3.Білім әлеуметтік институт ретінде. Білімнің негізгі функциялары. Лекцияның бірінші мәселесі бойынша білім әлеуметтануының мынадай негізгі бағыттарына көңіл бөлу керек: қоғамдық білім орнының қоғамдық білім жаңару жүйесіндегі әлеуметтік институт екендігі.
Білім әлеуметтануы- келеңсіз тенденцияларды игеруге ықпал етіп қана қоймай, қазіргі адамның мәдени генезисіне әсер ететін жаңа импульстарды іздеуге арналған ғылым. Білім әлеуметтануы нені зерттейді? Оның зерттеу пәні нені құрайды?
Білім әлеуметтануы білімді әлеуметтік мәдени институт ретінде қарастырады, оның генезисін, қызметін, құрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білімнің әлеуметтік құрылым саласының динамикасын, бұл саланың басқа қоғамдық институттармен және адам өмірі саласымен өзара байланысын зерттейді.
Білім – қоғамға, еңбек қызметіне, басқа адамдарға қатынасын анықтаған, қоғамдық қатынастар жүйесіне ендірілген индивид- тұлғаның қалыптасу ұрдісі мен нәтижесі. Осыдан барып білімнің қоғам дамуының барлық деңгейі мен кезеңдеріндегі мақсаты көрінеді.
Білімнің әлеуметтік қызметтері- адамзат жинақтаған білімді ұрпаққа жеткізу, әлеуметтік тәжирибе сабақтастығы және ұрпақтардың рухани сабақтастығы, тұлғаны әлеуметтендіру, адамгершілік және тәндік даму, оқу орындарын бітірушілерін еңбекке орналастыру. Нарық қатынастарына өту жағдайында білімнің әлеуметтік қызметтері қоғамда экономикалық, әлеуметтік қиындықтар мен көбейіп келе жатқан жұмыссыздықтар пайда болуы түрінде ерекше мәнге ие болуда Білімнің ұйымдастырушылық құрылымы бірқатар деңгейлерден құралады: мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, кәсіби және арнайы (орта және жоғары). Білім жиынтығында – ұздіксіз оқыту. Оқытудың жоғары және төмен сатыларын сабақтастыра байланыстыру, олардың аяқталуынан соң қайта жалғасуы көрініс табады. Білім құрылымы екі компоненттен құралады: оқу мен тәрбие. Оларды жүзеге асыруда білім субъектісі – педагог және білім объектісі – оқушы әрекет етеді, олардың арасында тұрақты органикалық байланыс, өзара әрекет және ынтымақ орнатылады.
Білім қызметі мен дамуы қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесіне, қоғамның материалдық және рухани қажеттіліктеріне негізделген заңды үрдіс.
Білімнің негізгі қызметтері мынадай: тәрбие мен ағарту, әлеуметтік байланыс, генератор және қоғамның мәдени жетістіктерін сақтау, халық шаруашылығын кадрлармен қамтамасыз ету, рухани өмір саласын кадрлармен қамтамасыз ету. Білімнің әр түрлі мақсаттары ішінде ұш негізгі мақсат ерекшелінеді: интенсивті, экстенсивті, продуктивті (өнімді).
Интенсивті мақсат білімді, шығармашылдық потенциалды дамытуды ұнемі жетілдіруден құралады. Білімнің экстенсивті мақсаты – жинақталған білім мен тәжирибені пайдалана білу, қолда бар потенциалды іске қосу. Продуктивті мақсат оқушыларды әлеуметтік қауымдардың дамуына өзіндік даму жолын ашатын қызмет түрлеріне оқушыларды даярлау.
Сонымен, білім әлеуметтануы әлеуметтік институт ретіндегі білім мен тәрбиенің қызметі мен дамуын пәні, оның буындарының бір-бірімен және қоғаммен, әлеуметтік құрылыммен, сондай – ақ өндіріспен, саяси және рухани қатынастармен өзара байланысы болып саналады.
Білім жүйесі әлеуметтік және кәсіби құрылым дамуын басқарудың қуатты құралдарының бірі, қоғамның рухани өмірінің жетілдірілуі.
Лекцияның екінші мәселесінде жастар әлеуметтануының зерттеу пәні деген не, «жастар» ұғымы деп қай жас ерекшелігі айтылады, оның әлеуметтік мәселесі қандай – соны айқындау керек.
Жастар әлеуметтануы - өтпелі сатыда (балалықтан ересектікке дейін) тұрған, отбасылық және отбасылықтан тыс әлеуметтану кезеңіне бастан өткеріп жатқан, әлеуметтік – демографиялық топтардың әрекетін зерттейтін әлеуметтану саласы, құндылықтар мен нормаларды интеграцияландыру, жастар субмәдениеті ұғымындағы жастардың әрекет және сана үлгілерінде көрінетін әлеуметтік және кәсіби тілектерді, рөлдерді, статустарды жинақтау.
Жастар әлеуметтік зерттеу обьектісі ретінде іштей әлеуметтік- таптық дифференцияға ие, 14- тен 35 жасқа дейінгі аралықтағы қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобын бейнелейді. Жастардың орны мен рөлін зерттеу, жастар ортасында әлеуметтік дамудың заңдары мен заңдылықтарын қозғалысқа келтіру механизмі болып табылады.
Материалды баяндауға сондай-ақ жастардың қоғамдағы орны мен рөлін анықтау, мыналарды ескеру қажет. Біріншіден, жастар бейнесі қалыптасатын және тәрбиеленетін нақты әлеуметтік жағдайға байланысты болады. Екіншіден, жастар қоғамның құрамды бөлімі ретінде оның тұрақты идеологиялық және қоғамдық-психологиялық әсерін бастан кешіреді мұның өзі қоғамда билік ететін өндірістік қатынастармен байланысты жастар бойында қасеттердің пайда болуына ықпал етеді. Үшіншіден, жастар өз жас ерекшелігіне қарай арнайы психофизикалық жинақтылыққа ие болады. Бұл специфика жоғары эмоционалдықтан, өткір қабылдаудан, әсершілдіктен, қозғалыстан, шиеленіскен жаңа сезімнен көрінеді.
Жастар өтпелі жағдайда ең алдымен әлеуметтік және жас ерекшелігі қатынасынан тұратын қоғамда өздеріне тән орынды иеленеді. Бұл өтпелілік жастарды бірқатар белгілеріне қарай қабат ретінде дифференциялау қажеттілігін анықтайды. Негізгі белгілері- жасы, қоғамдық жұмыс түрі, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жағдайы.
Жастардың жоғары және төмен жас шекараларын анықтауды ескере отырып, олардың жасын мынадай кезеңдерге бөлген дұрыс: 14-15 жас- балғын жас, 16-17 жас – жасөспірімдер, 18-20 жас – орташа жасөспірімдік, 21-25 жас жоғары жасөспірімдік, 26-30 жас- ересектеу, 31-35 жас – ересек.
Психофизиологиялық өзгерістер әлеуметтендірудің барысы мен мазмұнына әсер етпей қоймайды. Қазіргі жағдайда әлеуметтендіру ұрдісі адамдардың рухани бейнесіне, көзқарастары мен әрекеттеріне жаңа талаптар қоюда. Бұл мынаған байланысты: біріншіден, әлеуметтік – экономикалық, саяси және рухани өркендеудің нақты мәселелері жоғары білімді, жоғары білікті және оларды өмірге ендіру үшін сапалы тұрде қатысатын адамдарға тән болуы мүмкін. Қайта құруды қажет ететін терең білімді адам ғана тарихи ұрдістің белсенді, қозғаушы кұші болуы мүмкін.
Екіншіден, тұлғаны әлеуметтендіру ұрдісінің төтенше күрделілігі оны жүзеге асырудың құралдарын тұрақты тұрде жетілдіруді талап етеді. Олар қоғамды нақтылаушы, белгілеуші ретінде, жаңару мен кұнделікті ізденісті қажет етеді.
Үшіншіден, жастарды әлеуметтендіру барлық қоғамдық мәселелерді шешудің ажырамас бөлімі болып табылады. Мұның анағұрлым өзара байланысты ұрдіс екендігін, егер объективті өзгерістер, сондай-ақ адамдардың санасы мен әрекетіндегі өзгерістер ескерілмесе, оның қоғамдық ұрдісі бірнеше рет кұшейтіп немесе баяулата алатындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Төртіншіден, жастарды әлеуметтендіру әлемдік және ұлттық мәдениеттің өзара байланысы жағдайында жүріп отырады.