ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Block E. The comprehension strategies of second language readers, 1986. – TESOL
Quarterly 20(3). – P. 463-494.
2
Graesser A. An Introduction to Strategic Reading Comprehension. In: Danielle, S. et al.
(eds.) Reading Comprehension Strategies. – New York: University of Memphis, 2007. – P.
3-26.
3
Rogova G. V. Methods of Teaching English. – Leningrad: Prosveschenyie, 1975 – P. 177.
4
Wallace Wallace C. Reading. – Oxford: Oxford University Press, 1992. – P. 39-40.
5
Lunzer E. and Gardner K. The Effective Use of Reading. – London: Heinemann Educational
Books Ltd., 1979. – P. 277.
6
Schoot M., Vasbinder A.L., Horsley T.M., Reijntjes A., Lieshout E. Lexical ambiguity
resolution in good and poor comprehenders: An eye fixation and self-paced reading study in
primary school children, 2008. – Journal of Research in Reading, 31(2). – P. 203-223.
7
Kintsch W. and Kintsch E. Comprehension In: Stahland, S. And Paris S. (eds.) Children’s
reading comprehension and assessment. – Mahwah, NJ: Lawrence Erlbaum Associates, Inc.,
2005. – P. 71-92.
103
8
King A. Beyond Literal Comprehension: A strategy to promote Deep Understanding of
Text. – San Marcos: California State University, 2005. – P. 267-290.
9
Davoudi M. Inference generation skill and text comprehension, 2005. – The Reading
Matrix, 5(1). – P. 106-122.
10
Dudley-Evans and St. John Developments in English for Specific Purposes: A Multi-
Disciplinary Approach. - Cambridge: Cambridge University Press, 1998. – P. 4.
11
McKay S.L. Literature as Content for ESL/EFL. Ed. Marianne Celce-Murcia. Teaching
English as a second/foreign language. – New York: Heinle and Heinle, 2001. – P. 319-332.
12
Collie J. and Slater S. Literature in the Language Classroom. (5th ed.). – Glasgow:
Cambridge University Press, 1991.
13
Canale M. From communication competence to communicative language pedagogy. In:
Richards, J.C. and Schmidt, R.W. (eds.). – Language and communication . London:
Longman, 1983. – P. 2-27.
14
Alvermann D.E., Dillon D.R., O’Brien D.G. Using discussion to promote reading
comprehension. – The Michigan University: International Reading Association, 1987.
РЕЗЮМЕ
В статье резюмируется стратегия понимания текста при обучении английскому языку
студентов разных специальностей. Определены понятия «чтение», «понимание» и «стратегии».
Дается специфическая характеристика использования коротких текстов и внимание акцентируется
на эффективных учебных материалах. Рассматриваются некоторые преимущества использования
коротких текстов при обучении языку студентов неязыковых специальностей. Автор предлагает
несколько эффективных стратегий понимания коротких текстов.
RESUME
This article aims at summarizing reading comprehension strategies be teaching English for Specific
Purposes (ESP) to students of other disciplines. There is an attempt to analyze the notions of ‘reading’,
‘comprehension’ and ‘strategy’. The article provides information about specific characteristics of using
short texts in English classes and the emphasis should be placed on the use of effective teaching
materials, especially on short texts. Some advantages of using short texts by teaching ESP to students of
other disciplines are given in the article. The author suggests some effective reading comprehension
strategies by reading short texts.
104
ӘОЖ 358.754
Т.Ә. Ахметов
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты,
пед. ғыл. канд., доцент
Қожа Ахмет
Иассауи ілімінің
ұрпаққа үлгісі
Аннотация
Мақалада ортағасырлық ойшыл-ақынның
діни, рухани-адамгершілік көзқарасы сараланып,
оның келешек ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы
талданады. Ақынның педагогикалық ой-пікірлері
мен түркі тарихындағы ғұлама-ойшылдардың
идеяларымен үндестігі, сабақтастығы көрсетіліп,
Иассауи салған ақындық, діни, рухани жолдың
бүгінгі жас ақындарға еткен ықпалы, өнеге-үлгісі
әр қырынан айқындалады.
Түйін сөздер: Иман, рухани, дін, Иассауи
жолы, шариғат, хикмет, Пайғамбар, Алла, өмір,
Құран.
Түркі тектес халықтардың көне тарихына
үңілсек, олардың рухани әлемінің аспанынаншоқ
жұлдыз іспеттес Жүсіп Баласағұнидің, Мамұт
Қашқаридың, Қожа Амет Иассуидің жарқырап
тұрған әдеби мұраларын көруге болады. Осы көне
мұралардың сөнбес сәулесі бүгінгі ұрпақтың да
рухани жан дүниесіне жарқырап нұрын сеуіп тұр.
Мың жылдай уақыт бұрын өмір сүрген
ғұлама бабаларымыздың мұралары бүгінгі қазақ
халқының
салт-дәстүрлерімен,
қалыптасқан
этникалық ерекшеліктерімен, бұрынғы ұстанған
діни-наным сенімдерімен біте қабысып, ұлы дала
елінде мұсылманшылықты орнықтыруға зор
ықпал етті.
Әсіресе Қожа Ахмет Иассауи болмаса, түркі
өркениеті, әсіресе қазақ өркениеті осы қалпында
сақталуы, тіпті өмір сүру-сүрмеуі неғайбыл
екендігі ақиқат. Себебі, түркілер VIII ғасыр мен
ХII ғасырлар аралығында ислам дінін қабылдау
кезеңінде арабтану-парсылану үрдісіне тап болған
еді.
Бүкіл
бір
этнос
дәстүрінің,
тілінің,
мәдениетінің жоғалуына тосқауыл қоя білген
Қожа Ахмет Иассауи. Түркі тілін ғылым тіліне,
дін, мәдениет, саясат тіліне яғни мемлекеттік тіл
мәртебесі деңгейіне көтерген қайраткер деуге
болады.
Ол
түркілердің
байырғы
салт-
дәстүрлерін, исламның бес парызын, түркілердің
мұсылмандықты қабылдағаннан кейінгі исламдық
дәстүрлерді негізге ала отырып, түркілердің жаңа
дәстүрлі діни танымын қалыптастырды. Осындай
Иассауи жолының негізінде ислам діні түркілік
сипатқа, түркілік мазмұнға ие болды. Уақыт өте
келе Иассауи жолы
105
Ұлы Далада дүниеге келген Алтын Орда секілді қуатты мемлекеттің діни идеологиясына
айналды.
Адам баласы үшін кеңістік пен уақыттың маңызы ерекше зор.
Уақыт – өлшем. Уақыт – секунд, минут, сағат, тәулік, күндер, жылдар...
Уақытты тоқтата да, шегіндіре де алмайсың.
Уақыт – көзге көрінбейтін дерексіз ұғым. Оны оқиғаға толтырып, әрекет етіп, мал
бағып, талпынып тұқым сеуіп, қалалар салып, материалдық дүниеге айналдырып
заттандыруды Алла тағала адамзат пешенесіне жазған. Уақыт қайнаған өмір. Өмір әртүрлі
– жақсы, жаман, мәнді, мәнсіз. Ол уақытты қалай өткізгеніңе, не істеп, не тындырғаныңа,
халыққа, қоғамға қалай қызмет істегеніңе байланысты. Мағынасыз, қарын қамымен,
пендешілікпен күн өткізу бар да, уақытты өкінішсіз өткізіп, отбасыңда берекелі, мерейлі
болу, сүйікті ісіңмен айналысып, жұртқа қызмет істеу, халық қамын ойлап, елдің
мүддесіне шыға білу бар. Бұл – өмір сүру! Мән-мағынасыз күн өткізу, ізденбеу,
талаптанбау, талпынбау, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, байкүйездік, ізгілікке ұмтылмау,
қайырсыздық, қайырымсыздық секілді тоғышар тірлік бақытсыздыққа бастайтынын
әркімнің көзі жеткен. Мұндай пенделер қоғамды кінәлап, бар пәлені айналасындағыларға
жабады. «Тағдыр тәлкегіне түстім», «тағдырым қиын болды» деп, тағдырынан көреді.
Тағдырды мойындау керек. Діни қағидаға сүйенсек, тағдырды мойындау – парыз. Бәрі
Алланың ісі, Алланың маңдайға жазғаны. Алайда Жаратушы Қасиетті кітап Құранда
тағдырға тәуелді бол демейді. Әркім өз ісіне жауапты болуы керектігін айтады. «Құдай
пешенеме жазғаны осы» деп күнәһарлық іс жасау, өзін кінәлі санамау жай пендешілік,
түсінбеушілік, жалпы айтқанда, имансыздық.
«Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасында» тағдырға сену – парыз, сондай-ақ,
оның жақсылығы да, жамандығы да Алладан деп сену – міндет екені айтылып: «Тағдыр –
Алла Тағаланың жаратылыстан жасырын сыры. Оны Алланың Өзінен басқа ешкім
білмейді. Тіпті, пайғамбарларға да, періштелерге де беймәлім» [1, 5], – делінген.
Қоғамның ауруы – адамның ауруы. Адамның рухани тірегі – Ар мен Имандылық.
Сондықтан да Адам тәрбиесі, оның ішкі рухын көтеріп, ділін байыту, санасын жетілдіру
бірінші кезекте тұруы керек. Тәрбиесіз берген білімнің қауіпті екендігін данышпан
бабамыз әл-Фараби жақсы айтып кеткен. Оны тарих керуені де дәлелдеп берді. Өткен
замандардағы адамзатты қырып-жоюға арналған алапат атом құралдарын, кешегі, бүгінгі
біздің ғасырымыздағы сутегі бомбаларын ойлап тапқандарды білімсіз дей аламыз ба?!
Жалпы адамның жауы – адам. Бұрын солай болған, қазір де жалғасын тауып келеді.
Сонда не істеуіміз керек?! Бұған адамзат тарихындағы қырғын соғыстар дәлел.
Ал көне тарихқа үңілсе, XII ғасырдан бастау алған Қожа Ахмет Иассауи ілімі,
дәстүрі, міне, осы сұраққа жауап беріп, адамзатты ізгілікке шақырып, мейірімділікке,
бауырмалдыққа, имандылыққа, тән тазалығына, жан тазалығына, кішіпейілділікке
жетелейді. Ақ пен қараны ажыратуға көмектесіп, дүниетанымымызды жетілдіре түседі.
Рухани дүниелерімізді байытып, Арлы болуға үндейді. Өйткені Ахмет Иассауи ілімі
Құраннан бастау алып, пайғамбар хадистерінен нәр жинаған ақиқат жолы, хақ жолы. Оны:
«Менің хикметтерім білгенге өсиет дүр, білмегенге кериет дүр [2, 84], «Менің
хикметтерім Алладан пәрмен, оқып ұққанға бар мағынасы: Құран» [2, 84], – деп өзі де
айтады.
Араб тіліндегі «Шариғат» сөзі – «Мұсылмандық құқық» дегенді білдірсе, «Тарихат»
сөзі – «рухтың пісіп-жетілу жолы» деген мағынада қолданылады. Тарихат – ақиқатты тану
жолы, Жақиқат – Алланың барлығын және оның бірлігін тану, өмірдің болмыстың мән-
мағынасын тану жолы. Құдайға, құдай ісіне, жаратушыға кәміл сенетін адам – ақиқат
жолын ұстанған адам. Ақиқат жолы – ауыр жол. Алайда, сенім, құдаймен қатынастың
мүмкіндігіне сенетін кісі – ақиқатқа жетеді. Алланы тану және онымен бірігу үшін әр
софы ең алдымен өзін-өзі діни – рухани жағынан жетілдіріп, Алланы танып, онымен
106
іштей бірігуі, тоғысуы, қауышуы керек. Қожа Ахмет Иассауидің әйгілі «Диуани хикмет:
Ақыл кітабына» негізінен осы ой арқау болған.
«Хикмет» деген сөздің өзі де арабшадан қазақшаға аударғанда «ақыл», «парасатты
сөз», «дін ілімі»» «ең шынайы ғылым арқылы ең шынайы болмысты (Тәңірді) тану» деген
мағынаны білдіреді екен. «Құранда қолданылған «хикмет» ұғымы – «шынайы иман “(ал-
иман-ус салиха), «парасатты іс» (аламал-ус-салиха), «парасатты ой» (ат-тафакур ус-
салима) бірлігінен тұратын адамға берілген ерекше қабілет”, - дейді Қожа Ахмет Иассауи
мұраларын зерттеп жүрген ғалым, ислам филасофиясы теология докторы Кенжетай Досай
Тұрсынбайұлы [3, 162]. Қожа Ахмет бабамыз 24 хикметінде Құдыретті бір Аллаға
сыйынып, өз кемшіліктерін айтып, өзін сабырлыққа шақырып, жаратқанға мінажат етеді,
1081. Қаһар атты қаһарыңнан қорқып жылар Қожа Ахмет,
1082. Раһман атты рахымыңнан үміт күтер Қожа Ахмет.
1083. Күнәм көп менің кешірігейсің, ия, Алла,
1084. Барша құлдың ішінде күнаһары Қожа Ахмет.
1085. Екі жүзді арсыздар пасықпенен жүреді,
1086. Жанға сенбес арамдардан қорқып жылар Қожа Ахмет.
1087. Тарихатты білмедім, хақиқатқа кірмедім,
1088. Пір бұйрығын қылмадым, сылтауы көп Қожа Ахмет.
1089. Ақыр заман болған дүр, патша залым болған дүр.
1090. Арам, шүбә толған дүр, қайран болар Қожа Ахмет.
1091. Шерменде, күнәлі құлыңмен, ғашық жолында бұлбұлмын,
1092. Арыстан Бабаға құлмын, құлың болар Қожа Ахмет.
1093. Құл Қожа Ахмет, басыңды ий, жыламақты әдет қыл,
1094. Бәле келсе сабыр қыл, хақтан бәрі, Қожа Ахмет [2, 37].
Кім-кімнің де өзін тануы – Алланы тануы. Барша адамзат тағдыры – бір Алланың
қолында. Ахмет баба соны ұқтырып:
38. Дүр мен гауһар сөзін ғаламға ашса
Оқып ұқса, бір Алланы таныса, – [2, 86] десе, Әмір Кейкаус та «Кабуснамасында»:
«Алдымен әрбір жан өзін өзі тани білсе, Алла тағаланы да таниды [4, 9] – дейді. Шәкәрім:
«Адам өзін таныса, құдайды да танымақ» [5, 21].
Аллаға ғашықтық тақырыбы әсіресе ертедегі Шығыс әдебиетінде көп кездеседі.
Алайда кешегі Кеңес заманында түркі тілдес халықтардың да, Шығыс ойшылдарының да
дін жайындағы өлең-жырлары жарыққа шықпады. Тек тәуелсіздігімізді алғаннан кейін
ғана тоқырап қалған имандылыққа бастайтын жырларымызды қайтадан жаңғырта
бастадық. Әлемдегі екінші ұстаз, ғұлама Әл-Фараби: «Уа, Алла! Мәртебемді биік ет! Әр
ісімнің соңын қайырлы қыл! Мақсат-мұраттарымды асыл қылып, іске асыр! Уа, шығыстар
мен батыстарың иесі!» [6, 80] десе, ортағасырлық ойшыл ақын Жүсіп Баласағұни:
“Әзиз, уә, күллі ұлылықтың иесі, жер мен көкті жаратқан, тірі жанның бәріне ризық
берген құдіреті күшті тәңірге ырзамыз. Әрі ол атақ-даңқа бөлене берсін!” [7, 38] – деп
Аллаға шүкіршілік етеді. Сонымен қатар Жүсіп Баласағұни:
“Адамдардың ең абзалы пайғамбарлардың қасиеттісі ұлы елшісі Мұхаммед
Мұстафаға сансыз сәлем, мархабат болсын! Оның серіктестері болған Әзіз, уа қымбатты
сахаба-салауат айтады. Ал, алла разы болсын! Тәңірінің ризық, нұры жаусын!” [7, 38] –
деп адамзаттың асылы Пайғамбарымызға, оны сахабаларын салауат айтады. Ал ислам
әлемінің ұлы ойшылы Имам Ғазали:
“Енді Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағаланын пәктік мүбарактігіне келсек, ол сап таза
және ғазиз теберік те және қиялдайтын нәрселерден де таза. Ешбір жай, Алла тағаланың
тұрақ Жер – мекені болмайды” [8, 50] – деп Алла Тағаланың сыр-сыйпатын суреттеуге
талпынады. Қазақ ойшылдары да дінге байланысты өздерін толғатқан мәселелерді айтып
отырған. Мысалы, Ыбырай Алтынсарин:
107
“Қанша мақтау бір Құдай табарак уа тағалаға лайық. Ол лайықтылығында ешбір зат,
мақлұқта теңдесі жоқ” [9, 7] – десе,
Философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы:
“Өлшеусіз сансыз ғаламды басынан жоқта бар қылған құдіретіне өлшеу жоқ, теңдес,
шерігі жоқ, мінсіз алла тағалаға сансыз ризалық шүкір, мұнан соң алла тағаланың абзал
жаратқан ақыр заман пайғамбары Мұхаммед Мұстафа Салиалла Ғалиассалам қазіретіне
салауат мұнын соныңда ей, достар!” – [5, 7] деп аса қамқор ерекше мейірімді Алла
Тағалаға мадақ айтып, оның соңғы елшісіне салауат жолдайды.
Мұхаммед пайғамбардың өсиет хадистерінде:
«Алла тағалаға құлшылық ет! Аллаға ешкімді теңестірме! Аллаға шын жүрегіңмен,
дәл көз алдында тұрғандай жалбарын. Ағаштарды, тауларды көргенде құдайдың
құдіреттілігін есіңе ал» [10], [10, 83] – делінеді. Жоғарыдағы ұлы ойшылдардың сөзі
Құранға, пайғамбар хадистеріне сүйеніліп айтылғандығы көрініп тұр.
