Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері.
3. Қазақ мифтері рәміздері.
1. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты. Семиотика — грек сөзі, мағынасы — белгілі дегенді білдіреді.
Семиотика -- хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, колдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен карым-катынасын зерттейді.
Семиотика – ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап-ақ білген. Сондай-ақ, атқаратын қызметі жағынан алғанда сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттардың барлығын, сондықтан оны да жалпы таңбалар тобында қараудың керектігін ежелгі заман ойшыларының өздері де айтқан. Аристотель ауызекі айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу — сөздің символы деген. Кейінгі заманда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц т.б. философтар тіл – таңбалар жүйесі деп есептеген. Тілде таңбалық сипаттың барлығын 19 ғасырдағы көрнекті тіл ғалымдары — Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан.
Семиотика тұрғысынан тілдік таңба таңбалардың жалпы теориясы тұрғысынан да ажыратылады. Бір түсінік аясында биологиялық таңба – жануарлар арасындағы сигналдар, конвенционалды (яғни, алдын ала келісілген, шартты) таңба түрлері және жеке тек тілге тән таңбалар – қаралуы қарсылық туғызады. Жалпы теория тұрғысынан алғанда таңба – қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы сигнал. Сигнал ретінде кез келген зат не құбылыс танылады. Таңба әруақытта өзінен ерекшеленетін, өзі таңбалайтын затты, әрекетті, қатынасты көрсетеді. Бұл зат (әрекет, қатынас) таңбаның бастапқы мағынасы ретінде ұғынылады. Таңбалар жүйесінің мынадай төрт түрі бар: жол бойының белгілері;әскери сигналдар;цифрлар;әріптер.
Таңбалық жүйелердің (оның ішінде табиғи және конвенционалды формалды тілдерді қамти отыра) қызметіндегі жалпы заңдар туралы теорияны береді. Абстрактілі семиотика – тілдің алгебрасы
Мәдениет семиотикасы туралы айту- мәдениет туралы белгілі жүйе ретінде айту, ал кез келген мәдени құбылыстарды ақпарат пен мағына беретін мәтін ретінде қарастыру. Қандай да бір мәдениетті түсіну-оның семиотикасын түсіну, онда қолданылатын белгілердің мәнін анықтай білу және олардан жасалған мәтіндерді ашу. Мәдениеттанудағы "мәтін" сөзі тек жазбаша хабарлама ғана емес, кез келген объект – өнер туындысы, зат, әдет - ғұрып және т.б. - ақпарат тасымалдаушы ретінде қарастырылады. Әрбір адамға оның туған мәдениетінің семиотикасы түсінікті. Басқаның мәдениетіне келер болсақ, үлкен күш-жігер салып, туған мәдениетін түсінетін деңгейге жету қиын. Кез келген мәдениеттің тілі ерекше және бірегей. Бірақ барлық мәдениеттерде белгілер мен таңбалық жүйелердің бірдей түрлері қолданылады. Сондықтан оларды кез келген мәдениетті түсіну үшін білу қажет.
ХХ ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік үлес қосқан тағы бір ғылым саласын ерекше айтып өткен жөн сияқты.Ол белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі қажетті ғылым саласы аз уақыт ішінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті.Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясына, қоғамдық ғылымдар және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік табуда.
Жоғарыда айтып көрсеткендей, мәдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, соған қарамастан бұл пәннің өзіндікбағыт- бағдар , бет-бейнесі бар.
Мәдениет теорияларының санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеп соқты.
Мысалы: Мәдениетті семиотикалық тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю. Лотман. Сондай–ақ мәдениетті әдебиеттік (Е.С.Аверенцев) тарихи (Л:Н.Баткин), методологиялық (А.Кребер), антропологиялық (М.Мид) және т.б. тұрғыдан пайымдау бар. Әрине олардың мәдениет мәселесіне байлансты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар, бірақ олар, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді.
Семиотика (гр. semeion - белгі, таңба) (семиология) — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байқауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. Бұл ғаламтордан анықтама семиотика ғылымын сипаттайды. Алайда біздің ойымызша, осы анықтамадағы таңбалар жайындағы ғылым анықтамасы дүрыс қолданылмаған. Таңба сөзінің орнына белгілер жайындағы ғылым деген анықтама дұрысырақ болар еді. Сонда осы орайда мынадай сұрақ туындайды: Белгі мен таңбаның айырмашылығы неде? Екеуін кез келген уақытта синоним ретінде қолдана аламыз ба? Және қай сөзге басымдырақ рөл беру керек? Екеуінің семантикалық айырмашылығы неде?
Осы сұрақтарға жауап беру үшін сөздіктерге жүгінейік:
ТаңбалыТаңба салынған, таңбасы баp. ~тас (сан, саулық). Тайға таңба басқандай, таңбалы тас, таңбасын ойып қалдырды, өз таңбасы бар деген тіркестер бар да, ал белгіге қатысты белгі берді, белгі қойды, белгі соқты деген тіркестер бар. Екі тіркестер қатарын салыстырсақ таңбаның семантикалық салмағы басымырақ екенін байқаймыз. Не себепті? Таңба сөзінің тас, ою сөздермен қатар келу себебі – ол ойылып, нақтылап, анықтап өз ізін, өз ерекшелігін, артықшылығын көрсету мақсатында тасқа қашау арқылы түсірілген белгі. Яғни, ол тасқа қашап түсірілгендіктен ол ұзаққа дейін сақталып тұрады және анық бір хабарламаны жеткізу мақсатында қолданылады. Ол хабарламаның айқындығы соншалық, оны ешқандай да аудармашының, түсіндірудің көмегінсіз бірден ұғасыз және де сол таңбаның өзі символдық деңгейдегі белгілер болып табылады. Өйткені, мысал үшін, қазақ ру-тайпаларының әр қайсысының өзіндік таңбалары болған. Ол таңбаларды символ емес деп айта алмаймыз. Және де ол таңбаларды біз белгілі бір дүниетанымдық біліміміз болмаса, ондағы ақпараттың мәнісін де талдап, анықтай алмаймыз. «Көшпелі түркілерде таңба әмбебап қызмет атқарған. Таңба ұғымының бастапқы мағынасының өзі «Ойлап табу, тану». Оның мәдени-рухани астары қат-қабат. Тек, уақыт көші алға жылжып, түрлі қоғамдық – саяси жағдайлар қалыптасқандықтан, таңбалардың бұрынғы «құпиясы», қадір-қасиеті ұмытылып, қосалқы ру – тайпа таңбасына, символикалық белгісіне айналып кеткен. Сол кезде таңбаның мал-мүліктің иесін аңғартатын мағынасы ғана назарда болып, соған ғана мән берілген. Тіл мамандарының болжамынша, таңбадан «теңге», «тамғашы – таңбашы» ұғымдары пайда болған». Осы сипаты бойынша аталмыш таңбалар символ қатарына жатады деген қорытынды шығаруға болады. Дәл сол сияқты таста табылған таңбалар да символдық мәнге ие. Сондықтан біздің ойымызша, символикалық зерттеу жасағанда, белгілерді таңба және символ деп бөлген дұрыс емес. Осы талдаулар негізінде таңбаны біз символмен қатар айта алатын белгі ретінде толық сеніммен айта аламыз. Тіпті таңба сөзін кей мәтіндерде символ сөзіне балама ретінде қолдануға болады деп айтуымызға толық негіз бар. Сонымен, таңбаны талдаудан түйетініміз – таңба міндетті түрде сызылған, жазылған немесе қашалған графикалық объект болуы тиіс. Және де ол – символикалық мағынасы бар терең мәнді белгі.
Ал белгі сөзіне түсіндірме сөздікте мынадай анықтама беріледі:
Белгі1. Шаpтты таңба, ен. Қойға ~ салу кеpек. 2. Бip нәpсенiң басқадан өзгешелiгi. Малшы малды түpлi ~леpi аpқылы ажыpатады. 3. Белгiлi бip құбылыстың нышаны, сыңайы. Кешiкпей күз ~сi көpiндi. 4. Айpықша атақты бiлдipетiн айыpмашылық, өзгешелiк, еpекшелiк нышан. Пиджагiнiң өңipiнде Совет одағының батыpы ~сi баp (Hұpшайықов). ◊ Белгi беpдi [еттi] - аңғаpтты, бiлдipдi, сендipдi. Белгi қойды - таңба салды, белгiледi. Белгi салды [соқты] - шаpтты таңба қойды [7]. Семиотканың анықтамасында «ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы» деген сипаттама бар. Бұл анықтамаға сүйенсек, семиотка жай ғана графикалық объектілерді зерттемейді. Ол мән зерттейді. Қазіргі семиотик ғалымдардың ішіндегі танымал ғалымдардың бірі Умберто Эко өз еңбегінде «семиотка белгі ретінде қарастырылуы мүмкін барлық нәрселерді зерттейді» деп анықтама береді. Осы анықтаманы қазақшаға «семиотка таңба ретінде қарастырылуы мүмкін барлық нәрселерді зерттейді» деп аударсақ, қате болар еді. Өйткені жоғарыда атап өткеніміздей, таңба дегеніміз графикалық объектілер, ал графикалық емес бірақ белгілі бір мәнге ие объектілер белгі ретінде қарастырыла алады. Мысалы, фотоаппаратпен түсірілген суреттер, ым-ишара т.с.с. Ал таңба өз кезегінде белгінің бір түрі бола алады. Яғни белгінің қамтитын ауқымы таңбаның ауқымынынан кеңірек. Алайда кейбір белгілердің семантикалық мәні, ақпараттық қызметі әлсіз болуы мүмкін, ал таңбаның символикалық мәні өте жоғары болып келеді. Сондықтан да біздіңше, семиотика ғылымына белгілер жүйесін зерттейтін ғылым деп анықтама берген дұрысырақ болар еді.
2. Рухани жаңғырудың жолында жүріп жатқан бірнеше жоба бар. Соның бірі әрі бірегейі, елбасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы турасында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек».
Расында да, қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері танылды. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады.
Екіншіден, жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін өз мәдениетіміз қалыптасу керек. Біздің қалыптасқан мәдениетіміз емес, қазір жүріп жатқан, іргесі қаланып жатқан мәдениетті ұсына білуі керек.
Үшінші жағынан, мәдениетті кітап не қағаз түрінде ғана таныстыру емес, түрлі мультимедиалық тұрғысынан да көрсете білу керек. Себебі қазір заман барынша оқудан гөрі көзбен көруге ыңғайлы смарт заттарға назар аудара бастады.
Жобада суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармалары қамтылды. Соған орай 4 түрлі бағыт айқындалды:
1. Әдебиет
2. Классикалық және дәстүрлі музыка
3. Театр, кино және хореография
4. Бейнелеу өнері
Оған әдебиет саласындағы, «театр, кино және хореография» жанрындағы, бейнелеу өнері және музыка саласы бойынша үздік шығармалар енгізілді. Туындыларды алдын-ала іріктеу қоғамдық талқылауды ескере отырып жасалды.
Еліміздің мақтанар мәдениеті көп. Оны өзіміз ғана біліп қойғанымыз жеткіліксіз. Себебі елді ел тану үшін оның мәдениетін тану керек. Сондықтан алдағы жылдары жасалатын жұмыстардың жауапкершілігі зор болады. Соны жүзеге асыруда біз де атсалысайық.
Жаһандық дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады.
Әлемде күн санап өзгерістер болып жатыр. Бүгінгі жаңалық ескіріп, жасампаз дүниелер өмірге келіп, өндіріске еніп, өте қысқа уақыт ішінде көптеген өзгерістер өмірге енді. Міне, осы өзгерістер мен жаңалықтарды біз игеруіміз, қабылдауымыз қажет. Оны дер кезінде қабылдамасақ, ілгерілемей, артта қаламыз. Ол үшін ең әуелі сананы, ойды саралап, өзімізді өзгертіп, іс-қимылымызды тездетіп, жедел шешімдер алу қажет.
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.