Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент, 2019ж


Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары



бет13/23
Дата02.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#71072
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары:

  1. Ортағасырлық қала мәдениетінің ерекшелігі қандай болды?

  2. Ұлы Дала мәдениетінің материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі қандай болды?

  3. Қарахандар кезіндегі мәдениет.

  4. Түркі кезеңіндегі әдеби ескерткіштерді атаңыз?

  5. Сопылық Қайта өрлеу кезеңі туралы не білесіз?

  6. Алтын орда кезеңіндегі мәдениет ерекшеліктері.

  7. Орта азиядағы мәдени және ғылыми өмірдің қайта жандануы.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.

  2. Жолдубаева А.К. Культурология: практикум. - Алматы: Казну им.аль-Фараби, 2014.

  3. Каиржанова А. Palaeoturcica. Мир древних тюрков. – Алматы, 1999.

  4. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – М-Л, 1951.

  5. Маргулан А. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата, 1979.

  6. Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.

  7. Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.

  8. Шәлекенов У.Х. Қазақ өркениеті – Алматы; Қазақ университеті, 2009.

  9. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. - А., 1984.

  10. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1998.

  11. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпоха и цивилизации. - М., 1993.

Дәріс 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы.



  1. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы.

  2. Қазақ халқының дәстүрлері, рәсімдері, салттары.
3. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы
Ортағасырлық қазақ мәдениеті Ұлы Жібек жолынан басталады. Оған Ұлы Жібек жолындағы тауарлар, ортағасырлық ескерткіштер (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі және тағы басқалар), «Ақыл кітабы», «Даналық кітап», «Түркі тілдер сөздігі жатады». Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Оның бір тармағы Суяб, Тараз және Испиджап қалаларының үстімен жүрді. Испиджаптан солтүстік-батыстағы Фараб, Шауғар, одан әрі Сырдарияның төменгі ағысына кететін тармақтар бөлініп шықты. Жібек жолымен ең алғашқы қатынас – байланыс б.з. бұрынғы ІІІ-ІІ ғасырларда жасалған. Бұл қатынас Бадахшан тау'ларында лазурит және Жәркентдәрияның жоғарғы ағысындағы Хотан ауданынан нефрит тасынын кен орындары табылыи, өнделе бастаған кезде пайда болды. Бадахшанда өндірілген лазурит Иран, Месопотамия, Алатол, Мысыр мен Сирияға тасьшды. 1 мыңжыл-дықтың ортасында Бадахшан лазуриті Қытайға жетті. "Лазурит жолы" Орта Шығысты Жерорта теңізімен жөне Үндістанмен бай-ланыстырды. Сол сияқты Шығыс Түркістан мен Қытайды байла-ныстырған "Нефрит жолы" болды. Б.з.-дан бұрынғы І мыңжылдықтың ортасында "Дала жолы" болған. Геродоттың сипаттауы бойынша ол Қара теңіз жағалауынан Донға дейін, Оңтүстік Орал маңындағы сарматтар жеріне, Ертіс пен Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген аргиппейлер еліне дейін барған. Осы жолмен былғары, аң терілері, иран кілемдері, бағалы металдан жасалған бұйымдар тасымалданды.
ІХ—ХІІІ ғасырлар Орта Азияда қала мәдениетінің өрлеу кезеңі болды. Қалалар саны арта түсті, олардың көлемі кеңейді, қолөнер мен сауда өркендеді. Осындай құбылыс Қазақстанда да жүріп жатты. Жетісудың солтүстік-шығысында қалалық мәдениеттің жаңа үшінші ауданы пайда болды. Бұл аймақта VIII ғ. пайда болған қалалардың көлемі IX—XII ғасырларда айналасынан жаңа рабадтар салынуы есебінен ұлғая тусті, орталықтағы ескі үйлердің орнына жаңа құрылыстар салынып, бұл қалалар ірілене түсті. Әуелде олар ірі шонжарлардың тұрағы әрі қажет төнген кезде бас сауғалайтын қамалы ретінде салынды, мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. Кейін қолөнер мен сауда өркендеді, қарапайым халық көшіп келе . бастады. Қытайдан жібек қағаз, айна, сырлы бұйымдар әкелінді. Батыс елдерден қытайға қас бояйтын сүрме, Вавилонның бағалы киімдері. Маржандар мен інжулер шыны, мата тасылып жатты. Қытай мен батыстың арасындағы сауда мәдени байланыста соғдылықтар үлкен рөл атқарды. Олар өз тарапынан саудаға күміс бұйымдар, түсті шыны,дәрілік және бояулық шөптер, кілемдер шығарумен айналысты. Сауда жергілікті ақсүйектерге айтарлықтай пайда келтірді және жорықта түсірген олжаларын сатуға да мүмкіндік берді. Византиядан, Соғды, Қытай және басқа көптеген елдерден шыққан сәнді, әсем заттар түркі шоңжарларының ордаларынын, бай қалалықтардың үйінен орын алып жатты. Археологиялық қазба кезінде Жетісудан византиялық таңбасы бар құмандар, алтын теңгелер мен қытайлық айналар көптеп табылды. Көшпелілермен айырбас сауда оларға таяу орналасқан Испиджап, Отырар, Дех-Нуджикес сияқты ірі қалалардын өтетін жәрменкелерде жүзеге асырылды. Отырар, Суяб, Тараз қалаларында құйылған қаңлы, түркеш, тухус теңгелері бұл тайпалардың саудасында ақшаның да қолданылғанына дәлел бола алады. Жергілікті теңгелер аймақішілік сауданың болғаның дәлелдесе, Соғды (VI ғасырдың соны мен VIII ғ. Басында) түркі теңгелері, Ферғана, Бұхар билеушілері,қытайлық Таң әулеті шығарған теңгелердің табылуы халықаралық сауда жүйесінде қалалардың маңызды рөл атқарғаның айқындай түседі. Жазба деректерде « Саудагерлер қаласы » деп аталатын Тараз маңында ірі сауда орталығы болған. Ал Суяб қаласы туралы «Онда әр елдің саудагерлері кездеседі, ал халқының жартысы саудамен айналысады» деп жазылған.
2. Ортағасырлық қазақ мәдениеті негізіндегі қала мәдениетімен тығыз байланысты. IX-XII ғасырларда Орта Азияда қала әдениетінің өрлеу кезеңі болды. Қалалар саны арта түсті, орлардың көлемі кеңейді, қолөнер мен сауда өркендеді. Осындай құбылыс Қазақстанда да жүріп жатты. Жетісудың солтүстік-шығысында қалалық мәдениееттің жаңа үшінші ауданы болды бұл аймақта VII ғ пайда болған қалалардың көлемі IX-XII ғасырларда айналасынан жаңа рободтар салынуы есебінен ұлғая түсті, орталықтағы ескі үйлердің орнына жаңа құрылыстар салынып, бұл қалалар ірілене түсті. Әуелде олар ірі шоңжарлардың тұрағы әрі қажет төнген кезде бас сауғалайтын қамалы ретінде салынды, мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. Кейін қолөнер мен сауда өркендеді, қарапайым халық көшіп келе бастады. Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің бір дәлелін тұрғын үй мен қыш ыдыстарынан білеміз. Қазақстанның оңтүстігінде XI ғасырда тұрғын үйдің жаңа түрлері –анфиладалы, айқышты бөлмелі және қатарластырыла салынған үй-жайлар пайда болды. Жетісуда қалалық үйдің қасында жазда тіршілік ететін киіз үйлердің тігілуі де бұған дәлел. Көшпелілер керамикасында кертікті тапсырма біліктермен және сызып түсірілген оюлармен әшекейленген қыш құмыралар көп кездеседі. X-XII ғасырларда көшпелілердің әсерімен ыдыс қақпақтарын ою, бедерлеу және жапсыру арқылы әшекейлеу стилі қалыптасты. IX-XII ғасырларда бұрынғыша Жібек жолының маңызы басым болды. Осы арадағы сауда жолдарымен Енисейдегі хакастарға әр үш жыл сайын жібек тиеген керуен өтіп тұрған. Қала үшін төңірегіндегі дала тұрғындарымен сауданың маңызы зор болды. Бұл сауда екі жаққа да тиімді болғандығына мына бір селжұқ құжаты дәлел: «Көшпелілердің әкелген заттары отырықшыларға көп пайда түсіріп,байлығын арттырды. Бұл игіліктің пайдасынан ақсүйекткер мен қарапайым халық та өзіне тиесілі үлесін алып отырды» Жібеук жолы арқылы екпе өсімдіктер: жүзім, шабдалы мен қауын, дәм-татымдық шөптер мен қант, көкөністер мен жемістер таралды. Алайда саудадағы басты тауар жібек болды. Жібек алтын сияқты халықаралық валютаға айналды, оны патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде ұсынды, жалдамалы әскер ақысына және мемлекеттік борышты өтеуге пайдаланды.
Қазақ халқының тіршілік-тұрмы­сын­да қолөнер кәсібі үлкен маңыз­ды орын ал­ды. Өй­ткені мал ша­ру­ашы­лығы не­месе егіншіліктің да­муы қолөнер кәсіпшілігімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты бол­ды. Мал ша­ру­ашы­лығы үшін ер-тұрман, ат әбзел­дері, мал­ды ұстай­тын, бай­лай­тын жаб­дықтар, егіншілік үшін жер жыр­та­тын және тыр­ма­лай­тын, ас­тықты жи­най­тын және өңдейтін құрал­дар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайын­далды. Бұл кез­дегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қара­байыр ша­ру­ашы­лық еді. Үй­де істе­летін кәсіп бұйым­дардың көпшілігі та­уарға ай­нал­май­тын, өндірушінің өз от­ба­сын ғана қанағат­танды­руға пай­да­ланы­латын. Ха­лық өнері, әсіре­се, киіз үйдің жаб­дықта­рын, жиһаз­да­рын жа­са­уда ерек­ше өрістеді.
Бұл кез­де оңтүстік Қазақстан қала­лары­ның, Ор­та Ази­ямен, Шығыс Түркістан­мен, Орыс мем­ле­кетімен са­уда-сат­тық бай­ла­нысы жан­данды. Осы­ның арқасын­да көшіп-қону­шы және оты­рықшы ха­лық топ­та­рының эко­номи­калық, мәде­ни-әле­уметтік қарым-қаты­насы кеңейе түсті. XVI-XVI­II ғасыр­ларда «Ұлы жібек жо­лы» бойын­да ор­на­ласқан Сығанақ, Са­уран, Оты­рар, Түркістан, Сай­рам, Жент т. б. қала­лар­дың тез­деп өркен­деуі, қазақ халқының біртұтас ел бо­лу­ына, же­ке хан­дық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Оты­рар, Та­раз, Сай­рам және тағы басқа қала­лар­дан та­былған күміс теңге­лер мен мыс ақша­лар Қазақ хан­дығы тұсын­да са­уда-сат­тық өркен­деп, ақша ай­на­лымы да­мыған­дығын көрсе­теді.
Сығанақ пен Са­уран­ның, Ясы мен Оты­рар­дың ар­хи­тек­ту­ралық комп­лек­стері, Жәнібек пен Қасым­ның Са­рай­шықтағы, Қазанғап­тың Ұлы­тау жеріндегі ке­сене­лері, Маңғыс­та­удағы, Сыр­да­рия алқап­та­рын­дағы және Қара­тау қой­на­ула­рын­дағы ма­зар­лар өзіндік сәулет-си­паты­мен, ар­хи­тек­ту­ралық фор­ма­лары­ның жи­нақылық әрі айқын­шы­лығымен ерек­ше­ленді. Ұлан бай­тақ кең да­лада мал бағып, күндерін та­биғат құшағын­да мал өрісінде, түндерін жұлдыз­ды ас­пан ас­тындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлем­дегі та­биғат құбы­лыс­та­рын үнемі бақылап отырған. Осы бақыла­удың нәти­жесінде ха­лықтың көпжыл­дық тәжіри­белері қоры­тылып, жұлдыз­ды ас­пан ту­ралы аст­ро­номи­ялық түсініктер мен білімдер жи­нақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалып­тасты. Қазақ халқы ас­пан әлемін бақылау арқылы «құс жо­лы», «құй­рықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайын­да ұғымын кеңей­тті. XVI-XVII ғасыр­ларда қазақтар ара­сын­да ис­лам діні кеңінен та­рады. Оны та­рату­да Сығанақ, Түркістан, Хо­резм, Бұха­ра, Са­марқанд сияқты қала­лар ай­рықша рөл атқар­ды. Ис­лам діні көшпелі ха­лық ара­сын­да те­рең та­мыр жайған жоқ. Оған се­беп қақтығыс­тар, соғыс­тар және түрлі са­яси қара­ма-қай­шы­лықтар еді. Сон­дықтан ха­лықтың әсіре­се көшпелі бөлігі ис­лам дінін көпке дейін қабыл­да­май, тәңірге, күнге, ас­панға, жер­ге, суға та­бынуға негіздел­ген на­ным­ды ұста­ды. Қазақтар өмірінде от­ты қаси­ет­теу үлкен рөл атқар­ды. XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ халқының ара­сын­да тақыры­бы мен жан­ры жағынан алу­ан түрлі ауыз әде­би­еті кең өріс ал­ды. Қазақ халқының по­эзиясын­да жы­ра­улар­дың ор­ны ерек­ше бағалан­ды. Жыр толғаула­рын­да қанат­ты сөздер, ғиб­ратты нақыл­дар кең орын ал­ды. Сол кез­дегі қазақ по­эзиясы­ның аса ірі тұлғала­ры – Шал­киіз (XV ғ.), Дос­памбет (XVI ғ.), Жи­ем­бет (XVII), т. б. жы­ра­улар.
3. Қазақтың ба­тыр­лар жы­ры эпосқа тән аңыз сияқтанғаны­мен, олар­дың бәрі дерлік та­рихи оқиғаларға құрылған. Мәсе­лен, Қобы­лан­ды, Ал­па­мыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қам­бар дас­танда­ры та­рих шын­дығымен қабы­сып жатқан шығар­ма­лар. Қазақтың әле­уметтік-тұрмыс­тық дас­танда­ры да («Қозы Көрпеш-Ба­ян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) фе­одал­дық-ру­лық қоғам­ның өмірін үлкен ше­берлікпен көрсе­теді.
Бұл кез­де Қазақ хан­дығының мем­ле­кеттік құры­лысы мен ха­лық өмірінің ерек­ше жағдай­ла­рын өзіндік өзге­шелігімен қам­ти­тын қоғам­дық ук­лад «би­лер сөзі», «би­лер ай­ты­сы», «би­лер да­уы», «төрелік ай­ту», «ше­шендік сөздер» деп ата­латын көркемдік мәде­ни­еттің біре­гей түрін туғыз­ды. Әде­би­еттің бұл түрін шығару­шылар негізінен XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ қоғамын­да сот ісін жүргізу­мен ғана ай­на­лысқан жоқ. Би­лер хан кеңесінің мүше­лері бо­лып, мем­ле­кеттік істер­ге бел­се­не ара­лас­ты. Со­нымен бірге атақты би­лер тай­па­лар мен ру­лар­дың бас­шы­лары бо­лып, ел басқар­ды, жи­ын­дарда со­лар­дың аты­нан сөз сөй­леп, ай­тыс-тар­тыстар кезінде олар­дың мүдде­лерін қорғады. Қазақтың атақты би­лері по­эти­калық та­лан­ты зор және су­ырып сал­ма ай­ту мен ше­шендік сөз арқылы өза­ра ай­тыс­тың та­маша ше­бер­лері болған. XVI-XVI­II ғасыр­ларда би-ше­шен­дер ара­сын­да мем­ле­кеттік және қоғам­дық қыз­метінің маңыз­ды­лығы, ше­шендік өнерінің күшімен по­эти­калық ше­берлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазы­бек Келдібекұлы (1665–1765), және Әй­те­ке Бай­бекұлы (1682–1766) ерек­ше орын ал­ды. Олар тек Қазақстан­да ғана емес, со­нымен қатар Ре­сей­де, Хи­уада, Жоңғария мен Қытай им­пе­ри­ясын­да та­нымал болған. Бұл кез­де қазақ тіліндегі жаз­ба әде­би­ет­тері діни және аңыз­дық мазмұндағы кітап­тар түрінде та­рал­ды, сон­дай-ақ та­рихи шығар­ма­лар мен ру­лар та­рихы (шежіре) жа­сал­ды. Олар­дың ішінен За­хир-ад-дин Ба­быр­дың «Ба­быр­на­масын», Ка­малад-дин Би­най­дың «Шай­ба­ни-на­месін», Мұхам­мед Хай­дар Ду­латидің «Та­рих-и Ра­шидиін», Қожамқұл бек Ба­хидің «Та­рих-и-Қып­шағын», Қадырғали «Жа­ми-ат-та­вари­хын» және басқа да шығар­ма­лар­ды ар­найы бөліп көрсе­туге бо­лады. Бұл кез­де Қазақ хан­дығы көршілес мем­ле­кет­термен, Ор­та және Та­яу Шығыс ел­дерімен үздіксіз ара­ласып отыр­ды. Мұның өзі араб-мұсыл­ман мәде­ни­еті мен ғылы­мының та­ралу­ына әсерін тигізді.
Қазақ жерінде мек­тептер мен мед­ре­селер ашы­лып, олар­да оқу араб-пар­сы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жа­зуда араб әліп-биін тұтын­ды. Мек­тептер мен мед­ре­селер­де ғылым­ның әр түрлі са­лала­ры "дін ілімі, ма­тема­тика, ло­гика, фи­лосо­фия) бойын­ша білім беріліп, Шығыс­тың ұлы ақын­да­рының клас­си­калық ту­ын­ды­лары­мен та­ныс­ты­рыл­ды. Мұның бәрі қазақ халқының жал­пы да­му­ына, бүкіл қоғам­ның ру­хани өмірі мен мәде­ни­етіне игі ықпал жа­сады. Со­нымен, XVI-XVI­II ғасыр­ларда Қазақ қоғамын­да ша­ру­ашы­лықтың және мәде­ни­еттің да­му­ын­да еле­улі ілгеріле­ушілік орын ал­ды. Оның бас­ты се­бебі, қазақ халқының біртұтас мем­ле­кет­ке бірігуімен бай­ла­ныс­ты еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет