4.Әлеуметтану мен саясаттанудың қызметтері. Әлеуметтану білімінің құрылымы осындай. Әлеуметтану ғылымының мәні сондай-ақ оның қоғамда орындайтын қызметіне қарай анықталады.
1.Теориялық-танымдық қызметі. Әлеуметтану қоғамының сондай-ақ оның жеке құрылымдарының қызметі мен даму заңдарын, оны жинаудың әдістерін, әлеуметтік фактілер туралы білімді анықтайды.
2.Іс-тәжирибелік қызмет адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстарды беретін қолданбалы әлеуметтанумен де тығыз байланысты.
3.Дүниетанымдық қызмет. Бұл ғылым өз зерттеулері арқылы қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне қатысады, қоғамның ілгерілеуіне ықпал етеді.
4.Сындық қызмет. Әлеуметтану Әлеуметтану теорияларына сын көзбен қарайды, тұлғаның қызығушылығы тарапынан танымдық дұниені бағалайды.
5.Бағалау қызметі зерттелінуші әлеуметтік өмірге әлеуметтік бағдар жасаумен (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) байланысты.
Саясаттану багалау (аксеологиялық)қызметі ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғалар-ға саяси баға береді.
Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтенуміндетін ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқаруқызметі оның ерекшелігі — қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді бас-кару үшін нақтылы мәлімет, мағлұмаітар береді. Саяси білімдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күңделікті практикалык іс-әрекетінде басшылыққа алынады.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіруміндетін бұл ғылым саяси институттар мен катынастарда, басқаруда рефор-малар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда не-месе оның жеке аймақтарында калыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, онын орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметі саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.