Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р


ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет20/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: 
• Жеке көзқарастың көрінісі; 
• Фактілі дәлелдер (аргументтер); 
• Теоретикалық негіздеме; 
• Терминдерді қолдану; 
• Цитаталарды келтіру;• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; 
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы; 
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; 
• Сауаттылық (пункт., орфогр.); 
• Юмор, сарказм; 
• Ғылыми еңбектерге сілтеме жасау 
Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды: 
Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде 
ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді). 
Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық 
байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады. 
Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік 
тән. Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге 
айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың тиімді 
құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын айтады. 
Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте ұстаған 
жөн. 
Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы.Қандай да бір 
қатаң шек қойылмайды, әрине. Эссе көлемі компьютермен тергенде 7-10 беттей 
болуы керек. Гарвард бизнес мектебінде көбінесе екі-ақ бетке жазылады. Ресей 
университеттерінде 10 бетке дейін жаза беруге болады.
Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы 
болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай 
өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы. 
Еркін композицияға құрылуы - эссенің маңызды ерекшелігі. 
Зерттеушілердің айтуына қарағанда жақсы эссені тақырыпты жақсы білетін, оны 
әр қырынан көре алатын, оқушысына түрлі идеялар ұсынып, оның ойлануына 
түрткі жасай алатын адам ғана жаза алатын көрінеді. 
Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы 
кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай 
белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа 
идея тудырып отыруы абзал. 
Бұл жанр оғаштығының бірі болуы ықтимал. Себебі, еркін композицияға 
құрылған, автордың субъективті көзқарасына құрылған эссе ішкі мағыналық 
бірлікті талап етеді. Ол дегеніміз негізгі тезистер мен дәлелдемелер, фактілер 
мен ассоциациясының үйлесімділігі барлығы ішкі бірлікте болуы тиіс.
Эсседе қалыптасқан шаблондарды, сөздерді қысқартуды, жеңіл-желпі ой 
қорытуларды қолданудан аулақ болған жөн. Эссе тілі байсалдылықты талап 


32 
етеді. Сонымен: эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы 
мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады.
Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы 
міндет – оқырман назарын бірден аудару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет