Бигумаль-ВіgumaIum. Иіссіз, ащы дәмі барлақ түсті кристалды ұнтақ, құрамында 99 % бигумаль бар. Суда нашар (1:100, 20°С-да), ал спиртте (1:620) тіптен нашар ериді. Судағы ерітінділері өте тұрақты, қайнатқанда ыдырамайды "Б'' тізімі бойынша, құрғақ әрі жарықтан таса жерде сақтайды.
Ірі қара малдағы тейлериоз ауруының бастапқы кезінде қолданады.
Алғашқы да үш күн қатарынан жануарлардың 1кг тірілей салмағына 1 мг мөлшерінде хиноцидті суға қосып береді, ал соңғы төртінші және бесінше күндері бигумальды суға қосып 12,5 мг/кг мөлшерінде күніне 1 рет береді.
Егер емдеу кезінде температура көтерілетін болса, температура көтерілген күндері және температура түскеннен кейін 2-3 күндей екі препаратты да қатарынан жоғарыда айтылған мөлшерінде береді.
Наганин-Naganinum.Сарғыш-күлгін немесе күлгін-сұр түсті жеңіл аморфты ұнтақ.Суды өзіне оңай тартып алады.Суда оңай ериді, ерітінділерінің реакциясы нейтральды келеді.Негіздер және минеральды қышқылдармен наганин өте күшті улы қосылыстар түзіп ыдырайды.Осындай өзгерістер препаратты жарықты немесе ылғалды жерде сақтағанда да болады.
Наганин жықының киеңкі (қарақаптал) және түйенің, жылқының, есектің, иттің, су ауруында өте күшті емдік және профилактикалық зат ретінде қолданады.Оны вена қан тамырына хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісі ретінде жылқыларға 10 % ал түйелерге 20% концентрациясын егеді.Дайындаған ерітінділерді сүзгіден өткізіп, 30 минут бойы бумен стерильдейді.
Жылқылардың киенкі ауруы кезінде, әсіресе оның алғашқы сатысында наганин өте күшті әсер ететін препарат.Оны жылқылардың 1 кг тірілей салмағына 0,0015 г мөлшерінде араға 30-40 күн салып екі рет егеді.
Наганин трипаназон ауруын емдеп қана қоймай, 1,5 -2 ай бойы жұқтырмайды да. Оның осы қасиетін айғырларды емдегенде кеңінен қолданады. Наганинді орта терапевтік мөлшерде малдарды-шағылыстыру маусымының алдында қолданады, егер шағылыстыру маусымы ұзаққа созылатын болса, препаратты 1,5 айдан кейін қайта егеді.
Препаратты еккеннен кейінгі уакқытта температураның көтерілуі, пульстің жиілеуі, шеттік (перифериалық) қантамырларының тарылуы, қан қысымының артуы және тыныс алудың бұзылуы мүмкін.
Кейде жануарлар есеңгірейді немесе тоника-клоникалық құрысып-тырысулар пайда болады - тік ішек маңындағы тері жарылады. Наганинге ең сезімтал жануарлар жылқылар. Оларға берілетін мөлшер, түйеге қарағанда 2-3 есе аз болғанымен, оларда уытты әсер жиі болады, әсіресе әлсіреп, қатты ауырған жануарларда.
Тері астына еккенде наганиннің әсерінен ісіктер пайда болады. Наганин натрий цитраты тәрізді қанның ұюын тежейді. Вена қан тамырына еккенде (қандағы концентрациясы 0,2 % шамасында) қан ұзақ уақытқа дейін ұйымайды.Осыны ескере отырып, оны қан құю кезінде антикогулянт ретінде қолданады, сонымен бірге операциядан кейінгі болатын тромбыларды жою үшін жануарларға егеді.
Бір ескеретін жағдай наганинді жоғарыда айтылған мөлшерде көп мөлшерде қолдану, эритроциттер мен лейкоциттердің ыдырауына бүйректің қабынуына, дерматитке және көздік жүйкенің қабынуына әкеп соқтырады. Сол себепті мөлшерін дәрілік заттың берілу ережесі бойынша қолдану керек.
"Б" тізімі бойынша сақталады. Микробтарға және қарапайымдыларға (протозойларға) қарсы әсер етеді.
Асқазан жолдарының жұқпалы ауруларына қолданады. Ішке бергендегі мөлшері: иттерге 0,15-0,2 г; мысықтарға 0,05-0,1 г.
Энтеросептол- EnteroseptoIum."Б" тізімі бойынша сақталады. Ас қорыту жүйесінің жұкпалы ауруларында қолданылады. Ішке бергендегі мөлшері: иттерге 0,15-0,2 г; мысықтарға 0,05-0.1 г.
Хинозод- ChinosoptoIum.Өзіне тән иісі, күйдіргіш дәмі бар ұсақ кристалды лимон түсті ұнтақ.Суда жақсы (1:13) спиртте нашар ериді, ерітінділердің реакциясы қышқылды келеді.
Хипозил өте бағалы микробқа қарсы әсер ететін зат, 1:1000 қатынасындай концентрациясында көптеген микробтардың вегетативті формаларының өсуін тоқтатады.Ол ұлпа белоктарының қасиетн бұзбайды, жараның жазылуы мен кілігей қабықтардың қызметіне қолайсыз әсер етпейді.микробтарға қарсы зат ретінде 0,1-0,2% ерітінді күйінде жараларды емдеу үшін сүртпе май түрінде қолданады (5-10%).