Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет126/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   143
Байланысты:
369577-1

Алмециллин - АІmecillinum. Аллилмеркаптометилпенициллин қышқылының калийлі тұзы. Ащы дәмі, аздап сарымсақтың иісі бар, ақ түсті, кристалды ұнтақ. Су мен спиртте оңай ериді. Йодтардын, қышқылдардың негіздердің, тотықтандырғыштардың әсерінен және қыздырған кезде ыдырап бүлінеді. Әсер ету ауқымы мен күші жөнінен пеницициллинге күштірек әсер етеді.Қолданылуы бензилпенциллинге ұқсас.Бұлшық етке күніне 3 рет егіп қолданады.. Мөлшері пенициллиннің натрилі тұзына ұқсас. Ампициллин, оксациллин, метициллин, диклосадицилин және басқа да препарттар алмециллин мен пенициллинге ұқсас әсер етеді.
Ампициллии – Аmpicillinum.Жартылай синтетикалық препарат, суда еритін, ақ түсті, кристалды ұнтақ.
Ампициллин- әсер ету ауқымы кең антибиотиктер болып саналады.Оң және сол грамды микроорганимдердің әртүрлі тобына қарсы күшті әсер етеді.Қышқылды ортада төзімді және жақсы ериді.Қандағы емдік концентрациясы кемінде 6-8 сағатқа дейін тұрақталады.
Жас төлдердің бронхопневмония, сальмонеллез,колибактериоз, пастереллез ауруларында емдік мақсаттармен қолданады, Малдың 1 кг тірілей салмағына есептен жем- шөпке араластырып жалпылама немесе жеке жеке күніне 3 рет мынадай мөлшерде береді: торайларға 30 мг, бұзаулар мен қозыларға 20 мг.
Ампиокс-Аmріохиm. Амлицллиннің натрийлі тұздары мен оксациллиннен тұратын (2:1) қоспалы препарат. Ақшыл сарғыш түсті, ащы дәмі бар, иіссіз, борпылдақ зат. Суда оңай ериді; "Б" тізімі бойынша құрғақ жерде 20"С - тан төменгі температурада сақтайды. Оң және сол гралады микроорганизмдерге және пениоиллинге төзімді стафилакоктарға қарсы әсері өте күшті. Бұзаулар мен торайлардың бронхопиевмониясы мен гастроэнтероколиттерінде емдік мақсаттармен қолданылады. Жем-шөпке араластырып малдың 1 кг тірілей салмағына есептеп мыңадай мөлшерде: бұзауларға -15 мг, торайларға – 30 мг-нан күніне 3 реттен 5-7 күн бойы береді.
Экмоновоциллин - Есmопоvocillinum. Бензилпенициллин (60000 Ә.,Б:) мен экмолинні4 (0,25 % - 5 мл) новокаинді тұзы. Қолданылуы пенициллиннің натрілі тұзына ұқсас. Бұлшық етке егіп қолданылады. Малдың 1 кг тірілей салмағына Ә.В. бойынша мөлшері: ірі қара мал мен жылқыға 4000-5000, қойға 800-10000, шошқаға 5000-10000, қояндарға 20000. Препарат күніне 1 рет егіледі.
Жоғарыда аталған антибиотиктерден басқа пениииллин тобына киоксациллин, оксациллин флуклосациллин т.б. жатады. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет