Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Метиленді көк-МеthyIenum coeruIeum



бет119/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   143
Байланысты:
369577-1

Метиленді көк-МеthyIenum coeruIeum.Күнгірт жасыл түсті ұсақ кристалды ұнтақ немесе күңгірт-жасыл, қола реңді қристалдар. Судың 30 бөлігінде ериді, спирт пен хлороформда нашар ериді. Ерттінділері күнгірт-көк түсті, тотықсыздандырғыштардың әсерінен түсі жойылады да, тотықтырғыштардың әсерінен түсі қайта кіреді. Метиленді көкті жануарлардың ішіне немесс тамырына жібергенде олар көк түске боялады. Метиленді көк тотықсыздандырғыштармен де тотықтырғыштарменде оңай әрекеттеседі. Ол организмдегі сутегі мен қосылып, оттегін бөліп шығарады, мұндай реакцияның цианидтермен уланғанда маңызы зор.
Сонымен бірге, ол гемоглобинмек әрекеттеседі де, үлксен мөлшері оны метгемоглобинге өзгертеді, ал төменгі мөлшері қалпына қайта келтіреді. Үлкен мөлшері бүйректі қабындырады.. Күйік кезінді метиленді көк өте қолайлы әсер етеді. Сонмен бірге, ол ауырсынудың сезімділігін әлсіретіп, ұлпа сұйықтарының шығуына жол бермейді. Соның салдарынан қабыну құбылысы едәуір төмендейді.
Қолданылуы: сыртқы күйіктер мен экземалар кезінде (ерітінді 1:1000 немесе сеппе 1 2 % күйінде), ұзаққа созылатын жараларды емдегенде (1-3% спирт ерітінділері) ішке микробтарға, қабынуға және ревматизмге қарсы зат ретінде (жылқылар мен ірі қара малдарға мөлшері 2,0-10,0).
Генцианвиолет (пиоктанинді көк)-GеntianvioIetum. Күнгірт-жасыл түсті жұмыр кристалды ұнтақ. Судың 35, спирттің 50 бөлігінде ериді. Әлсіз концентрацияларының өзінде (1:30 000) микробтарға қарсы әсері өте күшті.
1:200-ге қатынасындай ерітіндісінде, екі минут әсер еткенде маңқа бациллалары, ал 4 минутта топалаң таяқшалары өледі.
Вена тамыры арқылы егілген препараттың микробтарға қарсы әсері айтарлықтай емес, бірақ жануарлар үшін өте уытты. Жараларға және терігі жаққанда пиоқтанин өте жоғары бактериоцидтік белсенділік көрсетеді.
Ылғалды жерлерде пиоктаниннің микробтарға қарсы әсерімен бірге, тұтқырлық әсерін де көруге болады.
Сонымен бірге оны ойық және қажалған жараларды, іріңді дерматиттерді емдеуге қолданады. Пиоктанинді спирттегі (1-2 %) немесе судағы (1-3
ерітінділер күйінде, сүртпе май (2-10 %) және сенне дәрі түрінде қолданады.Оның судағы ерітінділерін ішке жұқпалы гастроэнтериттер кезінде мынандай мөлшерде қолданады ірі малдарға 05,-2,0 г ; шошқаларға 0,2-0,4г.
Бриллиантты жасыл-Viride nitens (BriIIiant grun).Жасыл-алтын түсті кристалдар, ұнтақ немесе кессектер.Судың 50, спирттің 50 бөлігінде ериді.Ерітінділері жасыл түсті.Ұзақ сақтағанда кесектенеді, күн нұрының әсерінен ыдырайды.Әсер етуі пиоктанинге ұқсас, бірақ микробтарға қарсы әсер етеді, ал теріс грамдылар үшін әсері оңша емес.Оның 1:10000000-дай концентрациясынан 20 минуттық экспозицияда алтынды стафилакокктар, ал 1:85000000-дай концентрациясынан 15 минуттық экспозициисында дифтерия таякшаляры өсуін тоқтатады. Бірақ туберкуллез таяқшалары оның 1 % концентрациясы 48 сағат бойы экспозиция жасағанның өзінде әсер етпейді: Қабынуға қарсы әсері баяу, әрі ұзақ болады.
Егер қабыну құбылысы едәуір мөлшерде болатын болса, бриллиантты жасыл демаркациялық белдеудің дамуына қолайлы жағдай жасап, гангреналық (шіру) құбылыстарының болуын тоқтатады.Бриллиант жасылын жұқпалы жараларды емдеуге (ерітінділері суда және сұйық парафинде 1:1000-2000). күйіктер кезінде.(.1-2 % спиртті ерітінділері) сонымен бірге оны терінің стафилакоккты ауруларына да қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет