Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата06.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#7761
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Ахметбекова  С.К.  Реализация  комплексно-интегративного  подхода  в  процессе 
повышения 
квалификации 
управленческих 
кадров 
системы 
образования: 
автореф.дисс.канд.пед.наук:  13.00.08  -  Теория  и  методика  профессионального 
образования. – Караганды, 2009. – 31 с. 
2
 
Ержанова Р.К. Формирование профессионально-педагогического потенциала педагога 
профессионального  обучения  на  основе  синергетического  подхода  в  условиях 
непрерывного образования: автореф.дисс.канд.пед.наук: 13.00.08 - Теория и методика 
профессионального образования. – Караганды, 2009. – 31 с. 
3
 
Гареев  В.М.  Принципы  модульного  обучения  Текст.  /  В.М.  Гареев,  Е.М. Дурко,  С.И. 
Куликов // Вестник высшей школы. - 1987. - №8. - С. 33-36. 
4
 
Громкова  М.Т.  Модульное  структурирование  педагогического  знания  Текст.  /  М.Т. 
Громкова. - М.: Педагогика, 1992. - 134 с. 
5
 
Олейникова  О.Н.  Разработка  модульных  программ,  основанных  на  компетенциях: 
учебное  пособие.  Текст.  /  О.Н.  Олейникова,  A.A. Муравьева,  Ю.В.  Коновалова.  -  М.: 
Высшая школа, 2005. - 69 с. 
6
 
Шамова Т.И. Модульное обучение. Теоретические основы, опыт, перспективы Текст. / 
Т.И. Шамова. - М.: Педагогика, 1994. - 281 с. 
7
 
Юцявичене П.А. Основы модульного обучения Текст.  /  П.А. Юцявичене.  - Вильнюс: 
Швиеса, 1989. - 69 с. 
8
 
Helen  Bound  (2011)  Vocational  education  and training  teacher  professional  development: 
tensions and context// Studies in Continuing Education. Volume 33, Issue 2, pages 107-119. 
9
 
Annette  Salter,  Helen  Bound  (2009)  Using  a  profiling  instrument  to  design  teacher 
professional learning// Journal of Vocational Education & TrainingVolume 61, Issue 1, pages 
53-66. 
10
 
Dr  Mark  Waters  &  David  Wall  (2007)  Educational  CPD:  how  UK  GP  trainers  develop 
themselves as teachers, Medical Teacher, 29:6, e160-e169 
11
 
Гаврилов  Н.А.  Моделирование  дистанционной  образовательной  среды  в  системе 
повышения  квалификации  работников  образования:  автореф.дисс.канд.пед.наук: 
13.00.08 - Теория и методика профессионального образования. – Омск, 2007. – 24 с. 
12
 
Профессиональная  педагогика.  Учеб.  для  студентов,  обучающихся  по  пед. 
специальностям  и  направлениям  /  Под  ред.  С.Я.  Батышева.  –  М.:  Ассоциация 
«Профессиональное образование», 1999. – 620 с. 
 
 

 
89 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  стaтье  покaзaнa  aктуaльность  проблемы  совершенствования  методического  обеспечения 
системы  повышения  квалификации  педaгогов  оргaнизaций  технического  и  профессионaльного 
обрaзовaния,  не  имеющих  психолого-педaгогической  подготовки.  Методическое  обеспечение 
системы  повышения  квалификации  направлено  на  поиск  путей  решения  задач  развития 
профессиональной  компетентности  педагогических  кадров  организаций  ТиПО.  С  этой  целью 
разработан  и  внедрен  в  практику  курс  «Профессиональная  компетентность  педагогов 
технического и профессионального образования», который построен по модульному принципу.  
 
 
RESUME 
 
The article shows the urgency problem of improving the methodological provision training system 
of the teachers’ professional development at institutions of technical and vocational education, having no 
psychological and pedagogical training. The methodological provision of the training system is aimed to 
find the solutions of issues of improving professional competence of teachers of technical and vocational 
educational  institutions.  With  this  aim,  we  developed  the  educational  course  "The  professional 
competence of teachers of technical and vocational training institutions" and implemented it in practice. 
The course was based on the modular principle. 
 

 
90 
ӘОЖ 159.9.07 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.А. Қалыбекова
  
М. Әуезов атындағы Оңтүстік 
Қазақстан мемлекеттік 
университеті, 
пед. ғыл. д-ры, профессор 
 
А. Қайыпова  
М. Әуезов атындағы Оңтүстік 
Қазақстан мемлекеттік 
университеті, магистрант   
Жоғары оқу 
орнындағы болашақ 
педагог-психологтің 
кәсіби даярлығы 
 
Аннотация 
Мақалада 
педагог-психологтің 
кәсіби 
даярлығы  мәселелері  қарастырылған.  Болашақ 
педагог-психологтің 
педагогикалық 
немесе 
кәсібилік  шеберлігін  арттыру  мәселесі  бүгінгі 
күнгі  жоғары  оқу  орны  алдында  тұрған  маңызды 
міндеттердің  бірі.  Өйткені  болашақ  маманның 
кәсіби  даярлығы  оқу  жылдары  кезінде  кәсіби 
шеберлікке мақсатты даярлаумен қатар кәсіби іс-
әрекетке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс.  
Түйін  сөздер:  педагог-психолог,  кәсіби 
даярлық, кәсіби шеберлік. 
 
 
Қазіргі  заманның  кезекті  даму  сатысында 
жоғары  білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім 
кеңістігінде бәсекеге қабілетті сапаға сәйкестенуі 
қажет.  Жоғары  білімнің  мақсатына  жаңа  түсінік 
тұрғысынан  қарасақ,  оны  дамытудың  басты 
стратегиялық бағдары – өмірге жауапкершілікпен 
қарайтын,  дүниетанымдық  мәдениеті  жетілген, 
шығармашылық  ойлауға  дағдыланған,  іскерлік 
қабілеттілігі  биік,  гуманистік  ойлауы  басым, 
заманауи 
білім 
беру 
технологияларымен 
қаруланған,  адамгершілік  қасиеттері  жоғары 
білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру 
болып  табылады.  Болашақ  маманның  кәсіби-
әдістемелік  даярлығын  қалыптастыру  үшін 
мамандығына  сай  арнайы  ғылыми  пәндерден 
терең, жан-жақты білімі  болуы қажет.  Білім  беру 
саласындағы  негізгі  құжаттарды,  білім  беру 
стандарты,  оқу  жоспары,  бағдарламалар,  оқулық, 
оқу-әдістемелік  ғылыми  әдебиеттерді,  сондай-ақ 
озық ойлы педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі 
тиіс. 
Қазіргі  таңда  психология  ғылымына  аса 
үлкен  мән  беріліп,  педагог-психологке  деген 
сұраныстың  артқанын  байқаймыз.  Жаһандану 
процесі барысында менталитеті бойынша әр түрлі 
мәдени  бірлестіктердің  байланыс  қарқындылығы 
адамдардың өзара түсінушілігінің негізгі факторы 
бола  бастады.  Қоғам  үшін  болашақ  педагог-
психологтердің 
біліктілік 
тәжірибесінің 
қалыптасу  маңыздылығы  арта  түсті.  Қазіргі 
қоғамда  әр  түрлі  салалардың,  әр  деңгейлі 
мамандардың біліктілігі, кәсібилігі үлкен маңызға 
ие болып отыр.  
К.К.  Платонов  маманның  кәсіби  даярлығы 
оқу  барысында  кәсіби  шеберлікке  мақсатты 
даярлаумен қоса, кәсіби іс-әрекетке  дайындаумен 
 

 
91 
тікелей астарласуы тиіс деп пайымдайды [1].  
Бұл  білім  саласы  қызметкерлеріне  де  қатысты,  өйткені  біріншіден,  педагог  өз  іс-
әрекет  саласында  білікті  маман  болуға  міндетті,  екіншіден,  кәсіби  білім  алу  қоғамдық 
өндіріске  белсенді  әрі  тиімді  қатысу  мақсатында  тұлғаны  жан-жақты  дамытуға 
бағытталады.  Болашақ  педагог-психологтің  біліктілік  тәжірибесін  қалыптастыру  процесі 
педагогика  ғылымында  теориялық  жағынан  толық  зерттелмеген.  Бұл  тұрғыда  біліктілік 
тәжірибесі  категорияларының  негіздерін  Л.И.  Гришаева,  Л.В.  Цурикова,  Н.В.  Янкина 
құруда,  қазіргі  білім  беру  процесінде  өзара  қатынас  педагогикасының  ерекшеліктерін  
В.А. Беликов, Е.В. Короткова, Н.В. Родионова зерттеуде, В.В. Горшкова мен Р.Ш. Царева 
болашақ  педагог-психологтердің  оқу  процесі  барысындағы  қарым-қатынастың  кәсіби 
даярлықтың басты шарты екенін негіздеуге ұмтылуда. 
«Біліктілік  өз  ісін,  орындайтын  жұмысын,    процесс  пен  кұбылыстың  күрделі 
байланыстарын,  сонымен  бірге  экономика  мен  басқару  ғылымын,  психологияның 
әлеуметтік заңдылықтары мен заңдарын жетік білу». Бұл жағдайда біліктілік «білім» және 
«іс-әрекет» түсініктері арқылы беріледі [2]. 
Мұғалімнің  педагогикалық  –  психологиялық  біліктілігі  –  тұлғаның  белгілі 
сапаларының жиынтығы. «Біліктілік» термині «білікті» сөзінен құралған түсінік. «Білікті» 
дегеніміз competens латын тілінен аударғанда, сәйкес, қабілетті деген мағынаны білдіреді: 
Біліктілік түсінігі педагогикалық кәсібилік құрылымында маңызды болып табылады. 
Маманның  сапалығын  бағалауда  біліктілік  ерекше  орын  алады.  Біліктілікті  ешқандай 
басқа сапамен алмастыруға болмайды, өйткені өз ісінің шебері болу оңай емес [3].  
А.К. Маркова «Оқытушы еңбегінің психологиясы» атты еңбегінде «жоғары деңгейде 
атқарылған  педагогикалық  іс-әрекет,  педагогикалық    қарым-қатынас,  оқушылардың 
білімділігі мен тәрбиелілігі мұғалімнің кәсіби біліктілігінің көрсеткіші болып табылады» 
дейді. Бұл жағдай мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке қажет тиімділік пен біліктілікке 
ие екендігін дәлелдейді [4]. 
Педагог-психологтің негізгі іс-әрекеттеріне түзету-жетілдіру, оқытушылық, ғылыми-
әдістемелік, мәдени-ағартушылық және басқарушылық түрлері жатады. Түзету-жетілдіру 
іс-әрекеттері  оқу,  жаттығу  немесе  кеңес  беру  формасында  жүзеге  асырылады. 
Оқытушылық  және  мәдени-ағартушылық  іс-әрекет  педагог-психолог  жұмысының  негізгі 
бөлігі болып табылады. Оқытушылық жұмыс төмендегі принциптер негізінде жүргізіледі: 
білім  процесінде  оқушылардың  белсенділігін  арттыру;  зерттелетін  пәнге  оқушылардың 
қызығушылығын дамыту; жеке және топтық жұмыстардың әр түрлі формаларын қолдану; 
оқу  процесінде  оқытушылардың  белсенділігі  мен  жауаптылығын  жетілдіру;  оқыту 
барысында балалардың өзін-өзі бағалау, жеке және мәдени ұқсастығын дамыту. 
Педагог-психологтің  ғылыми-әдістемелік  іс-әрекеттеріне  балалар  мен  балалар 
ұжымын  зерттеу,  әдістемелік  тақырыпты  таңдау  мен  даярлау  жатады.  Педагог-психолог 
жеке тұлғаны диагностикалау әдістемелерін, оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлін, 
білім  беру  мекемелеріндегі  оқушыларды  зерттеу  мақсаты  мен  міндеттерін  түсініп, 
кешенді бағдарламаны пайдалана білуге міндетті. Жеке тұлғаны зерттеуде қолданылатын 
әдістер  мен  тәсілдер,  әдістемелер  туралы  білімін  толықтырып,  әр  түрлі  тәсілдердің 
мақсатқа  бағытталуын  қадағалап,  оқу-тәрбие  процесінде  жаңа  әдістер  мен  тәсілдерді 
тиімді  пайдалануға  тиіс.  Сонымен  бірге,  педагог-психолог  әдістемелерді  қолдану 
жолдарын білуге міндетті. Жеке тұлғаны зерттеу формасы мен әдістерін, мазмұнын, өзара 
байланысын,  түрлі  зерттеу  формаларын  қолданудың  мәнін  анықтау,  зерттеу  құралдарын 
білу  оның  маңызды  міндеті  болып  табылады.  Оқушылардың  оқу-танымдық  әрекеттерін 
дамытуда оқу құралдарының рөлін жете түсініп, олардың қызығушылығын оятуда басқа 
педагогикалық міндеттерді шешу мүмкіндіктерін де ескергені жөн. 
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің басты бағыттылығы адамның жеке тұлғалық 
қасиеттерін  қалыптастыру  болып  табылады.  Педагог  әр  тұлғаның  бойындағы 
мүмкіндіктерді  толық  пайдалану  мен  қиын  жағдайда  тығырықтан  шығарар  жол  табу 

 
92 
сенімділігін  арттыруы  қажет.  Тәрбие  процесіндегі  педагог-психологтің  атқаратын  рөлі 
қандай?  
Біріншіден,  педагог  ата-аналарға  тәрбие  процесінде  қажет  білімдерді  береді. 
Екіншіден,  оқушылардың  өзін-өзі  тәрбиелеуі  мен  қайта  тәрбиелеуіне  педагогтің  түзету-
дамыту жұмысы оң әсерін тигізеді.  
Үшіншіден,  педагог-психолог  оқушыларды  өзіңің  жеке  іс-әрекетімен  тәрбиелей 
алады.  
Педагог-психологтің  басқарушылық  іс-әрекеттерінің  негізгі  мақсаты  –  мектеп  пен 
ұжымның  арасында  үйлесімділікті  қамтамасыз  ету.  Басқарудың  келесі  негізгі 
принциптерін ажыратуға болады: біртұтастық; иерархиялық; мақсат бағыттылық; ғылыми 
негіздеу; демократияландыру. 
Білім  беру  мекемесіндегі  педагог  –  психолог  этикалық  нормаларға  сәйкес  кәсіптік 
міндеттердің  шешілуін  қамсыздандыруға,  педагог  –  психолог  пен  клиент  арасындағы 
сенімділікті  сақтауға,  тәрбиеленушілер  арасында  психологиялық  қызметтің  беделін 
арттыруға  ұмтылуы  қажет.  Ол  сақтауға  міндетті  негізгі  этикалық  принциптер  мыналар: 
құпиялылық принципі; біліктілік принципі; жауаптылық принципі; этикалық және заңды 
құқылық  принципі;  психологияны  кәсіби  насихаттау  принципі;  клиенттің  амандығы 
принципі;  кәсіби  бірлесу  принципі;  клиентті  тексерудің  мақсаты  мен  қорытындылары 
туралы ақпараттандыру [5]. 
Педагог-психолог  сабақ  беруде  сендіру  әдісін  таңдаған  жағдайда  аталған 
принциптерді сақтай алады. Білім беру мекемесінің қызметкері болып табылатын педагог- 
психолог  іс  жүзінде  тәрбиеленушілердің,  олардың  ата-аналарының,  мұғалімдердің  және 
басқа оқу процесіне қатысушылардың психикалық және психологиялық денсаулықтарын 
сақтауға  бағытталған  психологиялық  алдын  алу,  психологиялық  диагностика, 
психологиялық  түзету,  психологиялық  кеңес  беру,  психологиялық  ағартушылық  іс-
әрекеттерді атқарады. 
Педагог–психологті  даярлайтын  жоғары  оқу  орындары  иек  артатын  нормативті 
құжат – білім беру стандарты болып табылады. Болашақ маманның кәсіби сапалары оның 
социумда  бекіп  қалыптасқан  нормалар  мен  мемлекеттік  стандартта  берілген  кәсіби-
педагогикалық  функцияларды  орындауға  тиянақты  дайындығы.  Голландия  зерттеушісі 
Дж.Х.Вонк  педагогтің  кәсіби  дамуының  мынадай  кезеңдерін  белгілейді:  маманның 
бастапқы  кәсіби  дайындық  кезеңі  (жоғары  немесе  арнаулы  оқу  орнында  білім  алу); 
бастапқы  кәсіби  кезең  (бірінші  жұмыс  жылы);  мамандыққа  ену  кезеңі  (2-5  жыл  жұмыс 
істеу  жылдары);  алғашқы  кәсіби  кезең  (мұғалім  40  жасқа  толғанға  дейін  жалғасады); 
кәсіби  қайта  бағдарлану  кезеңі  (орта  жас  күйзелісі  мен  одан  кейінгі  жылдар);инерция 
кезеңі (зейнеткерлікке үш жыл қалғанда басталады). 
Тарасов  С.В.  пікірінше,  болашақ  педагог-психолог  өзінің  практикалық  іс-әрекеті 
үшін кәсіби маңызды қасиеттерді (КМҚ) анықтауы қажет. КМҚ қатарына келесі маңызды 
қасиеттер  енгізілген:  коммуникативті  болжамдылық  –  тұлғаралық  қатынастарды  саралау 
қабілеті мен әр түрлі педагог-оқушы, педагог-ата-ана, оқушы-ата-ана, психолог – ата-ана, 
психолог-оқушы  қарым-қатынастарға  ену  мүмкіндігі,  коммуникативті  ептілік  – 
тұлғаралық  қатынастарды  кең  ауқымды  дұрыс  қабылдау  шеберлігі,  эмпатия-басқа 
адамның ішкі жан-дүниесін түсіну оралымдығы, жылы шырайлылық, көмек беруге дайын 
болу мен адамның эмоциялық реакциясын алдын ала болжау [6]. 
Болашақ  маман  психологтің  кәсіби  іс-әрекетінде  қолданылатын  психикалық 
механизмдер  көмегімен  (сараптау,  синтез,  прекогниция,  шешім  қабылдау,  т.т.б.)  үлгі 
шеңберінде  берілген  міндеттерді  айқындауы  керек.  Нәтижесінде  студент  өзін 
психологиялық  зерттеу  субъектісі  ретінде  қабылдап,  санасында  кәсіби  өзін-өзі  тану  мен 
кәсіби іс-әрекет түсінігі қалыптасады. Оның психологиялық мәселелері шешіліп, «Мен» -
өзі  туралы  түсінігі  нақты  құрылымдалады,  болашақ  педагог-психологтің  кәсіби 
рефлексиясы дамып, кәсіби іс-әрекет механизмінің формасы жетіледі. 

 
93 
Жас  педагог-психолог  жұмыс  барысында  бірнеше  маңызды  да  күрделі  міндеттерді 
шеше  білуі  керек:  жаңа  міндеттер  (жұмыс  өтілінде  басқа  ұстаздармен  бірге 
жауапкершілікке  ие  болу);  әрбір  мектепке  тән  орта  (ешкім  түсіндірмейтін  ерекше 
дәстүрлер  мен  жазылмаған  заңдар);  мектеп  басшылары  мен  әріптестер  тарапынан 
ұсынылатын жұмыс түрлері (кейде жас маман өзінен некүтіліп тұрғанын түсінбеуі немесе 
білмеуі); ұстаз және оқушы рөлін қатар атқару (ұстаз бола тұра, тәжірибелі әріптестерінің 
ақылын тыңдап, оқушы рөліне ене білу) [7]. 
Жас  педагог-психологтің  маман  болып  қалыптасуының  үш  жолы  ажыратылады: 
дәстүрлер  мен  ережелер  жүйесін  қарапайым  және  сөзсіз  қабылдау;  оқу  процесіне  өз 
көзқарасын  өзгертпей,  әріптестер  мен  оқушыларға  бейімделу  шеберлігін  бірден  көрсету 
үшін  мектеп  өмірін  мақсатты  түрде  зерттеп,  қабылдау;  ережелер  жүйесін  қайсар 
қабылдамау (бұл стратегия педагог-психолог тәуелсіз, ал қоршаған орта төзімді болса ғана 
мүмкін). 
Педагог-психологтің 
тәжірибені 
жинақтағаны,  мектеп 
өміріне 
үйренгені 
оқушылармен еркін араласып, олардың өзін мұғалім ретінде мойындауынан, мамандықты 
дұрыс  таңдағана  сенімі  күшейгенінен,  өз  пәнін  түсінікті  жеткізгенінен,  әрбір  сыныппен 
өзгеше байланыс жолдарын қалыптастырғанымен, өзін дұрыс бағалай білген белгілермен 
айқындалады. 
Өмір  жолын бастаған педагог шындықпен жанасқанда ерекше қиындықты басынан 
өткереді.  Кәсіпті  меңгеру  үшін  оған  өзіндік  ұстанымы  көмектеседі.  Неғұрлым 
әріптестерімен  қарым-қатынасты  дұрыс  құра  біліп,  мектеп  өміріне  тығыз  араласса, 
соғұрлым  кәсіби  іс-әрекеттері  жылдам  қалыптасады,  әрі  жұмысына  қызығушылығы 
артып,  қуана  жұмысқа  кіріседі.  Алғашқы  кезде  жас  ұстаздарға  мектепте  арнайы 
бағдарламалар (мектеп дәстүрімен байланысты кәсіби мерекелер) көмек береді [8]. 
Мемлекеттік  стандартта  айқындалған  педагог-психологке  қойылатын  талаптар 
жүйесін  қамтамасыз  ету  үшін  жоғары  оқу  орны  студенттері  төмендегі  білім  деңгейлерін 
меңгеруге  міндетті:  пәннің  ғылыми  теориялық  негіздері;  пәннің  ғылыми  әдістері; 
ғылымның  тарихи  дамуы  мен  жетістіктері;  оқушылар  психологиясын  зерттеу;  жеке 
тұлғаны  зерттеуде  қолданылатын  әдістер  мен  тәсілдер;  әдістемелерді  қолдану  жолдары 
мен  зерттеу  құралдары;  оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктері;  педагогиканың 
теориялық негіздері; педагогикалық технология [9]. 
Білікті  педагог-психологті  үзіліссіз  даярлау  жүйесін  жетілдіру  қажеттілігі  бұл 
бағытта  біртұтас  кәсібилік  тұжырымдаманы  құруды  қажет  етеді.  Іс  жүзінде  педагог-
психологті  кәсіби  даярлау  жүйесі  бойынша  қолданылып  отырған  тұжырымдамалар 
жеткіліксіз.  Педагог-психологтің  кәсіби  дайындығына  деген  ғылыми  қызығушылықтың 
артуы олардың іс-әрекеттеріндегі кемішіліктердің, объективті мәселелердің орын алуымен 
байланысты.  Дегенмен,  педагог-психологтерге  мектеп  тарапынан  қойылатын  талаптарға 
жалпы сипаттылық тән. 
Отандық  психология  аясында  педагог-психологтің  кәсіби  іс-әрекетіне  сараптама 
жасау мен психолог тұлғасының кәсіби қалыптасуына арналған іс-әрекет теориясы туралы 
Ю.М. Забродин, Г.М. Зараковский, А.Н. Леонтьев, кәсіби қалыптасу теориялары жөнінде 
Е.А.  Климов,  И.С.  Кон,  тұлғаның  психологиялық  теориясы  жайлы  А.Г.  Асмолов,          
В.С. Мерлин және т.т.б., көптеген жұмыстары белгілі. 
Сонымен  қатар  практикалық  мәселелер  шешімін  таппай  отыр.  Мәселен,  педагог-
психолог  жұмыс  мазмұнының  екі  жақтылығы:  бір  жағынан,  психолог,  екінші  жағынан, 
педагог;  іс-әрекетінің  пәні;  жоғары  оқу  орнындағы  дайындығы,  біліктілігін  жетілдіру. 
Тәжірибе жүзінде педагог-психологке  кездесетін міндеттерді  шешу  де оңай емес. Себебі 
міндеттер  анықталып,  ерекшеліктері  жүйеге  келтірілмеген.  Сондықтан  теория  мен 
практика арасындағы вакуум толтырылуы үшін ерекше зерттеу логикасы, ерекше жүйелі 
идея қажет. 

 
94 
Педагог-психологті даярлауда практикалық міндеттерді шешу, оларды жүзеге асыру 
варианттарын  қарастыруды  қамтамасыз  ету  аса  маңызды.  Педагог-психологтің,  бірінші 
кезекте, қажеттілігі мұғалімнің балаларды дамыту жұмысын біртұтас емес тек белгілі бір 
бағытта  ғана  орындауы  себепті  туындайды.  Бүгінгі  күні  психологтің  білім 
бағдарламалары  мен  технологияларын  даярлауға  қатысу  құқығына  ешкім  күмән  келтіре 
алмайды. 
Педагог-психолог  оқу  циклін  жоспарлауға  байланысты  іскерлік  жүйесін  меңгеруге 
міндетті:  оқу  мақсатын  сындарлы  сипаттау;  оқытушыларды  іс-әрекетке  қалыптастыру 
үшін қажет психологиялық көрсеткіштерді есептеу; көрсеткіштерге сәйкес жаттығуларды 
жинақтау;  психологиялық,  және  дамыту  әдістерін  таңдау,  т.б.  Арнаулы  іскерлік  жүйесі 
оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  анықтаумен,  бейімделу  мен  меңгеру  процесін 
түзетумен  байланысты. 
Қазіргі  күні  педагог-психологтің  дайындығын  сараптауда  оның  мазмұны, 
формалары  мен  әдістері  психолог-зерттеуші  немесе  психология  оқытушысын  даярлауға 
бағытталған  жоғары  оқу  орны  тәжірибесінен  немесе  оқу  процесінде  практикалық 
психология  құралдары:  психодиагностика  әдістерін  меңгеруден  жинақталғанын 
байқаймыз. 
Педагог-психологтің  кәсіби  дайындық  сараптамасының 
мақсаты  барлық 
кемшіліктерді  анықтау емес, бірінші кезекте тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесінде 
жөнделуі мүмкін бөліктерін анықтауды қарастырады. 
Сонымен,  педагог-психологтің  дайындық  сапасын  жетілдіру  үшін  мектеп 
психологінің  мектептің  жалпы  оқу-тәрбие  процесі  жүйесіне  кіретін  іс-әрекеті  мазмұны 
мен  шешетін  практикалық  міндеттерін  зерттеу  арқылы  жоғары  оқу  орнында  кәсіби 
дайындықтың  теориялық  және  практикалық  құрылымын  жетілдірудің  әдістемелік  -
теориялық негіздемесін беру қажет. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Платонов К.К., Глоточкин А.Д. Структура и развитие личности: психология личности. 
- Москва: Наука, 1986. - С.256. 
2
 
Турчинов И.П. Профессионализация и кадровая политика: проблемы развития теории 
и практики. - М., 1998. - С. 245. 
3
 
Русинов  Ф.М.,  Никулин  Л.Ф.,  Фаткин  Л.В.  Менеджмент  в  системе  рыночных 
отношений. Учебное пособие. - М.: ИНФРА-М, 1996. - С.295. 
4
 
Маркова А.К. Психология труда учителя. – М.: Просвещение, 1993. - С. 8. 
5
 
Битянова  М.Р.  Организация  психологической  работы  в  школе.  -  М.:  Совершенство, 
1997. 
6
 
Тарасов  С.В.  Развитие  профессионально  важных  качеств  педагогов-психологов  в 
процессе обучения в вузе: Дис. канд. психол. наук: 19.00.07. - Самара, 2004. - 211 с. 
7
 
Сотрудничество  учителя  и  школьного  практического  психолога.  Сборник  научно-
методических трудов. Под ред. А.К. Марковой. - М., 1993. 
8
 
Дубровина И.В. Практическая психология образования. Учебник для вуза., 4-е изд. - 
СП.: Питер, 2004. - С.592. 
9
 
050103 
«Педагогика  және  психология»  мамандығы  бойынша 
Қазақстан 
Республикасының білім беру мемлекеттік стандарты. - Астана, 2005. 
 
 
 
 
 
 

 
95 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет