Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет5/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Нормативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдықигілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе ада-мға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.
Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материал и с т і к ә д і с болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз бай-ланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті ешкім жокқа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқа-рас сияқты бір ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға және бол-майды.
Ғылымның басқа салаларыңдағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "сая-си әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық ұйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т. б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа, кұқықтану) пайдала-нуы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады.
Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ен алдымен танымдық (гносеологиялык) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олар-дың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тота-литарлық тәртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат пен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жонінде хабарлары аз. Кебіміз саяси қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не жат-қанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.
Саясаттану багалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси қүрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси теуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі — қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді бас-кару үшін нақтылы мәлімет, мағлұмаітар береді. Саяси білімдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күңделікті практикалык іс-әрекетінде басшылыққа алынады.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен катынастарда, басқаруда рефор-малар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда не-месе оның жеке аймақтарында калыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, онын орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет