СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
Самойленко В.В. История медицинской деонтологии. – М., 1998.
2
Рыскельдиева Л.Т. Идейные основания юридической деонтологии. Ученые записки
Таврического национального университета им. В. И. Вернадского. Серия
«Юридические науки». Том 23 (62). - 2010. - № 1. - С.3-10.
3
Филатова И.А. Деонтологическая компетентность как одна из важных норм качества
педагогического образования. Понятийный аппарат педагогики и образования:
сборник научных трудов/ отв..ред. Е.В.Ткаченко, М.А. Галагузова. - Вып.7. -
Екатеринбург: СВ-96, 2012. - С. 327-336.
4
Кертаева Г.М. Основы педагогической деонтологии. – Павлодар: ПГУ им.
С.Торайгырова, Кереку, 2009. - 283 с.
5
Мардахаев Л.В. Социально-педагогическая деонтология. Понятийный аппарат
педагогики и образования: сб.науч.тр. [Текст]/отв.ред. Ткаченко, М.А.Галагузова. –
Вып.6. - Екатеринбург; изд-во «СВ-96», 2010. - С. 308-315.
ТҮЙІН
Мақалада әлеуметтік педагогтің деонтологиялық құзыреттілігінің қалыптасуының өзектілігі
қарастырылады. Сонымен бірге «деонтология», «құзырет», «құзыреттілік» «деонтологиялық
құзыреттілік» терминдерине түсініктеме беріледі.
RESUME
The authors of this article discusses the relevance of the formation of deontological competence of
the social teacher. The definition of the concepts of "deontology", "competence", "deontological
competence" are given.
97
ӘОЖ 378.147:811.111
А.М. Мухтарханова
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
пед. ғыл. канд., доцент
Ағылшын тілін
оқытуда қысқа
мәтіндерді оқудағы
түсіну тәсілдері
Аннотация
Мақаланың мақсаты тілдік емес мамандық
студенттеріне ағылшын тілін белгілі мақсатта
оқытуда оқып-түсіну тәсілдерін үйрету болып
табылады. Мақалада «оқу», «түсіну» және «тәсіл»
ұғымдарын
нақтылауға
қадам
жасалған.
Ағылшын тілі сабақтарында қысқа мәтіндерді
қолданудың арнайы сипаттамасы ұсынылады
және тиімді материалдарды таңдаудың ерек-
шелігіне екпін түсіріледі. Сонымен қатар,
мақалада тілдік емес мамандық студенттеріне
ағылшын тілін белгілі мақсатта оқытуда қысқа
мәтіндердің артықшылықтары мен оларды оқып-
түсіну тәсілдері ұсынылады.
Түйін сөздер: оқу, түсіну, тәсілдер, ағылшын
тілін арнайы мақсатта оқыту, қысқа мәтіндер.
Оқу дегеніміз не? Оқып-түсіну тәсілдері
дегеніміз не? Оқып-түсінудің тиімді әдістерін
айқындау үшін «оқу», «түсіну» және «тәсіл»
ұғымдарын нақтылаймыз.
Е. Блок пікіріне сүйенсек, «Оқу дегеніміз,
егер оқушы жазбаша мәтінді түсінгісі келсе,
белгілі бір күш жұмсап, мәтіннен мән-мағына
іздеп, оны құрастырып, түсіну үдерісі» [1].
А. Грессер: «Оқу дегеніміз, үйренетін бір-
неше деңгей мен компоненттерден тұратын,
ерекше жұмыс түрі», - дейді [2]. Қарапайым
әңгімені оқу үшін оқушы сөздерді, сөйлемдерді
түсінуі керек. А. Грессер қарапайым түсінудің
бірнеше
деңгейлері
мен
компоненттерін
ерекшелейді:
1. Сөздер графема мен морфемалардан
тұрады.
2. Сөйлемдер синтаксистік құрылымдар мен
стилистикалық ерекшеліктерден тұрады. Сөйлем-
дерді
түсіну
үшін
оқушы
зат
есімнің
референттерін (байланысатын сөздер), дискурс,
пресуппозиялар мен болжалды шешімді білуі
керек.
3. Оқушы мәтіндегі жаңа ақпаратты
салыстыра анықтай алуы және жалпы ақпаратты
білдірмей, жасырын түрде анықтай алуы керек.
4. Жоғары сатыларда оқушы мәтіннің
жанры мен риторикалық құрылымын, сюжет пен
түрлі кейіпкерлердің болашағын, тақырыпты
айқындай білуі керек болады. Мәтінді түсіну мен
интерпретациясы және аталған деңгейлерді
үйлестіру жақсы, үлкен оқушы минутына 250 ден
400 сөзге дейін оқығанда қол жеткізеді [2].
98
Шетел тілін үйренуде оқу маңызды шеберліктердің бірі болып табылады, тілдік
әрекеттердің бірі: сөйлеу, жазу, тыңдау және оқу дамытылады. Оқу арқылы шетел тілін
үйренуші өзін қоршаған әлем туралы білімін ұштайды, өзінің интеллектісін байытады,
жады мен қиялын, ынта-тілегін дамытады. Г.В. Рогова бойынша «оқу жалғыз мақсат емес;
ол шетел тілін үйрену құралы. Мәтінді оқу барысында оқушы әріптер мен дыбыстарды
қайталайды, сөздер мен грамматиканы, сөздердің айтылуын, сөздер мен сөз тіркестерінің
мәнін есте сақтайды» [3]. Оқушы неғұрлым көбірек оқыған сайын, лингвистикалық
материалды есте сақтау да күшейе береді. Тіл үйренушілер біртіндеп түпнұсқа
материалмен жұмыс істеп бейімделеді, ол өз кезегінде одан әрі мақсатталмаған оқу
тәжірибесін күшейтеді [3]. Оқу өзі жеке мүмкіндік қана емес, сонымен қатар адамзаттың
әлеуметтік, мәдени жағдайын бейнелейді және ой үдерісі ретінде қабылданады. Оқушы
мәтіннің мәнін түсінуге ғана емес, ондағы негізгі ойды және автордың мақсаты мен
идеясын түсінуге тырысады.
Уоллис қажетті ақпаратты алу үшін қолданылатын, мәтіннен үйренетін бірнеше
себептерді атайды: түрткі үшін оқу, үйрену үшін оқу, ләззат алу үшін оқу. Түрткі үшін оқу
дереу, тез ақпарат алу үшін қолданылады. Үйрену үшін оқу жалпы білімді ұштау үшін,
өзімізге жартылай белгілі фактілерді есте сақтау үшін, сонымен қатар, ой тудырып, ой
жетектеп, кейбір пікірлерді айқындау үшін қолданылады. Ләззат алу үшін жеке
мақсаттағы орындалатын іс - ол міндетті емес [4]. Ағылшын тілін шетел тілі ретінде
оқытуда үйрену үшін оқу, ләззат алу үшін оқу қолданыла алады.
Оқуды жүзеге асыруда, әрине, ағылшын тілін үйренушінің белгілі бір деңгейінің
болуы маңызды. Тілді оқытуда студенттің Ланзер анықтаған оқу машықтарының
иерархиясына сәйкес, оқу дағдысы және мәтінді оқу тәсілдері болуы керек. Олар:
Бастапқы қабілет (жеке әріптерді, әріптер қатарын немесе толық сөздер; әріпке
сәйкес, дыбыс немесе сөдер);
Аралық, орташа дағдылар (сөйлемдерді қабылдау дағдысы);
Түсіну дағдылары: (субдағдылар). Сөзбе-сөз түсіну (ашық берілген ойды түсініп,
талдау дағдысы); қайта ұйымдастыру (талдау, сиетездеу, таңдау және ойды қайта електен
өткізу дағдысы); логикалық дағды (мәнді интерпретациялау және ‘жолдар арасынан оқу’
дағдысы); бағалау (ұсынылған материалдың сәйкестігін бағалай білу); құндылығын
бағалау (эстетикалық әсеріне орай пікір білдіре білу). Авторлардың пікірінше, тұтас
иерархия бір уақытта оқытылуы керек. «Түсіну дағдыларының» деңгейі түрлі оқыту әдіс-
тәсілдерін қажет етеді. Оқуды үйрету дегеніміз, оқытылатын қажеттіліктер және зерттеу
дағдыларын тәжірибеден өткізу: «кітап төңірегінде өз жолыңызды табудан бастап, жазып,
түртіп алу, ақпарат пен идеяларды алып, сақтап, издеуге дейін» [5].
Оқуды түсіну ұғымына келетін болсақ, «Оқуды түсіну – көптеген түрлі төменгі және
жоғары деңгейдегі үдерістер мен дағдылардың нәтижесі. Төменгі деңгейдегі үдерістер
мен дағдылар, негізінен, орфографиялық ақпаратты шешу мен сөздерді анықтауға
қатысты болып келеді. Жоғары деңгейдегі үдерістер мен дағдылар – оқу тәсілдерінің
көмегімен мәтіннің нақты ментальды үлгісін құру болады» [6]. В. Кинч пен Е. Кинчтің
пікіріне сүйенсек, « ... түсіну дегеніміз жалғыз унитарлық түсінік емес, көптеген дағдылар
мен әрекеттердің жиынтығы [7]. Бірақ А. Грессер, тіпті әбден машықтанған оқушы да
мәтінді адекватты түсінгендігін білмеуі мүмкін деген кері пікір береді [2]. А. Кингтің
айтуынша, «түсіну үдерісі мәтіндегі ақпарат жайлы ментальды көрініс тудыру және ол
көрініс кейінірек материал бойынша мәліметтерді еске түсіру керек болғанда, пайдаға
жарайды [8]. Ланзер мен Гарднер бойынша, түсіну «өзінің білетін және мәтіндегі негізгі
ойды салыстыра отырып, мәтіннен тың және маңызды ойды алу үшін, негізгі ойға
вербалды формаларсыз қол жеткізу [5]. Ғалымдардың пікірінен, оқуды түсіну дегеніміз,
қарапайым түсіну, бірақ өте күрделі бихавиористік әрекет және үдеріс деп түйіндеуге
болады.
99
Кинчтердің оқуды ментальды ұсыну деңгейлеріне сәйкес, Кинг түсінудің келесі екі
түрлі деңгейін ұсынады: үстіртін (сөзбе-сөз) және терең түсіну. Үстіртін (сөзбе-сөз) түсіну
сөздің мәні мен сөйлемдердің көпшілігін түсіну. Терең түсіну идеяларды байланыстырып,
қорыту, сыни тұрғыдан мұқият сараптау және кейде автордың мотивін түсіну болады [7].
М. Дэвоуди, әдетте, студенттер үстіртін (сөзбе-сөз) түсінуге көңіл бөлетіндігін және оның
себебі оқытушының қысқа, фактілерге негізделген жалаң сұрақтарында және бірнеше
жауапты тест сұрақтары да фактілік білімге негізделеді дейді [9]. Терең түсіну мен білімді
жүзеге асыру үшін оқушы терең түсіндірмелер мен себептерді іздеуі қажет.
Бір жағынан, тиімді оқу түсінуге байланысты, екінші жағынан алғанда қажетті оқу
дағдыларын қолдануға байланысты. Ланзер мен Гарднер оқуды түсіну субдағдыларға
бөлінбейді деп пікір айтады [5]. Олар оқуды түсіну «жалғыз дағды» деп қорытындылайды.
Бұл оқу үдерісі жайлы унитарлы пікір ғалымдардың ерекше дағдылар жайлы емес, оқу
тәсілдері жайлы пікірлесуіне әкелді [4]. Оқу тәсілдері мәтіннің түрі, оқушының мақсаты
мен жалпы жағдаят мазмұнына байланысты өзгеретін мәтінді сараптау жолдарынан
тұрады [4].
Оқуды түсіну тәсілі белгілі бір контекстік шарттармен іске асатын, түсінудің
бірнеше аспектілерін жақсарту мақсатындағы когнитивті немесе бихавиористік әрекет.
Тәсіл дегеніміз, ауық-ауық белсендірілетін және толықтырып, бекітіліп отыратын ұзақ
уақыт есте сақталатын қарапайым білім бөлігі [2].
Алғашқы төрт оқу тәсілдерін Ланзер мен Гарднер ұсынған: рецептивті оқу,
рефлективті оқу, тез қарап шығу және тиянақты оқу. Ланзер мен Гарднер бойынша,
рецептивті оқу ең танымал және тыңдаушы арекетіне жақынырақ. Рефлективті оқу оймен
жиі бөлініп отыратын оқу түрі. Тез қарап шығу оқу керек пе және нені, қай жерін оқу
керектігін шешпес бұрын, тез және мәтіннің не туралы екендігін білу үшін оқылады.
Тиянақты оқу тез қарап шығудың бір түрі, бірақ нақты деталь мәтінде бар екендігін
айқындау болады. Бұл тәсілдерді қолдану мәтіннің күрделілігіне және оқушының
мақсатына байланысты [5].
Қысқа мәтіндермен жұмыс істеу.
Ағылшын тілін белгілі мақсатта оқыту (ESP) ағылшын тілін оқытудың басқа жеке
саласы. Дедли-Ивансқа сүйенсек, «Ағылшын тілін белгілі мақсатта оқытудың негізгі
анықтаушы ерекшелігі оқыту мен материалдар оқушының қажеттіліктерін талдау
нәтижесіне негізделеді [10]. Сандра Маккей [11] студент мәтінді қызығып оқиды, егер
мәтіннің мазмұны шынайы өмірге және қызығушылықтарына сәйкес келсе деп айтады.
Тілдік емес мамандық студенттеріне ағылшын тілін оқытуда, мамандыққа байланысты
мәтін алынады, себебі шетел тілін оқытуда студент үшін кәсіптік қызығушылық үлкен
маңызға ие. Арнайы кәсіби сөздерді оқытумен қатар, оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу
дағдыларын оқыту мәнге ие. Бірақ арнайы материалды таңдау, кейбір субъективті
факторларға байланысты.
Біріншіден, бірінші курс студенттері мамандыққа қатысты емес жалпы білім беру
пәндерін оқиды. Келесі фактор бойынша, тілдік емес мамандық студенттерінің барлығы
ағылшын тілінен жақсы емес. Соңғы фактор, арнайы тілдік дағдыларды дамыту
мүмкіндіктері шектеулі. Кейде шектеулі уақыт аралығында көлемді мәтінмен жұмыс істеу
қиынға соғады. Қысқа мәтін шағын және түсінуге жеңіл.
Сондықтан екпін тиімді оқыту материалдарына, әсіресе қысқа мәтіндерге негізделуі
керек. Неге қысқа мәтіндер? Қысқа мәтінмен жұмыс істеу тілдік емес мамандық
студенттері үшін тиімді, себебі олар негізгі мақсатқа қол жеткізе алатындықтарына
сенімді болады және берілген тапсырмаларды орындай алады.
Коли мен Слатер [12] қысқа мәтінмен жұмыс істеудің төрт артықшылығын атайды.
Бірінші, қысқа мәтіндердің көлемі бір немесе екі сабақта толық жұмыс істеуге ыңғайлы.
Екіншіден, қысқа мәтіндер студенттің тәуелсіз жұмыс істеуіне күрделі емес. Үшіншіден,
қысқа мәтіндерде түрлі қызықты таңдаулар бар. Төртіншіден, қысқа мәтіндерді барлық
100
деңгейдегі (бастапқы-жоғары) студенттермен, барлық жастағы (жас-үлкен) және барлық
сыныптарда алуға болады. Өздері түсінетін қысқа мәтінмен жұмыс істеу бірінші курс
студенттері үшін тіптен қызық. Арнайы терминологиямен пайдалы материалмен жұмыс
істеу студенттің пәнге қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Қысқа мәтіндерді оқуда тиімді түсіну тәсілдері.
Ағылшын тілін белгілі мақсатта оқыту аудиториясында қысқа арнайы ағылшын
мәтіндерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін қысқа мәтіндерді оқуда тиімді түсіну
тәсілдеріне назар аударғанымыз дұрыс. Қысқа арнайы ағылшын мәтіндерімен жұмыс
істеуде студент метакогнитивті тәсілдерді, оқу кезінде ойлап, бақылау үшін қолдануы
тиімді. Олар өздерінің түсінуін және кейбір түсіну қиыншылықтарын бақылауға
мүмкіндік береді. Студенттің болашақ мамандығына қатысты арнайы терминологияны
меңгеруге мақсатталған бірнеше тиімді түсіну тәсілдері бар:
- Мәтінді қарап шығып, таныс емес сөздерді табу;
- Қарап шығып, қандай грамматикалық қиындықтарды анықтаңыз;
- Сөздердің мағынасын шешіп, мәнін түсіндіріңіз;
- Күрделі, қиын сөйлемді тауып, сөйлем мәнін өз сөзіңізбен жеткізіңіз;
- Мәтінді қайта қарап шығыңыз.
Орташа деңгейдегі тіл дағдысы бар бірінші курс студенті негізгі ойды білдіретін
және мәтінді түсінуге көмектесетін негізгі сөйлем мәнін шеше алмайды. Мұндайда шетел
тілін оқудағы ең қарапайым тәсіл таныс емес сөзді сөздіктен қарау болып табылады.
Сөздің түсініктемесін немесе сөзді сөздіктен қарау, сол сөзбен сөйлемді қайта оқу және
содан кейін тұтас сөйлемді түсіну стратегиялық когнитивті әрекет болады. Ағылшын тілі
сабақтарында жиі қолданылатын тәсілдердің бірі-контекстуалды сөз анықтамасы тәсілі.
Бұл тәсіл көз қимылдары арқылы жүзеге асады, яғни сөйлемді бірнеше қайтара оқу
арқылы мәнін шешу.
Графикалық тәсілдер жаңа сөздермен жұмыс істеуде тиімді болады. Диаграммалар
студенттердің жаңа сөзге түсіндірме берумен ғана шектеліп қоймай, оның мәніне,
контекстіне және арнайы мамндық сөздеріне жататын сөздердің мағынасына баса назар
аударуға көмектеседі. Сондықтан көбірек сөз жаттауға түрлі тәсілдер тиімді. Алайда
студенттің жұмысқа қызығушылығын жоғалтып алмас үшін, қысқа мәтінге тым көп жаңа
сөздер енгізілмеуі керек.
Жалпы сөздік қоры аздау студентке арнайы мамандық мәтінін түсіну кедергілер
туғызатындықтан, студенттің лингвистикалық және тілдік құзыретін арттыратын келесі
қарапайым тәсілдер пайдалы көрінеді. Себебі, қысқа мәтіндер студенттің сөз қорының
көбеюіне және оқу дағдысын дамытуға үлесі зор болады:
1.
Келесі ағылшын сөздері мен сөз тіркестерін мәтіннен оқыңыз. Олардың
мағынасын тексеріп, қазақша баламаларын беріңіз.
2.
Сөздің ағылшынша баламасын беріңіз.
3.
Келесі сөздердің синонимдарын атаңыз.
Ағылшын тілін белгілі мақсатта оқытуда мәтіннің мәніне улкен көңіл бөлінеді,
себебі қысқа мәтіндегі арнайы мамандық ақпараты студент үшін аса зор мотивация көзі
болады.
Сөздерді
мәтіндегі
ақпаратты
пайдаланып,олардың
түсіндірмесімен
сәйкестендіру, түсіну сұрақтарына жауап беру, мәселені талқылау т.б. тапсырмалар
студенттің сыни ойлауын арттырары сөзсіз.
Арнайы мамандық мәтінін студенттің түсінгендігін тексеретін тиімді жолдарының
бірі сұрақтарға жауап беру тәсілдері. Бұл тәсіл студенттерді сұрақтарға дұрыс жауап
беруге бейімдейді. Сұрақтардың бірнеше артықшылықтарын атауға болады:
1.
студенттерге оқу мақсатын нақты түсіндіру;
2.
студенттердің ықыласын нақты нені оқу керектігіне аудару;
3.
оқу барысында белсенді ойлауға көмектесу;
4.
студенттердің мәтінді түсінгендігін тексеруге икемдеу;
101
5.
студенттерге мәтіннің мазмұнын шолуға және өздерінің білетін ақпаратына жаңа
оқыған ақпаратты ұштастыруға көмектесу.
Маңызды мәселелердің бірі-студенттің ықыласын мәтіннен айқын (эксплиситті)
және жасырын (имплиситті) ақпаратты ала білуге аудару. Тапсырмалар жүйелі
ұйымдастырылған жағдайда студент мәтінге бірненше рет оралып отырады, бұл сөздерді,
сөз тіркестерін, тұтас сөйлемдерді және жаңа ақпаратты көріп есте сақтау үшін маңызды.
«Тілді сыни ойлай оқу арқылы меңгеру лингвистикалық құзыретті меңгеруден
әлдеқайда жоғары. Сыни ойлай оқу бұл дискурстық құзіретті, социолингвистикалық,
прагматикалық және стартегиялық құзыреттерді меңгеру болады» [13]. Төмендегі сұрақ
түрлері студентке тілді сыни ойлай оқу арқылы меңгеруге ықпал етеді:
Болжау тапсырмалары студенттің ықыласын мәтін тақырыбына аударуға және
студенттерді жұмысқа бейімдеуге көмектеседі. Студенттер мәтін мазмұны мен ондағы
ақпаратқа қызығушылық тудырады. Мәтін не туралы екендігіне қызығушылық танытады.
Болжау тапсырмалары студенттің қорыту, бағалау және мәтін туралы пікір айту
дағдаларын қалыптастыруға ықпал етеді. Студенттерге мәтіннің не жайлы болатындығы
жайлы болжау немесе ойлау және талқылау тапсырмалары ұсынылады. Болжау
сұрақтарына жауап беруде студенттер әдетте өздерінің білетін біліміне сүйеніп жауап
береді.
Оқу алдында мәтінге және тақырыпқа ден қою сұрақтарымен жұмыс істеуде
студенттен мәтіннің тақырыбы жайлы және мәтіннің бірінші бөлігін оқып, 1-2 сұраққа
жауап беру сұралады.
Мәтіндегі негізгі ойды іздеу тапсырмаларында студент берілген сөздер немесе
сөйлемдер арасынан бір дұрыс жауап табады немесе дұрыс емес нұсқаны дұрыс нүсқаға
ауыстырады.
Нақты тапсырмалар мәтіннен табылатын фактілерге, белгілі ақпаратқа негізделеді.
Тапсырманың бұл түрі студенттің мәтіндегі ақпарат жайлы ойлануын және мәтін ішінен
жауапты «іздеп» мәтінге қайта-қайта оралуын талап етеді.
Ой-толғау тапсырмалары студенттің өз білгені, білімі мен мәтіннен жаңадан не
үйренгенін ойлап, талдауды талап етеді. Студенттің сұраққа жауап беруде мәтінді түсінуі,
қорыта білуі және жаңа ақпаратты өзінің бұрыннан білетін білімімен ұштастыра білуі
қажет. Тапсырманың бұл түрі студенттердің ой-қиялын ұштап, сыни ойлауына түрткі
болады және жеке пікір білдіруге ұйтқы болады.
Студенттің оқуды түсінгендігін тексеруде жалпы және арнайы сұрақтар тиімді.
Бірінші жалпы, сосын арнайы сұрақтарға жауап беру арқылы студенттер өздерінің не
оқып жатқандығын түсіне алған, алмағандығын біле алады.
Мәтіннің жалпы мәнін қорыта айту студенттен оқып жатқан мәтінде ненің маңызды
екендігін анықтауын және оны өз сөзімен жеткізуді талап етеді. Мәтіннің жалпы мәнін
қорыта айту студенттерге негізгі идеяны талдап, оны қосалқы идеялармен
байланыстырып, қажет емес ақпаратты алып тастап, не оқығанын есіне түсіруге
көмектеседі:
1. Негізгі ой (идея) қайда?
Тауып, астын сызыңыз.
Онда неше мысал берілген?
2. Мәтіннен төмендегідей сөйлем түрлерін анықтаңыз:
Басты тақырыптағы сөйлем
Қосалқы сөйлемдер
Қорытындылаушы сөйлем
Түсінуге тиімді тәсілдердің тағы бірі оқытушы берген тапсырмаларды жұппен
немесе аздаған топпен орындау болып табылады. Студенттер мәтінді түсіну үшін бірге
жұмыс істейді, түрлі түсінуге тиімді тәсілдерді пайдалана отырып, бір-біріне көмектеседі.
Оқытушы студенттердің топшаларда жұмыс істеуіне ықпал етуі керек.
102
Қазіргі уақытта қоғамның болашақ маманға қоятын талаптары өсті. Болашақ маман
құзырлы тұлғаның жоғары біліктері мен дағдыларын ұсынуы керек. Бұл қазіргі жоғары
технология заманында студенттердің көпсалалы дағдыларын дамытуға түрткі болып
табылады. Мәтіннен алынған мәселелерді талдау немесе мәтінде ұсынылған ой-пікірлер
жайында талқылау (дебат) ұйымдастыру, миға шабуыл тапсырмалары, сыни оқу тәсілдері
студенттердің қатысымдық, сыни ойлау дағдыларын, мәселені шешу, топта жұмыс істеу
т.б. білік, дағдыларын дамытуға бастау болады. Мұндай тәсілдерді тілдік емес
мамандықтарға ағылшын тілін белгілі мақсатта оқыту аудиториясында қолдану өте
маңызды болады.
Талқылау арқылы түсіну студент үшін жоғары деңгейдегі ойлауға әкеледі.
«Талқылау (дискуссия) үйренген, оқыған фактілер мен ақпаратты басқалардың
интерпретациясымен қарау арқылы студенттің түсінуіне ықпал етеді. Талқылау ұзақ
уақыт есте сақтауға әсер етеді. Талқылауда белгілі бір концепт жайлы пікір білдіруші
студент сол концепт жайлы кейінірек қайтадан басқа пікір тыңдауға мүмкіндік алады»
[14]. Талқылау студенттердің мәтіндегі идея жайлы сыни ойлауын арттырып, топтағы
барлық студенттердің пікір айтып, жұмысқа белсене қатысуға қызығушылығын тудырады.
Болашақ маманның шығармашылық тұрғыдан ойлауы, тиімді қарым-қатынас
жасауы, өзара және топтық қарым-қатынастың тамаша дағдыларын көрсете білуі керек.
Сондықтан, арнайы мамандыққа қатысты қысқа мәтіндерден алынған білім мәселені
шешу тапсырмаларында мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Мәселені шешу
тапсырмалары студенттердің сыни ойлау қабілеттерін талап етеді, бұл болашақ маман
үшін өте қажетті біліктіліктер.
Тілдік емес мамандық студенттерімен ағылшын тілі сабақтарында мамандыққа
қатысты қысқа мәтіндерді қолдану дегеніміз қысқа мәтінді оқу және түсіну оңай деген сөз
емес. Қысқа мәтінде толық лингвистикалық құрылым мен идея болады. Ағылшын тілін
белгілі мақсатта оқытудың мақсаты студенттерге арнайы терминологияны үйрету мен
шетел тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту болғандықтан, оқытушылар студенттерге
оқуды түсінудің түрлі тәсілдерін үйретуі керек. Оқуды түсінудің тиімді тәсілдері
студенттерге арнайы терминологияны меңгеруге ғана емес, сонымен қатар
лингвистикалық, қатысымдық білім, мазмұнға ден қойып, сыни ойлау және мәселені
шешу элементтерін меңгеруге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |