Классикалық спонтанды модернизация үлгісі (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының, модернизациясының жүйелілігі қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болды.
Модернизацияның екінші үлгісін әлемдік ғылыми әдебиетте кешіккен және негізгі емес үлгі ретінде таниды. Ең алдымен, бұл жіктелісті қабылдасақ, онда жаңартуға деген ұмтылыс көп елдерде (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі) кейінірек басталды дегенді білдіреді. Модернизациялық үдерістің бүл елдердегі дамуы модернизацияның бірқатар алғышарттарының (соның ішінде дамыған нарық, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет т.б.) болмауымен ерекшеленді, бұл жайт өзгерістің синхронды емес, авторитарлы сипатын негіздеді.
Кешігу модернизациясын өткерген елдер үшін, мысалы, Испания, Португалия үшін өркениетті қоғамға өту негізгі саяси мәселелерді шешуден; мемлекеттік институттарды құрудан, конституция даярлаудан, ұлттық-мемлекетгік құрылымның жалпы қағидаларын анықтаудан басталды. Экономикалық модернизация мәселелері кейінге қалдырылды, оған тек саяси мәселелер шешімін тапқан соң қайта оралды. Модернизацияны жүзеге асырудағы қозғалыс авторитарлы саяси режиммен қамтамасыз етілді. Кешігу модернизациясы әртүрлі тарихи кезеңдерден мұраға қалған, мысалы ақпараттық технологияларға өту мәселесі мен парламенттік демократия, құқықтық мемлекетті құру міндеттері мәселелерін бір мезгілде шешуді көздеді.
Қарастырылған үлгілер арасынан «скандинавтік үлгінің» алар орны ерекше. Оның ерекшелігі мынада: басқа елдерден қарағанда мұнда нарық пен демократияға өту қатар жүрді, оған тек құқықтық (конституцияның болуы) пен мәдени орта ғана емес, сонымен бірге әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы макроконсенсус та әсер етті. Ал Испания тәжірибесінің ерекшелігі - модернизадияның экономикалық емес, саяси жағдайының басым болуы.
Батыс Еуропада үлкен бір дәуір - феодалдық формациядан капитализмге өту. Модернизация осы дәуірлік алгоритм бойынша жүрген болатын. Екінші жағынан, тек капиталистік жол ғана нақты таңдалған жол болып табылмайды. Болашақ қоғамдық дамудың жаңа баламаларын ұсынуы әбден мүмкін. Модернизацияны вестернизация ретінде түсіндіретін қоғамның өтпелі дамуының тұжырымдамасы жиырмасыншы ғасырдың соңына дейін өмір сүрді, тіпті қазір де өз өміршеңдігін жойған жоқ.
Трансформациялық өзгерістер теориясы бойынша модернизацияның ауқымды әлеуметгік топтардың дәстүрлі (құнды) сенімдерінің өзгеруі және қоғамның саяси мәдениетіндегі дағдарыстарды жеңе білгенде ғана іске асатыны ақиқат. Модернизация теоретиктерінің пікірі бойынша өтпелі үрдістердің және жаңарулардың мінездемелерін ашатын негізгі элемент, ол - «әлеуметтік мәдени фактор, нақтылап айтсақ, жеке тұлға, оның саяси дамудың мақсаттары мен әмбебап нормаларын қабылдаудың деңгейін шарттандыратын ұлттық мінездемесі». Демократия үрдісіндегі кейбір қиындықтардың орын алуын саяси және демократиялық мәдениеттердің өз деңгейінде қалыптаспауымен және олардың өзіндік табиғатын жеткілікті дәрежеде аша алмағандығымен түсіндіруге болады. Демократия саяси феномен ретінде әлеуметтік-мәдени дамудан туындайды.
Модернизация теоретиктері өтпелі кезеңдегі жаңарулардың мінездемесі мен ырғағын айқындаушы негізгі факторлардың бірін әлеуметтік мәдениет деп мойындайды. Нақтырақ айтсак, жеке тұлға, оның саяси дамудың мақсаттары мен әмбебап нормаларын қабылдаудың деңгейін шарттандыратьш ұлттық мінездемесі.
Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан демократиялық үрдіс адамдардың тарихи өткенін және қазіргі тандағы жаңашылдықтарды бағамдайтын кұндылықтар туралы сенімдерін қайта қараудың қажет екендігін көрсетіп отыр. Әлеуметтік мәдениетгің өзіндік ерекшеліктерін қарастырғанда мәдениеттердің конструктивті диалогтары халықтардың тұрмыстық болмыстарын баса көрсететінін және ұлттардың тарихи тағдырының ішкі бірлігін анықтайтынын ескерген жөн. Қазақстан үшін шетелдік мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибелерінің негізгі құндылығы олардың әлеуметтік мәдениеттін өзіндік ерекшеліктерінің маңызды қырларын көрсетуінде ғана емес, сонымен қатар дәстүрлік қоғамнан өндірістік экономикаға өтудің жаңа жолдарын іздестіру қажеттілігін баса айтуында, мұндай жағдайда экономикалық және әлеуметтік мәдениет факторлары, дәстүрлі және жаңашылдық құндылықтардың; институттардың бірлесе дамуы бірінші кезекте ескеріледі. Әлеуметтік мәдени және экономикалық сипаттағы жағдайларды сараптай келіп, жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының демократиялық жолмен дамуына мүмкіндіктердің болғанын және бар екендігіне көз жеткізілген.