Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент, 2019ж



бет15/23
Дата02.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#71072
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Мәдениеттану дәріс жинағы

2. XIX ғ. ағартушылық: Қазақ халқының тарихындағы XIX ғ. келер болсақ, Ресей империясының бодандығына өткен елде, сол алып мемлекеттің шеңберінде жаңаша, негізінен, жерде отырып өмір сүру жолдарына икемделу, осы күрделі де қиын жағдайда халықтың өзін-өзі сақтап қалу мәселесі өмірдің алғышарттары ретінде тарихи сахнаға шыға­ды. Халықтың тарихында бұрын-соңды болмаған мұндай өткір бетбұрыс философия саласында ағартушылық ағымды тудырады. Бұл арада айтып кететін нәрсе - әрбір халық өзінің өмірінің шешуші кезеңдерінде тарихтың қойған жаңа талаптарына сәйкес жауап қайтаруы керек. Ол үшін ескі құндылықтар жүйесін өзгертіп, дүниеге деген жаңа көзқарас енгізу қажет. Мұндай күрделі істі зиялылар қауымының алдыңғы қатарлы өкілдері жасап, халықтың сана-сезімін өзгертуге тырысады, оны біз ағартушылық саты деп атаймыз. Ондай кезең уақытында барлық елдерде болған. Отандық ағартушылықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі — рулық, одан әрі асса, ерте феодалдық қарым-қатынастағы, көшпенділікө0мір салтын ұстаған халықты жаңа әлеуметтік-экономикалық, саяси-куктык жағдайда, болуы мүмкін апаттан аман сақтап қалып, оның сана-сезіміне жаңа құндылықтарды енгізу арқылы оны жерге тұрақтандыру болды. Өйткені көшпенділік өмір салтының негізгі факторы - жер көлемі - кедейленген орыс шаруаларын қазақ жеріне әкеліп отырғызу саясатының негізінде жылдан-жылға қысқара бастады. Ал мұның өзі күйзелісте тұрған көшпенділік мал шаруашылығын толығынан күйретіп, елде аштықпен қатар мыңдаған жылдар бойы созылып келген өмір салты, әдет-ғұрып құндылықтары адамдардың жандүниесінен ажыратыла бастады. Бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдардағы тарихында болмаған «зар заманды» тудырып, адамдар өзі өмірінің мән-мағынасын жоғалтып, қазіргі тілмен айтқанда, экзистенциалдық вакуумге келіп тірелді. Халықтың өзін-өзі жоғалту қаупі туды. Мұндай ахуалда көп жыраулар бұрыңғы өткен өмірді көкседі (қазіргі кеңес қоғамын көксеп жүрген кейбір саясаткерлер сияқты). Алайда тарих өткен жолдарын қайталамайды, сондықтан өткенді көксеу - тарихи тұйықтыққа әкеліп тірейді. Мұны түсінген халық ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев секілді ұлы тұлғалар халықты жаңа өмірге баулып, оны сауаттықты ашуға, білімге, еңбекқорлыққа, белсенді өмір салтына, жасампаздыққа шақырды.
3. Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы. Ол көрнекті қоғам қайраткері, саясаттанушы, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы, сондай – ақ талантты зерттеуші – тарихшы ғалым. Ә.Бөкейханов ол зерттеуінде қазақ халқының отаршылдық, переселендерге деген қарсылығын, қазақтың ұлт-азаттық күресін, ұлт мүддесін анықтап берген. Бұл кітапта тіл, сөз бостандығы, дін мәселесі де көтерілген. Келесі тарихи зерттеу «Из переписки писем киргизских ханов, султанов», «Из переписки ханов средней орды Букея и его потомков», «Из бумаг султана большой киргизской орды Суюка Абылайханова». Бұл аталған еңбектерде ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық көсемі Ә.Бөкейхановтың қазақтың соңғы ханы Кенесарыға деген ерекше ықыласы көрінеді. 1923 жылы Ташкентте шыққан «Материалы к истории султана Кенесары Касымова» атты зерттеуінің орны ерекше. Ә.Бөкейханов ұлт-азаттық көсемі бола тұра, Кенесары мен Наурызбайдың қазақ елі үшін құрбандыққа барғандарына тағзым етіп өткен. Аталған еңбекте Кенесары мен Наурызбайдың соңғы күндері, қозғалыстың құлдырау себебі сараланған. Бұл – күні бүгін Кенесарының басын іздеген мамандарға жол көрсетер жалғыз ғылыми зерттеу. Тарихшы ғалым Әлихан сонымен қатар 1916 жылғы көтерілістің де маңызды екенін атап өткен. 1926 жылы орыс тарихшысы, прфессор Шестаковпен бірге «1916 –1926» атты кітап жазып шығарған. Бұл кітапта қазақтың 1916 жылғы көтерілісінің башқұрт, өзбек, қырғыз халықтарының да бас көтеруіне себеп болғаны айқындалған. Бұл зерттеулерге қарап отырып, біз кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихын көп зерттегенін білуімізге болады.
Қазақ даласындағы ағартушылық көшін бастаған аса дарынды ұлы тұлға Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865 жж.) бол­ды, өзінің қысқа өмірінің шеңберінде ол өте көп icтep тындырып, тек қана қазақ халқының өткен тарихын, әдет-ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегі нақтылы өміршеңді мәселелерге атсалысып, қалың бұқараның мүдделерін аса батылдықпен қорғап, соның жолында «аққан жұлдыздай», өкінішке қарай, ерте жанып кетті. Шоқанның онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, ол күнбе-күнгі адамның тәжірибесінен шығатын, сол кездегі жаратылыстану ғылымдарына сүйенетін материалистік бағытта болды. Оның тікелей болмыс жөніндегі еңбектері болма­ғанмен, оны біз Шоқанның қазақтардың шамандық (бақсылық) өмір сезімін талдауынан байқаймыз. Шамандықты көшпенділердің алғашқы көне діні ретінде қарап, ойшыл Табиғаттың сиқырлы да үрейлі күштерінің осы дінде бейнеленгені жөнінде айтады. Яғни табиғат бірінші де, адамның өзі сол табиғаттың төл туындысы болғаннан кейін, өзінің сана-сезімінде айнала ортаны дұрыс, я болмаса қияли бейнелейді. Енді ойшылдың әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқараста­рына келер болсақ, ол «географиялық детерминизм» бағытын ұстағанын байқаймыз. Қоғамның дамуына айнала қоршаған ортаның жазықтығы, я болмаса тау-тастығы ауа райы, жер құнарлығы т.с.с. факторлар жатады. Сондықтан шөп жоқ жазық дала мал баққан көшпендінің енжарлығын, еріншектігін т.с.с. қасиеттерін қалыптастырса, тау мен тасқа толы, сарқырап аққан қаһарлы өзен-сулары бар, неше түрлі қауіпке толы аймақтар, керісінше, адамның жинақтылығын талап етеді. Мұндай көзқарас Батыс Еуропадағы француз ағартушыларының ойларына сай келеді: мұның өзі ойшылдың тек Орыс ғалымдарымен ғана емес, сонымен қатар Батыс философиясымен де таныс болғанын дәлелдей келе, оның өз заманының ой-өрісінен қалмағанын көрсетеді. Олай болмақ түгіл, ол бүгінгі таңдағы мәселелерді тереңірек түсінуге көмектеседі. Мысалы, реформалардың басында ауыл шаруашылығындағы ipi ұжымдық мeкeмeлepдi жойып, олардың орнына жеке шаруашылық қожалықтарын орнату саясаты жүргізілді. Әрине, мұндай саясатта елдің географиялық ерекшеліктері ескерілген жоқ. Қазақстан АҚШ, я болмаса Бразилия немесе Франция емес. Енді бүгінгі таңда ғана біз жіберген қателіктерімізді байқап, талдап жатырмыз. Сонау көне заманнан бастап Жаңа дәуірге дейін, елдің сайын даласында тек қана көшпенді мал шаруашылығы ең тиімді шаруашылық формасы болғанын Шоқаннан кейінгі бізге де мойындауға тура келеді. Тек қана индустриялық-машиналық өндіріс пайда болып, өндіргіш күштер зор даму қарқынын алған кезден бастап қана, солтүстік және орталық өңірлерде жерге тұрақтану мүмкіншілігі пайда болып, сол кезден бастап қазақ жерлеріне басқа мемлекеттердің «қызығушы­лығы» пайда бола бастады. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтікк-саяси, куктық көзқараста­рына келер болсақ, ойшыл жан-тәнімен халықтың қамын ойлап, «әділетті басқару» жүйесі арқылы «парасатты реформалардың» негізінде халықтың хал-ахуалын өзгертуге болатынына сенді және оны жақындату үшін барлық күш-жігеріп салды. Ол 1862 ж. Атбасар аймағының сұлтан-басқарушы лауазымын жеңіп алу үшін сайлауға түсіп жеңгенмен, патша үкіметі оны бұл орынға бекітпей қойды. Одан кейігі Шоқан «Сот реформалары жөніндегі жазбалар» атты өзінің ғылыми еңбегін жазады. Осы кездегі Ресей мемлекетінде буржуазиялық-демократиялық реформалар қомақты орын алып жүріп жатқанымен, «азиаттық деспотия», пара алу, заңды бұзу, қарапайым адамның ар-намысын аяққа басу т.с.с. кертартпалықтар бұрынғыдай болып жатты. Сондықтан Шоқан Ресей мемлекетінің куктығына зор күмән келтіреді. «Куктық мемлекетте заңдардың үстемдігі әрқашанда сақталуы қажет, оны ешкімнің де аттап өтуіне құқы жоқ. Заңдар бұзылған жағдайда жаза әділ сот арқылы берілуі керек», - деп қорытады ойшыл.
Ағартушылық ағымның көрнекті өкші Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.): «Халықты аман сақтап қалудың, жаңа қалыптасып жатқан ахуалға сай келуінің бірден-бір жолы - оның сауаттығын арттыру, білімін жетілдіру, орыс мәдениеті мен тілін игеру», - деп есептеді. Сондықтан ол өзінің барлық күш-жігерін жаңа мектептер ашуға, балаларға арналған қызықты оқулықтар жазуға жұмсады. Өзінің Дүниеге деген көзқарастарында ол діни бағытта болып Құдайды мойындағанымен, діни фанатизмге қарсы шығып, шала-сауатты қазақ мен Бұхарадан келген молдалардың халыққа тигізетін теріс әсерлерін әшкерелейді. Оның «Кел, балалар, оқылық». «Жаз», «Өзен» т.с.с. өлеңдері осы күнге дейін өзінің эстетикалық әсемдігі, гуманистік идеялары, тәрбиелік мүмкіндіктерімен білім беру саласындағы жас ұрпаққа оң әсерін тигізуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет