Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет8/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   114
Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақыты-на байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы тура-лы деректерді жинап, суреттейді.
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола түра сая-саттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның са-яси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.
Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде, демократия-лық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мем-лекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып-үйрену болашақ мамандарға ауадай қажет.
Әкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тота-литарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жұртшылықтың саяси мәдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Саясаттануды оқып-үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде, демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалыксыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институт-тарының қызметі негізгі адамгершілік құндылықтарды, әсіресе, әрбір тұлғаның еркіндігі мен абыройын, оның табиғи, ажыра-мас құқықтарын мойындап, қадірлеуге негізделеді.
Саяси білім азаматка өмір сүріп отырған қоғамдық және са-яси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, кұқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жететүсінуге көмектеседі. Оныңмақ-саты — адамды күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда лайықты жен таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі, берік саяси тәртіпсіз жеке адамның шын мәніндегі еркіндігі болуы мүмкін емес.
Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың ара-сында "этикалық парызды" насихаттауға, оларды мемлекет және оның шығарған заңдарын сыйлаушылықты, азаматтық міндеттерін орындауға өрқашан дайын болуды қалыптастыруға саятын. Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін мұндай тәсіл, көзқарас Еуропада, әсіресе Германияда, XX ғасыр-дың 60 жылдарына дейін орын алды. Ал АҚШ-та кептеген жылдар бойы саяси білімнің пайдалы нөтижеге жетуді көзде-ген прагматикалық бағыты басым дамыған. Ол азаматтарды езінің емірлік мәселелерін басқа адамдармен өркениетті қарым-қатынаста, ынтымақтастықта шешуді үйретеді. Әр түрлі дау-дамай, шиеленістерді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір демократиялық елдерде саяси білім жүйесі еуропалық және америкалық ғұрыптарды біріктіруге, бүкіл мемлекетпен қатар жеке тұлғалардың мүдделерін үйлестіре, ескере отырып шешуге тырысады.
Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қара-мастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мүндай білімі жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойыңдағысын істейді.
Азаматтардың көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімші-лігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқару-дан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйым-дастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде еркениетті емір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі жөне ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін баянды етуге, билік құрылымдарын қалыптастыруға, қоғамдық емірді демократияландыру, саяси мәдениетті сомдау, есіп келе жат-қан ұрпақты саяси әлеуметтендіруге саясаттандыру курсын оқып-үйренудің маңызы ете зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет