Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р



Pdf көрінісі
бет23/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Тапсыру формасы: презентация дайындау 
Ұсынылатын әдебиеттер:
негізгі/қосымша [2, 3, 5, 6.] /3, 4, 7,8, 9,17.] 
 
МАЗМҰНЫ 
Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Этникалық аумақтың
біртұтас тілдің қалыптасуы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық 
үдеріске ықпалы. «Өзбек» және «қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» 
терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны. XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы.  
Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы 
және негізгі оқиғалары. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Бұрындық хан 
тұсындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті 
мемлекеттердің біріне айналуы. XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ 
хандығы. Қазақ хандығының этникалық территориясының қалыптасуының 
аяқталуы. XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы. XVIІ ғ. Қазақ 
хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Жоңғар хандығының 
пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. Тәуке ханның билікке келуі
оның саясаты. Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы 
мәдениеті. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық
түрлері, олардың ерекшеліктері. Қазақ халқының рухани мәдениеті. Қазақстанның 
қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы.
 
Әдістемелік нұсқау 
Презентация әзірлеу – Презентация әзірлеу және қорғау дегеніміз – 
студенттің зерттеу жұмысы нәтижесінің ғылыми кеңесшінің жетекшілігімен 
қорытындылануы болып табылады. Тақырыптың өзектілігі, практикалық 
маңыздылығы ескеріледі.
Студент алдымен Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. 
Этникалық аумақтың, біртұтас тілдің қалыптасуы. Мемлекеттің құрылу факторы 


35 
және оның этникалық үдеріске ықпалы. «Өзбек» және «қазақ» ұғымдарының 
арақатынасы. «Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны. XV-
XVI ғғ. Қазақ хандығы. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының 
құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Керей мен Жәнібек хандардың 
рөлі. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының Орталық 
Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы тақырыптарымен танысудан 
бастайды.
Презентация проблемалық сипатқа ие бола отырып, тарихтың тар, аз 
зерттелген аспектісін ашуы мүмкін. Сонымен қатар, ережеге сәйкес тақырып 
тарих және басқа пәндерге қатысты пәнаралық болуы мүмкін. 
Жұмыс жоспарының әдеби тұрғыдан дұрыс тұжырымдалуы және обаның 
мазмұнына ерекше назар аудару керек. Жобаның бастапқы кезеңінде оның түпкі 
нәтижесі анықталады. 
Презентацияда жобаның өзектілігін, мақсатын, міндеттерін, күтілетін 
нәтижені, оған жеткізетін әдіс-тәсілдерді, жобаның негізгі бөлімінде көтерілген 
мәселелердің қысқаша мазмұны, қорытындысы беріледі. Презентация жасалып 
болғаннан кейін қорғалады. Қорғауға 5-7 минут беріледі. Студент осы уақыт 
аралығында өзінің зерттеу материалы бойынша ең негізгі ақапарттарды беріп 
үлгереді.
Оқытушы студентке жоба қорғау барысында сұрақтар қояды. Жобаны 
бағалап, жоба қорытындысы бойынша өз пікірін жазып береді. Жоба мынадай 
элементтерді қамтуы тиіс: титул парағы; абстракт (аннотация); мазмұны;
кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; пайдаланылған дереккөздердің тізімі;
қосымша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет