Йод және оның препараттары. Йод көптеген заттармен реакцияға түсе отырып, өте активті қосылыстар түзеді. Сонымен бірге йод препараттарфы бос күйіндегі йод бөле отырып ыдырайды. Қысқаша айтқанда йод препараттары организмге түскеннен кейін тотығадыда тотықсызданадыда.
Йод қалқанша безі гормонының құрамына кіре отырып, зат алмасуға және ферменттердің түзілу құбылысына қатысады. Әртүрлі қосылыстар күйінде, ол организмнің қорғаныс реакциясын арттырады, жаңа клеткалардың пайда болуын жылдамдатады, іштегі төлдің дамуын, ал жас малдардың өсуін жылдамдатады.
Йод бездер арқылы бөліне отырып, сезімтал жүйке талшықтарын тітіркендіредіде, соның салдарынан секреция күшейеді.
Йод препараттары кілегейлі қабықтар және тері арқылы организмге оңай сіңеді. Йодтың аздаған бөлігі (15-30%) организмде өзгеріске ұшырап, негізгі бөлігі (70-85%) өзгеріссіз бөлініп отырады.
Йод – iodum. Сұрғылт –қара түсті металдарға тән жылтыры бар кристалдар. Суда өте нашар (1:5000), ал органикалық ерітінділерде жақсы ериді.
Әсері. Иодтың 5-10% спиртті ерітіндісін терге жаққанда гиперимия пайда болады. Ал жаққанда қабыну құбылыс байқалып, кейде нейкрозға ұшырауы мүмкін.
Иодтың ең негізгі қасиеті – оның бактерицидтілігі. Иод туберкулез, маңқа, қарасаң, түйнеме ауруларының қоздырғыштарына өлтіре әсер етеді: 0,2-1% иодтың әсері 0,1 % сулеймаға қарағанда күштірек келеді. Иод қотыр жерлерге өте уытты әсер етеді. Оның 1-2 % ерітіндісінен олар бірнеше минуттан кейінақ өліп қалады. Гельминиттерде (диктикаулез) иодтың әсеріне төзімсіз келеді.
Иодты судағы және спирттегі ерітінділер түрінде, сүртпе май, сықпа май және басқада түрлеріне қолданады. Иодтың 1:1500 қатынасындай ерітіндісін бұзаулармен қойлардың диктикаулез ауруында қолдану жақсы нәтиже береді.
Иод ерітінділерін тек қолданар күні ғана дайындайды, ал көп сақталынған ерітінділер уытты әсер етеді. Ертінідінің мөлшері: 2-6 айлық бұзауларға -20 -50 мл, 6-12 айлық бұзауларға 50-70 мл, тоқтыларға -10 мл, қозылар мен лақтарға 5-8 мл.
Иодтың 0,05% ерітіндісін ірі қара малдың телязиос ауруында қолданады, ал осы ерітіндіні жоғары температурамен өтетін аусыл ауруында қолдану өте нәтижелі келеді.
Иодтың 5% спирттегі ерітіндісі – Solitio Jodi spiritiose 5%. Препарат өте тұрақсыз, сол себепті қолданар алдында ғана дайындайды. Препарат 48% спиртте 2,5% иодты калий қосып жасалынады.
Иодты спиртті ерітіндісін операция жасайтын жерді, жараны, жараның аумағын дезинфекциялау үшін қолданады.