Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Қазақстан қоғамың саяси жаңалау проблемалары



бет79/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   114
Қазақстан қоғамың саяси жаңалау проблемалары.
Қазіргі кезде демократияның басқа елдерге кең тарауы — тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да тұр.
Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады.
Батыс деген не? Біреулер үшін ол жамандықтың, бәленің басы. Ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылықтан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетті өмір сүрудің көзі. Адамдарға еркіндік пен бостаңдық әкеледі, өділдікті, де-мократияны орнатады, материалдық және рухани байлыққа қол жеткізеді. Соларға карап өз еліңнің экономикалық, мәдени, ғылы-ми деңгейіңді салыстырып, байқауға болады, тіпті өзіміздің күнделікті оміріміздің кедейлігін, күйкілігімізді, бейшаралығы-мызды айнада көргендей боламыз дейді. Әрине, Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибесін саралап, жақсы жағын қабылдау, мәдениетін баға-лау жөн және т.б. Десе де Қазақстанның түп тамыры Шығыс-пен байланысты. Оған дәлел — діні, мәдениеті, бүрынғы жа-зуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтан келді. Шығыс мәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық, үжымдастық, туы-стық жакын. Азия елдерінде саяси бейімделудің тиімді мысалы ретінде Жапонияны алуға болады. Олар басқа елдердің ең жақсы жақтарын кабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төлту-малығын жоғалтпайды. Үлттың бар күшін Батыстың ең жаңа технологияларын меңгеруге жүмсап, жүмылдырып, әлемдегі ең озық, дамыған елдердің біріне айналды.
Егер республикамыз еркениетті елдердің даму жолын, тәжірибесін терең саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Тарих көрсетіп отырғандай, Батыс елдері реформаны жасағанда халықпен кеңесе отыра істейді. Оны сан түрлі жүзеге асыруға болады. Мысалы, жергілікті жерде болса жиын-дар, жиналыстар, билік органдарын бақылайтын комис-сиялар және т.т. Ал бізде шешімдер көп жағдайда біржақты жоғарыдан төмен түсірілу, әміршілдікке ұрыну, олар жабық жағдайда кабылдануы басым сияқты. Жалпы, билік басында-ғылардың қызметі халық бақылауынан тыс қалып бара жатқан-дай. Онсыз демократияны орнату қиын.
Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп калған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақ-саттардың бірі болуға тиіс. Олар өз қүқықтарын, бостандықта-рын қорғай білулері керек. Бүл жолда алдымен Конституцияда керсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық екендігі, оның құқықтары мен бостандықта-рының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне шын мәнінде (сөз жүзінде емес) тармақталуы және т.б. ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет