Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорционалды және аралас



бет81/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   114
4.Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорционалды және аралас.
Пропорциялық сайлау жүйесінің негізгі ұстанымы: парламенттегі депутаттық орындар партиялар ұсынған кандидаттардың тізіміне парламенттік сайлауларда берген дауыстардың санына қарай бөлінеді; мажоритарлық жүйеден айырмашылығы – сайлаушылар жеке кандидатқа емес, ұжымдық партия тізімдеріне дауыс береді; белгілі бір тізімге берілген барлық дауыс қосылады, соның негізінде жалпы қорытынды анықталады.
Пропорциялы жүйеде кандидаттарды ұсыну кезінде партия шешуші рөл атқарады, партиялардың басшылығы аталған тізімді жасайды. Осындай жүйемен сайланған депутат одан әрі сайлаушыларға емес, оны ұсынған партияға мейлінше тәуелді болады. Пропорциялы сайлау жүйесі Австрияда, Бельгияда, Грецияда, Италияда, Норвегияда, Финляндияда, Швейцарияда, Швецияда және басқа елдерде қабылданған.
Мандаттарды пропорциялы бөлу үшін сайлау квотасы әдісі жиі пайдаланылады. Сайлау квотасы – бір депутатты сайлау үшін қажет ең аз дауыс саны. Квота жеке округ үшін де, бүкіл ел үшін де белгіленуі мүмкін. Квота белгілеудің ең қарапайым әдісі сол округ бойынша берілген дауыстардың жалпы санын бөлінетін мандаттардың санына бөлу болып табылады. Мандаттарды партиялар арасында бөлу олардың квотамен алған дауыстарын бөлу арқылы жүргізіледі.Австрияның, Бельгияның, Швецияның, Швейцарияның парламенттері осы жүйе бойынша сайланады.
Мажоритарлық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады.Бұл жағдайда сайлаулар, әдетте, бір мандатты округ бойынша өткізіледі және көпшілік дауыс алған кандидат жеңген деп саналады.
Мажоритарлық сайлау жүйесінің екі түрі бар, олар: абсолютті дауыс көпшілігі және салыстырмалы дауыс көпшілігі.
Мажоритарлық сайлау жүйесінде дауыс беруге қатысқан 50% + 1 дауысты жинаған кандидат абсолютті көпшілік дауыспен сайланды деп саналады. Егер кандидаттардың бірде – бірі дауыстардың талап етілген санын жинай алмаған жағдайда сайлаудың екінші туры өткізіледі. Оған бірінші турда көпшілік дауыс алған екі кандидат қатысады. Екінші турда жеңіскер салыстырмалы көпшілік дауыс жүйесі бойынша анықталады. Абсолютті көпшілік дауыс жүйесі Австралияда, Ирландияда, Францияда және басқа да елдерде қолданылады.
Салыстырмалы көпшілік дауысқа негізделген мажоритарлық жүйе жекелей алғанда әрбір бәсекелесіне қарағанда көпшілік дауыс жинаған кандидат жеңіске жетеді деп санайды. Бұл жүйе қазіргі кезде Ұлыбританияда, Индияда, Канадада, АҚШ-та және басқа елдерде қолданылады.
Мажоритарлық сайлау жүйесі «жеңіскер бәрін» және аз дауыс алған кандидаттарға берілген дауысты да алады деген прицип бойынша жұмыс істейді. Жеңген кандидат партиялар активіне кірмейді, олардың өкілдері бір сайлауда жеңілсе, екінші сайлауларда жеңіп жатады.
Партияның емес, жеке кандидаттың жеңуін көздейтін мажоритарлық сайлау жүйесінде тәуелсіз кандидаттарды ұсыну мүмкіндіктері мейлінше мол. Әрине, мұндай жүйеде де белгілі бір партия сайлау алдындағы науқан кезінде кандидатқа қолдау көрсетеді. Бұл фактордың үлкен маңызы бар.
Мажоритарлық принцип партия басшылығы тарапынан қолдау таппаған және одан тәуелсіз, бірақ сайлаушылардың көпшілік даусын алып, жеңіске жете алатын кандидаттарға көп мүмкіндіктер туғызады.
Мажоритарлық жүйе пропорциялық жүйемен салыстырғанда әмбебап. Оны парламентті сайлау кезінде ғана емес, жоғары мемлекеттік лауазым адамдарын, мысалы, президентті сайлау кезінде де қолдануға болады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде мажоритарлық сайлау жүйесі үстем болып отырғанын айта кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет