Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Саясаттану дегеніміз саясат туралы, сая



бет4/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қогам арасындагы қарым-қатынастары ту-ралы жинақталган гылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму зандылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, тұрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағы-насын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға са-лыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе казіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдала-нуға байланысты болмақ.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі қүрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элемент-тердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы орта-мен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық ә д і с саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т. б. жағ-дайына байланысты анықтайды.
Т а р и х и т ә с і л саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Бихевиор истік әдіс жекеадамдар мен топтардыңіс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтау-шылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет