Мутациялық, яғни тұқым қуалайтын
өзгергіштік кезінде
организмдегі генотиптің өзгеруіне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді:
1) гендік мутация кезінде бір
гендегі ДНҚ молекуласындағы
нуклеотидтердің
орналасу
реттілігі
өзгереді,
яғни
бір
нуклеотидтердің түсіп қалуы немесе жаңадан қосылуы байқалады;
2)хромосомалық мутация кезінде
хромосомалардың қалыпты
құрылымы өзгереді;
3) геномдық мутация кезінде хромосомалардың саны өзгереді;
4)цитоплазмалық мутация кезінде
құрамында ДНҚ молекулалары
бар органоидтерде (хлоропластарда, митохондрияларда) өзгерістер
байқалады. Цитоплазмалық мутация
аналық организм арқылы
ұрпақтарға беріледі. Өйткені ұрықтанған
зигота өзіндегі барлық
цитоплазманы тек аналық организмнен ғана алады.
Ч.Дарвин түршілік үшін күрес өзара бірін-бірі
ығыстыратын екі себеп деп
есептеді,ол себептері:
1.Тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі.
2.Екінші тараптан табиғи ресурстардың шектеулілігі.
«Күрес» ұғымы бірін-бірі ығыстыратын дарақтардың тікелей соқтығысуы ғана
емес.Мұны тірі
ағзалардың өзара жәрдемдесуі,
селқос бәсекелестіктің және
бүкіл селбестік жиынтығының күрделі өзара қатынасы деп түсінген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: