Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Эволюциялык идеялардың даму тарихы



бет6/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

2. Эволюциялык идеялардың даму тарихы.

 

Дарвиндік дәуірге дейінгі эволюциялық идеялардың дамуы.  Ерте заманғы, орта ғасырдағы тірі табиғаттың дамуы жайлы ұғымдар. Қайта өркендеу дәуіріндегі биологияның дамуы.Ж. Кювье мен Э. Жоффураның идеяларындағы қайшылықтар. ХҮІІІ ғ.органикалық дүние эволюциясындағы көзқарастар. К.Линейдің тірі табиғаттың дамуы жөніндегі еңбегі.

 

Ежелгi заман философиясындағы  эволюционизм элементтерi. Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге: 1. Дарвинге дейiнгi; 2. Дарвиннен  кейiнгi болып бөлiнедi. Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның, Қытайдың, Үндістанның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады.Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады және де біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, нәтижесінде қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.

Алғашқы философиялық мектептер кiшi Азия жағалауларындағы  iрi қалалар Эфисте және Милетте ашылды. Гераклит – Эфис ойшылы (б.э.д. 530-470 ж.) оның түсінігіше табиғатта барлық нәрсе ықпалды, барлығы өзгередi. Галактиканың алғашқы элементтерi: от, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын,  оның аяғы жоқ шексіз әрекет екенiн айтады.

Ион материалистiк  философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр, Анаксимен - әлемнiң шығу тегiн табиғаттың өзiмен байланыстырды. Фалес, барлығы табиғи дамудың нәтижесiнде судан пайда болды деп есептедi. Анаксимандр, тiршiлiк судан және топырақтан жылудың әсерiнен пайда болады дедi. Анаксимен, негiзгi элемент ауа, ол сиректенедi және тығыздалады, ол заттардың әр түрлiлiгiн сол әрекеттердiң әсерiнен пайда болатынын түсiндiредi. Ол адам мен жануарлар жер кiлегейiнен пайда болды  деп санады.

Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар - Демокрит және Эмпедокл болды (б.э.д. 460- 370 ж.). Демокрит бойынша әлемнiң барлығы көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады. Грецияның философы Эмпедокл (490-430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн  түсiндiрмекші болды. Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан  ауа,  ауырлары астына түсіп одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас ағзалар құралады  деп жорамалдады. 

Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен  байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп, салыстырмалы анатомияның, морфологияның,  ежелгi эмбриологияның негiзiн салды. «Жануарлар тарихы» атты еңбегiнде  Аристотель ағзалардың жiктелуiн салыстырмалы  морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа «қаны бар жануар» және  «қансыз жануарлар» деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi. Ең бiрiншi рет «туыс»  және  «түр» деген түсiнiктердi енгiздi.  Аристотель  өзi құрған жiктеу әдiсiн қолданып  жануарлардың 500 түрiн сипаттап берген.  «Жануарлардың бөлiктерi» атты еңбегiнде  мүшелердiң өзара байланыстылығы (корреляциясы ) туралы ой келтiредi. Мұнда бiр мүшенiң өзгеруi басқа да мүшенiң қызметiнiң өзгеруiне әкеледi дейді. Осы еңбегiнде Аристотель  табиғаттың жалпы заңы ретiнде материялы объектiлердiң сатылы дамуын көрсетті: төменгi сатыға - минералдар, өсiмдiктер, зоофиттер ( өсiмдiк жануарлар) және төменгi сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыға - жануарлар мен адамды орналастырды. Бiрақ Аристотель осы сатының баспалдақтары  арасында байланыс жоқ деп есептедi. «Жануарлардың шығу тегi» деген еңбегiнде  Аристотель салыстырмалы  анатомиялық әдiстi  жетiлдiрдi  және эмбриологиялық  зерттеулердi қолданды. Әр түрлi жануарлардың эмбриондарын зерттеу барысында, Аристотель олардың ата тегi бiр болуы мүмкiн деген ойға келдi.

Ион мектебiнен басталатын  материалистiк  философия саласы ежелгi уақытта  Рим философы және ақыны Лукрецкий Кардың  мәлiмдемесiмен аяқталды. Атақты ақын «Табиғат  заттары туралы»  поэмасында Лукреций Кар алғаш рет табиғатта жүріп отыратын табиғи сұрыптау туралы түсiнiк енгiздi.

Сонымен, ежелгi заман философтарының  көзқарастарында  эволюцианизмнiң маңызды элементтерi болды:  1. Тiршiлiк табиғат жолымен пайда болды және олар қарама-қайшылықтың күресi нәтижесiнде өзгередi, сәттi түрлерi тiршiлiк етедi.  2. Тiрi табиғаттың  сатылап, бiрте- бiрте  күрделенуi туралы идеялары. 3. Ағзалардың  бiртұтастығы (корреляция  принципi)  және эмбриогенез,  жаңа құрылымдық әрекеттер туралы түсiнiктер  пайда болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет