Эволюцияның генетикалық және онтогенетикалық негіздері



бет4/4
Дата12.05.2022
өлшемі20,43 Kb.
#34131
1   2   3   4
Байланысты:
тапсырма №14 Жексембаева

Генетикалық әдіс – ағзалардың шығу тегі себептерін түсіндіреді, бұл әдісті өз еңбектерінде Ч.Дарвин енгізген болатын. Генетикалық әдіс палеонтология мәліметтеріне сүйенеді. Генетикалық әдіс салыстырмалы әдіспен тығыз байланысты. Актуальдылық принципі – жекеленген популяцияларда байқалатын эволюциялық өзгерістерді, алдыңғы эволюциялық әрекеттерге қолдану.Оның мәні «Қазіргі зерттеу өткенді білудің кілті» афоризміне сәйкес келеді. Қазіргі зерттеулер популяциялық – статистикалық әдіске негізделеді.

Эволюция ілімінің ғылыми зерттеу жүйесіндегі орны.

Эволюциялық ілім – жеке биологиялық пән. Эволюциялық ілім басқа жаратылыстану салаларымен, әлеуметтік ғылымдармен, диалектикалық материализм филасофиясымен тығыз байланысты. Органикалық эволюция биологияның – палентология, морфология, эмбриология, биохимия, генетика, экология және басқа барлық салаларына сүйенеді. Түрлердің қайсы бірі болмасын ,бүкіл биоценоз болсын эволюцияланушы жүйе болып табылады. Олардың өзіндік құрылымдары бар. Тірі ағзалар молекулалардан, жасушалардан, ұлпалардан, жекеленген мүшелерден, мүшелер жүйесінен  тұрады.Тіршілік деңгейлерінің әрқайсысын әр түрлі ғылымдар саласы зерттейді

Тіршіліктің әр түрлі формаларын зерттеп, эволюцияның себептерін және қорытындысында не болатынын қарастырғанда, эволюциялық теория әр түрлі ғылымдардың да себеп- салдарын қарастырады (молекулалық генетика, биохимия, цитология, гистология, анатомия, физиология).Миллиондаған жылдар бойы жүрген эволюция да өз жағынан қазіргі бірқатар бионикалық – техникалық проблемаларды шешуге де үлесін қосты.

Тұқым қуалаушылықтың өзгеруінің себептері-генетикалық гомеостаздың азды-көпті бұзылулары болып табылады. Егер тұқым қуалаушылық материалы-ДНҚ молекуласының өзгерулері немесе бұзылыстары тіршілікке айтарлықтай зиян келтірмей, реакция нормасы деңгейінде болатын болса онда мұны-полиморфизм (poly-көп; morpha-форма), көптүрлілік деп атаймыз.



Гомеостаз–популяциядағы орташа жиілігі 1-2% -дан артық болатын ДНҚ молекуласының кез келген өзгерулері болып табылады. Полиморфизм арқасында тіршілік, түрлер, адамдар сан алуан түрлі болып келеді. Полиморфизмнің ең жиі кездесетін формасы-жеке нуклеотидтер полиморфизмі (SNP -ЖНП). Жеке нуклеотидтер полиморфизмі дегеніміз адам геномының әртүрлі учаскелерінде байқалатын бір нуклеотидтің екінші нуклеотидпен алмасуы. ЖНП геномның әрбір килобазасында (килобаза-1000 н.ж.) кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет