Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияны әлеуметтанулық зерттеу



бет50/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114
4.Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияны әлеуметтанулық зерттеу.
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының зерттеу объектісі, пәні және категориялары. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы - әлеуметтанудың қазіргі бағыттарының бірі. Ұғымдарды қатар қою. "Коммуникация", "қатынас", бұқаралық ақпарат кұралдары, "бұқаралық мәдениет", "тіл", "өзара түсінік", "диалог", "ой", "құндылықтар ұстанымы". Бұқаралық коммуникация механизмдері мен заңдылықтары. Бұқаралық коммуникация құралдары (кино, баспа, театр, радио және теледидар, музыка, дизайн, сән және тағы басқалар).
Бұқаралық коммуникация және мәдениет. Бұқаралық коммуникацияның әлеуметтік-мәдени ролі. БАҚ зерттеудегі классикалық және жаңа әлеуметтанушылық әдістер мен техникалар: контент-талдау және дикурс талдау. Қазіргі әлемнің тіршілік қарқынының жеделдеуі — тарихи ұдемелі прогрестің заңдылығы. Алдыңғы өткен кезеңмен салыс-тырғанда, әрбір келесі келетін дәуірдің өмір кезеңі қысқарақ болатындығы туралы мөдени зерттеулер саласында біраз тео-риялар бар. Алғаш рет тарихи толқындардың ғұмырының қыс-қаруы туралы идеяны Фернан Бродель айтқан болатын. Қазіргі заман мәдениетін бұрынғы мө-дениетпен салыстырар болсақ, онда сол медениеттің адамдары қазіргілерге қарағанда тып-тыныш омір сүргендігіне қайран қаласың: ешқайда асықпаған, уақыт тап шылыгы деген феномен кез-деспеген, соған тікелей байланыс-ты психологиялық стрестер де аз болған, баяу да болса болмай тұр-майтын өзгерістер аса байқал-маған. Қазір ше? Қайда қарасаң да асығыс-ұсігіс адамзат! Соңғы онжылдықтарда адамзат өзінің бұ-кіл тарихында жасаған жаңалық-тары мен енертапқыштық үлгі-лерінің 70-90 пайызын жасап қой-ғандығын мамандар есептеп ұлгерді.
Мәдениеттің ақпараттық-коммуникациялык типологиясын жасау жолында талайлардың "тер төккендігі" де белгілі. Мәдениеттердің тұр-түрін ақпарат тасымалдау кезінің өзгерістерімен байланыстыратын ғалымдардың ішіңдегі ең танымал әрі ең беделді деген зерттеушілерге келетін болсақ, онда солардың катарынан Маршалл Маклюэн, Дж.Хофстед сынды зерттеушілерді кездестіретіндігіміз анық. Солардың ішінде М.Маклюэнге ерекше тоқталып кеткіміз келеді. Осы мақаланың атауының озінде де Маршалл Маклюэннің әлемге танымал енбегінің атауы мен ғалымның өзінің концепциясының ядролық ұстыны жатыр — "Бар мәселе — БАҚ-та!"
Герберт Маршал Маклюен: бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат қоғамына тигізетін әсерінің салдарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып кіріскен, коммуникатологиялық дискурсты қалыптастырушылардың бірі. Содан бері "Торонтодан шыққан пайғамбар" — электрондық дәуірдің ізашары, жаршысы деп есеп-телінеді.
Жалпы, М.Маклюэннің коммуникация құралдарына нені жатқызатындығының өзі бір қызық тақырып. Өйткені, ол коммуникация құралдарына киім-кешек, көлік, ақша, жарнама, электр жарығы, қатынас көлік жолдары, ұй, сағат, фотосуреттер, ойындар, қару-жарақ жөне т.б. көлтеген нәрселерді жатқызады. Бір сезбен айтқанда, коммуникация құралдары деп адамның қоршаған ортасы (мейлі табиғи орта болсын, мейлі әлеуметтік орта болсын) мен қарым-қатынасына тұбегейлі өзгерістер ен-гізетін технологиялар түрін айтады. Коммуникация кұралдары өзінің тұр өзгерісімен бірге адамның дұниені қабылдау тәсілін қайта кұрып, адамдардың өмір салтын өзгертеді. Коммуникация құралдары адамның өзін сыртқы әлемге дейін "кеңейтуі, ұлғайтуы" болып табылады. Мысалы, телефон, телеграф — оның Саққұлағы (құлағының ештеңені қалт жібермей естігіштігі), самолет, ғарыш кемесі
— оның Желаяғы (аяқтың жылдамдауы), теледидар, компьютер
— оның Көреген қырағы көзі, жаңылмас миы жөне т.с.с.
М. Маклюэнңің аталған өрі талқыланып отырған шығарма-сының гештальты (төмамдалған мазмұн-бейнесі), орталық тезисі
— "Хабарды (акпаратты) жеткізуші құралдардың өзі — хабар (ақпар)"
Мұндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз — тіл, баспасөз, ғылым, компьютерлер, телевидение және тағы басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет