Әз-наурыз, ТӨрлет төріме! 3-бетте 8-бет 9-бетте Шеберлік шыңына шығар жол



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата07.04.2017
өлшемі11,94 Mb.
#11211
1   2   3   4   5   6

Қ.ТЕЛЬМАН 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ж А Л Ы Н

№4 (111)

30 сәуір


2014 жыл

10

Елімізде дәстүрлі діндерден бөлек көптеген 



ұйым дар мен бірлестіктер жұмыс істеп жатқан-

дығы жөнінде айтылған әңгімелер аз емес. 

Қазіргі таңда статистикаға сүйенсек, елімізде  

2000-нан астам діни секталар бар екен. Бұл 

ресми тіркелгендері ғана, ал тіркел мей, астыртын 

жұмыс істеп жатқандары қанша ма?! 

 Қоғам мүше лерінің, әсіресе жастардың 

осыншама діни ұйым дардың жетегінде кетпесіне 

кім кепіл?! 

22 сәуір күні Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университетінде «Махаббат –  мәңгі 

көктем» атты байқау өткізілді. 

Қазақстанның әр аймағынан 

жиналған арулар үшін мәңгілік 

есте қаларлық маңызды шараны 

«Қыз Жібек» қоғамдық бірлестігі 

ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – ұлттық 

дәстүр мен мәдениетті жастар 

бойына сіңіру, рухани 

құндылықтарды дәріптеу, 

ақылына көркі сай қазіргі қазақ 

қыздарын таныта отырып, 

жастарға үлгі ретінде насихаттау, 

«Махаббат» құндылығы туралы 

түсініктерін кеңейту, адам 

бойындағы махаббат сезімін, 

сүйіспеншілікті танып, оны құрмет 

тұтуға баулу.

О с ы   ө з е к т і   м ә с е л е   к і м -

кімді де толғандырары анық. 

Қыздар университеті де бұл 

мәселеде қалыс қалып отырған 

жоқ. Оның бір дәлелі – 25 

сәуір күні өткізілген «Дін ис-

лам – діңгегім» атты дөңгелек 

үстел. Ұйымдастырудағы ба-

сты мақсаты – студенттерге  

қазіргі кездегі діни ахуалдың 

қалыптасуы мен дін мен салт-

дәстүрдің ара қатынасы туралы, 

жат діни ағымдардың қоғамға 

ықпалы жөнінде түсіндіру, діни 

н а н ы м - с е н і м д е р д і   а ж ы р а т а 

білуге, жат діни ағымдардан аулақ 

жүруге үйрету, әлемдік діндер 

туралы түсініктерін кеңейту,  

ұлтжандылыққа, адамгершілікке, 

тілі мен дінін, салт-дәстүрін 

құрметтеуге, ұйымшылдыққа 

тәрбиелеу. 

Қазақстан тарихы кафе-

д р а с ы н ы ң   м е ң г е р у ш і с і 

А.Т.Қаипбаеваның айтуынша, 

жастар арасындағы түрлі мәсе-

лелердің, әсіресе, дін мәселесінде 

талас-тартыстар көп, сол себепті 

оның түйінін шешуге осындай 

жиындар септігін тигізеді. 

Дөңгелек үстелге Түрксіб 

ауданы мешітінің  бас имамы  

Медғат Асқарбекұлы Тоғызбаев  

қатысып, студенттердің сауал-

дарына барынша жауап беріп, 

келелі әңгіме жүргізді. Соны-

мен қатар, Түркия елінен келген 

тарих ғылымдарының докто-

ры Абдуақап Қара мырза да сол 

елдегі діни мәселелерді қозғап, 

оқу орындарында «Дінтану» 

мен қатар «Исламтану» пәнін 

жүргізу керектігі туралы тамаша 

ой тастады. Дөңгелек үстел бары-

сында дінге қатысты қоғамдық 

мәселелер ашық талқыланды. 

Студенттер қоғамда орын алып 

ж а т қ а н   о қ и ғ а л а р   ж а й ы н д а 

айшықты ойларын айтып, діни 

көзқарастарын жарыса білдіріп  

жатты. Әңгіме барысында, саны 

көп секталар мен экстремизм 

жайы ортаға салынып, көптеген 

пікірлер айтылды. Тарих пәнінің 

оқытушылары да қазақ тарихы-

мен байланыстыра отырып дін 

туралы ой-пікірлерін жеткізді. 

Қ ы з д а р   у н и в е р с и т е т і н і ң 

тәрбие және әлеуметтік мәселелері 

жөніндегі департамент директоры 

Ә.С.Несіпбаев жастардың махабатқа 

адал, сезімге берік, сөзге шыншыл 

болулары керектігі жайында сөз 

сөйлеп, ұйымдастырылған байқаудың 

мақсаты мен мәнін түсіндіріп, барша 

қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ф а к у л ь т е т а р а л ы қ   б а й қ а у ғ а   6 

қыз-жігіт жұптасып қатысты. Олар: 

қазақ филологиясы және әлем тілдері 

факультетінің 2 курс студенті Меруерт 

Рысмендиева мен Т.Рысқұлов атындағы 

ҚазЭУ-дің 2 курс студенті Бексұлтан 

Сейтқасымның «Егіз лебіз» жұбы, 

өнер және мәдениет факультетінің 

1 курс студенті Жазира Қарасай мен 

Алматы мемлекеттік жаңа техноло-

гиялар колледжінің студенті Ерназар 

Махамбеталиевтің «Нәзік сезім» жұбы, 

педагогика-психология факультетінің 

1 курс студенті Ләззат Ақмұрзаева 

мен шет тілдері және іскерлік карье-

ра университетінің 2 курс студенті 

Қ а ж ы м ұ қ а н   Т о с у н н ы ң   « Л ә з з а т » 

жұбы, әлеуметтік-гуманитарлық 

факультетінің 2 курс студенті Балсая 

Есімбекова мен Т.Жүргенов атындағы 

ҚазҰӨА-ның 3 курс студенті Әділет 

Рахымбайдың «Махаббат симфо-

ниясы» жұбы, өнер және мадениет 

факультетінің 2 курс студенті Күнімқыз 

Шералиева мен әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың 1 курс магистранты Ер-

жан Күркеевтің «Махаббат орда-

сы» жұбы және физика-математика 

факультетінің 3 курс студенті Құралай 

Бекмағанбет пен Т.Жүргенов атындағы 

ҚазҰӨА-ның 3 курс студенті Алмат 

Орынбайдың «Махаббат бекеті» жұбы.

«Тоқтаңыз, сұлу қыз, су іздеген, 

танысқым келеді менің сізбен...», 

Жастар жаңылмасын

Жарасымды жұптар сайысы 

«Саналы ел 

салтын сақтар»

Жас ақын қыздарымыз дін тура-

лы өз шығармашылықтарымен 

бөлісті. Имам өз сөзінде хәкім 

Абай атамыздың «Қазір халықтың 

малына емес, миына шабатын за-

ман болды» деген сөзін мысалға 

келтірді. Халықтың, әсіресе, 

жастарды өз жетектеріне ерте 

кететін ұйымдардан алшақ болуға 

шақырды. 

Маржан ӘБІШ,

студенттік медиа клуб мүшесі 

Қазақ халқының сонау ғасырлардан бері бізге жет-

кен салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, ырымдар мен тыйымдар 

өте көп. Ырым-тыйым түркі-моңғол халықтарының 

барлығында бар. Оны әзербайжандар «сынама», 

қырғыздар «ырым-дарымдар», моңғолдар «ёр», «цээр», 

қалмақтар «йори», татарлар «ырым-ишанулар», «сына-

мыштар» деп атаған. Осы құндылықтарымыз  арқылы 

аталарымыз бен әжелеріміз келешек ұрпаққа дәстүрін 

дәріптеп, тәрбие берген. 

Шын мәнісінде, ырым-тыйымның пайдасы ұшан-

теңіз. Үлкендер жастардың іс-әрекетіне қарап, оның 

дұрыс не бұрыс екендігін, жөн-түзулігін айтып отырған. 

Мұның барлығы тұрмыстағы ырымдар мен тыйымдар 

арқылы көрсетіліп, әдетке айналды. Демек, ырым-

тыйымдар барлығы да күнделікті тұрмысымыздағы 

істер әрекеттерімізден пайда болған десек те болғандай. 

Ал енді қыз баласының тәрбиесіндегі ырым-тый-

ымдар жөнінде тарқатып көрейік. Қазақ халқы қыз 

баласын ел-жұртының, туған жерінің ары мен намы-

сына балап, тәртібіне қаншалықты қатаң болса, «қыз 

–  жат жұрттық» деп, төріне отырғызып, соншалықты 

еркелетіп, аялап өсірген. «Қызға қырық үйден тыйым, 

қала берді есіктегі күңнен тыйым» деген аталы сөздің 

астарында қыз баласының тәртібі мен тәліміне үлкен 

мән бергенін аңғарамыз. Соған орай қыз бала кәмелет 

жасқа келгенше айтылар кеңес, ақыл, тыйым мен 

ырымдар аз емес. 

Анасы немесе әжесі қыздарының сыпайы, көркем 

мінезді болып өсуі үшін тәрбиесіне көп көңіл бөлген. 

«Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без» деген қазақ халқы, 

кес-кестеп сөйлеуге, кесе көлденең өтуге, үлкендердің 

сөз бөлуге тыйым салып отырды. Қонақ болып барған 

үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «Қызда қырық 

шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз «Бақыттың 

жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. 

«Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды 

төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ 

күтуші үйге қонады. Сондай-ақ, «Қызда оттай ыстық 

мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса, 

бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді» деген ырымды 

жастардың да біле жүргені жөн. 

Қыз баланың түскен әр тал шашын кез келген 

жерге тастамайды, себебі құс іліп кетсе, бас ауру-

ына шалдығады деп ырымдайды. Жинақылыққа, 

ұқыптылыққа үйрететін бұл ырым – тазалықтың 

белгісі. Қыз балаға шашын жаюға, түнде жалаңбас 

шығуға болмайды деген тыйымдардың мағынасы өте 

зор. Себебі, басына қайғы түскен, жолдасы қайтыс 

болған келіншектер ғана шаштарын жайып жоқтау 

айтқан, сол себепті аталы сөзге құлақ асқан артықтық 

етпейді.


Ертеректе қазақ қыздарының бұрымына шашбау 

тағылған. Қыз баласының бойына ерекше сән беріп, 

көркін аша түскен шолпының мағынасы тереңде. 

Арулардың шолпысының сыңғыры ғана естіліп, әрбір 

басқан қадамы жұмсақ, нәзік болуына көп септігін 

тигізсе, әрі омыртқасының түзу, дене-тұрпатының 

сымбаттылығына да оң әсер еткен. 

Жоғарыда айтылған ырым-тыйымдардың аз ғана 

бөлігі, дегенмен олардың қыз баласының тәрбиесіне 

тигізер әсері көп, мән-мағынасы зор. 



Мөлдір ЖАҢБЫРБАЙ, 

студенттік медиа клуб мүшесі

«Қыз – еркем, қылығымен көркем, ұл 

– еркем, өнерімен көркем», «Дәстүрім 

– алтын қазынам», «Махаббат – 

мәңгі ертегі», «Ел мақтаған жігітті 

қыз жақтаған» деп тақырыптарда 

5 кезеңнен тұрған байқауда «Жас 

Отан» жастар қанаты Алматы қалалық 

филиалының атқарушы хатшысы 

орынбасары Ғалинұр Жаңабердиев, 

эстарада әншісі Әлия Әбілқайыр, ре-

жиссер Қанат Майлыбаев, биші Әузет 

Шалғын қазылық жасады.

Айдындағы аққудай қалықтаған 

п е р и з а т   қ ы з д а р   қ ы з - ж і г і т т е р д і 

жұптастырып, сахнаға шығарып, 

көрермендерге қызу да тартысты, 

әуезді де мәнді, күтпеген сыйларға 

толы сайыстың басталуынан ха-

бардар етті. Ортаға шыққан әрбір 

жұп алғашқы «Тоқтаңыз, сұлу қыз, 

су іздеген, танысқым келеді менің 

сізбен...» атты таныстыру кезеңінде 

арулармен қалай танысқандарын 

ерекше қойылымдар арқылы көрсете 

отырып, өздерін де таныстырып өтті. 

Көрермендер мен әділ қазылар алқасы 

саябақта, ақ жауынның астында, туған 

күн кешінде, вокзалда болған күтпеген 

кездесулер сайыскерлерді жарасымды 

жұпқа айналдырғанының куәсі болды.

Тартысты сайыста қатысушылар 

би билеп, ән айтып, махаббат тура-

лы жырларды оқып қана қоймай, 

қоғамдағы ана, бала тақырыбындағы 

ө з е к т і   м ә с е л е л е р г е   с а х н а л ы қ 

қ о й ы л ы м д а р   ұ с ы н д ы .   Ө н е р л і 

жұптардың зияткерлік деңгейлері 

« Д ә с т ү р і м   –   а л т ы н   қ а з ы н а м » 

атты кезеңде сынаққа түсті. Қазақ 

халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен, 

әсіресе махаббат, той, сезімге қатысты 

сұрақтарға жауап берген қатысушылар 

білім деңгейлерін танытып жатты. Со-

нымен қатар, қатысушылар махаббат 

тақырыбында әсем әндерге бейнебаян, 

дәмді тағам дайындап, көрермендер 

назарына ұсынды. Таныстықтан 

басталған байқаудың қорытынды 

кезеңінде жігіттер көздерін байлап, өз 

жұбын табу керек болды. Әрқайсысы 

өз аруын шатаспай табуға тырысып 

бақты.

Студенттік жылдардың ұмытылмас 



әсем кешіне айналған бұл байқау да өз 

мәресіне жетіп, қазылар алқасының 

қ о р ы т ы н д ы с ы   ш ы ғ а р ы л д ы .

Алты жұптың арасында ерекше 

белсенділіктерімен көзге түскен Бал-

сая мен Әділеттің «Махаббат симфо-

ниясы» жұбы бас жүлдеге лайық деп 

танылды. Ал Күнімқыз бен Ержанның 

«Махаббат ордасы» жұбы І орынды ие-

ленсе, Құралай мен Алматтың «Махаб-

бат бекеті» жұбы 2 орынға қол жеткізді. 

Меруерт пен Бексұлтанның «Егіз 

лебіз» жұбы 3 орынды қанжығаларына 

байлады. Байқаудың «Мәңгілік махаб-

бат символы» номинациясы Жариза 

мен Ерназардың «Нәзік сезім» жұбына 

берілсе, «Жарасымды жұп» номина-

циясы Ләззат пен Қажымұқанның 

«Ләззат» жұбына бұйырды. Барлық 

қатысушылар ректор атынан берілген 

алғыс хаттармен марапатталып, 

естелік сыйлықтарға ие болды.

Кезекті рет ұйымдастырылып, 

көктемнің шұғылалы күнінде дүйім 

жұртқа шуақты көңіл сыйлаған кеш 

жалғасын табатын болады. Қыздар 

университетінің сұлуларына арнап әлі 

талай жыр жазылып, ән шырқалатыны 

да анық. Себебі, бұл – талай жігіттің 

жүрек қылын қозғаған сырғалылар 

мен бұрымдылардың ортасы.

Мырза ӘЛІМ


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

11

№4 (111)



30 сәуір

2014 жыл


Т А Ғ Ы Л Ы М

29 сәуір күні Қыздар университетінде 

белгілі музыкатанушы, композитор 

Өмірбек Байділдаев атындағы ІV қалалық 

патриоттық әндер байқауы болып 

өтті. Өмірін өнерімен ұштастырған ұлы 

композитордың әндеріне арналған «Туған 

ел» атты дәстүрлі байқау биыл Қыздар 

университетінің 70 жылдық мерейтойына 

арналды.

Келешек ұрпақтың бойына туған еліне, 

Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық 

сезімін ояту, ұлттық рухты көтеретін әндерді 

насихаттау мақсатында өткен ән байқауына 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Т.Жүргенов 

а т ы н д а ғ ы   ө н е р   а к а д е м и я с ы н ы ң , 

Қыздар университетінің, Ж.Елебеков 

атындағы Алматы эстрада-цирк өнері 

мен П.Чайковский атындағы Алматы 

музыкалық колледжінің және Т.Жүргенов 

атындағы өнер академиясы колледжінің 



2003 жыл, 19 маусым – Шәмша Көп-

бай қызы Беркімбаева (1942 ж.т.) Қазақ 

м е м л е к е т т і к   қ ы з д а р   п е д а г о г и к а л ы қ 

институтының ректоры болып тағайындалды. 

(2003-2011жж. ректорлық қызмет атқарды) 

2003 жыл, 18 қыркүйек – тарих-фило-

логия факультеті құрамындағы шетел тілдері 

кафедрасы институттың практикалық шетел 

тілдері, арнайы шетел тілдері болып 2-ге 

бөлінді.

2003 жыл, 25­26 қыркүйек – Май-

ра Уәлиқызы атындағы әншілердің ІI 

Халықаралық конкурсы өтті.

2003 жыл, 20­21 қараша – “Қазақ қызы: 

өткені, бүгіні, ертеңі” атты  Халықаралық 

ғылыми-практикалық конференция өтті.

2 0 0 3   ж ы л ,   8   ж е л т о қ с а н   –  п с . ғ . д . 

Қ.Т.Шерьязданова «Ерен еңбегі үшін» 

медалімен, профессор Ә.Бірмағамбетов 

«Құрмет» орденімен, профессор К.Аманжолов 

«Парасат» орденімен марапатталды. 

2004 жыл, қаңтар – институтта ЖОО ара-

сында тұңғыш шахмат клубы ашылды. Орта 

Азия және Қазақстандағы қыздар арасында 

тұңғыш спорт шебері, еліміздің 11 дүркін чем-

пионы, шахматшы Аида Мүслімова қатысты.

2004 жыл, қаңтар – институттың 

“Оңтүстік Меридиан” газеті “Ақтоты” газеті 

деп аталды.

2004 жыл, 25 ақпан – институт ректоры 

Ш.К.Беркімбаеваның ұсынысы бойынша 

академик З.Ахметов, институттың тұңғыш 

ректоры Т.Мырзабекова атындағы шәкіртақы 

тағайындау туралы ғылыми кеңестің шешімі 

шықты.


2004 жыл, 11­12 наурыз – институттың 

60 жылдығына Мұқағали Мақатаев поэзия-

сынан студент жастардың I фестивалі өтіп, 

Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби бірлестік 

құрылды. 

2004 жыл, 26 наурыз – Орталық Азия 

және ТМД елдерінде 60 жылдық тарихы бар 

жалғыз қыздар институтының 60 жылдық 

мерейтойына орай институт тарихына бай-

ланысты фотоальбом шығару туралы № 58 

бұйрығы шықты. 



2004 жыл, 29 наурыз – институттың 60 

жылдық мерекесіне институт тарихына бай-

ланысты телефильм шығару туралы № 64-ші 

бұйрығы шықты. 



2 0 0 4   ж ы л ,   1 5   с ә у і р   –   Т ұ м а н б а й 

Молдағалиевтың 70 жылдығына арналған 

“Ғашықтықтан туды менің бар жырым” атты 

әдеби сазды кеш өтті. 



2004 жыл, 28 сәуір – «Бәсеке мұраты 

– ұлағатты ұстаз, өнерлі де өнегелі ұрпақ, 

данагөй ана тәрбиелеу» атты студенттердің 

57-ғылыми-практикалық конференциясы 

өтті. 

2004 жыл, 28 сәуір – студенттердің 

біліктілігін жақсарту, жаңа бастамаларын 

қолдау, заман талабына сай білім беру 

мақсатында студенттердің Кіші Ғылым Ака-

демиясы ашылды. 

2004 жыл, 24­26 мамыр – Республикалық 

дәстүрлі «Ана тілі аруы – 2004» байқауында 

бас жүлдені институттың филология 

факультетінің студенті Гүлзия Алшынова 

жеңіп алды.

2004 жыл, 1 қыркүйек – ҚР Білім және 

ғылым министрлігінің 2004 жылдың 30 

сәуіріндегі №380 бұйрығы және 2004 жылдың 

7 тамызындағы №671 бұйрығына сәйкес 

және институттың 2004 жылғы 22 тамыздың 

№184 бұйрығы негізінде 1 курстың барлық 

мамандықтары кредиттік оқыту технология-

сына көшірілді. 



2004 жыл, 6 қыркүйек – ҚР Президенті 

Н.Ә.Назарбаев институттың  60 жылдық ме-

рейтойына арнайы құттықтау хат жолдады. 

2004 жыл, 22 қыркүйек – институт рек-

торы Ш.К.Беркімбаева ҚР Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың ресми қабылдауында бол-

ды. Қабылдауда педагогикалық мамандар дай-

ындау, сонымен бірге институттың 60 жылдық 

мерейтойына дайындық туралы айтылды. 



(Жалғасы бар)

Болған ИЛЕБАЕВА, 

«Ақтұмар» тарихи­этнографиялық 

музейінің аға ғылыми қызметкері

БІЗДІҢ ТАРИХ

Ес дәптер

1. Күнгей түркі сақ халық та-

рының байырғы заманда ел биле-

ген атақты тұңғыш әйел патша-

сы, Ахемен әулетінен шыққан, 

«төрт құбыланың тұтас билеушісі» 

атанған парсының әйгілі патшасы 

Кирді біздің дәуірімізге дейінгі 

529-жылы жеңіп, соғыста өлтірген 

тұңғыш әйел қолбасы – Томирис. 

Тұмар ханым біздің дәуірімізге 

дейінгі VІ ғасырда өмір сүрген.

2. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ 

ғасырда өмір сүрген, қазақтың 

ежелгі тарихында әулие атанған, 

барша қазақ әйелдерінің сыйына-

тын тұңғыш әйелі – Ұмай ене.

3. Қазақтың тұңғыш батыры 

әйелі атанған Малайсары батырдың 

қарындасы, Қабанбай батырдың 

жары – Гауһар ханым (ХҮШғ).

4. Алғаш махаббат жолын-

да құрбан болған сұлулар – Ма-

мыр Байғазықызы (1722), Еңлік 

Ықанқызы (1750).

5 . К ү н і м ж а н   х а н ы м 

Байболатқызы (ХІХғ) – тұңғыш рет 

Ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан, 

патша отаршылық саясатына 

қарсы күрескен Кенесары ханның 

жұбайы.

6.  Тұңғыш орыс отаршыла-



рына қарсы күресте қол бастаған 

батыр әйел –Кенесары ханның 

қарындасы  Бопай Қасымқызы 

(ХІХ ғ). 

7 .   Х І Х ғ .   Т ұ ң ғ ы ш   с а я с и 

қайраткер қазақ әйелі атанған Уәли 

ханның жұбайы Айғаным ханша 

Сарғалдаққызы (1783-1853).

8. Қазақ қыздарының ішінде 

тұңғыш рет 14 жасында дастан 

жазған Алмажан Азаматқызы 

(1823).


9. Қазақ әйелдері арасынан 

ш ы қ қ а н   т ұ ң ғ ы ш   м ұ ғ а л и м а   – 

Хусни-Жамал Зұлқайнарқызы 

Нұралыханова (1894).

10. Өнеркәсіп академиясын 

бітірген тұңғыш инженер әйел – 

Мәдина Бегалиева.

«Қызым, саған айтам...» 

кітабынан

Патриоттық әндермен 

өрілген кеш 

Қазақ 


тарихындағы 

айтулы арулар

Өмірбек Байділдаевтың шәкірттері, туған-

туыстары, балалары – Бибігүл мен Шол-

пан, Бауыржан мен Қайрат Байділдаевтар, 

жұбайы Кәмила Байділдаева арнайы 

шақырылды. Жастардың өнеріне риза 

болған Кәмила апа қатысушылар мен 

ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ақ 

батасын берді.

Кеш барысында еліміздің музыка 

мәдениетінде өзіндік қолтаңбасымен 

дараланған кесек тұлғалы композитор, 

білімді ұстаз, зерделі музыка зерттеушісі, 

профессор Өмірбек Байділдаевтың 

шығармашылық жолына арналған бей-

нефильм көрсетіліп, композитордың 

еліміздің музыка мәдениетіне сіңірген 

еңбегі атап өтілді.

«Ө.Байділдаев ұзақ жылдар Қазақ 

Мемлекеттік Қыздар педагогикалық 

университетінде, Музыка теориясы және 

тарихы кафедрасының меңгерушісі бо-

лып қызмет атқарды. Сол жылдары му-

зыка мәдениетінің тарихы мен теори-

ясын қалыптастыруға атсалысты. Ән 

жанрында да үлкен жемісті еңбек етті. 

Біз бүгінгі шараны музыка, өнер сала-

сына үлкен із қалдырған дара тұлғаның 

әндерін жастар арасында кеңінен таныту, 

насихаттау, сонымен қатар, талантты 

жастарымыздың жолын ашу мақсатында 

арнайы өткізіп отырмыз», – деді атал-

мыш шараның ұйымдастырушысы, 

өнер және мәдниет факультеті мәдени-

бұқаралық жұмыстардың теориясы мен 

әдістемесі кафедрасының меңгерушісі 

Дана Қарамолдаева.

Б а й қ а у   қ о р ы т ы н д ы с ы   б о й -

ынша, ән додасының Бас жүлдесін - 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер 

академиясының «Музыкалық драма» 

мамандығының 3 курс студенті Саламат 

Мұқашев (ерлер арасында) пен Қыздар 

университетінің «Музыкалық білім» 

мамандығының 2 курс студенті Жұлдыз 

Әділбекова (қыздар арасында) жеңіп алды. 

Ал, «Дуэт, трио, ансамбль» аталымы бой-

ынша Бас жүлдеге Ж.Елебеков атындағы 

Республикалық эстрада-цирк колледжінің 

«Эстрадалық вокал» мамандығының 3 

курс студенті Нұрсұлтан Машербаев пен 

Нұрхан Сегізбай ие болды. Бұдан өзге төрт 

аталым бойынша І, ІІ, ІІІ орын иегерлері 

анықталды. Барлық жеңімпаздар диплом-

дармен және арнайы сыйлықтармен мара-

патталды.

Өскелең ұрпақты елжандылыққа, 

отансүйгіштікке тәрбиелейтін мұндай 

байқау алдағы жылы да жалғасын таппақ.



Нәзира ЕЛЕУХАН

студенттері қатысты. Байқауда іріктеуден 

өткен 22 үміткер бақтарын сынады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ән 

байқауына жалпы 40-тан астам студент 

қатысуға ниет білдірген.

Талап бойынша әрбір қатысушы 

2 әннен айтты. Бірінші ән Өмірбек 

Байділдаевтың шығармашылығынан 

алынса, екінші ән өз таңдауы бойын-

ша патриоттық тақырыпқа арналды. 

Үміткерлер әндерді жанды дауыспен, 

баян, фортепиано, домбыра және т.б. 

аспаптардың сүйемелдеуімен орындады. 

Байқауға қатысушыларға елімізге та-

нымал опера әншісі, ҚР Еңбек сіңірген 

қайраткері Талғат Күзембаев, «Ақсарай» 

мюзикл театрының актері Есенай Ілиясов 

бастаған өнер саласының қайраткерлері 

қазылық жасады.

Байқауда композитордың халық ара-

сына кең тараған, әр қазаққа ыстық 

«Туған ел», «Ауыл кеші», «Алматым-аста-

нам» сынды әндерімен қатар, тәуелсіздік, 

ел, жер, Отанға, халықтар достығы мен 

ерлік, батырлық тақырыбына арналған 

патриоттық әндер шырқалды. Шараға 


С О Ң Ғ Ы   Б Е Т

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

12

№4 (111)


30 сәуір

2014 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет