Әз-наурыз, ТӨрлет төріме! 3-бетте 8-бет 9-бетте Шеберлік шыңына шығар жол



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата07.04.2017
өлшемі11,94 Mb.
#11211
1   2   3   4   5   6

ӘЗ-НАУРЫЗ, ТӨРЛЕТ ТӨРІМЕ!

ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Қазақ сондай-ақ, қыз баланы тек 

шаңырақтың шырақшысы ғана емес, ұлттың 

келбеті деп білген. Осы аталы сөзді әрдайым 

есте ұстаған Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті қыз тәрбиесіне 

ерекше мән беріп келеді.Мұның да жөні 

бар, өйткені мұнда оқитын студенттерінің 

дені – қазақ қыздары.Осындай өзіндік дара 

бітімімен ерекшеленетін, ұлт діңгегінің 

беріктігі ұлттық тәрбиеде жатқандығын 

түсінетін, ұрпақты тәрбиелейтін де, қоғамды 



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

4

№4 (111)



30 сәуір

2014 жыл


С И М П О З У И М

2012 жылы Қыздар университетінде 

«Түрік тілін» тереңдетіп оқыту үшін арнайы 

орталық ашылып, «Көптілді білім беруді 

дамыту орталығына» шоғырландырылды. 

Мұнда академиялық ұтқырлықпен кел-

ген түрік елінің ғалымдары дәріс береді. 

Университетімізде жыл сайын студенттер ара-

сында түркі халықтарының достығын нығайту 

мақсатында «Түбі бір түркіміз» атты фестиваль 

өткізу дәстүрге айналған. Бұл фестивальға 

Қазақстандағы «Түркі халықтары мәдени 

қоры», «Түркі әлемі» газетінің ұжымы, татар, 

түрік мәдени орталықтары демеушілік етеді. 

Бұл атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана.

Екіжақты маңызы жоғары мәселелер 

қаралған кездесу нәтижесінде Қыздар 

университеті мен Нийде университеті арасын-

да қос дипломды жүйе бойынша келісімшартқа 

қол қойылды. Енді, осы бағдарлама негізінде 

білім алған студенттер екі университеттің ди-

пломына да бірдей ие болмақ. Бұл осы сапар 

барысында қол жеткізілген мәні зор құжат та-

рихи оқиға ретінде жадымызда мәңгілік сақтала 

бермек.

ТҮРКІ ӘЛЕМІ 



СЕРПІЛГЕН СӘТ

Кешкісін біздің университет өнерпаздарын 

аса жауапты іс күтіп тұрды. Түркия төрінде 

күллі түркі әлемінің ата-қонысы немесе 

баба ошағы саналатын Қазақ Елінен барған 

тек Қыздар университетінің өнерпаздары 

ғана қазақ өнерінің інжу-маржанын шашу 

етіп, бай мәдениетімізді таныстырмақ. Бар-

ша түркі дүниесі Техникалық факультеттер 

жинақталған ғимараттың концерт залында 

сахнаға телміріп қарап отыр. Алтай ауылынан 

келген қандастырымыз да демін ішіне тартып 

тұр. Әбден ысылып қалған халықаралық және 

республикалық байқаулардың лауреаты «Томи-

рис» би ансамблі «Шашу» биімен шымылдық 

түрді. Одан кейін Ырғынбек пен Бақытнұр 

салған халық әндері талайлардың жанарла-

рына жас әкеліп, кейбір түркі бауырларымыз 

оларға ыңылдап қосылғанда залды кернеген-

дей. Фальклорлық ансамбль тіпті рухымызды 

көтерді.

Қазақ әуендері Анадолы аспанында 

шарықтап, Түркия орталығында Түркі әлемін 

біртұтас болуға шақырды. Дешті қыпшақ 

даласының сағынышты сәлемін жеткізіп, ортақ 

мүдде, ортақ рух, бір болашақ мақсатқа үндеді.

Концерт соңында көпшіліктің сұрауы 

бойынша «Қара жорға» биі биленіп, оған әлем 

түркілерінің ырғала қосылуы ерекше әсер 

қалдырды. Бүкіл зал орнынан тұрып кетті. 

Шапалақ соққан халық, бір-бірімен ырғала 

теңселген бауырлар, қазақтың Көк байрағын 

желбіреткен жастар – бәрі-бәрі өте керемет 

жарасым тапты. Түбі бір түркі жұртын қазақ 

өнері үн-түнсіз бір-біріне бас игізді, іштей 

ұғыныстырды, езілтіп егілтті, құшақтарын 

айқастырды.

...Ертесі симпозиум ресми түрде жа-

былып, барлық секциялық жұмыстардың 

қорытындылары шығарылды. Бұл жерде де 

қазақ ғалымдарының мерейі үстем тұрғанын 

айта кету керек. Қазақстаннан барған Қыздар 

университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 

Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Жұбанов атындағы 

Ақтөбе мемлекеттік университеті, Қ.Сәтбаев 

атындағы ҚазҰТУ, С.Демирел университеті, 

Қазақ-Британ техникалық университеті, 

Азаматтық авиация академиясы, Л. Гумилев 

атындағы ЕҰУ, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих 

және этнология институты т.б. да ғылыми ме-

кемелер мен университеттердің оқытушылары, 

доценттері мен профессорларының еңбектері 

жоғары бағаланып, арнайы сертификаттармен 

марапатталынды. Мінберде де әр тараптан 

келген түркілердің ішінде қазақ ғалымдарының 

саны артық тұрды. Бұл біз үшін мәртебе болса, 

екінші жағынан қазақ халқына деген ерекше 

құрмет екені анық.

Наурыздың 18-і мен 21-і аралығында өткен 

басқосудың Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс 

келуін де жиналғандар жақсы ырымға балап, 

2015 жылы Қазақстанда, оның ішінде Қыздар 

университетінде өтетін Екінші Түркі дүниесі 

симпозиумынан зор үміт күтетіндерін жасыр-

мады. Ал біз үлкен жауапкершілікті арқалап 

сүйікті Алатауымызға қарай атанып кеттік.

Дәрмен СМАЙЫЛ, 

журналист



АЛМАТЫ – НИЙДЕ – АЛМАТЫ

ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

әлем түркілері бас қосады

(Басы 1-бетте)

Жалал Ад-дин 1207 жылы Хорасан 

провинциясындағы Балх қаласында дүниеге 

келген ұстаз, ақын. ХХІІІ ғасырда Кіші Азияда 

(Рум) өмір сүрген ғалым сопылық-аскетикалық 

ағымның ірі өкілі. 2007 жылы ЮНЕСКО 

көлемінде 800 жылдығы аталып өткен ақын-

ұстазды шәкірттері рухани ұстаз «Мәулана» 

атап кеткен.Мәулана мектебі мен семаға 

Түркияда 1924 жылы Ататүрік тыйым салған. 

Бірақ елуінші жылдардан бермен қарай ол 

қайтадан жаңғыра бастады. Содан да болар, 

айналып жүрген діни-міскіндік өнер ұжымын 

айналсоқтап жүргендер өте көп емес. Түрік 

бауырларымыз Мәулана Румиді Қожа-Ахмет 

Яссауймен салыстырады екен.

Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын әрі 

сүннизмді ұлықтайтын Қазақстан делегация–

сына Түркия діни-мистикалық ұжымының 

«суфий рухани сапары» біртүрлі әсер еткенмен, 

кез келген ақпаратқа жаны құмар ғалымдар 

үшін бұл барынша қызығушылық тудыр-

ды. Ал әлем әдебиетінде рубайлары арқылы 

өте танымал шығыс шайыры Румидің тәнді 

жанға бағындыру бағытында ер азаматтарды 

тәрбиелеу және көкірек-көздерін ашудағы 

ісі жөнінде туындаған сауалдарға жауап алуға 

тырыстық.

МАХАББАТ ЕСКЕРТКІШІ

Нийденің тағы бір таңы атты...

Маған нийделіктердің сабырлылығы ұнады. 

Асығып жүрген жан жоқ. Қарбаласып жатқан 

халықты көрмейсіз. Бәрі өзімен-өзі. Осы-

дан таулы үстірттің таңы да асықпай ататын 

секілді көрінді. Биік таулардан таңы жайлап 

«өтетін» Алатаудың баурайында орналасқан 

алып шаһардан, ұйықтамайтын Алматыдан 

келген біз үшін бұл ерекше әсер қалдырды. 

Кез келген жағдайдың барлығына сақадай сай 

тұрамыз. Сағатқа қарағыштай беретін әдет 

қалмаған. Қонақ үйдің төменгі қабатына түсіп, 

жолбастар адамдарымыз келгенше шәйға 

бас қойдық. «Қазақ – Нийдеде де қазақ» деп 

әзілдеп қоямыз...

Нийде университеті ректорының бас 

жәрдемшісі (біздіңше, бірінші проректор) 

Мұрат мырза келген соң, уақыт ұтайық деп сағат 

9-дар шамасында қыздың бейнесі көрінетін 

мешітке қарай ат басын бұрдық.

Алаеддин мешіті Нийде қаласының биік 

жерлерінің бірінде орналасқан. Қаланың 

әсіресе, шығыс бөлігі алақандағыдай көрінеді. 

Күн шығып келе жатқандағы көрініс тіпті 

есіңді алады. Бұл жер жаймашуақ қана жер 

емес, қаланың ең бір жасылды аймағы сияқты 

пайымдалады.

Алаеддин мешітінің салыну тарихы туралы 

аңыз нағыз махаббат сырын бүгіп жатыр. Оны 

сәулетші, әйгілі румдық Коломон деген ше-

бер сұлтанның ай десе аузы, күн десе көзі бар 

Құндыз атты қызына ғашық болады. Алайда 

қатал тағдыр ғашығына қол жеткізбегеннен 

кейін шебер ойлана келе өзінің махаббатын тас 

мәрмәрдің бетіне қашайды. Бұл сол уақытпен 

салыстырғанда ең батыл қадам болып санала-

ды. Себебі, ислам діні қағидаттары бойынша 

адамның суретін салуға тыйым салынған. 

Ғашығының бет пішінін тасқа қалап, махабба-

тына ескерткіш тұрғызған шебердің қызға деген 

ынтықтығын осылай тарихқа айналдыруы кез 

келген адамның басын өнерге идіртпей қой-

майтыны сөзсіз. Ең қызығы, тасқа қашалған су-

реттен әркім өз қиялындағы бет-бейнені көреді.

СИМПОЗИУМ ЖАЛҒАСЫ

Рауандап атқан таң, ғашықтыққа бергісіз 

әдемі көрініс көңілімізді тоғайтқандай. Алда аса 

жауапты шаралар тұр.

Кешегі ашылған симпозиумның секциялық 

жұмыстары қызып жатыр. Түркі әлеміне 

қатысты барлық тақырыптарды қамтыған 

ғалымдар түркі тілдері, тарихы, мәдениеті, 

оқыту тәсілдері, халық ауыз әдебиеті, географи-

ясы, археологиясы, діни-сенім мәселелері, эко-

логиясы, білім беру, қырым-қатынас т.б. өзекті 

де өткір мәселелер төңірегінде пікір алмасып, 

өз ойларын ортаға салды. Бәрінің мақсаты – 

ортақ мүдде. Бір аспан астында ынтымақта, 

тарихи тамырластықта бауырластықты арт-

тыру. Мұндай ортада бірінші болғандар тіл 

жақындығына қатты тебіреніп жүр.

Күн көтерілген уақытта Қазақ мемлекеттік 

қыздар университетінің ректоры Динар 

тамыры тереңде жатқан қандас, туыс түркі 

халықтарының рухани тіршілігінің болашағы 

үшін игілік жасауға қашан да дайын.Елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті 

Абдуллаһ Гүл екі ел арасында қыл өткізбестей 

бауырмалдықтың озық үлгісін көрсетіп 

келеді, – деді Динар Жүсіпәліқызы. – Әлемдік 

білім төріне бет алған Қыздар университеті 

Қазақстандағы жетекші ЖОО ретінде үздіктер 

қатарында көрініп келеді. Сапалы білім мен 

озық ғылымды қос қанаты еткен оқу орны 

саналы тәрбие тұғырына берік орналасқан.

Осы орайда, Қазақстан Республикасындағы 

парасатты қыздардың қасиетті қара шаңырағы 

– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті мен Түркия Республикасының 

жетекші оқу орындарының бірі – Нийде 

у н и в е р с и т е т і   а р а с ы н д а   х а л ы қ а р а л ы қ 

ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды. 

Бұл келісімшарт әлемдік білім кеңістігінде 

болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін 

арттыру мен құзыреттілік моделін жүзеге асы-

руды, жоғары білімнің еуропалық аймағына 

ықпалдасуды, білім, ғылым, өндірістің кірігуін 

қамтамасыз етіп, академиялық әріптестікті 

жүзеге асыруды көздейді.

Аз уақыт ішінде екі университет арасын-

да бірқатар іс-шаралар жүзеге асты. Атап 

айтқанда, сәйкес мамандықтар бойынша маги-

странттар Нийде университетінде академиялық 

ұтқырлық бойынша білім алып жатса, аталған 

жоғары оқу орнының магистранттары Қыздар 

университетінде оқуын жалғастырып жатыр. 

Сондай-ақ білікті маман даярлау жүйесінде 

халықаралық бірлескен білім бағдарламалары 

даярлану үстінде.

шығыстан бойлай түскен күн сәулесі болмашы 

ғана ашады. Маған мешіттегі ғашықтық сырын 

күн пердесі бүркемелеп, аялап тұрғандай әсер 

қалдырды. Өйткені, мешітті шығыс тарапы-

нан суретке түсіріп алып қарасаңыз, басында 

тәжі бар сылқым ару қыздың бет пішінін 

байқайсыз. Сұлудың бет бейнесінде шолпы, 

маңдайға тағылатын қымбат әшекейлермен 

қатар, сұлтан қыздарына тән тәкәппарлық пен 

паңдық білінеді. Бір қызығы суретті кітап пен 

газетке бассаңыз да таба алмайсыз. Тек фото-

аппаратпен суретке түсіріп алып қарасаңыз 

ғана көрінеді.

Нийде бекінісінің оңтүстігінде бой көтерген 

Алаеддин мешіті селжұқ сәулетінің шедеврі 

болып саналады. Ол Селжұқ сұлтаны Бірінші 

Алаеддин Кейқұбадтың мәртебесіне арналып 

салынған тарихи жәдігер. Мешітті 1223 жылы 

биік дөңнің басына қала басшысы Зейнедин 

Бешар салдыртқан. Ою-өрнектерінен сол 

дәуірдегі Коньяға тән әшекейлеу тәсілдері мен 

көркемдеулер сезіледі.

Тарихи құндылықтың басты құпиясы 

мынада жатыр. Мешіттің құрылысын салған 

Нөкетаева мен Нийде университетінің рек-

торы Аднан Гөрур жеке-дара кездесу өткізіп, 

екіжақты келіссөздер жүргізді. Аднан Гөрур:

- Түркі әлемі ғалымдарының біздің универ-

ситетте, Түркия орталығында бас қосуы – біз 

үшін үлкен мәртебе. Бұл кездесулер екіжақты 

ынтымақтастықты арттыруға үлкен серпін 

береді деп ойлаймын. Бұдан кейін студент, 

оқытушылар алмасып қана қоймай, ғылыми 

жобаларды жүзеге асыруда бірлесе қимыл 

жасасақ, – деген ұсыныс тастады.

Мұндай маңызды шараларды өткізуге 

бірлесе атсалысқанына ризашылығын 

білдірген Динар Нөкетаева өз кезегінде Аднан 

Гөрур мырзаны алдағы күз айында аталып 

өтетін Қыздар университетінің 70 жылдық 

мерейтойына шақырды. Бұл шақыруды Нийде 

университетінің ректоры қуана қабылдады.

– «Түркі әлемі әлі толық зерттелмеген 

терең тұңғиық» - деп айтқан Елбасымыз 

Н.Назарбаев, өткенімізден сабақ алып, 

болашағымызды баянды ету жолындағы 

«Мәңгілік Ел» идеясын «Тұтас түрік елі» идея-

сымен ұштастырып отыр. Қазақ халқы тарихи 



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

5

№4 (111)



30 сәуір

2014 жыл


Р У Х А Н И Я Т

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің 70 жылдық мерейтойы­

на орай 17 сәуір күні «Университет 

кітапханалары және ғылым мен білім 

саласында ақпараттық қызмет көрсету» 

атты республикалық ғылыми­практикалық 

конференция болып өтті.

ҚазМемҚызПУ­дың ғылыми кітапханасы 

ұйымдастырған шараның мақсаты 

Қазақстан ЖОО­дағы кітапханалар ісін 

жандандыру, электронды ақпарат ресур­

старын ғылым мен білім саласында қолдану 

және оны дамыту, кітапхана мамандарының 

біліктілігін көтеруді көздеді. Бұл конфе­

ренция кітапхана ісінің дамуына арналған 

маңызды іс­шаралардың бірі болып табы­

лады.

К о н ф е р е н ц и я ғ а   к і т а п х а н а   і с і н д е г і 

тәжірибелермен бөлісу үшін республиканың 40-

тан астам жоғары оқу орындары, атап айтқанда, 

Шымкент педагогикалық институты ғылыми 

кітапханасының директоры Р.Тлеукеева, 

ТарМПИ Ғылыми кітапханасының дирек-

торы Г.Ж.Есіркепова, «Өрлеу» БАҰО АҚ 

филиалы Қызылорда облысы бойынша 

ПҚБАИ директоры Н.С.Нурекеева, Абай 

атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университетінің ғылыми кітапхана дирек-

торы Н.Ж.Имансыдықова, Қ.И.Сәтпаев 

а т ы н д а ғ ы   Қ а з а қ   ұ л т т ы қ   т е х н и к а л ы қ 

университеті ғылыми кітапханасының дирек-

торы Қ.Б.Хусайнова, Қазақ ұлттық аграрлық 

университеті ғылыми кітапханасының дирек-

торы А.М.Айтуарова, Алматы технологиялық 

университеті ғылыми кітапханасының директо-

ры Г.М.Мұсағалиева, Алматы энергетика және 

байланыс институтының ғылыми кітапхана 

директоры Б.М.Жетпісбаева, М.Тынышпаев 

а т ы н д а ғ ы   к ө л і к   ж ә н е   к о м м у н и к а ц и я 

академиясының ғылыми кітапханасының ди-

ректоры М.Д.Бутумбаева, т.б көптеген ғылыми 

кітапхана директорлары мен қызметкерлері 

мен Қыздар университетінің басшылық құрамы 

қатысты.


«Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар 

қарқынды дамып, адамзат өте мәліметтерді 

жылдам алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Осын-

дай ақпараттар ағымында жастардың дұрыс, 

сапалы мәліметтерді алуы үшін кітапханалар 

жұмысы замана көшіне ілесіп, жұмыс жүйесін 

жетілдіруі керек. Бүгінгі басқосуда кітапхана 

ісінде орын алып отырған мәселелерді 

талқылап, тәжірибелеріңізбен бөлісе аласыз-

дар деген ойдамын», – деп сөз бастаған Қыздар 

Халықаралық шараға Түркияның 

Кастомону университетінен ф.ғ.д., 

профессор Ахмет Шимшек, Австра-

лияның Аделаида ұлттық универ-

ситетінен PhD докторы, порфессор 

Джулия Миллер, АҚШ-тың Не-

браска штаты, Омаха мемлекеттік 

университетінен PhD докторы, 

порфессор Бекка МкКуиллин, 

Өзбекстаның Өзбек мемлекеттік әлем 

тілдері университетіен Нұрсұлтан 

Ж ү с і п о в ,   Т ү р к и я н ы ң   Н и й д е 

университетінен  Ж.Сүлейменова,  

ҚМЭБИ профессоры, PhD докторы 

Дэвид Лэндис, Қазақ ұлттық жараты-

лыстану ғылымдары академиясының 

в и ц е - п р е з и д е н т і ,   а к а д е м и к 

Кәрім бек Құрманәлиев, Қыздар 

универси тетінің шет тілі маманда-

рымен қатар әл-Фараби атындағы 

университетінің бірінші проректоры Б.А.Әлиев 

кітапханашылар конференциясына сәттілік 

тіледі. Сонымен қатар, өмірінің 49 жылын 

ҚазМемҚызПУ-дың ғылыми кітапханасына 

арнап, оның дамуына көп үлес қосқан Еңбек 

ардагері Р.Б.Әйтиева да кітапханашыларға 

халықаралық деңгейге сай жаңашыл мамандар-

ды дайындауда әрдайым кітапхана ісін жүргізу 

мен басқарудың жаңа тәсілдерін меңгеруге 

шақырды.


Тұңғыш рет жоғарғы оқу орындарының 

кітапханашылары бас қосқан ғылыми-

тәжірибелік конференция кітапхана саласына 

қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арнал-

ды. Конференция барысында «Кітапхана және 

жоғары оқу орны: көзқарас, келелі мәселелер 

және өзара әрекеттесудің жарқын көрінісі», 

«Заманауи жастар – заманауи кітапханада» 

тақырыбында 2 секция жұмыс істеді. 

Қ ы з д а р   у н и в е р с и т е т і н і ң   ғ ы л ы м и 

кітапханасының директоры Б.Бағашарова: 

«Кітапхана жай ғана кітап тарататын орын 

емес, оқырманның рухани, ғылыми толысатын 

ордасы. Сондықтан да қажетті әдебиеттермен 

қамтамасыз етіп қана қоймай, мәдени-

ағартушылық жұмыстарды атқару керек», – 

деп атап өтті. Музыка, спорт секілді салалық 

бағыттағы оқу ордаларының кітапханалары ҚР 

Кітапханалар ассоцациясы құрамына ілінуі, 

талаптарын орындауы күрделі мәселелерідің 

бірі екендігі, кітапханашылар кітап қорын 

соңғы 10 жылдықта жарық көрген кітаптармен 

толықтыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп 

тұрғаныменен, ескірген кітаптарды есептен 

шығаруда арнайы ереже-талаптардың жоқтығы, 

кітаптар тізімі сараланбай, кітапханашылар 

жұмысына кедергілер келтіретіндігі де айтылды.

Кітапхана ісіндегі менеджмент, жоғарғы 

оқу орындар оқырмандары үшін ақпараттық-

технологиялық ортаны қалыптастыру, орта мек-

теп кітапхана шыла рының біліктілігін көтеру 

мәселелерімен қатар, кітапханашылардың 

айлық еңбека қы сының аздығы да назардан тыс 

қалмады. КазМемҚызПУ өнер және мәдениет 

факуль теті кітапханатану жән библиография 

кафедра сы ның  меңгерушісі  Г.Нұржанова 

бүгінгі күнге дейінгі кафедраның кітапхана 

мамандарын дайын даудағы мүмкіншіліктері, 

жетістіктері, статис тика бойынша жыл сайынғы 

мамандар дайындап шығарылуы жайлы және 

кітап ха нашы  мамандықтарын  дайындауда 

кафедра ның ғылыми-әдістемелік кешен екенін 

айтып өтті.

ҚР Кітапхана ассоцациясының президенті 

Р.А.Бердіғалиева бүгінгі жиын арқылы 

кітапхана саласындағы өзекті мәселелер 

көтеріліп, шешу жолдары қарастырылатынын, 

сонымен қатар осы жылдың аяғында 15 

қазан – кітапханашылар күніне орай Ал-

матыда ТМД елдері кітапханашылар ара-

сында өтетін жиында жалғасатындығын 

жеткізді.

Конференция аясында Қыздар уни-

верситетінің 70 жылдық мерейтойына арналған 

кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана 

мамандарына дипломдар мен сертификаттар 

табыс етілді.

Қарлыға МЫРЗА­ӘЛІМ

ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, 

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, 

С . Ж . А с ф е н д и я р о в   а т ы н д а ғ ы 

ҚазҰМУ сынды республикамыздың 

бір қатар жоғарғы оқу орындарының 

ғалымдары мен оқытушылары 

қатысты. 

М е м л е к е т   б а с ш ы с ы 

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан–2050» 

Стратегиясында: «Қазір біз бала-

ларымыз қазақ тілі мен қатар 

орыс және ағылшын тілдерінде 

белсенді меңгеру үшін жағдай 

жасауға шаралар қабылдап жа-

тырмыз. Үштілділік мемлекеттік 

деңгейден ынталандырылуы керек», 

– деп атап көрсеткен болатын. ҚР 

Ұлттық жаратылыстану ғылымдары 

академиясының вице-президенті, 

академик К.Құрманәлиев: «Кезінде 

орыс тілін үйретуді жаппай науқанға 

айналдырсақ, бүгінде оны ағылшын 

тілімен ауыстырып отырмыз. Ал 

бір ғана шет тілін тереңдетіп оқыту 

қателікке соқтыруы мүмкін. Батыс 

тілдерінен бөлек, шығыс тілдеріне 

көңіл бөлгеніміз абзал. Мемлекеттік 

тіл арқылы шет тіліне жол ашуымыз 

керек. Ол үшін алдымен оқулықтар, 

оқу-әдістемелік құралдар, сөздіктер 

шығарылуы керек», – деп пікір 

білдірді. 

Конференцияда Дэвид Лэндистің 

ағылшын тілін оқыту мәселелері жай-

ында, А.Шимшектің түркі дүниесі 

туралы сөз қозғаған баяндамала-

ры тыңдалды. Ал, ҚазМемҚызПУ 

қазақ филологиясы және әлем тілдері 

факультетінің деканы, п.ғ.д., профес-

сор А.А.Сәтбекова жалпы қазақ тілін 

оқыту әдістеріне кеңінен тоқталып 

өтті. 


Ж и ы н   б а р ы с ы н д а   А Қ Ш -

т ы ң   Н е б р а с к а   ш т а т ы ,   О м а -

ха мемлекеттік университетімен, 

М и с с и с с и п и   м е м л е к е т т і к 

университетімен, Түркияның Нийде 

университетімен, профессор Бекка 

МкКуиллинмен, қосдипломдық 

бағдарламасы бойынша білім алып 

жатқан Қыздар университетінің 

студенттері Қ.Бабатаева және 

Ә.Бахрамовалармен онлайн бай-

ланыс орнатылып, шетелдік оқу 

орындарындағы тіл үйрету, жал-

пы оқу бағдарламасы жайында сөз 

қозғалып, өзара пікір алмасулар өтті. 

Халықаралық жиын гумани-

тарлық ғылымдар, қоғамдық ғылым-

дар, жаратылыстану ғылымдары, 

техникалық ғылымдар деп бөлінген 

4   с е к ц и я   б о й ы н ш а   ж а л ғ а с т ы . 

Оқытушылар, практик ғалымдар, 

магистранттар сала-сала бойынша 

шет тілін оқытудағы мәселелерді 

талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға 

салды. 

Қ.ТЕЛЬМАН

Кітапхана – көзі ашыққа маржан



«Өзге тілдің бәрін біл...» 

Шет тілін меңгеру, өзге тілде сөйлеу, ойын еркін жеткізу бұл күнде таңырқап қарайтын жағдай емес, бұл – қажеттілік. 

Кез келген адам өзін-өзі жетілдіру үшін өз ана тілінен бөлек шет тілдерін меңгеріп қана қоймай, елдің дамуына 

атсалысу мақсатында білім алу керектігі қазіргі қоғамда түсінікті жағдай. Қазақстанда үш тұрғырлы тіл саясатының 

қолға алынуы – болашақтың қамы. Алайда, осы тіл үйрету, көп тілді білім беру жұмыстарында қандай деңгейде 

жүргізіліп отыр, қандай мәселелер мен қиындықтар бар? Осы төңіректе тереңірек зерттеу үшін 25 сәуір күні Қазақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет