3.Әлеуметтік топтардың түрлері. Топ – мүшеліктін ресминемесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері һзара рөлднр мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы (достар тобы) немесе жабық қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін.
Әлеуметтік топ – жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі, бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейтін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделерді, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына --- халықтың жіктелуін бейнеледі. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жас ерекшелігіне қарай , мекендік тұтынушылық, діни білім бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар үлкен, орта, және кіші болып бөлінеді:
Үлкен әлеуметтік топтархалықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер,таптар, әлеуметтік жіктер, жас ерекшеліктері бойынша, этникалық діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мн саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы шағын өндірістік бірлестіктр, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш, барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси қміріне қатысып, саясат субъектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.