3.Саяси мәдениет түсінігі, мәні, құрылымдық компоненттер және саяси мәдениет қызметтері. Саясат әлемі - күрделі де алуан турлігімен өте бай жүйе. Бүкіл 6илік және билік қатынастары, қоғамның, мемлекеттік — саяси ұйымдарды өзіне қамти келе, сонымен бірге өзінше дербес және өзара тығыз байланыстағы салаларды қамтитын мәдениет оған мемлекеттік құқықтың, партиялық, саяси шешімдер қабылдайтын механизмдер, саяси процесс, саяси қатынастар т.б. жатады. Кез келген қоғамның саяси өмірін түсінуде «саяси мәдениет» категориясының маңызы күшті. Қоғамдағы басқа да құбылыстармен байланысты болғандықтан саяси мәдениет Платон, Аристотель, Макиавелли, Монтескье, Токвиль, Гегель және басқа көрнекті саяси ойшылдардың, әр дайым назарында болған. Өйткені саяси мәдениет адамдардың, мінез - құлқына және әртүрлі ұйымдардың іс қимылына, олардың ішкі және халықаралық саясатының құбылыстарына, қоғамда үстемдік ететін саяси режимдер мен жүйелерді бағалауға ықпал етеді және, ең ақырында, саяси процестердің динамикасы мен бағытын, көп жағдайда түсіндіріп отырады. Саяси мәдениеттің дәрежесі мен жағдайына көп нәрсе байланысты: саяси бағытты белгілеу және оны халықтың қабылдауы саяси болжамның сапасы, саяси—басқару, шешімдер қабылдау және оны тиімді түрде. Іске асыру, Ол халықтың саяси жағынан жетілуі мен белсенділігінің олардың саяси күрес тәжірибесін игеру дәрежесін, саяси билікті пайдаланудағы бостандықтың өлшемін сипаттайды. Қоғамның саяси мәдениетін үйрену мен зерттеудің мақсаты саяси системаның және оны демократияландырудың, тиянақтылығын нығайтудың әлеуметтік - саяси механизмдерін іздеп табу, оны өмірге пайдалану.
Зерттеудің дербес саласы ретінде саяси мәдениет қазіргі жағдайында америкалық саясаттанушылардың еңбектерінің арқасында кейінгі жылдары ғана бөліне бастады. 1955 жылы Г. Алмонд өзінің «Салыстырмалы саяси жүйе» деген мақаласында саяси жүйелерді тереңірек зерттеуде саяси мәдениетті зерттеудің қажеттілігі мен пайдасы жайлы соны ойлар ұсынды. Осы мақаласында ол саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға алғашқы рет әрекет жасады. Кейінірек саяси мәдениеттің негізі концептуалды түсініктері жайлы зерттеу жұмыстарын Г, Алмонд, С. Вербамен бірлесіп жасады. Сонымен қатар Л. Пай, Р. Такер, С. Липсет, Е. Шейх және басқалары зерттеу жұмысын жургізуде.Саяси ғылымда бұл тақырыптың маңызы зор. Ол анық саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс әрекеттерінің ерекшеліктерін саяси үрдістердің даму жолын және бағытын түсінуге көмектеседі. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарының ұғынуға, саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді.
Осы ұғымның саясаттануға енгеніне көп уақыт болған жоқ.Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-толғам болмаған деуге болмайды. Өйткені, антикалық ойшылдар Платон («Мемлекет», «Заңдар» деген еңбектерінде), Аристотель («саясат» деген еңбегінде), кейінірек Макиавелли, Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, арқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бір ыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған. Ал жалпы «саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы , фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстық ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты.Бірақ
олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады. Мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды. Осы ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы – 60 жылдарының басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген американдық зерттеушілер және оның шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар шығарды. Олар кейін «Саясат мәдениеті» деген атаумен кең тарап кетті.Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның Кеңес Одағының, Болгарияның және т.б. бұрынғы социалистік елдердің қоғамтанушылары қосылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың басым көпшілігі «дамыған социалистік қоғамның» саяси мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген желеуді дәлелдеуге тырысты.
Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетті оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделігінен әлі жет тексерілмегендігін білдіру керек.
Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жоқ. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың,, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды. Олардың ойынша саяси мәдениет – ол саяси жүйеге қатысушылардың индивидуалдық позициясы мен бағыт-бағдары. Саяси бағыт-бағдар мынадай элементтерімен толығады:
- танымдық бағыт-бағдар – саяси объектілер мен идеяларды тану мүмкіндігі;
- белсенді бағыт-бағдар – саяси объектілер қарым – қатынасындағы қарама-қайшылықтар т.б.;
- бағалаушылық бағыт-бағдары саяси жаңалықтар мен оқиғаларға баға беру пікірі;
Сонымен қатар басқа да көзқарастары бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р: Карр мен М: Беркстейн саяси мәдениетке саяси идеялар әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси мәдениетке әлеуметтік таптардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдер, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.
Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болды. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзінің-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсақ, онық іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді дейміз.Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларынан қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың, өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеуберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен әс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.
Белгілі бір қоғамдағы жағдайға және ондағы саяси сипатқа байланысты әр елдің саяси мәдениеті ерекшеленеді. Батыс саяси ғылымында оны жіктеудің кең тараған түрі Г. Алмонд, С. Вербаның «Азаматтық мәдениет» (1963ж) деген еңбегінде көрсетілген. Онда Англия, АҚШ, ГФР, Италия, Мексиканың саяси жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктері мен жұмыс істеу түрлері сараланып, салыстырылады. Соның нәтижесінде олар саяси мәдениеттің патриархтық, азаматтық, қоғамшыл деп үш тұрпатын көрсетеді.
Патриархтық мәдениет азаматтардың саяси өмірге ықылас-ынтасының жоқтығымен анықталады. Азаматтық мәдениет түрінде адамдар саяси институттардың шешімдерін мойындап, толық орындайды, бірақ олардың жұмысына белсенді араласпайды. Саяси мәдениеттің қоғамшыл азаматтар саясатқа зер қойып, оның жұмысына белсене қатысады. Ал өмірде көрсетілген тұрпаттар (түрлері) «таза» күйінде емес, бір-бірімен аралас түрінде кездеседі. Зерттеушілердің айтуынша, солардың ішінде кең тарағаны және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ыңғайлысы азаматтық мәдениет көрінеді. Мәдениеттің өзгешелігі болмысты ұғынудың, оны бағалаудың, соған байланысты әрекет ету тәсілінің ерекшеліктеріне әкеледі. Белгілі бір жағдайға сай келетін саяси жүйелер басқа жағдайларда күйзеліс тауып жатады, белгілі бір әрекеттер бір халықты ойдағыдай жетістікке жеткізсе, екіншісін сәтсіздікке ушыратады. Мұның бәрі көп жағдайда саяси мәдениетке байланысты.
Саяси мәдениеттің жоғарыда аталған түрлерінен басқа жеке әлеуметтік, этникалық, аймақтық және басқа саяси субъектілеріне тән құрылымдары да қалыптасады. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдастыруға, бақылауға және т.б. өзіндік көзқарастары пайда болады. Мұндай құрылымды субмәдениет дейді. Субмәдениет деп қоғамда үстемдк еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады.
Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Ал әр түрлі саяси субмдәниеттер, керісінше, қоғамдық саяси өмірді тұрақсыздандырудың көзі болуы мүмкін. Қоғамдағы жағдай көбінде әр түрлі болғандықтан, субмәдениттің де көп түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін қоғам терең ойластырылған мәдениетті саясаттын жүргізуі керек.