Алланың құдіреттілігін айтып, мінажат ету, сыйыну, пайғамбарға мадақ айту қазіргі
жас ақындарымыздың өлеңдерінде де кездеседі. Бұл дәстүр сабақтастығы, ұрпақ
жалғастығы. Жәкен Омаров пен Мұхитдин Исаұлы бірігіп жазған «Хикмет – уллах»
өлеңінде:
Махаббатымен күллі ғаламды жаратқан,
«Өзің» деп, Алла, күніміз батып, таң атқан.
Махшарды ойлап, мазамыз кетер, я, Рахман,
«Алсақ» деп, «орын» момындар тұрған санаттан.
Я, Алла, «Сен!» деп, сыңғырлайтындай бұлақтар,
Сыбдырлайтындай жасыл жапырақ, құрақтар.
Буырқанғанда мұхиттың жалды толқыны,
«Сабыр» деуменен сабаға түсіп тұрақтар.
“Құранға сенген адамзат арып-арымас,
Есірке «Ғаффар», есіміңді айтсақ, кәрі-жас.
Құлшылығымыз құбылып тұрған құлмыз ғой,
Өзіңді Алла өзіңдей ешкім танымас,” – десe [11, 9-10].
Қайрат Игманов:
“Бисмилләһир-рахманир-рахим!
Тура қарап хас шындықтың көзіне,
Сезімімді салсам ақыл тезіне.
Барлық мақтау айтылуға тиісті,
Жаратушы, Хақ тағалам, өзіңе!,” – [11, 194] деп тебіренеді.
Дастан Ақаш:
“О АЛЛАҺ!
Ұлы АЛЛАҺ, теңдессіз ғаламдағы,
Қиялың жетпес ғажайып санаңдағы.
Армандары адамның тұр қолында,
Жақындатар ізгі, жақсы амалдары.
О АЛЛАҺ !
Ұлы АЛЛАҺ, сыйынар тәңіріміз,
Құдіретіне Аллаһтың қанығыңыз.
Қолында оның тағдыры күллі әлемнің,
Тоқтап жүрек, соғатын тамырыңыз”, – деп Алланы мадақ етеді
[11,24].
108
Гүлнәр Шәмшиева:
“Күн көзіне еріген гүл секілді
Жұпарымен орадым жыр-жетімді.
Сұлу көркің әлемге көрсетілді,
Я, Расул, саған салауат.
Алау таңда есімді білмей жандым,
Сұр өмірді өзіңсіз сүрмей калдым,
Соғысып қап, қайғыға гүлдей жандым,
Я, Расул, саған салауат.
Үмметім деп төгесің жасыңды кіл,
Сағыныштан бұл жасым жосылды бір.
Табаныңа қояйын басымды бір.
Я, Расул, саған салауат”, – [11, 20 б.] деп, бір Аллаға салауат айтып:
“Жұпарың жүрегімді қозғап кетті
Қыс тірлік қапелімде жаз боп кетті.
Шапағатың шертті ме саз боп шекті
Я, Мұхаммәд, саған болсын бар жақсылық.
Парасат, сұлу келбет, сенде қандай
Кәусарыңа жете алмай, шөл де қанбай,
Ұшайын, дүние деген шерде қалмай,
Я, Мұхаммәд, саған болсын бар жақсылық.
Періштелер айналған құжыраңда,
Мединеңе жете алмай қызығам да.
Алматының батады сызы жанға
Я, Мұхаммәд, саған болсын бар жақсылық”, – деп жақсылық тілейді
[11, 20].
Осы өлең жолдарынан, діни толғаныстардан сонау ХI ғасырда өмір сүрген Қожа
Ахмет Иассау бабамыз бен бүгінгі заманның ақын ұл-қыздарының арасындағы рухани
сабақтастықты, таным мен ойдың жалғастығын, діни дәстүрге деген беріктікті көруге
болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы. - Астана, 2015. - 19 ақпан.
2
Иассауи Қожа Ахмет Диуани хикмет: Ақыл кітабы. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2007.
– 312 б.
3
Кенжетай Д. Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымы. – Түркістан, 2004. – 341 б.
4
Қабуснама. Жобаның авторы Мырзагелді Кемел. - Астана: Аударма. 2002. – 176 б.
5
Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты. – Алматы: Қазақстан, Мерей Ақиық, 1993. –
80 б.
6
Ислам ғұламалары. / Аударған С. Ибадуллаев. - Алматы: «Ғибрат баспа үйі», 2008. –
120 б.
7
Баласағұн Ж. Құтты білік/Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін
жазған А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
8
Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали. Бақытқа жету әліппесі: Халықаралық
педагогикалық, арнаулы және мұсылман мектептеріне арналған ғибратнамалық
дінтану сабақтары. – Алматы: «Қасиет», 1998. – 120 б.
9
Алтынсарин Ыбырай. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Шадиат-ул-ислам/Дайындаған
А.Сейдімбеков. – Алматы: Қазақстан, ТПО Қаламгер, 1991. – 80 б.
10
Мұхаммед Пайғамбардың өсиет хадистері. – Шымкент: Азиат, 2005. – 96 б.
109
11
Аллаға мадақ (таңдаулы діни өлеңдер). – Алматы: 2010. – 256 б.
РЕЗЮМЕ
В статье дан анализ духовно-нравственных, религиозных взглядов поэта-мыслителя
средневековья Ходжа Ахмета Яссауи и отмечено их значение в воспитании подрастающего
поколения. Показаны преемственность, созвучность педагогических мыслей поэта с идеями
других тюркских мыслителей. В статье приведены поэтический пример и влияние Ходжа Ахмета
Яссауи на молодых современных поэтов Казахстана.
RESUME
The article analyzes the spiritual, moral, religion Middle Age poet-thinker Khoja Ahmed Yassaui’ s
views and their importance in young generation education. The continuity, the consonance of pedagogical
thoughts of the poet with the ideas of other Turkic thinkers are pointed out. This article shows an example
of poetry and the impact of Khodja Ahmed Issaui on young contemporary poets of Kazakhstan.
110
УДК 37.013 (075.8)
Н.Т. Нығыманова
Еуразия гуманитарлық институты,
пед. ғыл. канд., доцент
Этнопедагогика –
ұлттық құндылық
мектебі
Аннотация
Этнопедагогика, халықтық тәрбие ұғым-
дары көптен бері педагогика ғылымының арнайы
зерттеу пәні ретінде қарастырылып, көптеген
педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарына
арқау болуда.
Түйін сөздер: этнопедагогика, халық
педагогика, құндылық, тәрбие.
Этнопедагогика,
халықтық
тәрбие
ұғымдары көптен бері педагогика ғылымының
арнайы зерттеу пәні ретінде қарастырылып,
көптеген
педагогикалық
ғылыми-зерттеу
жұмыстарына арқау болуда. Солардың бірінде
ғалым С. Ғаббасов халық педагогикасының
адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім екенін,
...ал
«этнопедагогика»
адамның
тән
құрылысының дұрыс жетілуіне әсер ететіндігін,
ерекше
даралап
бөліп
айтады
[1].
К.Ж.Кожахметованың зерттеулерінде А.Э.Из-
майловтың
пікірлері
келтіріліп,
«халық
педагогикасының
жалпы
қабылдаған,
жалпыадамзаттық белгілеріне ерекше зейін
аударатыны» - айтылады [2]. К.Ж. Кожахметова
көптеген ғалымдар пікірлерін басшылыққа ала
келіп, халық педагогикасы жайлы: «біз халық
педагогикасын халықтың біліміне шоғырланған
халықтық
тәрбие
тәжірибесінің
және
педагогикалық
ой-пікірлерінің
жиынтығы
ретінде қарастырамыз», - дейді [2, 21 б.]. Халық
педагогикасы, халықтық педагогика ұғымдары-
ның мән-мағынасына Отандық ғалымдармен
қатар, шетелдік ғалымдар өз пікірлерін білдіріп
отырған. Е.Л. Христова:«Халықтық педагогика –
халық бұқарасының, таптың педагогикалық
санасы, олардың мүддесін көздеп, әлеуметтік
теңдік үшін күресе білетін адам қалыптастыруға
бағытталған педагогикалық қызметі. Дәстүрлі
педагогикадан айырмашылығы жеке ұлттарға
қызмет етуінде» - деп анықтама береді [3]. Ал
И.Ф.Харламов өзінің «Педагогика» атты оқу
құралында
халық
педагогикасы
мен
этнопедагогикасының ара – жігін ажыратып
береді: «тәрбиенің халықтық және ұлттық
ерекшеліктерін зерттеу ерекше педагогикалық
пәннің – этнопедагогиканың зерттеу пәні болды.
...
Кейде
жеке
басылымдарда
халық
педагогикасы мен этнопедагогика синонимдер
ретінде қарастырылды.
111
Бұл - дұрыс емес. Жоғарыда аталып өтілгендей, халық педагогикасы - бұл тәрбие
туралы алуан түрлі этностардың халықтық тәжірибесі мен санасында қалыптасатын
идеялар мен көріністердің жиынтығы. Ал этнопедагогика – бұл осы халық тәжірибесін
және көріністерді зерттеумен айналысатын арнайы ғылыми пән» [3, 4 б.].
Халықтың әлеуметтік мәдениеті мен рухани құндылықтарының, оның әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлерінің адамның азамат болып қалыптасуында рөлі маңызды. Сондықтан жеке
тұлғаны толыққанды тәрбиелеуде этнопедагогиканы оқытпау немесе оны қолданбау
мүмкін емес. Қазіргі кезде қоғам алдындағы тәрбиелік мақсаттарды шешу үшін әдет-
ғұрып пен этнопедагогиканы педагогика ғылымының әдіснамалық-теориялық
жағдайларымен біріктіру өзекті мәселе болып табылады.
Қоғамның жаңаруы мен оны демократияландыру үрдісінде біздің қоғамның тарихы,
кезінде ұмытылған немесе тыйым салынған халықтың рухани әрекеттері, өткеннің
мәдени-тарихи мұралары жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде қажеттілікке ие болып, этникалық
педагогика қайта өрледі және бұл бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып
табылады. Этнопедагогикалық білім беру – болашақ мұғалімдердің жас жеткіншектерге
сапалы тәрбие беруінің негізіне айналды.
Бүгінгі күні, еліміз егемендігін алған заманда ұлтымыздың салт-дәстүрлері жаңғыра
түсіп, ел мақтанышына айналып отыр. Ұлттық салт-дәстүрлер – өмір тәжірибесінің
мектебі. Мәселен, қазақтың қай баласына болмасын, ұлттық тағам түрлерін біліп қана
қоймай, оларды әзірлеу, қонағын ұлттық тағамдармен сыйлау, ұлттық өнерді бағалау және
құрметтеу, оны меңгеру ешқашан артықтық етпейді. Ана тілін құрметтеу, ол тілде жатық
әрі әсерлі сөйлей білу де қазақ баласының рухани байлығы болып табылады.
Ұлттық спорт түрлері де жаңғырып, «тоғыз құмалақ», «көкпар» ғана емес, асық
ойнау да баланың қимылы мен зейін-зердесін ширататын спорттық ойын түрлеріне
айналды. Тіпті кейбір қазақтың ұлттық салт-дәстүрі интернационалистік сипат алды деп
те айта аламыз. Мысалы, қазақтың ұлттық тағамы «қазақша ет» бүгінгі күні сан ұлттың
сүйікті тағамына айналды деп айта аламыз. Таяуда ғана, Астана күнін тойлау мерекесінде
бұл тағамның «Гиннес» кітабына тіркелгені белгілі. Қазақтың ұлттық сусыны қымызды
даярлау технологиясы да көп елдерге кеңінен тараған. Қазақтың зергерлік бұйымдары
қазіргі кезде талай ел сұлуларының баға жетпес құнды әшекейлеріне айналды. Бұл -
ұлттық салттар мен дәстүрлердің өміршеңдігінің дәлелі.
Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшелігі де жоқ емес. Кең жазира далада
көшіп-қонып жүрген қазақ халқы сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына,
мәдениетіне, тарихына қарай өскін жастарды айрықша талап қоя тәрбиелеуге тырысты.
Айталық, жас жігітке «сегіз қырлы, бір сырлы» деген өлшем берсе, жас қызға «қызға
қырық үйден, қала берсе, ошақ басындағы күңнен тыйым» деген тәрбие тәсілін берді. Бұл
екеуі де өсіп келе жатқан ұл мен қызға қойылатын талаптың ең жоғарысы еді. Алдыңғысы
ер жігітті шаруашылықтың да, өнердің де сан қырын толық меңгерген, ақыл-мінезге бай
азамат болып өсуге бағыттаса, екіншісі қыз баланың әдептен озбай, бойы мен ойын бірдей
күтіп-баптап ұстайтын көргенді де ақылды, пайымды жан болып өсуіне қойылатын
талаптар еді. «Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында (ұлттық
психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогика) мен салт-дәстүр
ерекшелігінде (этнографиясында) деп білеміз. Қазақ халқының психологиялық ой
толғаныс ерекшелігін сөз етсек, ол – тұспалдап, мақалдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме,
толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну» - деп ой түйеді ғалымдар [4].
Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинағаны
белгілі. Ол: «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын
ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен
келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп, қазақтардың сөзге
тапқырлығы мен шешендігінің өзіне ерекше әсер еткенін жазған [4,37 б.].
112
Қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі жоғары философиялық ерекшелігі бар түрі –
төрт түлік малды қастерлеуі. Олар бар тіршіліктің көзі, тұтқасы – мал деп түсінген де,
оларға айрықша мән, баға берген. Бір–бірімен кездесе қалған қазақтардың ең алдымен
«мал-жан аман ба?» деп сұрауының да басты себебі осында болса керек. Ішсе – сусын,
жесе – тамақ, кисе – киім, жүрсе – көлік болған төрт түлік мал қазақ баласы үшін өмірінің
мәні, тіпті заңы болып есептелген. Малы жоқ немесе малынан айырылған қазақтың өмір
тіршілігінде еш мән-мағына қалмағаны анық. Бұл олар үшін шыбын жанынан
айырылғанмен барабар еді. Сондықтан да қазақтар мал бағудың, оны өсірудің қыр-сырын
жақсы білген, балаларын да осыған үйреткен. Осы әрекетке сай туындаған мақал-
мәтелдердің де тәрбиелік мәні зор болған. «Малдының беті жарық, малсыздың беті – көн
шарық», «Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас», «Мал баққанға бітеді» деген
мақалдар да малды, ауқатты болу үшін оны бағып-баптауды мақсат тұту керектігін
уағыздайды. Бұл – қазақ халқының ұлттық психологиясындағы айрықша ерекшелік дер
едік.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі және бір айта қаларлық ерекшелік –– көшіп-
қонумен байланысты болып келеді. Айталық, қазақтар көшіп келген ағайынға міндетті
түрде ерулік, ал көшіп бара жатқан ағайынға көшерлік ас берген. Көктемде тойланатын
Наурыз мерекесі, бие байлау, қымыз жинау, уызға шақыру, күздікте қарын-майға, қыста
соғымға шақыру, жаңа түскен келінді отқа шақыру, күйеу баланың отқа май құюы сияқты
ырым-жырымдар – халқымыздың қонақжайлығын көрсететін, өз ұрпағын адамгершілікке,
сыйластыққа тәрбиелейтін пәрменді тәрбие құралы.
Ақыл-ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі. Қазақ халқының жастарды
тәрбиелеуде бай тәжірибесінің бірі - балалардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге құмарлығын
дамытудағы халықтық тәрбие. Баланың ой-өрісін кеңейтуде халықтың ауызша
шығармашылығының бай мазмұны, жетілген тұлға идеалын қалыптастыруда үлкен рөл
атқарды. Өмірге жаңа келген жас сәбидің тілін ширату да халық үшін аса маңызды шара
болып табылған. Ол үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында
жаңылтпаштар, сан үйрету мақсатымен халық санамақтарды шығарған.
Санамақты айтқызу арқылы халық бала санасына жаңа түсінік, жаңа ұғым берген.
Баланың айналада өзін қоршаған ортаға деген ой-өрісі кеңейіп, заттарға мән бере қарауы
артып отырған. Бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін мақал-мәтелдердің, ойдан шығарған
ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Олар баланың тіл байлығын молайтады, сөз мағынасын
ұғуға тәрбиелейді. Сонымен қатар, ертегілер баланың қиялын қанаттандырып, сан түрлі
әлемді шарлатады, баланың рухын тәрбиелейді. Ең бастысы, оларды жүйелі ойлауға және
жүйелі сөйлеуге үйретеді. Аңыз - әңгімелердегі Қорқыттың өлімнен қашуы, Асан
қайғының жер жаннаты - жерұйықты іздеп шарқ ұруы, Жиреншенің ақымақ патшамен сөз
сайыстыруы және халық арасынан шыққан Аяз бидің ақылының арқасында ірі беделге ие
болуы нанымды жайт. Олардың тәрбиелік мәні зор, олардың оқиғалары да тыңдаушы
балаларды сан түрлі ойға салып, ізгілікке жетелейді.
Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу отбасындағы
еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл
баланы қозы, лақ қайтаруға, отын – су әзірлеуге, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-
жабдық жасауға әзірлеу, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, қонақ күту т.б. үйреткен. Қыз
баланың үй ішін жинай білуі, үй жиһаздарын күтуінің де тәрбиелік мәні зор.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда осындай халық
тәрбиесін үлгі етеді. Ал адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін
жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек,
адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік - адамның рухани
арқауы. Жасөспірімдерді адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат
ретінде тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты
еңбегінде «әрбір тәрбиеші халықтық тәрбиемен танысуы шарт» дегені жас ұрпақтың
113
бойына ұлттық сана-сезім қалыптастырудың бірден-бір көзі болды. Жазушының тұлға
тәрбиелеудегі адамгершілік қасиеттің рөліне басты назар аударғаны да осыдан белгілі [5].
Халықтық тәрбие сан қырлы. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып тәрбие өзегі десек, олар
отбасы тәрбиесінен бастау алатын тәрбиенің сан түрлерінде өзінің заңды жалғасын
табады. Дене тәрбиесі, баланың ақыл-ойын жетілдіру, оны еңбекке тәрбиелеу, балаға
берілетін ақыл-ой тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесі жеке адамды зиялылық жағынан
қалыптастырудың көзі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |