Бағасы келiсiм бойынша.
Таралымы – 1000 дана.
Тапсырыс №448
Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция-
ның көзқарасын бiлдiрмейдi.
Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды,
үш компьютерлiк беттен асатын материалдар
қабылданбайды.
«Қыздар университетiне» жарияланған мақала
көшiрiлiп басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.
ҚҰРЫЛТАЙШЫ
:
Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық
университеті
«Қыздар
университеті» медиа
орталығы
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Қ.МЫРЗАЛИМОВА – Жауапты хатшы
К.САРТБАЕВ –
Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы,
А.ҰЙҚАСБАЕВА –
Ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі
Тілшілер:
Н.ЖҰМАҚҰЛОВА
Г.БЕКТАСОВА
Беттеуші:
Н.МӘДЕЛІ
Фототiлшi:
Д.АБДИЛЬДИНОВ
Жетекші-Бас редактор –
Д.СМАЙЫЛ
МЕКЕН-ЖАЙЫ:
050000, Алматы қаласы,
Әйтеке би көшесі, 99-үй
Байланыс телефоны:
8 (727) 279-38-05
Газет «Қыздар университеті» газеті
редакцияның компьютерлік орта-
лығында терiлiп, беттелдi.
«Бизнес Информ» баспаханасында
(Төле би көшесі, 108) басылды.
Тел.: 8 (727) 293-09-09
Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде 16.03.2012 ж. қайта
тiркелiп, №12345-Г куәлiк берiлген.
23-25 сәуір аралығында Қазақ
спорт және туризм академиясының
70 жылдық мерейтойына арналған
А л м а т ы қ а л а с ы Ж О О - н ы ң
студенттері арасында баскетбол
турнирі өтті. Жарысқа 6 коман-
да: Қазақ спорт және туризм ака-
демиясы, Қазақ ұлттық аграрлық
университеті, Қазақ ұлттық меди-
цина университеті, Алматы техно-
логия университеті, Қазақ ұлттық
техникалық университеті және Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті қатысты.
Жарыс айналымды жүйеде өткі-
зіліп,О.Н.Рукасов жаттықтыратын
Қыздар университетінің баскетбол-
шылары барлық қарсылас коман-
даларын жеңді. Ал ақтық ойында
Спорт және туризм академиясының
баскетболшы қыздарын 56 – 46
есебімен ұтып, 1 орынды жеңіп алды.
Қыздар университеті командасының
мүшесі, педагогика-психология
факультетінің 1-курс студенті На-
зерке Кәден турнирдің ең үздік
шабуылшысы атанып, «Құрмет гра-
мотасымен» марапатталды.
С п о р т ш ы қ ы з д а р б ұ л
ч е м п и о н а т т ы ң ү з д і г і а т а -
нып, Қыздар университетінің
мақтанышына айналды. 69 кг
с а л м а қ д ә р е ж е с і б о й ы н ш а
сынға түскен Карина Горичева
алтыннан алқа тақты. Жастар
арасындағы әлем біріншілігінің
екі дүркін чемпионы К.Горичева
Жасөспірімдер арасында өткен
Дүниежүзілік Олимпиада чемпи-
оны Жазира Жаппарқұлдан есесін
жібермеді. Жұлқа және серпе
көтерудің жалпы қорытындысы
бойынша 229 кг еңсерген Карина
Қазақстанның чемпионы атанды.
Ал, жастар мен жасөспірімдер
арасында өткен Азия чемпио-
натының күміс жүлдегері Мар-
гарита Елисееваның қоржыны
«Қазақстанның 53 кг салмақ
дәрежесі бойынша чемпио-
ны» атағымен толықты. Гүлзат
Тай бұлатова (145 кг) мен Ақ-
марал Нұрымовадан (160 кг)
артық салмақты бағындырған
М.Елисеева алтыннан алқа тақты.
Ол жалпы есепте 161 кг көтерді.
Ауыр атлетикадан ерлер мен
әйелдер арасында өткен ҚР чемпи-
онатында еліміздің әр аймағынан
182 ауыратлетші қатысты. Чем-
пионат қорытындысы бойын-
ша Кореяда өтетін Азия ойын-
дары мен Әлем чемпионатына
қатысатын Қазақстан құрамасы
анықталатын болады. Азия ой-
ындары мен әлем чемпиона-
тында Рио-де-Жанейрода өтетін
Олимпиаданың лицензиясы ой-
натылады. Қазақстан чемпионы
атанған Қыздар университетінің
студенттері Карина Горичева мен
Маргарита Елисееваның алдағы
уақытта ел құрамасына алынып,
жарыс жеңімпаздары, ең бастысы,
Олимпиада чемпионы атанады
деген үміттеміз.
Өз тілшімізден
БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР –
ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНДАРЫ
20-25 сәуір аралығында Талдықорған қаласында ауыр
атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі додада
Қазақстанның, Азияның, әлемнің талай жарыстарына
қатысқан спортшылар бақ сынасты. Сол спортшылардың
қатарында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің студенттері Маргарита Елисеева мен
Карина Горичева да бар.
ІV Әйелдер денсаулығы олимпиадасы өз жалғасын табуда.
ҚазМемҚызПУ спортшы қыздарының футбол, волейбол,
баскетболдан жемісті жетістіктері туралы газетіміздің өткен
санында жазған болатынбыз. Осы олимпиада аясында
өткізілген ұлттық-халықтық спорт түрлерінен, сондай-ақ,
боулинг, жоғарғы өрмелеуден өткен жарыс қорытындысымен
таныс болыңыздар...
2 5 с ә у і р к ү н і ұ л т т ы қ - х а л ы қ т ы ң
б ұ қ а т а р т ы с , а р қ а н т а р т ы с , т ы м а қ
ұру, гимнастикалық жіппен секіру,
гимнастикалық шеңбер, бір орыннан
ұзындыққа секіру секілді спорт түрлері бой-
ынша жарыстар өткізілді.
Алматы қаласы ЖОО мен колледждері
студенттерінің қатысуымен аталған спорт
ойындарынан жарыс тартысты өтті. Сайыс
қорытындысы бойынша ҚазМемҚызПУ
студенттері бұқа тартыста – 1 орын, арқан
тартыста – 1 орын, тымақ ұруда – 3 орын,
бір орыннан ұзындыққа секіру бойынша
3 орынды алды. Жалпы есептік көрсеткіш
бойынша халықтық-ұлттық ойындар жары-
сында 1 орынға ие болды.
Ал, 21-22 сәуір күндері боулинг,
жоғарыға өрмелеуден жарыстар өткізілді.
Боулинг спортынан ҚазМемҚызПУ ко-
мандасы 10 команда ішінде 4 орын алды, ал
жеке есептік қатысу жарысында педагогика-
психология факультетінің 1 курс студенті
Бибігүл Арысова 3 орынды иеленді.
Ал жоғарыға өрмелу жарысында Қыздар
университеті командасы 11 команданың
ішінде 5 орынға орнықты.
Тәттіні бәрі ұнатады. Алайда мамандар
оның пайдасынан гөрі зияндылығы туралы
жиі есімізге салатыны тағы бар. Ал осы
тәттілердің ішінде пайдасы молы қайсы?
Біле жүрейік...
1. Қара шоколад. Сүт қосылғанының
орнына, дәмі ащы таза қара шоколадтың
пайдасы мол. Калориясы аз болғанымен,
антиоксиданттар, қан тамырларын
жақсартатын флавноидтар, кальций, темір,
магний және дәрумендер бар.
2. Зефир. Құрамында фосфор мен те-
мір мол, бұлшықет ұлпасын нығайтатын
ақуыз да бар
3. Пастила. Жеміс қағынан қант қосып
қайнатылған кеппе кәмпит. Ағзадағы
радиацияның әсерін азайтып, ауыр
металдардың тұздарынынан арылтады.
4 . М а р м е л а д . Қ ұ р а м ы н д а ғ ы
қойылтқыш табиғи пектиннің пайдасы
өте зор. Холестериннің мөлшерін азайтып,
уытты заттарды шығарып, асқазан-өт
жолдарының жұмысын жақсартады
5 . Б а л . Қ ұ н а р л ы л ы ғ ы қ а н т п е н
бірдей болғанымен, дәмі тәттірек. Ағзаға
қажетті дәрумендер, минералды заттар
мен аминқышқылдары бар. 100 г балдың
құрамында магний, марганец, темірдің
тәуліктік мөлшері бар.
6. Цукат. Бета-каротин, токоферола и
аскорбин қышқылы секілді өте пайдалы
дәрумендер мен антиоксиданттары бар
табиғи өнім. Цукат есте сақтау қабілетін
жақсартып, жүйке жүйесін тыныштанды-
рады.
7.Тосап. Дәрумендер мен минерал-
дар дың қайнар көзі. Алайда ескі әдіспен
дайындаудың еш пайдасы жоқ. Жеміс-
жидектерді аз уақытта, не болмаса, тоңдыру
әдісімен дайындау керек. Дәрумендер де
сақталады, дайындау да оңай!
8. Жемісжидектер. Таза табиғи өнімнің
құрамында дәрімендер мен минералдар,
көмірсу, эфир майы, пектинді заттар өте
мол. Сол себепті де пайдасы оразан зор.
27 сәуір күні ҚазМемҚызПУ Спорт кешенінде
Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағының 5-спарта-
киадасы аясында волейбол турнирі өткізілді.Оған Ал-
маты қаласы жоғары оқу орындарының қызметкерлері
қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында Алматы
қалалық «Парасат» кәсіподағы ұйымының төрағасы,
профессор Данат Жанатайұлы Жа натаев бұқаралық
спортты дамыту мақсатында әрі қызмет керлердің
денсаулығын арттыру үшін осындай іс-шара ларды
ұйымдастырудың маңызды екендігін айтып өтті.
Екі топқа бөлінген командалар жарысы айналымды
түрде өткізілді. Спартакиаданың төрешісі – халықаралық
дәрежелі төреші, профессор Владислав Анатольевич Ва-
сицкий. Турнир қорытындысы бойынша Қ.И.Сәтпаев
атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
3-орынды, Алматы технология университеті 2-орынды
иеленді. Ал Қыздар университетінің құрамасы жа-
рыс жеңімпазы атанды. Жүлделі орын алған барлық
қатысушылар құрмет грамотасымен марапатталды.
Керек кеңес
Спортқа әркімнің-ақ бар таласы
Пайдалы тәттілер
сегіздігі
ПАРАСАТТЫҢ
СПАРТАКИАДАСЫ
Біздің қыздар
жарады
Қыздар еселерін жібермеуде
Дайындаған
Сәдуақас ШЫҢҒЫСБАЕВ,
ҚазМемҚызПУ Спорт
клубының басшысы