Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет122/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143
Байланысты:
369577-1

СтерптоцидStreptocidum. Парааминобензолсульфамид. Иіссіз, дәмсіз, ақ түсті, майда криеталды ұнтақ. Суда нашар ериді (1:170), спиртте (1:35) гексамегилеитетраминнің 40 % ерітіндісінде, глюкоза ерітіндісінде жақсы ериді, ал қышқылдар (1:7) мен негіздер (1:10) ерітіндісінде өте жақсы ериді.
Сулы ерітінділері бейтарапты, өте тұрақты келеді. Оны 85-90° С-да 30 минуттан булап немесе қайнатып стерильдеуге болады. Стрептоцид оңай ыдрайтын және құрамында күкірті бар препараттармен, сонымен бірге барбитураттармен керегарлықта келеді. «Б» тізімі бойынша сақталады.
Стрептоцид жергілікті жерге әсер етпей организмге оңай сіңеді, сол себепті оны әртүрлі жерлерге қолдана беруге болады. Ас қорыту жүйесінде аш ішек арқылы оңай сіңіріледі.
Организмге сіңгеннен кейін, ішкі қарама-қарсылықтарды оңай жеңе отырып, барлық мүшелер мен жүйелерге оңай тарайды. Ішке қабылдағаннан кейін стрептоцидтің қандағы концентрацясы, өзінің ең жоғарғы деңгейіне 1,5-2 сағаттан кейін жетеді де, 1-2 сағаттан кейін қайта төмендей бастайды. Организмге оңай сіңсе, қанның құрамында тез көбейіп организімнен тез бөлінеді.
Ал, нашар сіңетін болса, қанға түсуіде баяу болып, организмнен ұзақ бөлінеді. Барлық жағдайларда оны тәулігіне 3-4-реттен кем бермеу керек.
Стрептоцид стрептококктарға қарағанда, менингококктарға, пневмакокктарға, ішек таякшаларына және басқа да микробтарға қарсы қолданатын өте күшті препарат болғанымен, стафилакокктарға қарсы әсері онша емес.
Әсеріне қарай стрептоцидті бактериостатикалық заттарға жатқызуға болады, бірақ оны жоғары мөлшерде вена арқылы ексе шктериолитикалық та әсер етеді.
Стрептоцидтің уыттылығы онша емес, бірақ оны жоғары дозаларында ұзак уакыт берсе, бүйректерде оның ерігіштігі қиын қосылыстары пайда болады да, соның салдарынан бүйрек және несеп жолдарының жұмысы бүліне бастайды.
Қолданылуы: стрептоиндті емдік мақсаттармен қоздырғыштары жоғарыда айтылған ауруларда, фарингитте, трахейтте сақау ауруының тонзилитті іріңдеуінде, әртүрлі жараларда қолданады.
Ішке бергендегі мөлшері: жылқыларға 3,0-10,0 г; шошқаларға 0,5-3,0 г; иттерге 0,3-2,0 г;
Бұлшық етке еккендегі мөлшері: жылқыларға 1,0-6,0 г; иттерге 0,3-0,5 г; шошқаларға 1,0-2.0 г;
Жара беттерінде ұзақ уақыт тұру үшін ақ стрептоцидті 10 % эмульсия түрінде қолданады. Әсінресе норсульфозольдың 3% және стрептоцидтің 7% эмульсиясы көп қолданады. Мұндай эмульсиялар бактериостатикалық қана емес, бактериолитикалық та әсер етеді.
Ерігіш стрептоцид-Streptocidum solubile. Қыздырғанда оңай еритін (1:5) ақ түсті ұнтақ. Сол себепті нарентеральді түрде тері астына, бұлшық етке және вена тамырына қолданады. Әсері, қолданылуы және мөлшері стрептоцидке ұқсас. «Б» тізімі бойынша сақталады.
Норсульфазол - Norsulfazolum. Ақ немесе аздап сарғыштау түсті, дәмсіз ұнтақ зат. Суда нашар (1:2000), қышқылды, негізінде ерітінділерде және карбонаттарда жақсы ериді. «Б» тізімі бойынша сақталады. Ас қорыту жүйесі арқылы жергілікті жерге әсер ету үшін қолданады. Парентеральды жолдар арқылы ерігіш Норсульфазол- Norsulfazolum natrium немесе норсульфазольдың натрилі тұзы пайдаланылады. Бұл препараттың негізгі препараттан айырмашылығы жоқ, бірақ суда жақсы ериді (1:2).
Оны 5-15 % ерітінді түрінде вена тамырына, 0,5-1 % ерітінді күйінде бұлшық етке егеді. Оның өте күшті ерітінділері тері астына түссе, пекроз пайда болуы мүмкін.
Норсульфазольдың көптеген бөлігі (кемінде 50 %) организмде белоктармен күрделі қосылыстар түрінде болады да, организмнен баяу бөлінеді. Сол себепті оның қандағы емдік концентрациясы бір еккемнің өзінде 10-12 сағатқа дейін сақталады. Оның бұл қасиеті-оны стрептоцидке қарағанда сиректеу қолдануға мүмкіндік береді.
Оны көбінесе сеппе дәрі, сүртпе май түрінде пенициллинмен, грамицидилмен, йедпен және басқада сульфанил амидтермен қосып жараларды емдеуге қолданады.
Норсульфозольды стрептокок, пневмакок, стафилакок және менииюкоктардың әсерінен болған жергілікті және жалпы қабыну құбылыстарың да пайдаланылады. Ол стрептоцидке қарағанда едәуір белсенді, бірақ ұзак уақыт қолданса уытты келеді. Сонымен бірге норсульфазолды жылқылар мен ірі қараның туғаннан кейінгі кабынуларында, бұзаулардың бронхопневмониясында, некробациел-лезінде, диплококты септисемиясыида және басқа да ауруларда қолданады.
Резорбтивті әсері үшін венаға еккендегі мөлшері 0,01-0,02 г/кг. Ішке бергендегі мөлшері 0.02-0,05 г/кг.
Сульфадимсзин - Sulfadimezinum. Ақ түсті кристалды ұнтак. Суда нашар ( 1:700) негіздер мен қышқылдардың ерітіндісінде жақсы ериді. Оның натрийлі тұзының ерігіштігі 1:З. Препаратты қыздырғанда бұзылмайды сол себепті оны қайнату арқылы стермльдей беруге болады. «Б» тізімі бойынша сақталады.
Ішке қабылданған сульфадимезиннің натрилі тұзы тез сіңеді, оның емдік концентрациясы 4-10 мг %. Препарат бір берілетін жоғарғы дозаларда уытты емес. Оны өте жоғары нәтиже беретін препарат ретінде стрептококты, стафилакокты ауруларда, сальмоннеллезде және кокцидиоздың кейбір түрлерінде қолданады. Сульфадимезинді көбінесе малдың ас қорыту және тыныс алу мүшелерінің ауруларында, сонымен бірге жұқпалы желінсауда, метритте, нефритте, жылқының сақау ауруында, қойлардың тұяқ ауруында, дифтеритте, тауықтың сүзегі және тырысқақ ауруларында және басқа да жұқпалы жараларда қолданады.
Препаратты ішке береді, бұлшық етке және тері астына егеді. Қой мен ірі қараның тұяқ ауруларында препаратты парентеральды жолдар арқылы егеді. Ас қорыту жүйесінің ауруларыңда ішке береді, ал желінсаулар кезінде оны желшнің өзегіне егеді. Егер ауру малдың саны көп болса, оны жем-шөпке араластырып, жалпылама әдіс бойынша беруге болады. Құстарға оны көбінесе сумен бірге 0,1-0,2 % концентрациясында немесе жеммен бірге 1 кг салмаққа, 5 г есебінде береді. Оның алғашқы мөлшері жануарлардың 1 кг салмағына 0,05 г болғанымен, патологиялық құылыстың уыр түрлерінде оны екі еселеуге болады. Қайта бергендегі мөлшері, алғашқы мөлшеріне қарағанда екі есе аз болады. Сульфадимезин организмнен баяу бөлінеді, сол себепті оны тәулігіне 1-2 рет береді. Жараларды, күйікті жараларды емдегенде оны ұнтақ түрінде қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет