Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет44/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114
Материалдық мәдениет материалдық қызметінің барлық саласын қамтиды және оның нәтижелері (еңбек құралдары, тұрғын ұй, көлік құралдары) адам идеяларының материалдандырылуы, білімнің заттандырылуы болып табылады. Қоршаған ортаны қайта құрумен байланысты материалдық мәдениет ұғымы, біріншіден, өндірістің матриалдық ортасын мақсатқа сай қалыптастыруды, екіншіден, тұрмыстың материалдық ортасын өзгертуді және, үшіншіден, адам организм дамуының әлеуметтік ортасын өзгертуді білдіреді.
Рухани мәдениет ұғымы қоғамдық сананың барлық формалары мен деңгейлерін, білім мен тәрбие жүйелерін, мәдениет мекемелері жүйелерін қамтитын күрделі де көпжақты құрылым. Таным мен білім берудің барлық түрлері, әдебиеттің, өнердің, философияның, діннің, ғылымның барлық формалары мен түрлері осыған жатады. Демократиялық қоғам орнатып жатқан қазіргі жағдайда рухани мәдениет Жан-жақты кемелденген және әлеуметтік белсенділігі зор жеке адамды қалыптастыруда зор рөл атқарады. Егер қоғамның рухани өмірі адамдардың рухани қызметінде болатын қоғам өмірінің біршама дербес саласы, ол қоғамдық сананы өндірумен, таратумен және қоғам мүшелерінің рухани сүраныстарын қанағаттандырумен байланысты десек, ал рухани мәдениет адамдардың шығармашылық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Әлеуметтануда әлеуметтік қатынастарда заттарды, идеяларды, құндылықты түсініктерді жасауға, игеруге, сақтау мен таратуға бағытталған, алуан түрлі әлеуметтік ситуацияларда адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін әлеуметтік табиғаты бар мәдениет күрделі динамикалық құрылым ретінде қарастырылады.
Әрбір нақтылы қауымдастық (өркениет, мемлекет, халық) көптеген ғасырлар бойы өзінің таңғажайып алып мәдениетін жасайды, бұл мәдениет индивидті оның бүкіл өмірі бойына жетелейді де ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Нәтижесінде тарихи процесте мәдениеттер көптігі туады. Әлеуметтанушылар алдында адамзат мәденитінде ортақ әмбебап негіздер бар ма? деген сұрақ туындайды. Американ әлеуметтанушысы Джордж Мордок барлық қоғамдарға тән алпыстан аса мәдени әмбебаптарды (ортақ негіздері): тілді, дінді, шартты таңбаларды, еңбек құралдарын жасауды, сексуалды шектеулерді, денені сәндендіретін бұйымдарды т.т. бөліп көрсетті. Бұл әмбебаптар неғұрлым маңызды биологиялық, психологиялық, және әлеуметтік қажеттіктерді қанағаттандыратындықтан өмір сүреді.
Адамдардың бөтен мәдениетті қадірлеуі социологияның маңызды проблемасы болып табылады. Адамдар көбінесе басқа мәденеттерді өз мәдениетінің келбеті арқылы бағалауға бейім. Мұндай бағамдау этноцентризм деп аталады. Этноцентризм сондайлық көп тараған құбылыс. Кез келген миссионерлік қызмет мәселен, өз дінін өзіне бағынышты елдерге мойындату этноцентризмнің айқын бір көрінісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет