  [3,  222].  Оған  да  көне  қоймаған  Ерланның 
ұсынысына  басынан  өткен  оқиғалардың  себебін  түсіндіру  үшін  өзі  жазған  күнделікті 
береді. Мұнан кейінгі повестегі барлық оқиға сол Сәлиманың жазбаларынан өрбиді. 
Бұл  да  ғашықтық  тақырыбына  жазылған  ерек  дүние.  Шығарманы  оқи  отырып  бір 
адамның  жүрегі  төртке  бөлінгендей  сезімді  өз  басыңыздан  өткізгендей  күй  кешесіз. 
Сүйген  жар,  бауыр  еті  баласы,  ардақты  әкесі  мен  туған  жер,  атамекеніне  деген 
сүйіспеншіліктің әр қайсысы таразыға тартылып, сынаққа түскен қайғылы оқиғаның куәсі 
боласыз. Әкесі Мәсіғұт қартайғанда бақ пен дәулетті шет елден тапқысы келеді, соңынан 
ерген  жалғыз  ұлы  Қапас  елден  кеткісі  келмеген  сүйген  жары  Сәлима  мен  балаларын 
қимайды.  Тартыстың  шым-шытырық  өрбитін  тұсы  да  осы  жерден  басталады. 
Шығарманың  тақырыбы  махаббат  болғанымен,  сол  асыл  махаббатын  Сәлима  туған  жері 
үшін  құрбан  етеді.  Повестің  негізгі  идеясының  өзі  отаншылдық  рухты  насихаттау,  адам 
үшін атамекеннің қымбат екенін ұқтыру деп пайымдауымызға болады. 
Автордың  ойын  іске  асыруда  ақиқат  шындықты  таныту  мен  оның  бейнесін 
сомдаудың  ерекше  тәсілі  ретінде  дәстүрлі  сюжет  пен  образ  шығарманың  өзегін 
құрайтыны  белгілі.  Сәмитұлының  повестеріндегі  әйелдер  де  автордың  замана  туралы, 
адам туралы, сол адамдардың көкейлеріндегі армандары мен мақсаттары туралы идеясын 
іске  асырушы  басты  тұлғалар.  Оның  сомдаған  әйелдер  образдары  жинақталған  өзіндік 
болмыстарымен, жалпы адамзатқа тән адамгершілік қасиеттерімен есте қалады. Сонымен 

 
194 
бірге  ерекше  мінездерімен,  бір  қарағанда  ұлттық  сипаттағы  ұяң  да  нәзік  қасиеттерімен, 
сұлу  да  сымбатты  бітімдерімен  де  дараланып  тұрады.  Бірақ  «Қаданның  ғашығындағы» 
Айниса  ма,  «Гүлсарадағы»  Гүлсара  ма,  немесе  «Саған  бақыт  тілейміндегі»  Гүлбану  мен 
«Атамекендегі»  Сәлима  ма,  қайсысын  алсақ  та  уәдеге  берік,  өздерінің  ар-ұяттарын, 
намыстарын  бәрінен  де  жоғары  қоя  білетін  өжет  те  қайсар  жандар.  Оның 
шығармаларындағы  қай  әйелдің  болсын  бойынан  елге,  жерге  деген  керемет 
сүйіспеншілікті,  ұлтқа  деген  шексіз  махаббатты,  отаншылдықты  қапысыз  тани  аласыз. 
Олар өздері біреуді сүйе тұрып бірінші өзін емес, сол өзі сүйген өзгенің қамын ойлайды. 
Солардың  бақытты  болып,  мұраттарына  жетуіне  себепші  болады.  Мұндай  мінездің 
көбінесе  қазақ  әйеліне  тән  ерекше  қасиет  екенін  де  атап  өткеніміз  орынды  болар. 
Жақсылықтың  повестеріндегі  әйелдер  образына  талдау  жасай  келіп,  автор  үшін  әйел 
әрқшан  да  қиналғанда  жол  таба  білетін,  қажыр-қайраты  мол  ерекше  адамдар  ретінде 
суреттелетінін байқадық. 
Қорыта  келгенде,  жазушы  Жақсылық  Сәмитұлы  өзінің  лирикалық  повестерімен 
қазақ  прозасын  көркемдік-эстетикалық  жағынан  байытып  қана  қоймай,  мұң  мен  сырға 
толы жаңа бір жанрдың негізін қалап кетті.  
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет