СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
Юркова М.В. Проблемы борьбы с финансированием терроризма // Вологдинские
чтения. – 2006. - № 58. – С. 90 - 94.
2
Резолюция ООН A/RES/49/60 «Меры по ликвидации международного терроризма» //
http://www.un.org/russian/terrorism/garesol.htm
3
Международная конвенция о борьбе с финансированием терроризма от 9 декабря
1999 года // http://www.un.org/ru/documents/ded_conv/conventions/terfin.shtml
4
Резолюция 1373 СБ ООН «О борьбе с терроризмом» от 28 сентября 2001 года //
http://www.un.org/russian/documen/scresol/res2001/res1373.htm
5
S/RES/1535(2004). Угрозы международному миру и безопасности, создаваемые
актами терроризма // www. Un.org/rus/sc/document/resolutions/2004/shtml
6
Резолюция 1566 СБ ООН «О международной борьбе с террористической угрозой» //
www. Un.org/rus/sc/document/resolutions/2004/shtml
7
Резолюция 1624 СБ ООН // www. un.org/rus/sc/document/resolutions/2005/shtml
8
Жукова В.П. Роль Совета безопасности ООН в борьбе с финансированием терроризма
// https://sovremennoОepravo.ru\m\articles/view
9
Резолюции 1805, 1822, 1624 СБ ООН // www. un.org/rus/sc/document/resolutions/
2008/shtml
10
Резолюция 1904 СБ ООН // www. un.org/rus/sc/document/resolutions/2009/shtml
11
СБ ООН принял резолюцию России и США по борьбе с финансированием
терроризма. 18.12.2015 // http://www.fondsk.ru/news/2015/12/18/sb-oon-prinja...
30
ТҮЙІН
Мақалада тарихи динамика тұрғысынан лаңкестік топтар мен ұйымдардың әрекетін
қаржыландыруды алдын ала болдырмау жөніндегі мемлекеттердің бірлескен күресінің
нормативтік-құқықтық базасы мен құрылымын қалыптастыру қарастырылады, сондай-ақ
заңсыз жолмен алынған қаражатты жұмсауға қарсы әрекеттегі олардың маңызы ашылады.
RESUME
In the article the authors examine the formation of the normative-legal base and the
structural joint struggle of the states on preventing financing the activity of terroristic groups and
organizations and also their significance is revealed against washing off the means received
illegally.
31
ӘОЖ 950/574/+398.22/
Аннотация
Мақалада XVғ. орта тұсындағы Орта
Азиядағы саяси-әлеуметтік мәселелер жан-жақты
талқыланды. Қазақ этникалық-саяси бірлестігінің
негізгі ерекшелігі – жүздік құрылымы.
Түйін сөздер: «тоқсан екі баулы қыпшақ»,
«көшпелі өзбек мемлекеті», «таңбалы тас».
XV ғ. орта тұсы – халқымыздың тарихында
кезеңдік құбылыс. Ол Қазақ хандығының құрылу
кезеңі, Қазақ хандығының көсемдері Жәнібек
пен Керейдің «көшпелі өзбек» мемлекетінен
бөлініп шыққаны тарихтан белгілі. Ғылыми
әдебиетте
жазбаша
деректердің,
көбінесе
шығыстық деректердің негізінде XV ғ. орта
тұсындағы Орта Азиядағы саяси-әлеуметтік
мәселелер жан-жақты талқыланды [1]. Дегенмен
қазақ фольклоры бұл заманның әлі де анықтауды
керек
ететін
қалтарыс-құпияларымен
таныстырады.
Шәкәрім қажы Қазақ хандығының XV ғ.
ортасында дүниеге келу себебін суреттей
отырып: «Сонда қазақтың ханы Әз Жәнібек еді,
Әбілхайырға қарап тұрушы еді. Әз Жәнібек
ханның шын аты Әбусағид, Тоқай Темір
нәсілінен Барақ хан баласы еді» – деп баяндайды
шежіресінде [2]. Жазбаша тарихи мәліметтер
бойынша Жәнібек Әбілхайыр мемлекетінің
құрамында болғанда әлі хан емес еді. Әбілхайыр
басқарған «көшпелі өзбек мемлекет» құрамында
түркі – мұңғыл тайпаларынан: арғын, қыпшақ,
найман, үйсін т.б. рулары болатын. Олардың
бәрінің басын қосып қазақ шежіресі “Тоқсан екі
баулы өзбек” немесе “тоқсан екі баулы қыпшақ”
деп атайды. Кейіннен қазақ ханы болған
Жәнібектің шын аты Әбусағид екенін Әбілғазы
шежіресі де дәлелдейді. «Әз» атауы Алтын
Орданың ханы Әз Жәнібекке [1343-1357 жж.]
қолданылғанын
ортағасырлық
деректер
мәлімдейді [3, 33]. Қазақ ханы Жәнібекке
қатысты «Әз» атауын қолдану алғаш рет
Шәкәрім шежіресінде көрініс табады.
Ал, шығу тегі жағынан қазақ ханы
Жәнібектің
Жошы
ұлының
қайсысынан
тарайтыны жөнінде тарихи зерттеулерде екі
түрлі көзқарас барын аңғарамыз. Бірінші
көзқарас мәліметтері бойынша Жәнібектің
шыққан тегін Жошының үлкен ұлы Орда
З.Е. Колумбаева
«Тұран-Астана»
университеті,
тар. ғыл. канд., доцент
М.С. Амрина
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік
университеті,
тар. ғыл. канд., доцент
XV ғ. этносаяси
оқиғаларға қатысты
фольклор деректері
32
Еженнен таратады. Мұндай мәліметті ортағасырлық шығармалар Рашид-ад-дин, Натанзи
еңбектерінен кездестіреміз. Мәселен, мұнда: «Жошы-Орда Ежен-Сартақтай-Қоныша-
Байан-Сасы Бұқа-Шымтай-Орыс хан» – деген ретпен береді [4, 66-67].
Екінші көзқарастағылар, Жәнібектің шежіресін Жошының кіші ұлы Тоқай Темірден
таратады. Ол туралы орта ғасырлық деректерден «Нұсрат-намеде», XVІІ ғ. жазылған
Әбілғазының, Қ.Жалайыридің жазбаларында кездесетін тек шежіресіне сүйенеді.
Мұндағы рет мынадай түрде: «Тоқай Темір-Әз Темір-Хожа-Бадық-Орыс хан» [3, 39-42; 6,
119].
Кейінгі зерттеушілерден екі ұдай көзқарасқа ғалымдар Т.И. Сұлтанов, Б. Кәрібаев
келіспейтіндіктерін білдіріп, өз еңбектерінде дәлелді мәліметтерді саралай келе, қазақ
хандары Жәнібек пен Керейдің Жошының ұлкен ұлы Орда Еженнен тарайтынын
дәлелелдейді. Б. Кәрібаев Қасым ханға арналған зерттеу мақаласында «Қасым ханның ата-
бабаларының бәрі әр уақыттарда Дешті Қыпшаққа хан болған» деген шығыс деректеріне
сүйенеді. Жошының мұрагері болып екінші ұлы Бату билікке келгенімен, Орда Ежен
әкесінің тірі кезінде және одан кейін де үлкен сый мен құрметке ие болған. Менгу (Мөңке)
ханның оларға жіберген жарлықтарында оның есімі бірінші жазылып отырған. Бұған
дәлел ретінде «Жошы әскерлерінің жартысын Орда Ежен, ал қалған жартысын Бату
басқарады. Орда Ежен мен Бату ұлыстары бір-бірінен өте қашықтықта орналасты және
әркім өз ұлысында билік жүргізді» – дей келе, Орда Ежен тұқымының Дешті Қыпшаққа
қатысы Жошының өзге ұлдарынан көрі көбірек болды деген пікірді қуаттайды. Сонымен
бірге Б. Кәрібаев Қазақ хандарын Тоқай Темірден шықты деп тарату шайбанидтік
тарихнаманың қолдан жасаған айласы деп қорытады [5, 39].
Ал Шәкәрімнің Тоқай Темір нәсілінен деп көрсетуі Әбілғазы шежіресі дерегінің
негізінде берілген деп түсінген жөн. Шәкәрім сонымен қатар «Әз Жәнібек ханның немере
інісі Шаһкерей ханменен таман қазақты алып, Шудағы Шағатай нәсілінен, Есенбұғаның
баласы Тоқлұқ Темірге» одақтас болғанын жазады. Және бұл оқиға 1445-ші жылы
болғанын келтіреді. Қазіргі тарихи зерттеулер қазақ шежіресінің тарихи датаны
жобалайтынын көрсетіп отыр. Әсіресе, пікірлері ортақ көзқарасқа саятын Т.И. Сұлтанов,
Б. Кәрібаев, С. Жолдасбайұлы шығыс деректеріне негізделген қисынды дәлелдері арқылы:
«Қазақ хандығының құрыла бастаған кезеңі 1458-60 жылдар» –деп көрсетеді [6, 32].
Қазақ шежіресі Қазақ хандығының құрылу себебін Қара қыпшақ Қобыланды мен
арғын Дайырқожаның арасындағы егеспен түсіндіреді: «Біздің осындағы арғындардың
арғы атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Әділ айтқандықтан Ақжол
атаныпты, - дейді Шәкәрім [2, 22]. Және Қара қыпшақ Қобыланды батыр да Әбілхайырға
сүйікті екен, екеуі ішінен жауласып жүргенде, бір күні далада Қобыланды батыр
Дайырқожаны өлтіріп кетіпті. Мұны Әз Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат
жолымен қысас қылып өлтіруді сұрапты. Әбілхайыр хан берейін десе көп қыпшақ
бұзылатұғын болған соң бере алмай, үш кісінің құнын алып бітім қыл деген соң, Әз
Жәнібек өкпелеп кеткені, біздің қазақта мақал болып жүрген «Қара қыпшақ Қобыландыда
нең бар еді, құлыным» деген сөз Дайырқожаның сүйегін айналып жүріп жылаған әкесі
Қотан тайшы деген кісінің сөзі» – деп баяндайды [2, 22].
Бұл оқиғаның астарында, әрине, Жошы, Шағатай иелігінде болған ірі ұлыстардың
өзара келіспеушілігі жатқаны аян. Ақсақ Темір өлгеннен кейін империядағы дағдарыс,
тәртіптің болмауы, ішкі тартыс ыдырауға әкеп соқты. Арғындар ол кезде Шағатай
ұлысында болғаны деректерден белгілі, ал қыпшақтардың әуелден Әбілхайыр
хандығының құрамында болғаны анық. 1446 жыл шамасында Әбілхайыр Сырдария
өңіріндегі қалалар үшін Темір әулетімен күресті бастады. Шығыс Дешті қыпшақ жерін
(Сарыарқа) қосып алған және оны орталыққа айналдырған Әбілхайыр хан енді одан әрі
оңтүстікке белсенді түрде жылжыды. Осының нәтижесінде бұрын Шағатай ұлысын
мекендеген көптеген рулар «көшпелі өзбек мемлекетіне» қосылды. Бұлардың ішінде
арғын руының көп болғаны сөзсіз.
33
Ақсақ Темір заманында жазылған еңбектерде арғындардың Темір мемлекетінің
құрамында болғандығы жөнінде мынадай мәліметтер бар: әңгіме-хабар Темірдің атынан
айтылады: «Из среды 40 аймаков или начальников орд, которые признали мою власть я
желал бы, чтобы 12 получили офицерскую тамгу для того, чтобы возвысить их на степень
моих доверенных слуг. И я избрал начальников Берласа, Тархан, Аргуна, Салаира,
Тумкачи, Дулбди, Могула, Сельдуза, Туга, Капчака, Ерлата и Татара. В орде Аргуна Таш
Ходжа я облек в достоинствах восьмого эмира и выбрал 20 лиц из этой орды в минбаши,
юзбаши и унбаши» [7, 139]. Мұнан көріп отырғанымыздай, арғын елінің Ақсақ Темір
қарамағындағы көшпелі 12 орданың ішіндегі беделді ел болғаны көрінеді.
Ш.Ш.Уәлиханов еңбегінде арғындардың негізгі бөлігі Шағатай ұлысында, яғни,
Темірдің империясының құрамында болғандығы туралы пікір бар: «…Племя аргын
встречается очень поздно в числе народов монгольских Джагатайской орды. У Гулагу
была жена из племени аргын. ...Всего больше утверждается это предположение
замечательным составом родов киргизских: между ними встречаете кипчаков племени
золотоординского, аргынов-племени джагатайского, уйсунов-соседей уйгуров и
джунгаров» [8, 149-157].
Уақыт оза келе екі ұлыс рулары арасындағы қарама-қайшылық жаугершілікке
ұласты. Рулар арасындағы жерге талас, саяси бақталастық реніштің басты себебі болуы
мүмкін. Осының нәтижесін пайдаланған Әз Жәнібек пен Керей бастаған топ Әбілхайыр
билігіне наразылық тудырып, бөліне бастады. Шәкәрім шежіресі нақ осы себептермен
«көшпелі өзбек» мемлекетінің өзбек-қазақ болып бөлінуін көрсетеді. Бөлініп шыққан
тайпалар ендігі жерде «қазақ» деген атаумен аталды. Осыдан кейін Орыс ханның
ұрпақтары Әз Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілхайырға өкпелі руларды бастап
Моғолстанға барды. М.Х.Дулатидің еңбегінің екінші дәптерінде баяндалатын: «Джанибек
хан и Кирей хан бежали от него в Могулистан. Исан-Буга хан охотно принял их,
предоставил им округ Чу и Козы-Баши, который составляет западную окраину
Могулистана» дейтін мәлімет Жәнібек пен Керейді қарсы алған Моғолстан ханы Есен
бұғаның өзі екенін растайды. Осы жерде орнығып, наразы топ Қазақ ордасы аталатын
ұлыстың шаңырағын көтерді [9, 195].
Әбілхайыр хан билікке Оңтүстік Сібір жерінде қазіргі Түмен қаласында тұрған
өлкеде көтерілген. Бұл жөнінде орта ғасырлық жазба деректе: «… в восемьсот тридцатом
году, т.е. в году обезьяны Абулхайр в благополучии и счастии утвердился на троне
государя и на перестоле владетеля государства…. выскокопаставленный султан,
положением своим равный Сатуруну, снарядов войска ислама и с надеждой на бога,
подняв знамя победы одоления, обратил поводья завоевателя вселенной в сторону города
Тара» - деп Тобыл [Тара] жерін иемденгені жөнінде жазады [10, 152].
Әбілхайыр хан Шибан тұқымы еді [Жошының үшінші ұлы], оның иелігіне Жошы
ұлысының ішінен Батыс Қазақстан, Оңтүстік Орал, Түменге дейінгі жер – қазіргі Кіші жүз
жұрты тиіп еді, кейіннен Орда Ежен тұқымының әлсіздігін, басты-басты адамдарының
Сарай тағы үшін күресіп жатқанын пайдаланып, 1440-ші жылдары Әбілхайыр хан
ордасын Ұлытауға қондырды: «Абулхайыр хан победоносный и достигающий своих
желаний, после совершения благодарения и хвалы, направился в сторону августейшей
ставки в Орду-Базар, который был столицей Дашт-и Кипчака» деп суреттейді «Тарихи
Әбулхаир хани» кітабы [10, 155]. Бүкіл Евразияға даңқы кеткен Жошы жұртында өзінің
туын көтеру Шыңғыс тұқымынан тараған хандардың бәріне де мәртебе еді. Дерек
мәліметінен көріп отырғанымыздай, Әбілхайыр біраз уақыт қазіргі уақытта Жошы күмбезі
тұрған жерде қоныс қылды. Бірақ, Мәуреннахр жерінде Ақсақ Темір нәсілдері өз ара
соғысып, шекарасы босап қалғандықтан, сонда жылжиды. 1450-ші жылдары біз
Әбілхайырды Сығанақ тағынан көреміз.
«Көшпелі өзбек» аталған елдің құрамына енген негізгі этникалық компоненттер
үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңырат т.б. рулар. Олардың
34
барлығыңда тегінде бір-бірінен айырмасы аз, біріне-бірі жақын, тұрмыс қалпында ерекше
айырмашылықтар болмаған. «Тоқсан екі баулының ішінде түріктің басты-басты рулары
бар. Көшушілердің жалпы саны 300 мыңдай» – деп болжайды зерттеуші Т.И. Сұлтанов.
Әбілхайырдың қарамағындағы ел «тоқсан екі баулы қыпшақ» атанған елдің негізгі бөлігі
XVІ ғ. басында Сарыарқадан Мәуреннахрға көшіп кетті [11, 210].
«92 баулы»–ның мағынасына қатысты сипаттама деректі Қ.Халидтен табамыз.
Шежіреші «92 баулының» мағынасын «немере», «буын» сөздерінің ұғымымен анықтай
түседі. Оның қыпшаққа да, өзбекке де қатысты екенін көрсетеді. «Кейінгі бағзылар 92
санды қыпшаққа тиіс екенін дәлелдеп «92» баулы қыпшақ, «62» баулы өзбек дегенді
айтады» – деген бір пікірдің барлығын жаза келе, «ал біздің ноғай тайпасын бағзылар
«Өзбек» дегеніне олар көне қоймайды» – деп екінші пікірді жазады Қ. Халид [12, 60].
Шежіреші өзінің еңбегінде осы 92 баулы саяси-этникалық одаққа енген рулардың тізімін,
аттарын келтіреді.
Қазақ атанған елдің ұйтқысы Әбілхайырдан бөліне көшкен рулар оның басшысы
Жәнібек және Керей хандар болғанын Шәкәрімнен басқа да шежірелер баяндайды. Олар
алдымен Шуға ығысып көшсе, кейін Сарыарқаны түгел өзіне қаратты. Қазақтың жеке
саяси мемлекет ретінде пайда болуы жоғарыда сипатталған оқиғалардың нәтижесі болса,
күрделі этникалық құрамы XV-XVІІғғ. әр түрлі түркі-моңғол руларының одақтасуының
көрінісі. Қазақ этникалық-саяси бірлестігінің негізгі ерекшелігі – жүздік құрылымы.
Қазақтың үш жүзге таңба үлестіріп, тарихи аренаға шығуы Жошы Ордасының орталығы
Ұлытаудан басталғанға ұқсайды. Қазақ аңыздары бойынша үш жүзге бөлінген, рулық
құрылымы анықталған, әр рудың этникалық иерархияда орнын бекіткен жер – «Таңбалы
тас».
Бұл туралы мәліметті қазақ шежірешелерінің бірі Нұржан Наушабай өзінің
«Манзумат Қазақиясында» былай топшылайды:
«Тоқсан баулы айтайын [тоқсан екі З.Е.] тор өзбекті,
Заманында мал біткен зор өзбекті,
Пайғамбардың батасы тиген дейді
Соның үшін байыған сол өзбекті.
Өзбексіз ел бар ма екен таман елде,
Өзбектің өскені осы жайсаң белде,
Тоқсан баулы өзбек айырылыпты,
Таңбалының моласы деген жерде» [13, 5].
«Таңбалының моласы» дейтін себебін зерттеушілер қазақ руларының таңбасы
салынған жақпар тас жанындағы дөңесте ерте замандағы ескі қорым барлығымен
дәлелдейді [14, 22]. Оның ішінде баялыш үйіп, оны таспен бастырып, биік қылып
көтерген бейіттер көзге түсетіні жазылған. «Таңбалы тас» туралы Мәшһүр Жүсіптің
қолжазбасынан да кездестіреміз. «Бетпақ далада «Таңбалы шұбар» деген жер бар. Сонда
тасқа басылған таңбалар бар -деп жазады М-Ж.Көпеев, қазақтың таңбалары талас болса,
үш жүздің баласы сол тастан барып қарайды». Мәшһүр қолданып отырған «Шұбар» сөзі
Бетпақ даланың «Таңбалы тас» орын тепкен бөлігінде жиі кездеседі. Таңбалы тастан
батысқа қарай бірсыпыра жерді алып жатқан Шұбар теңіз бар. Шежіреші таңбаның
басылу кезі Алаша ханның тұсы деп болжайды. Мәшһүр жазып отырған Алаша – қазақ
елінің мемлекет құрған уақыттағы саяси-этникалық тұтастығының символы болған тұлға.
«Таңбалы тасқа» қатысты біз келтірген деректердегі «Таңбалы мола», «таңбалы
шұбар» деген сөздерге қоса, ел аузында «Таңбалы Нұра», «Таңбалы жар» деген атаулар
кездеседі. Мұндағы «нұра» сөзінің бірнеше мағынасы бар, ол сөз сулы жер, жар қабақ,
дөңге қатысты қолданылады. Бетпақ маңындағы ел биік, тұтас дөңді «нұра», «немесе
«саң» деп те атайды. Қалмақ тілінде «нұра» сөзі құлама жар, қабақ деген ұғымды білдіреді
және «нұра-көл» сөзінен бөлек. Қазақ тілінде айтылуы жағынан осы екі ұғымның
айырмалышығы жойылған [15, 345-347].
35
«Таңбалы тас» ескерткішіне алғашқы ғылыми анықтама берген академик
Қ.И.Сәтбаев болатын. Ол өзінің Жезқазған өңірінің тарихи ескерткіштеріне арналған
мақаласында: «Жезқазған ауданында, Сарысудың төменгі ағысында, Таңбалы Нұра деген
жерде, Тасбұлақ деген қайнар басында, өзеннен шығысқа қарай 20 шақырым жерде
құлама жартас бар, соның бетінде қазақ халқының құрамына енген түгелге жуық ру мен
тайпалардың таңбалары салынған. Халықтың аңызы бойынша дәл осы жерде, Тас бұлақ
қайнарында рулардың қазақ деген жаңа елді құрамыз деген алғашқы тарихи жиналысы
болған. Сол кеңестің шешімі бойынша жартас бетінде кеңеске қатысқан ру-тайпалар
рулық таңбаларын салған» – дей келіп, Ұлытаудың ертеде қазақтың саяси орталығы
болғанын жазады [16, 46].
XV ғ. этносаяси оқиғаларға «Таңбалы тастың» қатысты болғандығын шежіре
деректері толық дәлелдейді. Оның бетінде бейнеленген ру таңбалары, араб әріптерімен
жазылған жазу көшпелі өзбек-қазақ-ноғайлы бірлестігі ыдырап, әрқайсысы дербес
мемлекет ретінде қалыптасуымен байланысты.
Академик Ә.Х. Марғұлан тарихи дәуірлерде осы араны қоныстанған тайпалардың
тас бетіне жазып қалдырған белгілері Қазақстан сахарасындағы мәдениеттің бір жарқын
түрі дей келе, «Таңбалы тас» туралы былай деп жазады: «Саяси мәдени тіршілікті жарқын
түрде суреттейтін араб харпымен тасқа жазылған сөздер Бетпақ дала сахарасында XІ
ғасырдан XІXғасырға дейін кездесіп отырады. Мұндай жойқын жазудың тұрған жерін
қазақтар ерте заманнан бері қарай «Тамғалы тас», «Тамғалы жер» деп атайды. Ол Бетпақ
даланың ортасын қия келіп, ұзыннан созылған шың жартас, Сарысу өзенінен 20
километрдей жер, биік шыңның іргесінде жоғары шалқып тұратын құмайт тастар, өте
жұмсақ болғандықтан әдемі жазуға да қолайлы болған. Өте ескі дәуірден келе жатқан
«Тамғалы тас» жазуы көп ғасырлар ішінде Қазақстан өлкесінде қоныстанған тайпалардың
тасқа жазып түсірген мыңдаған таңбалары, ел басқарушылардың қол қойған аттары,
ұрандар» [17, 1-12] Ғалым зерттеуінде таста ең әдемі сақталған XІV-XV ғасырлардағы
қазақтардың араб харпымен жазған сөздері деп атайды. Бұл тасқа жазудың ерекше көрінуі
сонша қазақтар әрқашан бас иіп, басшы адамдары таңбасын түсіріп, аттарын жазып
жүрген. «Тамғалы тастың» ұлы атаққа ие болуы бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап,
ұран шақырып, бір ел болып қосылған жері дейді. Сондықтан бұл тасты бертінгі
саяхатшылар «тарихтың зор куәлігі» деп атаған.
Әбілхайыр мемлекетінің құрамындағы көшпелі тайпалардың Шығыс Дешті-қыпшақ
Сарыарқа бойынан Мәуреннахрға жылжуы, осы оқиғаға, сол заманда өзбек немесе қазақ
атанып жүрген рулардың қатысы, бір-бірімен ірге ажыратуы толғаулар арқылы, тарихи
аңыздар арқылы, тарихи жырлар арқылы, тіпті күй арқылы сақталған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Абусеитова М.Х. Қазахстан и Центральная Азия в XV-XVІІ вв. история, политика,
дипломатия. – Алматы: Дайк-пресс,1998. – 277 с.
2
Құдайбердиев Ш. Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі. – Орынбор, 1911. – 82 б.
3
Таварих-и Гузида-йи нусрат-наме // МИКХ. – 9-44 с.
4
Әуезов М., Соболев Л. Эпос и фольклор казахского народа. - Алма-Ата, 1939. – 97 б.
5
Кәрібаев Б. Шайбанилік шежіре қазақ хандарының шығу тегін неге
бұрмалаған?//Ақиқат,1993.№7/ Аты аңызға айналған хан. //Қазақ тарихы. 1996. - №1. -
37-42 бб.; 1996. - №2. – 26-30 бб.
6
Қазақ тарихы ғылыми осалдығының бір тұсы (пікірталас) // 1996. - № 1. –27-32 б.
7
Тамерлан: Эпоха. Личность. Деяния. - М., 1992.
8
Қазақ поэзиясының түрлері жөнінде // Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. –Алматы, 1985. Т. 8
Усман Кухистани. Тарих-и Абул-Хайр хани // МИКХ. - с.135.
36
9
Дулати М.Х. Тарихи-и-Рашиди // МИКХ. – 185 с.
10
Усман Кухистани. Тарих-и Абул-Хайр хани // МИКХ. - С. 25.
11
Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVІІ вв. – М., 1982. –134.
12
Халид Қ. Тауарих хамса. - Алматы, 1993. – 304 б.
13
Наушабайұлы Н. Манзумат қазақия. – Қазан, 1903. – 32 б.
14
Артықбаев Ж.О. Бұланты шайқасы. – Қарағанды, 1998. – 65 б.
15
Мангол-казах толь (сөздік). - Өлгий, 1984. – 540 б.
16
Сатпаев К.М. Избранные труды. Т. 5. – Алма-Ата, 1970
17
Марғұлан Ә. Тамғалы тас. Қазақ тарихы. - 1993. - №2.
Достарыңызбен бөлісу: |