Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет105/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143
Иодты калий – kalii iodidum. Иодты натрий – natrii iodinum. Түссіз кристалдар немесе ақ түсті ұнтақ, сумен спиртте оңай ериді, жарыққа өте сезімтал және суды өзіне оңай тартып алады. Иодиттердің құрамында бос күйіндегі иод болмайтындықтан, тітіркендіріп және бактерициттікті әсер етпейді. Бірақ организмге сіңгеннен кейін бос күйіндегі иодтар пайда болып, иодтарға тән әсер ете бастайды. Олар зат алмасу құбылысына қолайлы әсер етіп, қабыну өнімдерінің таралып кетуіне септугун тигізеді. Иод тұздарының екеуіде бірдей әсер етеді. Сол себепті екеуінінде қолдануы ұқсас келеді. Актинимикоз, батриомикоз ауруларында вена тамырына (1 кг салмаққа 0,01 г), немесе 8-14 күн қатарынан ішке беріп, қоладанады.
Иодоформ – iodoformium. Үш иодты метан. Жылтыр кристалдар немесе ұсақ кристалды сарғыш түсті ұнтақ, суда өте нашар (1:14000), спирттің 75, эфирдің 10 бөлігінде ериді. Жарықпен ауаның әсерінен ерітінділері иод бөліп ыдырайды. Иод жараның экссудатында, ішке қабылданғаны ас қорыту жүйесінде өзінің құрамдас бөліктеріне ыдырай отырып, антисиптикалық, іш жүруге қарсы әсер етеді және перистальтиканы күшейтеді.
Дезинфекциялық дезодарациялық және жараның жазуын жылдамдататын зат ретінде ұнтақ түрінде бор қышқылымен (1:1), талькпен (1:1) және ақ сазбен бірге қолданады. Қабынуға қарсы зат ретінде иодоформ 5-15% сүртпе май түрінде флегмона, лимфадениттерде, маститте сіңірдің қабынуларында және остеомелиттерде қолданылады.
Хиниофон – Chiniofonum. Ұсақ кристалды, сары түсті ұнтақ зат. Ішкі ас қорыту жүйесін дезинфекциялау үшін қолданылады. Мөлшері: жылқы мен ірі қара малға 2,0-5,0; қой мен ешкіге 0.2-0,5; шошқаға 0,5-1,0; иттерге 0,3-0,5 г.
Иодинол – Iodinolum. Құрамында иод (бір бөлік) иодты калий (3 бөлік) поливинилді спирт (10 бөлік) және дистиллденген су (1000 бөлік) кіретін комплексті (кешенді) препарат. Су мен оңай араласады, ал сілтілі ортада тез бүлінеді. «Б» тізімі бойынша жарықтан таса жерде сақтайды.
Емдік және алдын алу мақсаттарымен бұзау, торай, қозы және балапандардың деспепсия, дезинтерия және ас қорыту жолдарының ауруларында қолданады.
Ішке бергендегі мөлшері: торайларға 3-25 мл; бұзауларға 15-25 мл; балапандарға 0,3-0,5 мл; қозыларға 1 кг тірілей салмағына 0.4 мл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет