Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет128/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   143
Дибиомицин- Dibiomycinym.- Хлортетрациклиннің N,N – дибензилэ-тилендиаминді тұзы. Суда нашар еритін, иіссіз, сарғыш-жасыл түсті кристалды ұнтақ. мг-да 650 ӘБ бар. Препарат ұзақ мерзімді әсер етеді, Препаратты жануарларға 1 рет еккенде, оның организмдегі емдік концентрациясы 7-12 күнге дейін жетеді. 7-10 күнде бір рет бұлшық етке егіп, хлортетрациклин тәрізді қолданады.Жануарлардың 1 кг тірілей салмағына ӘБ бойынша мөлшері: ірі қара малға 20000-30000; қойларға 30 000-50000; шошқаларға 30000-70000; тауықтарға 100000
Окситетрациклин.(террамицин)..Окситетрациклин. гидрохлорлы окситетрациклин (Охytetracyclin hydrochloriolim) және екісүтекті окситетрациклин (Охytetracyclin dihydras) түрінде шығарылады. Окситетрациклиннің тұздары ащы дәмі бар, сарғыш түсті кристалды ұнтақтар. Суда жақсы ериді, ерітінділері жоғары температураға төзімді келеді, бірақ ұзақ сақтағанда бүліне бастайды.Барлық препараттары өте тұрақты, баска керексіз заттардан таза келеді. Әсер ету бірлестігі бойынша мөлшерленеді. Препараттың 1мг-да 1000_ Ә.Б бар. Әсер етуідің барлық түрінен окситетрациклин хлортетрациклинге ұқсас. Бірақ ол организмге тез сіңіп, тез арада резорбциялық әсер ете бастайды және ұлпаларға тітіркендіргіш әсері аз келеді. Организмдегі тұрақталу мерзімі хлортетрациклинге ұқсас.
Окситетрациклинді емдік және профилактикалық мақсаттармеи хлортетрациклин тәрізді қолданады. Сонымен бірге жас малдардың энтериттерінде, тауықтардың пастереллезі мен тырысқақ ауруында емдік нәтижелілік көрсетеді. Ол жануарлардың өсуін жылдамдататын зат ретінде де кеңінен қолданылады. Мөлшері хлортетрациклинге ұқсас.
Әсері тез арада қажет болатын жағдайларда оның тұздарын бұлшық ет арқылы егеді.Мөлшерді жануарлардың 1 кг тірілей салмағына 500-10000 Ә.Б. Окситетрациклиннің ұзақ әсер ететін препаратына доксициклин (Dоxусусlіnиm) жатадъ. Ол тәулігіне 1 рет егіледі.Оның комплексті препараттарынан мал дәрігерлігінде оксикан және оксимицин қолданылады.
Тетрациклин - Теtгасусlinum. Бұл препарат құрылысы жөнінен тетрациклин қосындыларының ішіндегі ең қарапайымы, бірақ оларға тән микробтарға қарсы әсерімен бірге биологиялық белсенділігі толық сақталған.
Сонымен қатар, жаңа ерекше қасиеттері де бар. Микробтарға қарсы әсер ету ауқымы хлортетрациклин мен окситетрациклииге ұқсас, ал қуаттандырғыш әсері біршама төмендеу. Суда нашар еритін болғандықтан, оны тек сыртқы мүшелерге қолданады және ішке береді.Оңай еритін препарат ретінде оның тұзды қосындылары (Теtгасусlinum һуdrachloridum) қолданылады. Оны бұлшық етке егеді және жергілікті жерге әсер ету үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет