Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет30/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114
4.Қоғамның негізгі институттар
Әлеуметтік институт бұл әлеуметтік іс әрекет пен әлеуметтік қатынастардың белгілі ұйымы. Ол іс - әрекеттің мақсатты бағытталған стандарттарының өзара келісілген жүйесі арқылы іске асырылады.
Өз қызметтерін жүзеге асыра отырып, әлеуметтік инситуттар өздеріне қарасты адамдардың іс әрекеті стадартқа сәйкес келсе, оларды мадақтайды және бұл стандарт талаптарына сай келмесе, ауытқыса оны жояды, яғни индивидтердің іс әрекеттерін қадағалап, тәртіпке салып отырады.
Әрбір әлеуметтік институт өз іс әрекетінің мақсатымен, нақты қызметімен, берілген институтқа тән әлеуметтік позицияларды және рольдер жиынтығымен, сол сияқты ықыластыны мадақтауды, қабыл алмайтынды құруды қамтамасыз ететін санкциялар жүйесімен сипатталады.
Индивид қазіргі заманғы мәдениет элементтерін, оның ішінде іс әрекет нормаларына сай келетінін меңгере отырып жеке адам болады.
Әлеуметтік институттардың маңыздысы болып саяси өкіметті орнатып, қолдайтын саяси институттар, сол сияқты өндіріс процестерін қамтамасыз ететін және игіліктермен қызметтерді бөліп отыруды қамтамасыз ететін экономикалық институттар болып табылады.
Саяси институттар саяси өкіметті жүзеге асырады. Саяси өкіметтің қажеттілігі мынадай жағдаймен анықталады, индивидтерге, әлеуметтік топтарға меңгеруге қолайлы қорлар, байлықтар және басқада әлеуметтік маңызды обьектілерінің шегі жоқ, оларға қожалық аясын кеңейтуге табиғи ұмтылуға әлеуметтік анықталған шек қойылуға тиіс. Мұндай қорлар материалдық өзгешеліктерге ғана ие болмайды, оларға қауіпсіздік, мәртебе, өкімет, статус жатады.
Мұндай шектеулер болмаған жағдайда әлеуметтік өзара әрекеттестік тәртіпке келмеуі мүмкін және сөзсіз ерегісулер мен дау жанжалдар шығады, ол әлеуметтік жүйені анархиялық дезинтеграциялық қолайсыздыққа апаруы мүмкін. Шектеулерді қамтамасыз ету қоғамда өкіметтік қатынастарды біреулердің қалғандарға билік етуге құруды талап етеді.
Өкімет талас пен дау жанжалдың дамуын шеше алатындай соның нәтижесінде өкіметтік шешім қабылдайтындай және ол шешімді барлығы міндетті тұрде қабылдайтындай жағдайда болу керек.
Саяси өкімет әртүрлі жолдармен және түрліше болып бөлінуі мүмкін біртұтас немесе аралас болып. Мемлекеттік басқару формаларының дәстүрлік типологиясы өкіметті бөлу әдістерін қамтиды «автократия» яғни жеке билеуші мемлекет олигархия азғантай айрықша құқықтар адамдардың билеуі және демократия. Аристотель әрдайым автократиялық тиранияға «қатал» деспоттық басқару «олигархияның плутократияға «қылмыскерлердің өкіметі» және демократияның охлократияға «тобырдың билеуі» құлдырау феномендерінің пайда болатынын атап көрсетеді.
Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет концепциясы даму мен оны тану дәрежесіне ие болады. Ол кез келген мемлекеттік істердің формалары заңға дәлірек айтсақ конституцияға бағыну идеясына негізделеді. Мемлекеттік өкіметті шектей отырып конституция сонымен қатар азаматтардың саяси құқықтары мен азаматтық құқықтарын қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет