Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Прогресс (латын сөзі progresus – алға қозғалу, жетістік)



бет28/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114
Прогресс (латын сөзі progresus – алға қозғалу, жетістік), жоғары өрлеу даму тенденциясын көрсетеді, жетілгеннен жоғары, жетілгенге төменнен жоғары қарай қозғалысты дамуды бейнелейді. Ол қоғамды жағымды өзгерістерге жетелейді. Мысалы, өндіріс тәсілі мен жұмысшы күшін жетілдіру.
Регресс (латын сөзі, regresus – кері қозғалыс), дамудағы төменге құлдырауды көрсетеді, кері қозғалыс, жоғарыдан төменге қарай кету, жағымсыз зардаптарға жетелейді. Мысалы, өндірістің өнімділігі мен халықтың әл-ауқатының төмендігі секілді көрініс беруі.
Адамдардың қарым-қатынастарының өзінен прогресс көрініс табады. Бірігіп өмір сүруге, қоғам заңдарын сақтау, басқаның өмірлік өлшемін сыйлау және ынтымақтастыққа келу, өзінің бұлікшілік әрекетін жою, ата-баба мұрасын қастерлеу сияқты ұғымдарды қайта қарап түсіну үлкен орын алып отыр. Бұл адам баласын ынтымақтастыққа, ұйлесімділікке және мейірімділікке жетелейді. Бұл әлемдік прогресске әкеледі.
Регресс нақты шекарадан шықпайтын сипатта болады, яғни жеке қоғамды немесе оның белгілі бір кезеңдерін қамтиды. Мысалы Норвегия, Финляндия, Жапония т.б. елдер прогресс пен гұлденудің баспалдағымен жоғары көтерілсе, Кеңес Одағы басқа социалистік мемлекеттер (Болгария, ГДР, Польша т.б.) 1970-80 жылдары мен тоқыраудың шыңырауына тұсіп, дамуы регрессивті сипатта болды. Прогресс пен регресс көбінесе қиыннан қиысып шырмалып жатады.
Мысалы Қазақстанда 1990 жылдары прогресс пен регресс қатар орын алды. Өндірістің күйреуі, шаруашылықтың бұрынғы байланыстарының ұзілуі, адамдардың көпшілігінің өмір жағдайының төмендеу, қылмыстардың көбеюі- регресстің нақты белгілері. Алайда, мұның кері жағы бар, ол прогресстік белгілер: қоғамның кеңестік тоталитаризм мен КОКП диктатурасынан азат етілуі, басталған қозғалыс рынок пен демократияға, адамдардың бостандығы мен құқығының кеңеюіне, бұхаралық ақпарат жүйесінің еркіндігі т.б.
Қоғам дамуы эволюциалық және революциалық жолмен де жұреді. Эволюция тарихи қалыптасқан жағдайлар негізінде бірте-бірте өрістеу, даму арқылы жүзеге асатын қоғамдағы өзгерістер, нәтижеде қоғам бір салалық кұйден екінші кұйге өтеді.
Революция жеке сфераларда жүзеге асуы мүмкін, алайда, ол адамдар өмірін жан-жақты өзгеріске әкеледі. Егер қоғам құрылысы тұбірінен өзгерсе әлеуметтік революия орн алады. Әлеуметтік революция зорлық-зомбылық пен адамдарды қырып жою, бұқараның қайыршылануы, заңсыздық пен тәртіпсіздіктің қоғамда орнауымен қабаттас жұреді.
Қоғамның эволюциялық дамуы көбінесе реформалармен қабат жұреді. Реформа (лат. тілінен ауд. - өзгерту) қоғам өмірін қайта құру мақсатында жұргізілген әртүрлі шаралардың жиынтығы.
Реформалар мемлекеттік ұкімет тарапынан заңдар, қаулылар, шешімдер мен шаралар қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Реформалар прогрессивтік жаңалықтармен байланысты болады. Сонымен бірге реформаның регрессивтік сипаты да болуын ұмытпауымыз керек. Мысалы Латвия республикасындағы 1994 жылғы «Азаматтық туралы заңның қабылдануы» елді «азаматтығы» бар және «азаматтығы жоқ» екі қарама-қарсы лагерьге бөліп тастады. Бұл әрине ынтымақтастық пен прогреске жетелемейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет