Популяциядағы генетикалық-анатомиялық процестер. Популяция ішілік полиморфизм. Миграция. Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруіндегі миграцияның маңызы. Гендердің дрейфі. Гендердің ағымы. Популяциядағы генетикалық-анатомиялық процестер. Эволюциялық дамудың негізі популяциядан басталады. Фенотиптері біркелкі өсімдіктер мен жануарлардың табиғи популяцияларына жасалынған генетикалық зерттеулер, популяция рецессивті мутацияларға толы болатыны дәлелденді. Яғни, эволюцияның қоры популяцияда рецессивті ген түрінде болады. Мутациялардың қанықпасы әбден жоғарылаған кезде, аллельді рецессивті гендері бар даралардың будандасуы мүмкін. Бұл кезде мутациялар фенотипте білініп, табиғи сұрапталудың бақылауында болады. Мутациясы бар популяция даралары мен мутациясы жоқ даралар будандасқан жағдайда гетерозиготалы даралар пайда болып отырады. Сөйтіп, популяциядағы әрбір түр күрделі гетерозиготалы жүйе болып табылады. Табиғи жағдайларда әр популяцияның өзіне тән генофондысы болады.
Генофонд – түрдің немесе баса жүйелік топтың популяция гендерінің жиынтығы. Популяцияның генетикалық құрылымы дегеніміз-ондағы әр түрлі генотиптер мен аллельдік гендердің өзара қатынасы.
В.Иоганссен 1903 жылғы «Популяциядағы тұқым-қуалаушылық және таза түрлер» атты еңбегінде, табиғи популяциялардағы генотиптердің гетерогенділігінің сұрыпталу әрекетіндегі маңыздылығын дәлелдеп көрсеткен. Сонымен бірге табиғи сұрыпталудағы таза түрлердің гомогенділігі өте тиімсіз әрекетке соқтыратыны айтылған. Бұдан кейін орыс генетигі С.С.Четвериков ХХ ғасырда эволюциялық теорияны генетикамен байланыстыра отырып зерттеді.
Популяция ішілік полиморфизм. Популяциядағы генетикалық құрылымы әр түрлі екі немесе одан да көп түрлердің ұзақ уақыт тепе-теңдікте тіршілік етуі, сирек кездесетін түрлерінің қайта мутацияға ұшырауымен түсіндірілетін әрекет полиморфизм деп аталады. Полиморфизмге мысал ретінде бір жерде тіршілік ететін, бір популяциядағы кәдімгі украина хомягі мен тегіс қара жүнді хомяг түрлері, қара және қызыл қос нүктелі қанқызы түрлері, примула гүлінің үш түрін атуға болады. Полимрфизмнің барлық көп түрлі жағдайда пайда болу маханизміне қарай: гетерозиготалы полиморфизм және бейімдеушілік полиморфизмі деп бөлеміз.
Гетерозиготалы полиморфизмге дрозофилла шыбының генотипіндегі денесінің қарайу білгілерінің мутациялары бірден азая бастайды, тек 10-шы ұрпағынан кейін біртіндеп тұрақтана бастайды. Бұдан тіршілік жағдайына шыдамды тұрақты түрлері сақталынып қалады.
Бейімделуші полиморфизм – ағдалардың тіршілік ортасының біртіндеп өзгеруіне байланысты пайда болды. .