Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Әлеуметтану мен саясаттану курсының құрылымы мен міндеті



бет6/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
2.Әлеуметтану мен саясаттану курсының құрылымы мен міндеті.
Әлеуметтану білімінің мәні оның құрылымынан көрінеді. Алынған білім деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Теориялық деңгейде әлеуметтік өмір саласында жинақталған нақты материялдардың терең талдануы жүргізіледі, оның даму тенденциялары анықталады, негізгі категориялар мен заңдарға талдау жасалынады. Эмпирикалық деңгейде бақылау, сауал жүргізу, құжаттарға талдау жасау, статистикалық мәліметтер негізінде эмпирикалық материал жинақталады, сондай-ақ алынған материалдың алғашқы өңделуі жүргізіледі.
Іргелі және қолданбалы әлеуметтанудың айырмашылықтары көрсетіледі. Алғашқысы теория мен методологияны жетілдірумен, екіншісі - әлеуметтік өмірдің құрылымының іс-тәжирибелік мәселелерін зерттеумен айналысады.
Әлеуметтану білімін сондай-ақ үш деңгейге жіктеуге болады:
Біріншісі - жалпы теориялық әлеуметтану. Бұл біртұтас социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған макросоциологиялық зерттеу болып табылады.
Екіншісі-әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет етуі мен өзара байланыстарының заңдылықтарын зерттеуге бағытталған жалпылығы орташа социология.
Үшіншісі - ол жекелеген адамдардың қимылы мен өзара қарым – қатынасын, мінез-құлқын бақылау арқылы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейтін микросоциология.
Әлеуметтану білімінің құрылымы осындай. Әлеуметтану ғылымының мәні сондай-ақ оның қоғамда орындайтын қызметіне қарай анықталады.

  1. Теориялық-танымдық қызметі. Әлеуметтану қоғамының сондай-ақ оның жеке құрылымдарының қызметі мен даму заңдарын, оны жинаудың әдістерін, әлеуметтік фактілер туралы білімді анықтайды.

  2. Іс-тәжирибелік қызмет адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстарды беретін қолданбалы әлеуметтанумен де тығыз байланысты.

  3. Дүниетанымдық қызмет. Бұл ғылым өз зерттеулері арқылы қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне қатысады, қоғамның ілгерілеуіне ықпал етеді.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет