Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет129/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   143
Байланысты:
369577-1

Морфоциклин-Могрһосусlіnum. Тетрациклиннің синтетикалық туындысы. 1 мг-да 600 ӘБ бар. Әсері тетрациклинге ұқсас, бірақ суда жақсы еритін болғандықтан тез нәтиже алу үшін қолданылады. Тамырға малдың 1 кт тірілей салмағына 0,001-0,002 г мөлшерінде етеді. Кейде, гдикоциклин, олетрин, метациклин,олеморфоциклин-, морфолевоциклин және басқа да препараттар қолданылады.
Дитетрациклин - Dіtеtracyclinum 1 мг-да 600-700 Ә.Б. тетрациклин бар.Бұлшық етке еккеннен кейін (ішке қабылдағанда) организмге жақсы таралып, баяу бөлінеді, сол себепті оның емдік концентрациясы қанда 7-18 тәулікке дейін сақтала береді.Оны емдік және прафилактикалық мақсаттарменде қолада береді. Препараттың емдік нәтижелігі тетряциклинге ұқсас. Мөлшері дибиомицинге ұқсас.
Бақылау сұрақтары:

1Пенициллин тобы


2Стрептомицин тобы
3Левомицетин тобы
4Тетрациклин тобы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №29 Антигельминттік заттар
1Антигельминттік заттар

Гельминтозды аурулармен күресу өте күрделі. өйткені әрбір паразиттің әрбір даму сатысындағы дәрілік препаратқа деген сезімталдығы әртүрлі келеді. Гельминтоздармен күресудің тағы бір күрделілігі сол-мұндай ауруларды ауру малдар ғана емес, сонымен ьірге паразиттердің аралық иелері де таратады. Сол себепті, гельмиттерге қарсы щараларды ғылым жетістіктеріне негіздей отырып, зор ұйымдастырушылықпен кен ауқымда жүргізеді. Ол үшін емдеу, алдын алу жүмыстары жүргізіліп, арнаулы дәрілік заттар-антигельмиттер қолданылады.


Антигельмиттік заттар дегеніміз жануарларды гельминтерден арылту үшін қолдынылатын дәрілік заттар. Паразиттік биалогиялық ерекшелігіне, құрылымына жәнә тіршілік ететін жеріне байланысты әртүрлі дәрілік заттар қолданылады.
Антигельминтиктердің едәуір бөлігі ( у сасырдың препараттары, сантонин, ареколин және т.б.) гельминттердегі жүйке-бұлшық ет жүйесіндегі реттелу құбылыстарын бұзады. Таспа құрттар ұзаққа созылатын наркобиотикалық әсер жағдайында болатын болса, ал жұмыр құрттар-алғашқыда қлзып, соңы салдануға ұласады. Кейде, гельминттердің кейбір бөліктерінің тіршілігі қайта қалпына келуі мүмкін. Егер гельминттерді организмнен арылту жолдары дер кезінде жолға қойылса, онда дезинфекциялық шаралардың нәтижелілігі өте жоғары болады.
Паразиттерге қолайсыз жағдай тудыра отырып, кейбір антигельминттер оларды өлтіреді, кейбіреулері оларды «есінен тандырады» , ал үшінші біреулері қоздырады.
Дәрілік заттардың антигельминттік әсері әртүрлі деңгейде болады. Кейбір жағдайларда организм гельминттерден толық арылатын болса, ал ендібір жағдайларда жартылай арылады. Осыған байланысты препараттың нәтижелілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Экстенс нәтижелік ( қысқаша – ЭН) –белгілі бір гельминттерден толық арылған жануарлардың проценттіккөһршеткіші.
2) Интенс нәтижелік (қысқаша-ИН) –алғашқы мөлшерімен салыстырғандағы бөлінген паразиттердің, олардың личинкалары мен жұмыртқалардың көршеткіші. Сонымен бірге бөліну көршеткіші деген түсінік те бар. Бұл белгілі бір деңгейде гельминттердең арылған жануарлардың проценті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет