Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет117/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143
Байланысты:
369577-1

Азидин-Аzidinum.Азидин-жеңіл, жасыл түсті, ащы дәмді аморфты ұнтақ. Судағы ерітінділері (рН-6-6,5) тұрақты, жабдық ыдыстарда "Б" тізімі бойынша сақталады. Ірі қара малдың бабезиоз, пираплазмоз ауруларының алдын-алу мақсатында қолданағанда, оның әсері 10-15 күнге дейін созылады, ал франсайеллез бен аралас инвазиаларда (пираплозмоз, франсайеллез) тек инкубациялық кезеңде болады.
Препаратты тері астына және бұлшық етке 7 % судағы ерітінді ретінде бір рет егіп қолданады, жануарлардың 1 кг тірілей салмағына берілетін мөлшері: емдік мақсатпен 0,003-0,0035 г, екінші рет (қажет болғанда) сол мөлшерді бір күннен кейін егеді, профилактикалық мақсатпен 0,0015-0,002 грамнан бір рет қолданады.
Аминоакрихин - Аminoacrichinum.Суда жақсы еритін қоңыр-сарғыш түсті ұнтақ "Б" тізімі бойынша сақталады. Аминоакрихинді көбінесе ірі қара малдың тейлериозында қолданады. Оны вена қан тамырына судағы ерітінді күйінде егеді, мөлшері жануарлардың 1кг тірілей салмағына 0,003 г. Препаратты екі қайтара тіпті үш қайтара 48-72 сағаттың үзілістен кейін егеді. Кейде екінші рет еккеннен кейін (48 сағ) қабыну құбылысы болуы мүмкін: көлден жолақты бұлшық еттердің фибриллярлы жиырылуы ішектер атониясы, қарынның кеуіп кетуі сілекей бөлініп, тыныс алудың нашарлауы және т.б.
Аминоакрихинді сонымен бірге мысықтардын цестодозасы, қозылардың монезиозы және қойлардың авителлиноз ауруларына қарсы күресуге қолданады.
Трихомонацид –Тгichomonacidum.Су мен спиртте жақсы еритін, сары түсті кристалды ұнтақ.Температураға төзімді. «Б» тізімі бойынша сақтайды.
Трихомонацидтің микробтар мен қабынуға әсері орташа болғанымен, трихомонадтарға қарсы әсері ерекше Гинекологиялық практикада оны емдік мақсатпен жергілікті жерге ерітінді (0,5) немесе домалық шарлар (1-20) түрінде қолданады:оны ішке және вена қантамырлары арқылы қолданғанда жақсы нәтиже береді.Ішке бергендегі мөлшері:сиырларға 0,6-1,2 г, иттерге 0,05-0,1г.
Этакридинді лактат (риванол)- Аcthacridini Iactas (RivanoIum). Сары түсті, ұсақ кристалды, аздап ащы дәмі бар, иіссіз кристалды ұнтақ.
Салқын судың 50 және қайнаған судың 9 бөлігінде ериді.
Ерітінділері сары түсгі жылтырап тұрады, реакциясы бейтарапты болып келеді.
Ерітінділерін сақтағанда (әсіресе жарықта) ол өте уытты заттар түзін ыдырайды, сырттай препарттың ыдырағанын оның түсінің қоңырқай жасылды болып өзгергеніне тарап біледі. Ас тұзының қатысуымен (0,5 % жоғары) этакридин ерітіндіден тұнбаға айналып кетеді. Ұнтақты жақсы жабылатын қара-қоңыр түсті шыны ыдыстарда, салқын жерлерде "Б" тізімі бойынша сақтайды.
Этакридин өте күшті микробқа қарсы қолданатын зат.Ол пирогенді кокктардың, дифтерия таяқшасының, алтын түстес стафилакоктың өсуін тоқтатады. Препараттың жануарлар үшін уыттылығы онша емес.
Фенолға қарағанда, оның микробтарға қарсы әсері әлсіздеу, бірақ ұзактау болып келеді.
Препарат жаралар мен кілегей қабықтарға тереңдей сіңіп, бір күнге дейін сақталады, осы мерзім ішінде оның белсенділігі едәуір артады.
Сондықтан да оны емдік және профилактикалық мақсаттар мен кілегейлі қабықтарды қабынуында қолдалады.
Вена қан тамырына еккенде де препараттың уыттылығы айтарлықтай емес.Этакридиннің емдік мақсаттар үшін қолданылатын ерітінділері фагацитозды әлсіретпейді, жүйкелерді тітіркендірмейді.
Этакринді сыртқы мүшелерге ауыздын, жоғары тыныс алу жолдарының, көздің тыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтары қабынғанда және жараларды емдегенде қолданады: оны ерітінді (1:500-1:2 000), сүртпе май (1-2 %) және сеппе дәрі (1-3 %) түрінде қабыну аймағы маңын инфильтрациялау үшін 1: 1000-2000 қатынасындай ерітінді күйінде қолданады сонымен бірге осы концентрациядағы ерітіндіні сүлгілерді, және таңғыштарды, хирургтың қолдың жуып-шаюға пайдаланады. Ішке жас малдардың іші өткенде (мөлшері 0,002-0,01 кг): бұзаулардың, шіру құбылыстарында және іріңді плевриттер кезінде плевра қуысына енгізу үшін қолданады.
Вена қан тамырлары арқылы бергендегі мөлшері: жылқыларға 0,1-0,5 г; сиырларға 0,2-0.6 г: итгерге 0,01-0,05 г: түлкілерге 0.001-0.005 г (ерітінді түрінде гл 000-2000).
Пироплазмин – РіropIasminum.Мочевинаның метилсульфометилаты. Иссіз, ащы дәмі бар жасыл сарғыш түсті ұнтақ. Суда жақсы (1:1,7) спиртте (1:1500) нашар ериді. Судағы ерітінділерінің реакциясы қышқылды келеді. Ерітінділері төзімді, ампулаларда бірнеше жылға дейін сақталады.
Микробтарға қарсы әсері өте микробтардың вегетативті формасын 30 2-5 минутта өлтіреді. Микробтарға қарсы әсері әлсіз болғанымен, қарапайымдыларға қарсы әсері өте күшті. Препараттардың бұл қасиеті оны жануарлардың пироплазмасына, жылқылардың нутталиозына, ірі қара малдық тейлериоз ауруының алғашқы кезеңдерінде қолдануға үлкен мүмкіндік береді.
Жылқылардың, ірі қара малдың пироплазмоз ауруын көрсеткіш 59 % дейін жетеді. Препараттың емдік сағаттан кейін-ақ байқала бастайды, ал бір-екі температура қалыпты жағдайға түсіп, қанның пироплазмоздар жойыла бастайды. Осындай оны ірі қара малдың франсайеллезі мен бабезиозына, шошқалар мен иттердің пироплазмозына және жылқылардың нутталтозына қарсы қолданады.
Препаратты тері астына немесе бұлшық етке 1 % ерітінді күйінде егеді (хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісінде де ерітуге болады).
Жануарлардың 1 кг тірілей салмағына шаққандағы мөлшері; . жылқыларға 0,0006 г; сиырлаға 0,001 г; қойлар мен шошқаларға 0,002 г; иттерге инструкция бойынша 0,00025 г.
Емдік нәтижелігін арттыру үшін препаратты аурудың алғашқы кезеңдерінде егеді, сонымен бірге орталық жүйке жүйесін қуаттандырғыш заттарды да бірге қосып беру керек.
Препаратты еккеннен кейін жануарларда өте күшті реакция пайда болады: тыңышсыздану, ішектердің, жиырылуы, тамыр. соғуының жиілеуі, қан қысымының төмендеуі, ентігу, бұлшық еттердің дірілі,, сілекей бөліну және терлеу 30-40 минут өтеннен кейін бұл құбылыстың бәрі жойыла бастайды, ал тынышсыздану ішектердің жиырылуынан болады, оны морфин немесе атрофин беріп әлсіретуге немесе жоюға болады.
Гемоспоридин-Наеmosporidinum.Ақшыл-көк түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді. Ерітінділері тұрақсыз, жарықта көк түске-өзгередіү Гемоспоридиннің әсер етуі, емдік қасиеті пироплазмин тәрізді, бірақ оған қарағанда аздап әлсіздеу болғандықтан, аурудан жазылу едәуір ұзаққа созылады.Жылқылардың пироплазмозы, ірі қара мен ұсақ малдардын бабезиозы кезінде препаратың емдік әсерінен басқа, профилактикалық та әсері болады.
Ірі қара малды 1 кг тірілей салмағына 0,001 мөлшерінде (тері астына) егілген гемоспоридин организмде біраз қолайсыз құбылыстар туғызады: қан қысымының артуы; тамыр соғуының жиілеуі және тыныс алуының баяулауы. Бұл құбылыстар препартты еккеннен соң шамамен 3 0 минуттан кейін басталады да, 1 сағаттан асқан соң шарықтау шегіне жетіп,2-3 сағаттан кейін жойылады; сау малдарға қарағанда ауру малдарға қатты әсер етеді.
Емдік мақсатпен препаратты тері астына 1-2 % ерітінді күйінде мынандай мөлшерде егелі: жылқыларға 0,0002 г, ірі қара малмен қойға 0,0005 г; иттерге 0,0003-0,0008 г 1 кг тірілей салмағына, әлсіреген жануарларға емдік мөлшерін екіге бөліп, араларына 6-12 сағат салып береді.
Гемоспоридиннің концентрацияланған ерітіндісімен көзді жуғанда, препаратты тері астына еккендегідей нәтиже алынады, ал көздін кілегей қабығында әлсіз ғана болған реакция тез жойылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет