Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Төртіншіден, мәдениеттің жинақталған, синтетикалық түрі, формасы мінез-құлық үлгілері: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады



бет46/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   114
Төртіншіден, мәдениеттің жинақталған, синтетикалық түрі, формасы мінез-құлық үлгілері: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ырымдар дегеніміз - өз бойына қандайда әлеуметтік идеяларды, түсініктерді, нормалар мен құндылықтарды топтастырған және белгілі бір ұжымдық сезімдерді оятатын ұжымдық әрекеттердің символикалық өлешемдерінің жиынтығы. Ырымдар кұші оның адамға эмоционалдық-психологиялық әсер етуінде. Әдет-ғұрыпқа өткеннен қабылданған ережелер соңынан қалтықсыз еру де жатады. Алуан түрлі ырымдар, мейрамдар және басқалар әдет-ғұрыптар рөлінде көріне алады. Әдет-ғұрып мінез-құлықтың еш жерде жазылмаған ережелері.
Дәстүрлер-ұрпақтан ұрпаққа берілетін және белгілі бір қауымдастықта, әлеуметтік топта ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтері. Дәстүрлер барлық әлеуметтік жүйелерде қызмет атқарады және олардың өмірлік қызметінің қажетті шарты болып табылады. Дәстүрге ұқыпсыз қарау қоғам мен мәдениеттегі сабақтастықты бұзуға, адамзаттың құндылықты жетістіктерін жоғалтуға келтіреді. Ал дәстүр алдында көз жұмып бас ию қоғамдық өмірдегі керітартпалық пен тоқырауды тудырады.
Бұл сипаттамалар бір халықтың, бір ұлттың, алуан түрлі ұлттық-мемлекеттік құрылымдардың, әлеуметтік топтардың және сондайлардың мәдениетіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттық мәдениетке де қатынасты болып келеді. Алайда мәдениет белгілі бір нақтылы формалардағы алуан түрлі деңгейлерде қоғамдық өзара байланстарда қызмет етеді. Мәдениет болмысының осы нақты формасын бейнелеу үшін әлеуметтануда өзіндік мәдениет ұғымы пайдаланады. Өзіндік мәдениет - қандай да бір қауымдастықты немесе белгілі бір әлеуметтік топты ажырататын символдар, сенімдер, құндылықтар нормалар, мінез-құлық үлгілері жиынтығы. Әрбір қауымдастық өзіндік мәдениетін жасайды. Өзіндік мәдениет жалпыадамзаттық мәдениетті жоққа шығармайды, қайта сонымен бір мезгілде оның өз айырмашылықтары болады. Бұл айырмашылықтар қандай да бір қауымдастықтардың өмірлік қызметінің ерекшеліктерімен байланысты.
Сонымен әлеуметтану үшін өзіндік мәдениеттер араласа ма, қатар өмір сүре ме және бір-біріне шыдамдылқпен қатыса ма немесе мәдени жанжалдар орын ала ма дегенді маңызды деп айқындауға болады. Осы мемлекеттің экономикасының жай-кұйі, әлеуметтік – саяси ахуалы және кұллі әл-ауқаты дұрыс мәдениет саясатына тәуелді.
Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне әдет-ғұрыптар, адамгершілік, заңдар, құндылықтар жатады.
Әлеуметтанушылар мәдениет дамуының бірнеше негізгі заңдылықтарын атап көрсетеді:
- мәдениеттің типі қоғам өмірінің табиғи және қолдан жасалған жағдайына және оның өзгеруіне, олардың кері ықпалына тәуелді;
- мәдениет дамуы уақыт пен кеңістікте, жағымды және жағымсыз жағдайда сабақтастығын табады;
- мәдениеттің әркелкі дамуы, бұл екі мәселеден көрінеді:
а) мәдениеттің гүлденуі мен құлдырауы қоғамдық өмірдің басқа салаларының гұлденуі мен құлдырауының дәуіріне сәйкес келмейді, мысалы, экономикада;
б) мәдениеттің өз түрлері де біркелкі дамымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет