Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет82/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114
Аралас сайлау жүйесі пропорциялық және мажоритарлық жүйелерді біріктіруді көздейді. Ондағы мақсат – жекелей алғанда олардың әрқайсысына тән кемшіліктерді мейлінше азайту. Мұндай біріктіру болуы мүмкін, мысалы, егер ел парламентінің бір бөлігі пропорциялы жүйе бойынша, ал екінші бөлігі мажоритарлық жүйе бойынша сайланса. Бұған дәлел – Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасын сайлау. Мысалы, 450 депутаттың жартысы мажоритарлық жүйе бойынша, ал екінші жартысы саяси партиялардың пропорциялық өкілеттіктері жүйесі бойынша сайланады. Мұнда мажоритарлық жүйе тұрақты үкімет құруға жағдай жасайды, ал пропрциялық жүйе саяси партиялардың көпшілік бөлігінің сайлауға қатысуына, демек халықтың өзінің саяси еркін барынша толық білдіруіне мүмкіндік туғызады.
Аралас сайлау жүйесі дауыс беру процесінде былай жүзеге асырылады: әр cайлаушы екі бюллетень алады, тиісінше онда екі дауыс болады: ол бірімен нақты сол округ бойынша дауысқа түскен кандидатқа, екіншісімен саяси партияға, бірлестікке дауыс береді.
11-ші тақырыпқа бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасындағы саяси жүйенің ерекшеліктері.

  2. Саяси жүйенің қазіргі кездегі түрлері.

  3. Тоталитарлық жүйеден демократияға көшу кезеңіндегі өзекті

мәселелері.

  1. Қазақстан Республикасындағы саяси жүйені реформалау.

  2. Саяси жүйелердің міндеттері және оларды жіктеу.

  3. Жаңа заман демократиясының классикалық теориясын талдау.

  4. Демократияның элиталық теориясы.

  5. Тоталитаризмнің түсінігі мен негізгі белгілері.

  6. Тоталитарлық, әміршіл- өктемшілдік және демократиялық

тәртіптердің салыстырмалы сипаттамасы .
10.Авторитарлық тәртіп туралы түсініктеме бер.


Негізгі әдебиеттер
1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. –М., 1997.
2. Антология социально – политической мысли Казахстана (с древнейших времен до наших дней) : в 2 т. Алматы: Ин-т развития Казахстана, 2002.
3. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық.-Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2007.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,2008.
5. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – жолы-2050: «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» ,14 қаңтар 2014ж.
6. Полиология.Учебник для студентов высших учебных заведений. Под общ.ред. А.Н.Нысанбаева.-Алматы,1998.
7. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы «Жеті жарғы» 2008 ж.
8. Байділдинов Л.Ә. «Теориялық саясаттану», Алматы 2005ж.
9. Балғымбаев А. «Саясаттану», Алматы 2004ж.
10. Таубаева М.Е. Саясаттану пәнінен әдістемелік көмекші оқу құралы.
Шымкент ОҚМУ 2003.
11. Қуандық Есенғазы «Саясаттану негіздері», Астана 2000ж.
12. История политичексих учений М 2002 г.
13. Нысанбаев Ә. Қазақстан Демократия. Рухани жаңару. Алматы, 1999
14. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т.Мустафиннің редакциясында. Алматы, 1994, 1,2,3 бөлімдері.
15. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы Алматы, 1995.
16. Аль-Фараби историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985
17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы ,2007.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет