Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет102/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114
1.Саяси даму.Қазіргі саясаттану ғылымында «саяси даму» ұғымының жалпытаныған анықтамасы жоқ. Көбінесе саяси әдебиеттерде саяси даму мына мәндерге ие болады:

  • экономикалық дамудың алғышарты;

  • өндірістік қоғамға тән саясат;

  • саяси модернизациялау;

  • ұлттық-мемлекетті басқару;

  • әкімшілік және құқықтық даму;

  • жаппай жұмылдыру және қатысу;

  • демократиялық қоғамды құру;

  • өзгерістер сабақтастығы мен тұрақтылығы;

  • әлеуметтік өзгерістердің көпжақты процесінің бір аспектісі.

Саяси ілімдер тарихында саяси дамудың әр түрлі концепциялары қалыптасқан. Мәселен, саяси дамудың либералдық өкілдері- саяси дамудың өлшемі ретінде адам құқығының жоғарылығын, мемлекеттің азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм мен рухани бостандықты алады. Ал, консерваторлар саяси дамудың негізгі құндылықтары ретінде саяси іс-әрекеттегі моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен сабақтастықты, билікті ұйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын сақтауды есептейді. Марксизм саяси жүйе дамуының өлшемін жеке меншіктің қоғамдық меншікке ауысуымен, жұмысшы табының гегемондығымен және коммунистік партияның жетекшілік рөлі артуымен байланыстырады. Демек, алдыңғы екі бағыт демократияның тоталитаризмге, ал марксизм болса социализмнің капитализмге үстемдігін қолдайды.
Бірақ, саяси процестер аяқталмаған транзитті қоғамда бұл өлшемдерді пайдалану қиындық тудырып ғана қоймайды, кейде даму идеясының өзіне қарама-қайшылық тудырады. Мәселен, билікті демократиялық негізде институттау, плюрализмді кеңейту басқарудың деспоттық формасының қалыптасуына, немесе қоғамды басқаруда жағымсыз салдарлардың тууына алып келуі мүмкін.
Саясаттанушы ғалымдар саяси даму саяси құрылымдар, қалыптар, институттардың жаңа әлеуметтік, экономикалық және т.б. мәселелерді тез арада қабылдау қабілеті мен сезіну икемділігіне, әрі қоғамдық пікірді қабылдау мүмкіндігіне тәуелді деген қорытынды жасады. Демек, кері байланыстың тұрақты механизмі қалыптасуы тиіс, бұл дегеніміз баскарудың тиімді буындары тұрғындар пікірлерін есепке алуға қабілетті, шешімді тиімді таратушы, саяси жүйе шиеленісті реттеудің икемді механизміне айналған және билікті қолданудың тиімді жолдарын тандаған деген сөз. Мұнда бұл мемлекет қандай нақты ұлттық-мемлекеттік форманың өзгерісін иеленетіндігі ешқандай мәнге ие болмайды, қандай партия, қандай идеология саясатты анықтайтындығы ешбір рөл атқармайды. Ең негізгісі, саяси институттардың жаңа проблемелерды шеше білу қабілетінде, оның қоғаммен ашық сипаттағы қатынасы билік жүйесінің жағымды динамикасын, өмір сүрудің жаңа сапасына өткендігін бейнелейді. Бұл пікірді Д.Истон, Г.Алмонд және Г.Пауэлдің саяси жүйедегі ең бастысы оның кұрылымында емес, іс-әрекетінде деген тұжырымдары да растайды.
Сонымен саяси даму дегеніміз саяси жүйенің өзгеруші әлеуметтік жағдайға икемді бейімделу қабілетінің дамуы және талап-қолдау және саяси шешім-әрекет арасында кері байланыстың тиімді механизмінің қалыптасуы.
Саяси дамудың мақсаты қандай да бір тиянақты саяси қатынас пен қалыпты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттар мен ашық түрдегі саяси жүйе арқылы бірте-бірте күрделеніп келе жатқан әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу, Саяси даму процесі саяси жүйенің ішінде оның мақсатының мынадай факторлармен- әлеуметтік- экономикалық даму, тұрақтылық, теңдік, қатысу т.б. өзара байланысы болуын талап етеді. Табысты бөлудегі теңсіздік пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған даму жағдайында әлеуметтік қиналыс, саяси тұраксыздық күшейеді, сөйтіп саяси даму процесі бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет